Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
алынбай қалған шыңдары, жіберілген методологиялық, теориялық
және концептуальды қателері бар. Зерттеуге жататын мәселелердің
бастылары – қазақ қоғамының экономикасы, саяси және рухани
өміріндегі негізгі философиялық мәселелер. Сонымен бірге жаңадан
қалыптасып келе жатқан ғылым – қазақ философиясының тарихын
қай тұрғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз керек деген
проблема қазір өте зәру мәселе. Адамзаттың даму процесіндегі
даңғыл жолдан тайған тоталитарлық жүйе философиялық ойды
да тұғырыққа тіреді. Ал осыдан қазіргі кезде қалай және қай
бағытта шығуға болады және қандай методологиялық құралдарды
басшылыққа алуымыз керек? Осындай және басқа мәселелерді
көрсетуге арналған еңбектер қазір баршылық.
Қазақ мәдениеті тарихтың әрқилы кезеңдерінде басты дамыған
елдердің мәдениеттері мен біршама байланыста болып, олардан
тікелей немесе жанамалай импульстер алып отырды. Сыртқы
әсерлер негізінен қазақ мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи
қажеттілігіне, қандай мәселелерге зәру болуына байланысты, өз
пайдасын тигізіп отырды. Осындай ерекшеліктер қазақ филосо-
фиясының ойлау жағдайларын қалыптастырып, ұлттық дәстүрлер
мен бағыт-бағдарларын құрды.
Халықтардың қоғамдық санасының даму процесінде филосо-
фиялық дәстүрлер қалыптасып, күшейе түседі. Қазақтың әлеуметтік
дамуының ерекшеліктері, рухани өзгешеліктеріне қарамастан
қазақ философия тарихында оның әр кезеңдегі сатысында өзінше
дамып отырған филосо-фиялық ойлардың ішкі байланысы бар
екенін және олар бірін-бірі заңды түрде алмастырып отырғанын
анықтауға болады. Ұлы Абай айтқандай «Адам бол» идеясы бұрынға
фольклордан бастап осы заманғы қазақ философиясына тән ортақ
және ұдайы дамып келе жатқан идея. Оның басты ерекшелігі
руханилықты тәрбиелеу – адамгершілік, жауапкершілік, ойлау
мәдениетін, тұтас дүниетанымды тәрбиелеу.
Әл-Фараби философиясында, оның атап көрсетілгеніндей, қазақ
рухани жүйесі әрқашан «нақты адам қоғамына», бақытқа» теңдікке
жету жолдарын қарастыруға бет бұрған. Қазіргі кезде қалыптасқан
зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді жан-жақты
және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасайды. Солардың ішіндегі
кейбір өзекті мәселелерді атасақ, олар мыналар: жеке адамдар мен
жекеменшік қатынастар үйлесімділігін айқындауға мүмкіндік бере-
тін ашық қоғам орнату, елдің бүкіл экономикасын тұраұтандыру,
ілгері жылжу кезеңіндегі нарық заңдарына көшу, адамдарға толық
құқық беретін, әділ бәсекеге түсуге жағдай туғызатын, саяси-