Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қауымдастықтар түзіледі. Түпкі бастауларға, тамырларға қайта
оралу, оттан ыстық отанына деген сүйіспеншілік онан ары оны қайта
өндірудің, дамыту мен жаңғыртудың тұрақты қайнарына айналады.
Бұл тұрғыдан алғанда тарихи сана этникалық өзіндік санамен теңгеріледі.
Ұлттық төлтумалылықтың басымдылығы бір этникалық
қауымның өзге жақын және алыс этникалық бірлестіктерге деген
қатынасынан байқалады. Тарих салыстырудың сергектігін береді.
Шындығында әртүрлі этностар мен халықтардың салт-дәстүрлері,
әдет-ғұрыптары, өмір тәртіптері тарихи қызығушылықты қалып-
тастырып, кейінірек тарихнамалық талдаудың деректік базасына
айналған бастапқы фольклорлық ауызша және жазбаша мәтіндерден
көрініс тапты. Тек мазмұны, баяндалуы жағынан ғана емес, тілі
жағынан да «өз» және «өзгетілді» мәтіндерді салыстыру шарасы
тарихнама шеңберіндегі ұлттық қондырғылар мен дәстүрлерінің
қалыптасуының алғышарттарына айналады. Кейбір қосымша
факторлардың ықпалымен бұл алғышарт кейде ұлтшыл-дықтың
шегіне өтіп те кетеді. Сонымен, «ұлттық – ұлттықтан тыс» қатынасы
тарихи сананы түзуші бастау түрінде көрінеді.
Тарихи сана дәстүрмен тығыз байланысты. Өткеннің қоғамдық
байланыстар жүйесін қайта өндіруге қабілетті, орнықтылыққа ие
дәстүр қазіргі заман мен болашаққа ашық болып келеді.
Еңбек бөлінісінің пайда болуы, рухани өндіріс пен әлеуметтік
әртектіліктің қалыптасуы сабақтастықтың тетіктерін өзгертеді, мәнді
тәжірибені қайта өндіру мен өзектілендіру тарамдалады, тарихи
сана өмір сүруінің арнаулы формалары пайда болады. Әрине бұл
формаларды қоғамдық сана формаларының дәстүрлі бөлінісіне
сәйкес, саяси, құқықтық, моральдық, діни, көркем, ғылыми-
теориялық формалар деп атауға да болады, бірақ бұл жоғарыда
айтылып кеткендей, тарихи сананың өзіндік феноменінің арқасында
бірқатар түзетулерді қажет етеді.
Ең алдымен барлық бұл формалар белгілі бір рухани қызмет
саласында бола отырып, одан тәуелділігін сақтайды. Бірақ енді қан-
дай да бір халықтың саясатының, заңдарының, моралі мен дінінің,
метафизикасының және т. б. нақты тілі әрбір осы аймақтардағы
төлтума ұлттық сипатты анықтайтын мәдени дәстүр ретінде көзге
түседі. Бұл аймақтардың әрқайсысын идеялық қамтамасыз ететін
өздерінің «ойлау материалдары» болады, оларды сәйкесінше қандай
да үлкен жүйенің ішіндегі бір танымдық жай жүйе рационалдайды,
пайымдайды, мәселен: саяси ілімдер тарихы, құқық тарихы мен
теориясы, теология, өнер, ғылым, философия тарихтары. Бірақ