Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
- Түркілердің өмірқамындағы табиғатпен үндестік олардың
дүниетанымында натурфилософиялық мәселелерді алдыңғы орынға
шығарады [28, 7–52 бб.].
Дәстүрлі түркілік дүниетанымға тән бұл принциптер мен
ерекшеліктер Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығының өн
бойын алып жатыр және оның әлем мен адамға деген дүниетанымдық
түсініктерінің өзегін құрайды.
«Тарих-и Рашидидің» екінші дәптеріндегі «Кітап авторына
қатысты оқиғалар жайындағы әңгіме» деп аталатын тоғызыншы
тарауы, он бесінші тарауы, отыз бірінші тарауы, «Қазіреті Мәулана
Мұхаммед Қази жайындағы әңгіме» деп аталатын он алтыншы та-
рауы, «Қазіреті Мәулана Мұхаммед Қазидің керемет қасиеттері
жайындағы әңгіме» деп аталатын отыз бесінші тарауы, «Қожа
Тажаддин және оның ата-тегі жайындағы әңгіме» деп аталатын жетпіс
екінші және жетпіс үшінші тараулары, Қазіреті Қожа Нұран туралы
сексен екінші – сексен алтыншы тараулар, «Кашмирдегі ислам дінінің
жайы жайлы» деп аталатын жүзінші тарау, «Кашмирдің діни сектасы
жәйлі» деп аталатын жүз бірінші тарау және т. б. автордың діни-
философиялық көзқарастарынан, оған ислам дінінің қаншалықты
ықпалы болғанынан хабар береді.
Дулати бұл еңбегінде тарихи оқиғалардың тізбегін өз өмір-
баянынан мысалдар келтіре отырып, философиялық ұстанымдары-
мен шебер жымдастыра білген. Шығармада исламның қасиетті
кітабы – Құран кәрімдегі аяттар мен сүрелерге, пайғамбардың
хәдис-шәрифтеріне сілтеме молынан беріледі және ойшылдың бұл
саладағы білімдарлығы айқын байқалады. Сондай-ақ М.Х. Дулати
Қожа Бахауиддин Нақшбанд, Қожа Шариф Қашқари, Мәулана
Мұхаммед бин Бұрханаддин Самарқанди (лақап аты Мұхаммед
Қази), Әбдірахман Жәми, Қожа Алааддин Аттар, Шейх Әбу-л Мәнсүр
Матуриди, Гиджувани, Заужи, Пурани, Сухраварди, Тафтазани,
Журжани, Низами, Науаи, Камаладдин Бинаи, Қарани, Бистами
және тағы басқа өз замандарының озық ойлы ғұлама-ғалымдарының,
сәуегей әулиелерінің, данышпан философтарының еңбектерімен
жете таныс болса, кейбір замандастарының өздерімен тікелей таныс
болған.
Дулатидің дүниетанымдық көзқарасына әсер еткен ислам діні-
нің Орталық Азияға таралуының да өзіндік ерекшеліктері болды. Ең
алдымен, бұл аймақта жергілікті халықтардың әдет-ғұрыптарына
либералды қатынас көрсеткен ханифиттік мазхабтағы сунниттік ис-
лам орнықты. Сондай-ақ исламды таратуда йасауийа, накшбандийа,
кубравийа сияқты сопылық ағымдар – тарикаттар ерекше орын