Ажалды жеңген арменен,
Өмір берген нұрменен
Жігерлен жайна жігіттер
Қаруды құлаш сермеген.
Келесе метафорады:
Оққа көзін ойғызып,
Қардан кебін кигізіп...
Әлем поэзиясында сирек теңеу. Адамзаттық соғыста қаншама мәйіт қардың үстінде көмусіз қалды ғой. Мен осы метафораны Мәскеуде бір лекцияда айттым. Қардан кебін кигізген деп соғыста шәһит болған ерлер туралы бұл теңеу тыңдаушыларды тебірентті, ерекше әсер етті. Осыны Жамбыл айтты десем тағы олар таң қалды. Сталинді мақтаған ақынға көбісі мұндай теңеуді қимады.
Мүслім Базарбаев айтқандай Жамбыл лирик ақын. Оған дәлел келесі жыр жолдары:
Сарғайып атқан таң ба екен?
Сары аяқ болған бар ма екен?
Сарғайып қан шақырсам,
Алғадайым келер күн бар ма екен? –дейді.
Сондай-ақ:
Еріксіз он сегіз жас мінгізді атқа,
Бір Жамбыл бөлінгендей екі жаққа.
Бір жағы қайнап өскен қалың елім,
Бір жағы атқа мінген бай мен датқа.
Жамбыл ел мұңын айта білген. Әділтікті жақтаған. Оған дәлел «Менің өмірім» дегенінде жазады: Манаптар Жамбылдан «Ханды мақтағалы келдің ба? Даттағалы келдің бе?» дегенінде «Екеуі де емес, елдің мұңын жоқтағалы келдім» деп жауап береді. Бұл Жамбыл ақынның басты концепті.
Жамбыл шығармашылық әлемінінің дискурсын анықтайтын кез келгені анық. С.Негимов көрсеткендей, Жамбыл мәтіндерінде ақынның төгіліп келе жатқан сөздерінің арасына сырттан контекстен тыс қосылған «жабайы» сөздер бар екені анық. Мұндай қиянаттар аталған поэмаларда көп кездеспейді. Рафат:Жамбыл мәтіндерінде, ақынның төгіліп тұрған сөздерінің арасында сырттан контекстен қосылған «жабайы» сөз бар деу арнайы текстологиялық, теориялық, поэтикалық зерттеулер қажет ететін нәрсе. 1936 жылы Жамбыл Мәскеуге декадаға барып келгеннен кейін хатшылар тағайындаған, хатшыларға еңбек ақы, жолкүре төленіп, Жамбылдың шығармаларын жазып алу тапсырылды. Бірақ ең негізгі нәрсе – Жамбылға советтік заманның жетістіктерін, комунистік партияның тұлғаларын жаздырту тапсырылған болатын. Осы талаптар 1936 жылдан бастап қатты қолға алынды. Әйтпесе Жамбыл Сталинді, Ворощиловтың, Чапаевтардың кім екендігін қайдан білсін. Жаңағы хатшылар келіп осы тектес тақырыптарға өлең айтқызу керек болды. Мен бірер жыл «Жамбыл» музейінде жұмыс істеген кезде Жамбылдың тұрған үйлерінің қалай, қашан салынғаны, кімдер қызмет еткені жайлы біраз деректер жинаған болатынмын. 1936 жылы Жамбылға алғашқы үй салынады. Ол үйбір кезде Кәстек ауданның орталығы болған Қарақыстақтағы бір советтік мекемеге қызмет етіп тұрған ағаш үйді көшіріп тұрғызғын. Онан кейін 1938 жылы қазір Музей болып тұрған үлкен үйді салған. Осы үйлерді салған кезде ауылда «Ерназар» атындағы колхоз болған. Колхоздың бастығы Мыржиев Тұрап дейтін кісі Жамбылдың жақын ағайыны. Колхоз Жамбылдың хатшыларының, Жамбылға келген қонақтардың тамағы мен басқа қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырған. Сейілхан дейтін кісі завхоз болған. Завхоздың міндеті Алматыдан Жамбылға келімді-кетімді кісілерге, хатшыларына қажетті азық-түліктер алып келу ауылда шалдар колбаса дейтінді, консервы дегенді сонда көрдік деп айтатын. Сейілхан қазіргі белгілі ақын қыз Роза Сейілханның атасы. Онан кейін Шустер дейтін ұлты еврей кісі радио орнатқан. Радио келтіріп, Жамбылдың 1936 жылғы үйінің шатырының үстіне репродуктор қойған. Түстен кейін сағат 4-5 шамасында қосылады екен. Ауылдың адамдары бір-біріне «Әй, жүр радио тыңдаймыз» деп Жамбылдың үйінің айналасына келіп, шөптің үстіне жантайып жатып радио тыңдаған. Шустер шағын электр станциясын орнатқан. Электр станция Жамбылдың мәшинесі тұрған гараждың бір шетінде әлі күнге дейін тұр. Сол станця Жамбылдың үйі мен оған көрші 4-5 үйге тоқ беріп тұрған. Шустер сол кезде әскерге баратын жаста, бірақ осы Жамбылдың үйінде жүріп радиосын қосып, жарығын жағып соғысқа барған жоқ, Сонымен қатар ауылдан Нағашыбек Байсабаев дейтін кісі кейін,Грегорий, Жамбыл «Гришка» дейді екен, сол кісі шофер болған. Жамбылға қызмет еткендердің бірі де 1936-1937 жылғы репрессияға іліккен жоқ, әскерге алынбаған. Жаңағы Сейілхан дейтін атамыз ғана майданға аттанып кеткен. Военкомат «әскерге кету керек» департына түскен. Бір күні Жамбыл Алматыға ма, бір жаққа ұзап кеткенде әскерге алып кеткен. Қалған ешқайсысы әскерге де, репрессияға да ілінген жоқ. Жамбылдың әкесінің Тәйті дейтін бауыры болған. Екі рет Меккеге барып, екінші ретте Меккеден қайтпаған. Соның Сатыш дейтін баласының екінші әйелі Қантай апа аспаздық қызметте болған. Тек Жамбыл ғана емес, жаңағы біз атап өткен хатшылар, қызметшілер, жан-жақтан келген қонақтардың бәріне ас әзірлеп отырған. Сол Қантай апа айтатын: «Дүр етіп есіктің алдына мәшине келіп тоқтай қалатын, ішінен сау етіп жазушылар түсетін. Олар кеп Жамбылды қоршап алып, Жәке, мынандай дейтін адам бар, мынандай дейтін коммунист бар соны айтыңыз дейтін, Жамбыл үрпійіп қорқып кететін. «Ей, сендер мені неге зорлайсыңдар. Сендер онан да менің өзімнің айтқандарымды жазып алмайсыңдар ма» дейді екен. Бірақ ол тапсырма, оның артында партия отыр, НКВД тұр, сонан аман қалу үшін жанын қоймай Жамбылға советтік, партиялық тақырыптардағы өлеңдерді айтқызатын. Жамбылға хатшылардың кері әсері дәл осы тұрғыдан ба деп ойлаймын. Ал, енді тікелей шығармашылығына әсері дегенде Жамбылдың 1936 жылға дейінгі шығармаларына, жырларына, айтыстарына хатшылардың көркемдік тұрғыда елеулі әсері болған жоқ. Бірақ бірен-саран бар. Мысалы Академияның қолжазба қорында Жамбылдың Сарбаспен айтысының екі нұсқасы бар. Біреуі мәшеңкеге басылған, қазіргі кітаптарға шығып жүргені сол. Онан кейін кітапқа шығып жүрген нұсқадан үш есе үлкен араб жазуындағы нұсқа. Мәшеңкеге басылған нұсқада қаламсаппен өзгертілген жерлер бар. Мәселен, орыс деген сөздің үстін сызып «крестиян» деп қойған. Сонда Жамбылдыинтернациналист қылуға, атеист қылуға тырысқандары байқалады. Осындай-осындай түзетулер анық көз көрген нәрсе, ал, енді өлеңнің мәтінін оқып отырып оның ішінен редакцияланған жерлерді тауып алу қиын нәрсе. Шұқшия зерттеп анықтау керек. Арабша қолжазба бір бағанға жазылған, бір жерлерінде параллельный жолдар бар, араб жазуымен жазылған, бірақ сиясы мен қолтаңбасы да басқа. Қарап отырсаңыз тағы да Жамбылды советтік идеологиялық талаптарға жақындатуға арналған жолдар. Осындай даусыз нәрселер бар. Ал, енді мәтін арасынан теріп алу арнайы зерттеулерді қажет етеді. Жамбылдың кенже баласы Тезекбай аға Жамбылдың өлеңдерін айтатын. Соны естіп мәз боп жүре бергенбіз. Жазып алғамыз жоқ. Тезекбай ағаның тілі өте шешен еді. Қара сөзбен сөйлеген кезде құйылып өлеңдей болып кететін. Шамғали Сарыбаевтың, Есмахамбет Смайловтар, Сапарғали Бегалиндердің т.б жазғандары бар және ауыл ақсақалдарынан естігенбіз Жамбыл мынандай-мынандай нәрселерді айтқан дейді. Мәселен, Жамбыл бірнеше күн қатарынан Манасты, Мың бір түнді өлеңмен жырлайтын болған. Қобыланды жырын он бес күн айтады екен. Он бес күн болғанда, он бес кеш. Қазіргі біз білетін Қобыланды он бес күнге жетпейді. Осылардың бәрі жазылып алынған жоқ. Басқа да көптеген шығармалар. Жамбылдыдың өзінің шығармалары. Хатшыларға тапсырма берілген, олар берілген тапсырманы орындады. Кузнецов деген аудармашы болған, жаман емес жақсы-ақ адам болған. Бірақ оның тағдыры өте қызық, ШҚО тумасы, әжептеуір мықты журналист, біршама жақсы прозаик, біршама ақын болған. Кәдімгі «Казахстанская правда» газетінде жүрген кезінде отыз бесінші жылдардың өзінде біреулер артына түсіп соттатпақ болған. Не істеу керек? Амал жоқ, совет үкіметін жырлайтын дүниелер табу керек. Бір Майымбет дейтін ақыннан естідім деп орысша өлеңдер берген. Әне бір жылдары Ұлттық кітапханада «Казахстанская правда» газетінің 1936-1937 жылғы сандарын оқып отырып көрдім, тіпті суреті де тұратын, қолмен салынған сурет секілді. Сонан 1936 жылы Кузнецовқа айтады ғой, Майымбетті тауып бер деп.Майымбет өмірде болмаған адам, Кузнецов жан сақтау үшін Майымбет айтқан деп советтік, Сталиндік өлеңдер берген. Сонан кейін Кузнецов «семьясымен Қытайға өтіп кетіпті» деп әрең құтылған. Сондай қиын кезеңдер болды. Жамбылдың өлеңдерін де аударды, әрине жалғыз емес, осы Кузнецовпен шамалас көлемде Константин Алтайский және басқа бір топ ақындар аударды. Сабыр Шарипов Жамбылдың Сарбаспен айтысын 1927 жылы жазып алған. Қолжазбасы академияның кітапханасында тұр қазір. Құлманбетпен айтысын Сәкен Сейфуллин 1931 жылы шыққан «Қазақтың ескі әдебиеті нқсқалары»жинағына кіргізген. Тек қана Жамбылдың емес, басқа да халық ақындарының, М.Әуезов айтқан дара ақындардың көбінің тағдыры осындай. Шығармаларының көбі бізге жете қойған жоқ.
Айгүл: Осыған байланысты тәуелсіздік кездегі Жамбылдың зерттеушісі теоретик С.Негимов ақын-жыраулар поэзиясы деген зерттеуінде былай дейді да:
«Жамбылдың шығармашылығының басылымдарында қайшылықтар да кездеседі. Ақынның «Менің өмірім» деген жыр-хикаясындамынадай шумақ бар:
Қазақтың қанға құмар Кене ханы,
Кеше ғана басылды шыққан шаңы.
Хан болмады қан ішер қасқыр болды,
Белгісі жоқ көмілген моласы әні» дегені 1946 жылғы басылымда жоқ.
1955 жылы жарияланған үш томдығының екінші томында, 252 бет, және 1982 жылы жарық көрген екі томдық шығармаларжинағының екінші томында берілген. Алайда екі түрлі сөйлеу Жамбыл тәрізді мінезді ақынға тән емес. Бұл әдеби хатшының қосып жібергені ме, әлде газет редакциясының ісі ме немесе баспа қызметкерлерінің «жақсылығы» ма? Қалай болған күнде де себебі – біреу. Ол отаршылдық саясатқа құлдық ұрудан туған ғой.
С.Негимовтың өзі анықтағандай шынында да Кенесары ханның Сыздығымен бірге жүріп, Кене ханның ерлігін дәріптеп, Сыздық сұлтанмен дос болған Жамбылға тән емес. Сондықтан мен осы жерде С.Негимовпен толық келісемін. С.Негимовтың теориялық талдауы осы ретте дәлелді келтірілген.