Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет58/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тасқан мәдениеттер қабатын «қазақ өркениеті» ретінде айқындап 
қана қоймай, осы аймақты әлемдік мәдени антропогенез ошақта-
рының бірі ретінде сипаттап жүрген отандық белгілі ғалым 
Еренғайып Омаров номадология туралы мынадай пікір айтады: 
«номадология – қазіргі постиндустриализмдегі жаңа бағыт, әлемді 
түсіндірудің бұл тәсілін батыстық классиканың дәстүрлерімен 
байланыстырады, постмодернизм классиканың түсіндірмелік 
қуатының мазмұндық тұрғыда сарқылуына орай оның орнына 
әлемге көзқарастың номадологиялық үлгісін ұсынады. Делез бен 
Гваттаридің көзқарастары бойынша қазіргі заман «номадизмге 
деген қажеттілікті» айқын көрсетіп отыр. Бұл батыстық қоғамның 
дағдарысымен де байланысты».
Қазақстан тарихының беттерінен әлемдік тарихи үдерістің 
дамуына дүмпу болған бірнеше ерекше тарихи-мәдени кезеңдерді 
атап көрсетуге болады, мысалы: ежелгі дәуірде – андронов, сақ, 
қаңлы, үйсін, ғұн мәдениеттері, ортағасырларда – түркі-моңғол 
мәдениеттері. Ерлік пен елдіктің үлгісін көрсеткен бұл дәуірдің 
көшпенді өмірсалтын жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылда-
рына дейін сақтап келген қазақ халқының тарихи санасынан берік 
орын алғаны анық. Осы дәуірлердегі халықтың тарихи санасы 
жоғарыда аталған рухани мәдениеттің формалардың бірінде 
ерекше айқын аңғарылды. Мысалы, сақ дәуіріндегі халықтың тарихи 
санасы мен дүниетанымы ежелгі дүниенің қайталанбас ерекше 
ескерткіштерімен көзге түсетін «аң стилі» деп аталған қолданбалы 
өнерде жарқын көрініс тапса, ғұндардың рухани мұрасының ізі 
Батыс Еуропадағы батырлар эпосының үлгілерінде көбірек сақталып 
қалған тәрізді (мысалы, «Үлкен Эдда», «Нибелунгтар туралы жыр»). 
Ал ортағасырлық көк түріктердің әлемдік тарихи сахнаға 
шығуы атақты орхон-енисей бітіктастарында қашалған мәтіндерде 
мәңгіге қалды: «Жоғарыда Көк тәңірі төменде қара Жер жаралғанда 
екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің 
ата-бабаларым Бумын қаған, естемін қаған үстемдік құрған. Таққа 
отырып түркі халқының мемлекетін басқарған, үкім-билігін жүргіз-
ген. Дүниенің төрт бұрышы түгел оларға дұшпан болған. Әскер 
құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышының халқын 
түгел бағындырған... бастыны жүгіндірген, тізеліні шөгерген». 
Бұл ортағасырлық түрікшілдіктің тағы бір көрінісі оғызшылдық 
идеологиясынан көрінеді. Бойындағы түркілік дәстүрді жаңа хақ дін 
– исламмен шебер жымдастыра біліп, осы ілімді батыстық әлемге 
таратқан оғыздардың тарихи санасын «Қорқыт ата кітәбынан» айқын 
аңғаруға болады. 


 
61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет