ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі XIII ғасырдан басталған моңғол-татар шапқыншылығы фено-
мені мен Моңғол империясының және Шыңғыс хан тұқымдарының
ұлыстарының құрылуы Еуразияның саяси картасын қайта құрып,
бұрынғы этникалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық, этикалық және
мәдени дәстүрде біршама өзгертіп жіберді. Белгілі шығыстанушы
ғалым В.П. Юдиннің айтуы бойынша «тек материалдық «әлемдік»
тәртіп қана емес, сонымен қатар, идеалды, рухани тәртіп те
өзгерді... Шартты түрде идеялық-психологиялық «революция»
деп атауға болатын Еуразияның көптеген халықтарының, ең алды-
мен көшпенділердің қоғамдық санасындағы идеологиялық және
психологиялық төңкерістің мықты болғаны соншалық, жаңа
дүниетанымның қалыптасуына дейін әкелді. Шыңғыс ханның, оның
тегі мен ата-бабаларының шығу тегі туралы аңыздар адамзаттың
пайда болуы туралы мұсылмандық аңыздарға, сонысымен әлемнің
мұсылмандық картинасына енгізілді... Бұл жағдайда біз жаңа
діннің құралуы туралы сөз қозғауға негіз бар деп пайымдаймыз.
Бұл дін моңғол-татар шапқыншылығы тудырған дүниетаным мен
идеологияның құрамдастарының бірі болды. Дүниетанымдық және
идеологиялық көзқарастардың бұл жаңа кешенін біз шыңғысшылдық
деп атадық» [14, 14–17 бб.]. Тарихи санадағы шыңғысшылдықтың
әсері қазақтар арасында күні кешеге дейін сақталып келді.
В.П. Юдин түркі-моңғол халықтарының тарихындағы шыңғыс-
шылдықтың әсерін бірнеше айғақтармен бекітеді. Мысалы, ең
бастысы «хан» титулының тек Шыңғыс тұқымдары – төрелерге ғана
тиесілі болғандығы. Ал қара адамның хан болуы халықтың санасында
заңсыз, тіпті моральға жат болып көрінетін. Сондықтан Әмір-Темір,
Едіге сияқты құдіретті билеушілердің өзі өздері қойған номиналды
хандардың атынан басқаруға мәжбүр болды, ал кейбір билеушілер,
мысалы Алтын Орда хандары – Өзі-бек, Келдібек, Моғолстан хандары
Тоғлық-Темір, Қызыр қожа, қоқандық хандар және т. б. өздерінің
шығу тегі жөнінде төре тұқымымен байланыстырып аңыз ойлап
шығаратын. Біз қарастырып отырған Мұхаммед Хайдар Дулати
шығармасының өн-бойынан да осы шыңғысшылдықтың рухы айқын
байқалады. Дулатидің кейбір ата-бабаларының төре тұқымдарының
жоғары билікке құқығын номиналды пайдалана отырып, өздерінің
нақты билік жүргізгендігі туралы жоғарыда айтылды.
Қазақ хандығы құрылуының бірқатар объективті алғышарттары
болды. Оның терең рухани-мәдени алғышарттарын қарастырмас
бұрын, бұл мәселеге қатысты XV ғасырдың ортасына қарай Шығыс
Дешті Қыпшақта (көшпелі Әбілқайыр мемлекетінде), Жетісуда
(Моғолстан мемлекеті) және Мәуреннахрда (Темір әулетінің