Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет87/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
алғышарттары ретінде қоғамдастықтың қалыптасуын атауға болады. 
Қоғамдастық – өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы 
арқылы қоғам өз мәніне ие болуының қабілеті деп қарау керек. Осы 
ұғым қоғамды құрушы күштердің әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі 
көрсете білудің бейнелерін көрсетеді.Қазіргі әдебиетте философия 
мен қоғамдық ойдың арасын ажыратып зерттемеу белең алып кетті. 
Әсіресе қазақ философиясы тарихына және саясаттану мәселесіне 
арналған соңғы жылдардағы зерттеулерде осы көрініс орын алды. 
Философия тарихы өзінің сапалық өзгешелігінен айрылып, саяси 
идеялар тарихы және сол сияқтылар төңірегінде қалып қойды. 
Бұған себеп тағыда философияны, оның тарихын дұрыс түсінбеуде 
дер едік. Осы орайда жеке ойшылдар көзқарасы, жекелеген 
философия мәселелері, тұжырымдалған ой жүйелері біршама 
осы проблемаларды айшықтай түсуге көмегі бар. Дегенмен оның 
түп-тамыры, логикалық шеңбері, гнесеологиялық негіздері мен 
онтологиялық статусын анықтап, терең зерттеу алда тұрған үлкен 
мақсатқа айналуы тиіс деп бағалауымыз абзал. Қазіргі кезде ойлау 
жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымджалып, ғылымды, қоғамды 
және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетугеьмүмкіншілік 
бар. Оның басты бағыты – зерттейтін объектісі осы заманнан шығып, 
өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой өрісінен, елегінен 
өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін 
таразылау, сақтау және жаңарту. Осы мақсатта мына мәселелер 
зәрулік танытады: қоғамдық келісім және демократиялық даму, 
адам және қоғам, нарық және ғылым байланыстары. Ерекше бөліп 
қарайтын мәселе азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының 
орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз» деген 
қоғамдық ой негізі орын алуда. Дегенмен бұл идея өткен қоғамдағы 
лозунгтардың біреулеріне ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып 
тұрған сияқты. Ұлттық идея – адамдар-дың ішкі рухани дүниесімен 
астасып жатуы ғанибет. Сондықтан біздің ойымызша қазақ идеясы 
мынадай формулаға айналса ұлтымыздың өресінен шығама дейміз: 
«Еркіндік түбі бірлікте!».
Ойшылдардың дүниеге көзқарастары олардың өздерінің ерек-
шеліктері арқылы әрқилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей 
бөлініп жатады. Негізгі көксеген мақсаттары әрқилы әлеуметтік 
топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою. Осындай 
әртүрлі идеялардың түп тамырын, концепцияларын тап басып, 
оларды жиынтықтау өте күрделі мәселе.
XX ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философия-
сының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен 


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет