Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет76/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
дүниетанымы этикалық (моральдық) негiзге арқа сүйейтiнiн айтып 
кеткенiмiз жөн.
XIX ғасырдың шығыстанушысы И.Н. Березин Қадырғали 
Жалайыр еңбегiн «Жамиғат-ат тауарих» деп атап көрсеткен. Еңбек 
Рашид ад-Диннiң «Жамиғат-ат тауарихынан» аударылып, оған 
қосымша өз бөлiмдерiн қосады делiнген. Ал, ендi осы шығарманың 
қазақша атауы бiрде «Жылнамалар», кейде «Шежiрелер жинағы» 
деп аталып жұр. Бiздiң пiкiрiмiзше, осыны бiр жүйеге келтiрген 
жөн сияқты. Екi атаудың да «Сборник летописей» деген негiзден 
шыққаны белгiлi. Мәселе зиялы қауымның бiр келiсiмге келуiнде. 
Әйтпесе, бұл атаулардың қай-қайсысы да гуманитарлық-қоғамдық 
ғылымда орнығып қалары сөзсiз.
Қазақтың даласы әлемге көптеген даналарды әкелгені белгілі. 
Олардың көбісі ежелгі түркі кезеңінде өмір сүргені ғылымда анық 
болып отыр. Сондықтан көптеген аса құнды еңбектер бұрында 
жарыққа шығып отырған деген ойды құптауға болады. Өйткені, 
адамзаттың Ақиқатқа, жаңа білімге деген ұмтылысы саяси 
құрылымдардың шектеуінен де күштірек болатын. Дегенмен, 
мемлекетіміз толығырақ демократиялық, тәуелсіз ел болған 
сайын зерттеуші ғалымдардың көкжиегі кеңейе түсетіні белгілі. 
Міне, осындай терең, жан-жақты зерттеуді қажет ететін сала – 
халқымыздың көне тарихындағы рухани байлықты толық игеру 
болып табылады. Сондай игілікті істерді атқарудың қолайлы кезеңі 
қазіргі жаңару заманына сәйкес келіп отыр. Тек ғылыми сараптаудағы 
ғылымилық, нақтылық, объективтілік, шыншылдық қана алға 
қойған мақсатымызға жеткізетініне күмән келтірмейміз. «Ұлттық 
отансүйгіштік» ұранын желеу етіп ғылыми шындықтан, дәлелдіктен 
ауытқуға да болмайды. Ол тарихқа жасалған қиянат болар еді.
Ал, енді Қадырғали Жалайыр сияқты тарихи тұлғаның тұтас 
келбетін анықтау, онын шығармаларына жан-жақты талдау жасау 
қазіргі гуманитарлық ғылымның міндеттерінің бірі. Әрине, бұл 
бағытта осы уақытқа дейін еңбек еткен беделді зерттеушілер де 
болғаны белгілі. Ортағасырлық түркі елдері тарихы, мәдениеті мен 
философиясы соңғы кезеңде жүйелі талдаудан өтуде. Оған әр түрлі 
методология мен әдістемелер қолданылуда. Мәселен, салыстырмалы 
талдау, герменевтикалық зерттеу, нақты-тарихи қарастыру және т. б. 
тәсілдер, зерттеулер де кеңінен жүргізілуде. 
Жалпы қазақ жеріндегі ойшылдардың шыққан тегі туралы 
этностық тұрғыдан таластар әлі күнге дейін көрініс беріп отыр. Біздің 
ойымызша Қорқыт Ата, әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағүн, 
А. Иүгінеки, тіптен Қожа Ахмет Иассауи де халқымыздың ұлт болып 


 
79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет