Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет90/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
сырын жан-жақты зерделеуге кеңірек жол ашады. Осы әдістің негізін 
қалаған Аристотель екі мәселені нық айтады: а) философиялық 
теорияның қалыптасу логикасының мәнін ашу; б) ойшылдардың 
жаңашыл және жетілген философиялық жүйелерін қалай және не 
үшін жасауының қайнар көзін анықтау. Осыларды басшылыққа ал-
ған философияны зерттеуші қажетті мақсатына жетпек және жеке 
ойшылдың ұлттың ой желісінде алатын орнын анықтауға мүмкіндігі 
мол.
Қазіргі Қазақстан тарихын зерделесек, оның аса қуатты көршісі 
қытай мәдениетінің, болғанына қарамастан, негізінен Батысқа, 
европалық өркениетке ден қойғанын көреміз. Бұл қалай? Ұлы 
далада дүниеге келген арийлер, Заратуштра, Индияға, Иранға 
ауған тайпалар, әлемге «Ведаларды», «Авестаны» әкелді емес пе? 
Монголоидтар, ариялықтар сияқты, сақтар деп аталып, Батысқа 
қарай жол бастады. Тарихтан белгілі болғандай ол жақты жайлаған 
ұлы дала халықтарынан шыққан ата-аруақты біздің де ата-
бабаларымызды жақындастырып, өшпес рухтары жетелеген болар. 
Осы үлкен рухани болмыстың аясында ұлттық ойлау дәстүрі бар 
ма, болса қай түрде, мағынада және бағыттарда өрбіді деген сұрақ 
алдымыздан шығады. Халықтың туа біткен идеялары қан-дай, басқа 
жұрттармен біте қайнасқанда қандай өзгерістерге ұшырады? Осы 
мәселені де анықтау қажеттілігі туып отыр.
Еуропаорталық үстемдік біздің ділімізде өз ізін жоя алмай 
отыр. Қазақ философиясын тұрпайы, асып кетсе діни-жабайы 
көзқарастан аспаған, тар шеңберде қалып қойған кішігірім ойлау 
жүйесі ғана деп бағалайтын концепциялар жоқ емес. Бұндай 
скептицизм қазіргі ұлттық философиямыздың тарихын, теориясын, 
методологиясы мен даму логи-касын зерттеуге едәуір кедергі 
болуда. Қазақ философиясының хроникалық шеңберін анықтау, 
ғылыми түрде оның тарихының кезеңдерін пайымдауда бұл қателік 
бірталай қиындықтарды әкелуде. Қазіргі қазақ философиясы деген 
ұғымды мағыналы да және хронологиялық та түрде қолданып 
жүрміз. Осы дұрыс па, ойланып көрейік, ұлы бабамыз Қ. Жалайыр 
шығармашылығына зер салып үңілейік.
Қ. Жалайыр еңбектеріндегі ең басты идея – тұрақты қоғам 
мәселесі. Оның алғышарты ретінде дінге негізделген ұлттық келісім, 
қоғамдық қатынастардың әділдігіне, басшылардың мемлекеттік 
даналығына сенген, әлеуметтік және мәдени-психологиялық тұтас-
тық аясында қалыптасқан рухани идеялар аталған. Тұрақты қоғам 
болған жерде тұрақты қатынастар, тұрақты тәрбие, адамгершілік, 
ізгілік, ойлау жүйелері қалыптасады. Ол кезде қоғамдық өзгерістер 


 
93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет