Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Жалайырдың шынайы тұлғалық келбетiн жасауды, дүниетанымдық
ерекшелiгiн анықтауды қиындататыны белгiлi. Дегенмен бiзге
жеткен шығармасының өзi қазақ халқының қалыптасу кезеңiндегi
Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» сияқты еңбегiндей
әлеуметтiк-мәдени мағынадағы маңыздылыққа ие болғанына
сенiмдемiз. Бұл қазақ жерiнде тек ауыз әдебиетi ғана емес, сонымен
қатар жазба мәдениетiнiң көрiнiс берiп отырғанының дәлелi. Әрине,
басқа мәдениеттердiң де ойшыл-дың көзқарасына ықпалы болғанын
да жасыруға болмайды.
Қадырғали Жалайырдың қазақи дүниетанымы тұркi мәдениетi-
нiң, болмысының құрылымынан туындайды және оның дiни сипаты-
мен астасып жатады. Ол Қадырғали би Қосымұлының араб, парсы
тiлдерiн жақсы бiлуiмен байланысты. Сонымен қатар Жалайыр
орыс, татар тiлдерiн де жетiк бiлгенiн байқатады және сол арқылы
славян, Батыс мәдениетiмен де таныс болғаны көрiнедi. Осыдан оның
өз заманына сәйкес ауқымды дүниетанымы болғанын аңғартады.
Дүниенiң құрылымы, ондағы уақыт пен кеңiстiктiң өзара байла-
нысы, тарихи санада қалыптасқан өлшемдер сипаты Қадырғали
еңбегiнде бiршама көрсетiлген. Тарихи дәлдiкпен айтылған деректер,
тек тұлғалар өмiрбаяны туралы мағлұматтар берiп қана қоймайды,
сонымен қатар қоғамдағы космологиялық танымның ежелден
өрбiгенiн, Шығыстық өркениеттiң терең тамыры туралы айтып
өткендей. Мәселен, шежiрелердi баяндай келiп, «Шыңғыс хан доңыз
жылы туды, тұрiкше кұн есебiнде жетпiс екi жыл өмiр кештi. Және
тағы ай есебiнен жетпiс бес жыл өмiр кештi. Ай есебiнен әрi отыз
жылда бiр жыл тафаут (қосылады) етедi. Барша моғол тұрiк есебiмен
есеп қылады», – деп көрсеткен Қадырғали би.
Бұл жерде қазақ жерiнiң мәдениеттер сұхбаты мен тоғысында
тұрғандықтан әр тұрлi дүниетанымдық айшықтардан сусындағанын
байқаймыз. Тiптен, қазiргi кезеңге дейiн ай есебi мен кұн есебi халық
санасында қатар сақталып келе жатқанын, кұнделiктi тiршiлiгiнде
бұқара халық үлкен маңыздылық беретiнiн де жасыруға болмайды.
Ғасырлар сынағынан өткен халық даналығы әр уақытта өмiрдi
үйлесiмдендiруге қызмет ететiнiне шүбә келтiруге де болмайды.
Осы орайда қазақ философиясына, дүниетанымына сипаттама
берген кейбiр зерттеушi-ғалымдардың позициясына сүйiнсек, онда
XV–XIX ғасырлардағы қазақ жыраулары мен ақындарының, билерi
мен шешендерiнiң, ағартушылары мен ойшылдарының бай рухани
мұрасында даналық та, терең түсiнiк те бар. Әрине, Батысеуропалық
қатаң үлгiдегi ғылым да, философия да қазақ даласында көрiнiс
таппағанмен, оның өзiндiк өмiр салтына, дала өркениетiнiң