Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет30/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
жер жәннатына жетесiз, басқаша айтқанда, өзiңiздiң жеке «Жер 
ұйығыңызбен табысасыз».
Асан Қайғы iс-әрекетiнiң түпкi мәнi – халықтың бiрлiгiн нығайту, 
аумақтың тұтастығын насихат ету, даласы мен таулы аймақтың 
халқын бiр-бiрiне жақындату, табиғаттың қыры мен сырын қауымға 
паш етiп, өзiн-өзi танып бiлуге шақыру. Халықтың iштей бiрлiгi 
болғанда ғана мықты, бiртұтас болғанда ғана өзiн-өзi сақтай алады, 
дамыта алады.
Өз дәуiрiнiң шоқтығы биiк жұлдызы болған Асан Қайғы үшiн 
Адамға табиғаттың тұмса ортасынан орын табу шешiлмеген мәселе 
болып келсе, ал қазiргi экологиялық апат пен дағдарыс заманында 
тек қана географиялық орта ғана емес, сонымен қатар ниет пен пейiл, 
ар мен ұят нарық салмағын көтере алмай, өкiнiшке орай, сыр беруде.
Мiне, зерделi азамат үшiн Қайғының үлкенi сол болып тұр. 
Кең байтақ қазақ даласы өркениеттіліктің биік белесін қажет етеді 
(Арал өңiрi, түтiнге толы қалалар, әлеуметтік және экономикалық 
мәселелер). Қазiргi өмiрдiң ащы ақиқатын қанша айта бергеннен 
өзгере қоймасы анық. Сондықтан олардан шығудың жолын тапқан 
жөн.
Экологиялық сананың қалыптасуы кешеуiлдегенi белгiлi. 
Өткен социалистiк дәуiрде, қазiргi өтпелi кезеңде де (өркениеттi 
қоғамға) жеткілікті деңгейде экологиялық бiлiмдер таратылған емес, 
ешкiмнен еш нәрсе талап етілген емес. Бұрын жоспар қуу болса
қазiр пайда табу көзiн iздеген пысықтардың құрбандығына айналуда 
даламыз да, қаламыз да, жануар да, адам да. Шетелдiк инвесторлар 
iшiнен қатаң талаптарды сақтап отыратын, шарттарды орындайтын 
фирмалармен ғана жұмыс iстеген жөндi. Себебi, келесi ұрпаққа да 
табиғат керек.
Табиғаттың өзiн-өзi реттеуi, жаралы болған жерiнiң жазылуы 
ондаған жылдарға созылатын ғалымдар ескерту үстiнде. Ал кез 
келген адамның өмiрi бұл дүниедегi қайталанбас керемет екенiн 
қайталап айтудың да қажеттiлiгi жоқтай. Дегенмен де өз заманның 
әдiлетсiздiгi мен қиындығына күйзелген, тiптен кейбiр iстерге жан-
тәнiмен қынжылған Асан Қайғының айтқан мынандай сөздерi қалған 
екен:
«Ай, хан мен айтпасам бiлмейсiң,
Айтқаныма көнбейсiң,
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсiң.
Мастанып, қызып терлейсiң,


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет