Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет34/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Бабырдың поэтикалық мұрасы сан қырлы. Лирикалық шығар-
малары «Кабулдық диван» (1519), кейіннен «Үнді диваны» (1529–
30) жинағына енген. Ол шығыс лирикасының оннан аса жанрында 
өлең жазған. Өлеңдерінде адам өмірі, өзі өмір сүрген ғасырдың 
тарихи жағдайлары, қоршаған орта, адами қатынас, дін, салт-
дәстүр, уақыт пен кеңістік мәселелері талданады. Бабыр өлеңдерін 
поэзия тілінде жазылған өзінің өмірбаяны деуге болады, өмірдегі 
түрлі қайшылықтар нәтижесінен туған қуанышы мен күйінішін, 
терең сезімдерін философия тілімен әсерлі жеткізе білген. Ақын 
сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың арақатынасын ашып береді, 
өлеңдерінде ақынның ішкі дүниесі, оның эстетикалық қабылдау 
жүйесі анық көрініс береді. Оның поэзиясы әсемдікті, әдемілікті
трагедиялық жағдайларды суреттеуге арналған, өз шығармалары 
арқылы өзі өмір сүріп отырған заманының эстетикалық идеалын 
көрсетуі және оған ұмтылуы Бабыр поэзиясының эстетикалық 
құндылығын толықтырады. Бабыр сүйгенімен кездесу үшін қандай 
қиыншылыққа болса да төзу керек дейді, онсыз өмірдің мәні жоқ. 
Махаббат үшін өзін, өз болмысын құрбан етуге бар. 
Ай жүзді сүйіктімсіз Күн де жарық емес,
Қанша жырласам да сенсіз қант та дәмді емес, 
Ол болмаса кипарис те кеудемді жебесімен түйреп өтеді,
Раушан жүзді ғашығымсыз – розаның түрі де, иісі де сезілмейді [3]. 
Бабыр үшін махаббат – сенім, адалдық, адамгершілік пен мәрт-
тік, осы қасиеттерді байлықтан, қоғамдағы және жердегі барлық 
игіліктерден жоғары қояды. Өзінің ғазелдерінде сүйіктісінің таңға-
жайып сұлу көркін, теңдесі жоқ жан сұлулығын, ішкі сезімінің бай-
лығын, рухани жетілген бейнесін жасайды. 
Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар, білемін. 
Зорлық қылсаң өзгелерге – өзің жәбір көрерсің
Қиянаттың құрбаны боп қорлықпенен өлерсің– [2] 
деген жыр жолдарында ар-ождан тазалығына, әділдікке шақырып, 
зорлық-зомбылыққа қарсы шығады. 
Бабыр адамгершілік, руханилық мәселелеріне көңіл бөлген. 
Керісінше өтірікші, қызғаншақтық, өзімшілдік адамдарды құртады 
деген өсиетін айта отырып, адам өзін адамгершілік қасиеттерге, 
жақсылыққа тәрбиелей білуі керек екендігіне жол сілтейді, жастарды 
зұлымдық атаулыдан бойын аулақ салуға үндейді:


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет