Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Өзiңнен басқа хан жоқтай. Елеуреп неге сөйлейсiң?!» [3, 7 б.]
Хан болмаса да, ханға биiктен сөйлейдi, хан iсiнiң терiстiгiн
қауым алдында әшкерелейдi. Бұдан Асан Қайғының тұлғалық iрiлi-
гiн байқау қиын емес. Өзiнiң еркiн сөйлей алатын дiлi арқылы Асан
қайғы өз заманының ақиқат пен әдiлдiк жаршысы, өз жұртының
патриоты, батыл сыншысы, күрескер қайраткерi, халқының адал
перзентi болғаны даусыз.
Кейінгі ұрпақ үшін құны зор толғауларының қатарына ар-
ұят, шындық, халық, туған жерге деген махаббат, Отан қадірі, адам
арасындағы сыйластық жатады. Әсіресе, қазіргі кезеңде қоғамымызда
белең алып отырған кейбір жағымсыз әлеуметтік, саяси үрдістер
уақытында Асан Қайғының бірлікке шақырған, қазақтарды теке-
тірестіктен аулақ болуға үгіттеген сөздерінің орны ерекше. Қоғаммен
қоса экологиялық дағдарыс, апат одан әрі тереңдеуде, жатсыну
процестері жалғасуда...
Қазіргі заманда адамдар арасындағы түсінбестіктер көбейіп,
өздерінің бойындағы біріккенде жиналатын күшінен айрылуда.
Міне, осындай мәселелердің кең қанат жаю қаупінен Асан Қайғы-
ның еңбектері, жырлары жұртшылықты сақтандырады. Лев Озеров
өзінің бір мақаласында француз сыншысы Пиконның: «Заманның
қиындығы күшейген сайын поэзияға жүгіну қажеттігі де арта
түседі», деген сөзін келтіреді: Әрі қарай ол поэзия адамға «тарихтың
жетпей жатқан жерлерін» толықтырып беретінін, тіптен адамның
жеке болмысының кемшіліктерін барынша жауып отыратын дүние
екенін, ерекше құбылыс екенін айтады.
Асан Атаның мұрасы біздің рухани өмірімізді байытып, тірші-
лігіміздің мән-мағынасын айқындауда зор үлесін қосуда. Мәңгілік
елдің Тұлғалары да мәңгілік болып қала береді.
Әдебиеттер 1 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. – 235 б.
2 Халид Құрбанғали. Тауарих Хамса. – Алматы, 1985. – 245 б.
3 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы, 1993. – 254 б.
4 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. в пяти томах. Т. 1. – Алма-Ата, 1984. – 358 с.
5 Мағауин М. Ғасырлар бедері: әдебиет зерттеулері. – Алматы: Жазушы,
1991. – 275 б.
6 Толысбайұлы К. Асан Атаның дүниетанымы // Егемен Қазақстан.
21.08.1996.