Еренғайып Омаров Жүсіпбек Қорғасбекке берген сұхбатында «Аттила қайтыс болғанда жоқтау айтылған екен. Сол жоқтауды Қалқаман Жұмағұлов деген тарихшымыз Германиядан тауып алып, кезінде газет бетінде жариялады. Жоқтау айтып қоштасу қазақтарға, сосын түріктерге, одан ары ғұндарға ғана тән болған»,-дейді. Бұл да әр кезеңде өмір сүрген олардың өміріндегі бір типологиялық ұқсастықтың негізі бола алады. Аттилаға арналған жоқтау жыры кейіннен зерттеуге енгізілген447. Шыңғысхан өліміне қатысты аңыздың бірінде былай делінген: «Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан таңғұттарды тас-талқан етіп жеңгеннен кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин атты сұлу әйелін алған көрінеді. Кек алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан қайтыс болыпты дейді. Содан кейін Күрбелчиннің өзі сол маңдағы өзенге суға батып жоқ болады». Дәл осындай аңыз Аттилада да кездеседі. Ильдикоға үйленген Аттила алғашқы неке түнінде қайтыс болған делінеді. Әрине, бұл аңыздардың қайсысының шындыққа жақын, болмаса ақиқаттан алшақ екендігінің жігін тарихшы ғалымдарымыз зерделеуде, ал біздің айтпағымыз ел аузында сақталған аңыздар дерегі бойынша олардың ғұмырларында белгілі бір ұқсастықтың бар екендігі.
Аттила билік басына бірден келген жоқ, ол бұл жолда өзінің немерелес інісі Бледаны өлтірді. Бледаның кезінде Ғұн ордасы ыдырауға айналды да, Аттиланың бұндай іске баруының үлкен мемлекеттік маңызы болды деп қабылданады. Кезінде дәл сол сияқты Білге Бұдын да белгілі себептермен өзінің әкесін, өгей шешесін және одан туған інісін өлтіріп барып, билікке жеке-дара ие болған еді. Олардан кейінгі кезеңде Шыңғысхан да бауырын өлтіреді.
Талай тарихи еңбектер мен көптеген әдеби зерттеулерге, сан туындыға нысан, тақырып болған тарихи тұлғалар Атилла мен Шыңғысхан – ірі саясатшы, үлкен қайраткерлер.
Тарихшы-ғалым Ғ.Меңілбаев: «Мен білетін Аттила (Еділ патша) – көшпелі ру-тайпалардың басын қосып, бір жерге шоғырландырған, мемлекет негізін қалаған тарихи тұлға. Әскери қолбасшы, қоғам қайраткері, көшпелі және отырықшы мемлекет арасындағы рухани, мәдени, сауда дипломатиясын жүзеге асырған билеуші. Оның іс-әрекетінен салт-дәстүрді қатаң ұстанған, сондай-ақ өзі басқарып отырған халқының әдет-ғұрпы мен мәдениетін, тілін т.б.жоғары бағалаған билеушінің бейнесін көреміз»,- деп оның қайраткерлігі, ұйымдастырушылық шеберлігі мен қарым-қабілетіне айрықша баға береді.
Оның батыр, жомарт, қатал қолбасшы, соңына барлық елді ерте білген көсем екендігі халық ауыз әдебиетінде айтылады. «Ұлы дала мемлекеттері» деп аталатын кітапта Аттиланы жомарт, адамгершілік қасиеті жоғары жан деп суреттеген. Оны тіпті ғұндар ғана емес, қол астындағы халықтардың барлығы да жақсы көрген. Бұның барлығы Аттиланы «қанішер, жабайы көшпенді, ойран салушы, басқыншы» ретінде санағандардың мәліметі жалған екендігін растайды. Рас, оның өте қатал қолбасшы болғандығы анық, түсі де суық болған. Бізге жеткен тарихи деректерге сүйенсек, Атилланы «Тәңірдің қамшысы», «Құдайдың қаһары» деп те атаған екен. Аттиланың атын естігенде жылаған бала уанған деген сөз бар. Алайда, Аттиланың Римге жорықтары арқылы ондағы құлдық дәуірді жойып, адамзат баласын құлдықтан құтқарғандығы көзі қарақты адамның бәріне аян. Аттиланың мына бір сөздерінен оның жорықтарының негізгі мәнін түсінуге болады:
«Ғұндар! Азаматтың ақ өлімі – борышын адал атқарғаны. Қызыл қаныңды ақ жолда төкпесең, еңсеңді бастырып, езгіде жүрсең, ер атыңнан не пайда? Өр кеудені аяққа бастырып, өз құтын өзі қашырып сасқан адам санатта жоқ. Басыңды бұғып бұқпалап көрген күнің кімге өнеге, кімге болар ғибрат?». Өз елінің намысын ту еткен нағыз қайраткердің бейнесі көрініс берген.
Ол туралы бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрген француздың белгілі драматургы Пьер Корнель: «Аттила есімі керемет әйгілі, бірақ жұрттың бәрі оның характерін толық көлемде білмейді. Ол күштен гөрі өзінің айлакерлігімен көптеген жеңістерге жеткен. Ол бәрінен де бұрын өзінің қарсылас жауының күшін бөлшектеуге тырысқан...»,-дейді448. Жоғарыда атап өткеніміздей, Атилланы «Тәңірдің қамшысы», «Құдайдың қаһары» деп атаған екен.Ал Шыңғысханның дәл осы мәндегі мына сөздері сақталған: «Мен - Құдайдың қарғысымын. Егер сендер ажалға татырлық күнә жасамасаңдар, Құдай менің кейпімдегі жазасын жібермейді». Шыңғысханның да өте қатал болғандығы жайлы сақталған мәліметтер жетерлік. Ол әскери өмірде қорқақтық көрсеткен адамдарды өлім жазасына кесіп отырған. Билік басына келген Шыңғысхан қолына билік алған сәттен бастап, барлық елге ортақ қатаң заң қалыптастырып, бұл заңдардың сөзсіз орындалуын талап етеді, ал ол заңнан сәл қиыс кеткен адамдарды өлімге кесуді бұйырады. Соның нәтижесі де болар, моңғол әскерінде ерекше қатаң тәртіп орнап, асқан ұйымшылдық пайда болып, сол арқылы алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алады. Шыңғысханның бұл әскери тактикасы Білге Бұдын Тәңірқұттың ұстанымын қайталайды. Білге Бұдын өзінің қол астындағы әскерлерін сан түрлі әдістермен шыңдағаннан кейін, тағы бір мәрте сыннан өткізген. Ол өзінің сарбаздарына «Мен нені атсам, сендер де соны маған ілесе атуларың керек»,-деген шарт қояды. Бірде ол өзінің тұлпарын атады. Оның атына оқ жұмсауға тайсалып қалған адамды бірден өлімге бұйырады. Енді бірде өзінің сүйікті әйелін, кейін өзінің әкесін атып өлтіреді. Оның қаһарынан қаймыққан сарбаздар қағанның темірдей тәртібін бұлжытпай орындау керектігін түсінеді. Міне, Білге Бұдын сол сәттен бастап, өзінің әскерілерінің соғысқа әбден дайын екендігіне көз жеткізген екен. Шыңғыс хан ел ішінде қатаң заң қалыптастырған дедік, ал біздің заманымызға дейінгі 209-104 жылдары билік құрған Білге Бұдын Тәңірқұт ғұн мемлекетінің ішкі өмірін реттейтін ата-бабаның әдет заңы негізінде жаңа заң жобасын жасайды. Қабылданған жаңа заң жүйесі бойынша ұрлық жасап, айыбы мойындалғандардың дүние-мүлкі, мал-жаны тәркіленген. Жеңіл қылмыс жасағандардың толарсағын шақса, ауыр қылмыс жасағандар бірден өлім жазасына кесілген.
Шыңғысхан туралы жазылған шығармалар мен аңыздар, түсірілген көркем фильмдер желісіне назар аударсақ, оның қаталдығы мен қоса адамгершілігі мол, ақылды адам болғандығына көз жеткіземіз. Оның ерекше қатыгездікпен өзге елдерді жаулап алуымен қатар, өз еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы бұйрық бергендігі жайлы көп
айтылады. Аттила да көптеген мәселелерді келіссөз арқылы шешіп отырған. Ол өзі билік басына келгеннен бастап Рим мен ғұн империясы бейбітшілік қатынаста өмір сүрген. Алайда римдіктер өзара келісімді өздері бұзады. Олар қойылған талаптарды орындамағаннан кейін, Аттила әскерімен басып кіріп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. Соның өзінде Константинопольге жақыңдап келіп тұрып, қалаға басып кірмеген. Тағы да өзара келісімге келіп, тиісті салығын алып кейін қайтты. Бұл жағдайдан Атилланың көрегендігі мен бейбіт жолды мақсат еткен қолбасшылық қасиетін танимыз. Бұл екі ел арасындағы «Маргус келісімі» туралы Ж.Дәдебаевтың «Атилла» атты зерттеуінде нақты көрсетілген. Ғалым Ж.Дәдебаевтың еңбегіне сүйенер болсақ, оның мазмұны төмендегідей болып келеді. Рим императоры: а) өздеріне қарай бұрын-соңды өткен барлық қашқын ғұндарды кері қайтарады; ә) қашып келген ғұндарды бұдан былай ешбір қызметке қабылдамайды; б) тұтқынға түскен ғұндарды ешбір ақысыз-пұлсыз босатып, еліне қайтарады; в) ғұндармен соғыс жағдайындағы бірде-бір елмен одақтаспайды; г) шекаралық қалалардың базарлары ғұндар үшін ашық болады; д) ғұндарға жылына 700 фунт алтын төлеп тұрады449. Міне осы келісімнің негізінде Шығыс Рим ғұн ордасына Мами, Атакам атты ғұн басшыларының қашқын балаларын қайтарып берді. Оларды Аттила өлім жазасына бұйырады.
Шыңғысханның тарихи, әдеби бейнесінің бір қыры жаулап алушы, басқыншы ретінде беріледі. Алайда, Аттила жорықтарының Римдегі құлиеленушілікті жойғандығы тәрізді, Шыңғысханның жаулап алу соғыстарының да белгілі мақсаты болғаны айқын. Бүгінде тарихшы қауым, осы соғыстары арқылы Шыңғысханның екі үлкен мақсатты көздегенін айтады: «біріншіден, Енисей мен Лена өзендерінің бойындағы түрік тайпаларынан Дунай жазығындағы мадьярларға дейінгі барлық қандас халықтарды бір мемлекетке біріктіру; екіншіден, Шығыс пен Батыстың өркениетін өзара байланыстыру, олардан пайда алу үшін алмасу жолдарын құру және қорғау, еуразиялық құрылықтың екі бөлігі арасындағы жоғарғы төреші-билікші болу».
Сонымен, олар өз заманының ірі қайраткері, соңынан ерген халқының мұрат-мүддесін қорғап, елі үшін өмір сүрген елжанды тұлға. Кеңестік идеология биігінен баға берілген қатыгез қолбасшы, «жабайылар» көсемі емес, керісінше Еуропаның ұлан-ғайыр территориясында іргелі орда құрып, ел мүддесі үшін атқа қонған, халқы, ұрпақтары есімін аңызға айналдырған ұлы билеушілер.
Қайраткерлер тұлғасын типологиялық тұрғыдан қарастыра келгенде, тағы бір ортақ мәселеге көз жеткіздік. Мәселен, отыз бес жыл ғұн мемлекетін билеген Білге Бұдын Тәңірқұт елшілер арқылы Хань патшайымы Шаш-анаға хат жолдаған екен. Ол хаттың мәні төмендегідей келген: «Мен бетпақ далада туып, малмен бірге өскен бейбақ әміршімін. Алдияр, Сіз де жалғыз, мен де жалғыз. Жабығып-жабырқар болсақ, патша басымызбен екеуіміз де мият тұтар жұбаныш жоқ. Сондықтан Сіздің жоғыңыз үшін өзімдегі барды атағым
келеді». Римдіктер келісімді бұзған сәтте Аттила да Константинопольдегі Шығыс Рим императорына «қашқындарды тез арада қайтып бер, салықты уақытымен төле және алдағы салықтың мәселесін шешуге елшілерінді жібер»,-деген мәнде елшілерден хат жібереді. Бұл сол заманның өзінде эпистолярлық жанрдың қалыптасқандығын көрсетеді.
Аттила мен Шыңғысхан бейнелерін толықтыратын тағы бір ортақ сипат – соңдарында өсиет сөздерінің қалуы. Бұл аталған өсиет сөздер бір жағынан шешендік сөздер қатарын толықтырса, келесі қырынан терең мазмұнға толы нақыл сөздер болып қалған. Айтпақ ойлары сарындас келіп, бірін-бірі толықтыра түскен ғақлиялардың біразын ұсынғанды жөн көрдік.
Атилланың қолбасшылық, ел басқару өнері жайында айтқандары:
1) Көсемнің ел қатарлы ғұннан айырмашылығы – күрделі шешімпаздық қабілет-қарымында.
2) Патша әрқашанда басшылыққа үздік ғұндарын тағайындауы тиіс, қалай болғанда да оған сол орын қажет-ақ.
3) Кездейсоқ адамдарды ешқашан тағайындамаңыз. Басшылықты дарынды ғұнға тапсырыңыз, өкілеттікпен жауапкершілікті жүктеңіз, содан кейін одан талап етуіңізге құқығыңыз бар.
4) Көреген көсем сәттілікті ешқашан арқа тұтпайды, өз болашағын әрқашан ауыр еңбек, төзімділік, табандылық және оптимизммен жасайды.
5) Әрекет қылуға ұйғарған көсем тек қана жеңіске жетуге тиіс, итжығыс немесе ымыраға келу мүлде болмауы тиіс
6) Егер де көсем көштің соңында келе жатса, онда ол ешқандай қолбасшы емес.
7) Көсем ұсақ-түйектен жоғары болуы керек және де бұған басқа ғұндарды да мәжбүрлеуі тиіс.
8) Өзін-өзі ұстауын жоғалтқан көсем жеңіліске душар болады. Өз күшіне ғана сенуі тиіс, сол кезде жеңіліс тапқанның өзінде де, бар мүмкіншілікті қолданғаныңнан хабардар боласың.
9) Тобасынан жаңылған, менмен және бақайқұрт жетесіз көсемдер нағыз ұлылыққа сирек жетеді, оның есесіне кісі көзінше өзін ұлықтайды.
10) Ұлы көсем өзін ешқашан да ұлықпын деп есептемейді.
11) Өз ғұндарымен бірге ішкілікке салынып жүрген көсем оларға туғанындай болып кетеді, бірақ көсем болудан қалады.
12) Елге сүйеу болу үшін сенімнен өзің де шыға біл, өзгеге оны жүктей біл». Елдік мұратты биік нысанаға қоя білген Атилланың жоғарыда біз тілге тиек еткен өсиеттері өзінің мазмұнын жоймайтын құндылықтар. Қай қоғамда, қай ғасырда болса да кез келген ел басқарған адамның күн парағындағы құндылық болары анық.
Атилла, Білге қаған, Күлтегін сынды қайраткерлерден кейін әлемдік тарих сахнасының аренасына шыққан Шыңғысхан да елдік мұраттар мәселесінде аса ірі реформа жасаған тарихи тұлға. Халық игілігін көздеген тұлғаның заңдары, өсиеттері осы мақсаттан туындаған. Шыңғысханның ел басқарушылық, қолбасшылық туралы айтқандары да жоғарыда айтқан ойымызды растай түседі.
1) Кімде-кім өзінің үй-ішін басқара алса, билік те жүргізуіне болады. Кімде-кім он адамға тиісті жағдай жасай білсе, ол мыңдықты, түменді басқаруға жарайды. Әрі мұны ол жақсы орындай алады.
2)Жеңістің мүмкіндігі - тек шабуылда.
3) Адамдарды мақтансүйгіш ет, өркөкіректік оларды ақымақ етеді, Сол кезде сен оларды бағындырасың....
4) Жасырыну өнері қорғанысқа құрылған
5) Меніңше, егер кез-келген айтқан сөзің шын болса оның күш қуаты мықты келеді.
Атилла, Білге қаған, Күлтегін, Шыңғыс хан сынды қайраткерлердің ел мүддесі, елдік мұратты көздеген өсиеттері, өсиеттерін жеткізген тарихи-әдеби мәтіндерден алынған қысқаша дәйектемелерден бұл тұлғалардың көсемдік тұлғалары мен ел басқару мәселесіндегі сөзсіз шеберліктері көзге ұрады. Жоғарыда келтірілген дәйекті мысалдардан қаһармандардың елдік мұрат идеяла рының сабақтастығын, ұқсастығын аңғардық.
Ел мүддесін қорғаушы, халық тыныштығының күзетшісі болған Білге қаған мен Күлтегін батырдың қайраткерлік болмысы, бұндай мақсаттарға жетуге бағытталған идеяларынан да осы сабақтастықты аңғарамыз. Белгілі түрколог-ғалым Ғ.Айдаров «YIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіші» атты көлемді зерттеуінде Білге қаған мен Күлтегіннің халық игілігі үшін еңбектенген қайраткерлік болмысын әдеби-тарихи негізде зерделейді. Ғ.Айдаровтың бұл зерттеуінде аталмыш тұлғалардың елдік мақсат, мүдде жолындағы ерен еңбектерін танытатын жыр жолдары бар. Осы жолдардан ел тұтастығы мәселесіндегі олардың негізгі мақсаттарынан хабардар боламыз.
...Тәңірі жарылқағандықтан,
Өзімнің бақытым болғандықтан,
Қаған отырдым,
Қаған болып, жоқ, кедей халықты көп
көтердім,
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
және
...Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым,
Төрт бұрыштағы халықты
Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым...
-деген өлең жолдарынан халқы үшін, оның тыныштығы мен әлеуметтік әлеуеті үшін еңбектенген тұлғалардың қайраткерлерлік келбетін танимыз.
Шыңғысханның айтқандарының «Орхон» жырларымен сәйкес келетін тұстары көп. Мәселен, Тоныкөктің
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді төктім,-деген жыр жолдарын Шыңғысханның төмендегі сөздерімен салыстыра қарасақ, елі үшін туған ердің биік бейнесі көрінеді.
Қара бала
ұлы қаған болғанда,
Алтын денем шаршаса, шаршасын –
Абзал елiм даңқы артсын.
Бүтiн денем қиналса, қиналсын –
Бүкiл елiм топтансын.
Аттиланың өсиет сөздерін С.Негимов «Аттиланың афоризмдері» деп атап, орыс тілінен қазақ тіліне аударған. Ғалым «Ұлы қолбасшы Аттиланың даналық ойлары мен толғаныстары ғасырлар бойы құнын жоймай, біздің заманымызға тот баспай жетіп отыр. Сондықтан да оның афоризмдерін тұңғыш рет орыс тілінен қазақша сөйлетіп, оқырмандарға ұсынып отырмын»450 ,-дейді. Бұл афоризмдер мағыналық тұрғыдан кеңес және өсиет, мінез-құлық, айбын, шешім қабылдау, өкілеттікті тапсыру, көсемдерді тәрбиелеу, дипломатия мен саясат, мақсаттар, қолбасшылар және қолбасшылық, қабылдау мен абырой, жеке жетістіктер, мәселелер мен шешімдер, марапат және жаза, шыдамдылық, оқып-үйрету тәрізді топтарға жіктелген. Аталған жіктелімдер мазмұнына мән берсек, ел билеушісінің барлық тақырыпқа қатысты жүйелі ой қозғағандығын байқаймыз. Дәл сол сияқты Шыңғысханның қанатты сөздері де сан тақырыпты қамтыған. Білге қағанның төмендегі елдік пен ерлік, даналық туралы, бірлік туралы афоризмдері де осы айтқан ойымызды айғақтай түседі:
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
Түркіні бұзар - тәтті сөз.
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.
Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.
Тастағы жазудан тағлым алғайсың.
Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.
Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.
Ел басқарған, қол бастаған қайраткерлер тарапынан айтылған бұндай қанатты сөздерден олардың көсем де көреген, шешен, ойлы, сабырлы да
салиқалы саясат ұстанған білікті тұлғаларын танимыз. Аттила немесе Шыңғысхан айтыпты деген мәліметтер өте көп сақталған. Мәселен, Шыңғысханның мына бір айтылымына қарап, мән-мазмұны ерекше шешендік өнердің қалыптасқан үлгісіне куә боламыз:
«Ұлдар–әкелерініңүлгі-өнегесін ұстанбаған,
Інілер – ағаларын тыңдамаған,
Күйеулер – әйелдеріне сенім артпаған,
Әйелдер – күйеулерінің ырқымен жүрмеген,
Енелер – келіндерін хош көрмеген,
Келіндер – енелерін сыйламаған,
Үлкендер – кішілерін есіркемеген,
Кішілер – үлкендердің кеңесін алмаған,
Бастықтар – өз қызметшілерын ғана жақын тұтып, сыртқары қауымды елемеген,
Ұлықтар – бар игіліктің басында отырса да ел-жұртын байлыққа жеткізуді ойламаған және ешкімге қайыр жасамаған,
әдет-ғұрып пен заңды («жосын мен жасақты») аяққа басқан,
ақылдан азып, тәубәсін ұмытқан,
сөйтіп өз ұлысының жауы болып шыққан жағдайда,
ұры-қарылар мен алаяқтар, жалғаншылар мен кәззәптәр
жарық күнді қараңғы түнге айналдырады,
[елдің] бар қазынасы талауға түседі, ат-арып, [азамат-қажып], әскер – қуат-күшінен айрылады,
халық – іріп-шырып, тозғындап, бардан – жоққа айналады»451.
Ұлы қайраткерлердің сөйлеген сөзі, жасаған іс-әрекетінің барлығы өзгеге үлгі болып, жан-жағына ықпал еткендігі байқалады. Олардың тарихи-әдеби бейнесіне назар аударсақ, қаншалықты жан-жақты, ерекше тұлға екендіктері көзге ұрады. Мәселен, мына бір мәліметтен Аттиланың көрегендігін, көкейіне тоқығаны мол, сұңғылалығын байқаймыз. Мәселен, Аттиланың қаланы міндетті түрде аламыз деген сеніміне күмәнмен қараған қолбасыға: «қала үстінде ұшып жүрген құстарды көрсетіп:
— Ана аққұтандарды көрдің бе? Олар қала мұнараларындағы балапандарын алып кетіп жатыр. Демек, бұл – қала көп ұзамай құлайды деген сөз. Өз басына төнген қатерді сезген құстар балапандарын қауіпсіз жерге апарады»,-деген екен.
Қайраткер тұлғалар туралы қалам тартқан ақын, жазушылар баршылық. Атилланың тұлғасын танып білуге деген қызығушылық әр кезеңдегі әр ел зерттеушілерінде кездеседі. Ғұндардың көсемі Атилла тарихына Батыс Еуропа, Қытай, орыс, қазақ, т.б. елдердің зерттеушілері ерекше назар аударған. Зерттеулерде көсемнің есімі Аттила, Атилла, Атыл деп берілсе, қазақтың көне жырларында Еділ деп аталған.
Әдеби жырларда ол бірде батыр, бірде жомарт, бірде би, данагөй, ел
бастаған көсем, қатал қолбасшы, соңында тұтас елді артынан ерте алған
тектінің ұрпағы ретінде бейнеленеді. Атилла туралы аңыздар - барлық түркітектес халықтарға ортақ тарихи, әдеби мұра. Қазақтың көне аңыздарында жырланған Аттила бейнесі қазақтың тарихы, әдебиеті, мәдениетінде өзіндік алар орны ерекше тұлға.
Аттилланың қайраткерлік, қолбасшылық ерен ерлік істерін ақын Ш.Құдайбердіұлы өзінің өлеңіне арқау еткен:
Айтайын Әтелланың қылған ісін,
Сиқыр дер ойлаған жұрт қайрат-күшін.
Азияны түгел билеп, Еуропаның,
Көбі ауған Әтелладан қорыққаны үшін.
Әтелла Мұнжық ханның баласы еді,
Басы үлкен, кеудесі кең, аласа еді.
Мың бес жүз жылдай болды өлгеніне,
Оның да қылған ісі тамаша еді.
Қайтемін айта беріп алған жерің,
Атаңның ойға түсір сондай ерін!..
Қор болып осы күні отырсаң да,
Қозғалсын өткенді ойлап іште шерің!..
Тарихшы, шежіреші атанған ақын Шәкәрімнің бұл өлең жолдары көп жайдың мәнісінен сыр шертеді. Өз тәуелсіздігі өзінде болмай, өзге елдің қолына қараған қазақ еліне Аттиладай ер тұлғаны үлгі етіп, бар идеяны соңғы екі шумаққа әкеп артқан. Ш.Құдайбердіұлының бұл үш шумақ өлеңіне ғұндардың көсемі Атилланың бүкіл болмысы сыйғандай. Жоғарыда айтылған тарихи деректер дерліктей өлең өрнегіне түскен.
Еділ патшаның өмірі мен қайраткерлік болмысы жайында көлемді зерттеу жазған белгілі ғалым Ж.Дәдебаев: «Нибелунгтар туралы жырда» Атилланың адалдығы мен азаматтығы, ақылдылығы мен батырлығы кең көрініс тапқан...», – дей келе аталмыш жыр жолына арқау болған Еділдің болмысын көрсететін жыр жолдарынан үзінді келтіреді:
Этцел даңқын асырды,
Сарайына ағылып бар әлемнің батыры.
Бәріне де, қарамастан құдайына, дініне,
Жомарт болды ол, ашық-жарқын, сыпайы...».
Бұл өлең жолдарынан оның өзінің афоризмдерінде айтылғандай ол мейлі өз адамы болсын, мейлі жауласқан жақтың адамы болсын, оған әділеттілікпен қарайтыны суреттелген.
Аттила басқарған ғұн империясы ең күшті мемлекетке айналды. Еуропадағы барлық мемлекеттер мен халықтар ғұндармен міндетті түрде санасуға мәжбүр еді. Аттила Римде білім алғандықтан да, латын тілін жақсы білетін. Соған қарамастан римдіктердің көбі Аттилаға жағыну үшін, ғұн тілінде сөйлеуге тырысқан. Сол кезеңде біздің ата тілімізден олардың тіліне көптеген сөздер енген-мыс. Бұл Аттиланың ана тілін ерекше құрмет еткенінің көрінісі. Бұл қазірде шетелде жүріп ана тілін қастерлемек түгілі, өз елінің суын ішіп, жерін басып жүріп қазақ тіліне шекесінен қарайтындарға үлгі.
Аттила халықтан шыққан өнер адамдарын, ақын-жырауларды, шешен сөздің майталман шеберлерін құрметтеді. Тіпті ғұн емес, герман тайпаларының өкілдері болса да, ерекше бағалайтын болған. Ғұн ордасы мен Аттиланың етене байланыста болған елі – герман тайпалары. Олардың тіліндегі кітапта сол кезде ғұн көсемі Еігеі (Атилла), ал ғұндардың әсем астанасын ЕігеІЬurg (Этзелбург) деп атағаны тарихи шындық. Бұл кітаптағы «Этзелбургтегі той» деп аталатын 19-тарау түгелдей Еділдің Илдикоға үйлену салтанатына арналған екен.
Еуропа халықтары мәдениетінде Аттила туралы бірнеше поэма бар. Германия және Скандинавия халықтарының батырлар жырында, аңыз әңгімелерінде Аттила негізгі кейіпкер. Ағылшын ақыны Херберт Атилла туралы үлкен поэма және ғылыми еңбек жазып қалдырған екен (19 ғ.). Сол сияқты Еуропа театрларының сахналарынан да Аттила бейнесі үлкен орын алады. Ең алғаш Аттила бейнесін сахнаға шығарған Испания драматургтері Кристобал Вируес (1550-1609) «Қаһарлы Аттила» төрт актілі трагедиясын, Луис Велес де Гевара (1579-1644), «Аттила – Тәңір құты» 5 актілі трагедиясын, одан соң Франция драматургтері Пьер Корнель (1906-1684) «Хун патшасы – Аттила» атты 5 актілі грагедияны 1667 жылы Париж театрларының сахнасына қойды. Генри Борниер (1825-1901) «Аттиланың үйлену тойы» атты тамаша пьесаны Парижде 1880 жылы сахнаға шығарған екен. Неміс драматургтерінің де еңбегі ұшан теңіз Вернер Цахариас (1768-1823) «Хун патшасы – Аттила» атты 5 актілі романтикалық трагедияны 1808 жылы сахналаған. Неміс халқының «Нибелунг жыры» тақырыбына көптеген драмалық шығармалар жазылды. Бұл жырдың негізгі кейіпкері ғұн көсемі Аттила болғандықтан барлық драмалық шығармаларда да солай болды. Ф. Геббель (1813-63) 1861 жылы «Нибелунгілер» атты трилогияны сахнаға шығарды.
Орыс қаламгерлерінің ішінде алғаш рет Евгений Замятин (1884-1937) «Аттила» атты драма жазды (1927). Алайда бұл шығарма араға көптеген уақыт салып барып тек 1996 жылы Алматыда қазақ драма театрында қойылды. Сондай-ақ, оның «Тәңір құты» (Бичь божий) атты романы да осы тақырыпқа арналған.
Шыңғысханның да әдеби бейнесі біршама қалыптасқан. Жоғарыда атағанымыздай тарихи деректердегі тәрізді көркем шығармаларда да Шыңғысхан бейнесінің берілуінде айырмашылықтар бар. Оны қанішер, жауыз, басқыншы ретінде суреттеген кей шығармалардағы Шыңғысханның прототипі мүлде басқа екендігі бізге дейінгі зерттеушілер тарапынан да айтылды. Әбіш Кекілбаевтың «Ханша-дария хикаясында» Шыңғысхан өмірінің соңы мен өлімі, Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» атты тарихи романында Керей, Найман мемлекеттерінің күйреуі туралы, Сәуірбек Бақбергеновтің «Бөрте – Шыңғысханның жұбайы» хикаятында Шыңғысханның соңғы жорығы жазылған. Шыңғысханның Отырар қаласын жаулап алуы туралы ел арасындағы аңыз М.Шахановтың «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» поэмасының негізіне алынған. Мұхтар Мағауин ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Орталық Азияның бүкіл болмысын кеңінен қамтитын, «Шыңғыс хан» атты деректі тарихи романның «Туған жұрт» деп аталатын алғашқы томын шығарды. Бұл шығармалардың барлығында Шыңғысханның өмірі, ерлік жорықтары туралы элементтер қамтылып, қаған образын сомдауға тырысқан.
Қағандар образы Орхон жазбаларында біршама суреттелген. Бумын, Естіми, Білге, Аттила, Шыңғысхан сияқты тұлғалардың өз елін, жерін сыртқы жаудан қорғап, елін бақытқа бөлеу басты мақсаты болғандығы көрінеді.
Ежелгі дәуірде ел билеген ұлы тұлғалар туралы жазылған әдеби, тарихи, көркем шығармаларды ой елегінен өткізу келгенде, олардың бейнесіндегі төмендегідей типологиялық ұқсастықты, өзара сәйкестікті, ортақ белгілер кездеседі деп батыл айта аламыз:
1. Өз елін, туған жерін сыртқы басқаншылардан қорғауды мақсұт тұтқан қағандар алдыңғы орынға елдік мұратты қойып, ел бірлігін күшейтіп, өз елінің саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартып, дипломатиялық қатынасты дамытқан.
2. Олар бүкіл әлемдік деңгейде ойлайтын ұлы тұлғалар болды;
3. Ел ішінде заң қалыптастырып, оның орындалуын қатаң қадағалау нәтижесінде ел бірлігін күшейткен, ел жанды нағыз патриоттар болды;
4. Елі үшін елеулі еңбек еткендерімен қоса, риториканы дамытып, соңына ерен ерлігі мен шешендік сөзін қалдырды;
5. Аттила афоризмдері мен Шыңғысханның айтқандары ерекше мәнге ие, тағылымдық-тәрбиелік құндылығы мәңгілік маңызын жоймайтын құндылық.
Шағын зерттеуде бұл тұлғалардың ел басқару саясатындағы ұстанымдарына жан-жақты тоқталдық деуден аулақпыз. Шама-шарқымызша, олардың ұқсастық жақтарының бірер қырларына ғана шолу жасадық. Арқалар жүгі ауыр бұл тақырыптың зерттелуі алдағы уақыттың еншісінде екендігі анық.
Әлемдік тарих сахнасында есімі аңызға айналған көсем, қолбасшы, мәмлегер Аттила мен Шыңғысхандай тұлғалардың өмірі мен қайраткерлік болмысы қашанда нысаналы биіктен түспек емес. Олардың өмір жолы мен қайраткерлік келбеті, елдік мұрат жолындағы атқарған өлшеусіз қызметі талай зерттеулерге, талай әдеби-тарихи шығармаларға жүк болатын құндылық.
РЕЗЮМЕ В процессе реализации данной монографий с новой точки зрения анализировался этно-культурные, историко-социальные и литературно-эстетические мотивы, присутствующие в литературе древней эпохи, а также в образцах средних веков, в литературе новой эпохи. Проанализированы значимые произведения тюркского мира, которые дадут возможность соприкоснуться широким слоям населения с достоянием древнетюркской литературы. Выявлены глубокие корни идеи братства в нашедшие отражение и в отечественной литературе.
Также исследование определил место в литературоведении творческих личностей, ратовавших за единство народа, за общечеловеческие ценности, поможет понять их мировоззрение и особенности граней их творчества, даст широкую возможность подрастающему поколению ознакомится с литературными источниками, где находят свое проявление жизнеутверждающие идеи.
В сопоставлении с фольклором тюркских народов и другими периодами тюркской литературы изучены структура и тематика, стиль и жанр, идея и сюжетная линия произведений древнетюркского периода олицетворяющие собой художественную летопись своего времени. А также проведено исследование сюжетной линии тюркских письменности, сравнивая их с античными произведениями мировой литературы.
Поэтому результаты данных исследований и проектных работ могут быть использованы не только в Казахстане, но и в научно-исследовательских институтах и высших учебных заведениях Турции, Узбекистана, Азербайджана, Кыргызстана, Татарстана и др. тюркоязычных государств. Экономическое и информационное значение коллективного монографического труда важно для диаспоры тюркских народов, проживающих в Казахстане, для усиления и укрепления их духовно-культурных связей с исторической Родиной, в деле дальнейшего налаживая социально-политической и научной деятельности между РК и другими тюркоязычными государствами на новом уровне, для взаимного обмена инновационными исследованиями.
1 Grimm W. Die Sade von Polyphem // In: W.Grimm. Kleinere Schriften. Bd. IV Berlin, 1887.
2 Путилов Б.Н. Методология сравнительно-исторического изучения фольклора. Л., 1976. - 243 с.
3 Тұрсынов Е. Типологияның комплексті жүйесі туралы // Қазақ фольклорының типологиясы. Түркістан: Тұран, 2009. -367 бет.
4 Путилов Б.Н. Мотив как сюжетообразующий элемент. – В кн.: Типологические исследования по фольклору. Москва: Наука, 1975, с. 143-144.
5 Веселовский А.Н. Задачи исторической поэтики // Историческая поэтика. Москва, Наука, 1989. - С. 299.
6Ыбыраев Ш. Қорқыт ата кітабы //
7Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы». – Алматы: «Санат», 2006 . – 10-бет.
8Бердібаев Р. «Гүлстанның бұлбұлдары». Алматы, «Жазушы», 1970 жыл, 60-бет.
9 Күмісбаев Ө. «Иран әдебиетінің тарихы», Алматы, «Қазақ университеті»–2009 жыл, 15-бет.
10 Жирмунский В.М. «Сравнительные литературоведение», Ленинград, «Накуа»–1979 жыл, 46-бет.
12 Қасқабасов С. «ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті». Алматы, «ӘӨИ», 2005 жыл, 64-бет.
13 Теория стиха (под.ред. В.И. Жирмунского и др.). –Л., 1968. – с. 22.
14 Проблема знака и знаковой системы и типология русской культуры ХІ – ХІХ веков. В книге: Лотман Ю.М. Чему учатся люди. Статьи и заметки. – Москва: «Центр Книги Рудомино», 2010. – С. 202
15 Там же. С. 202.
16 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т. 15. Алматы. Жазушы, 1984. 328 бет. 42-б.
17 Ғабуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974. 141-б.
18 Рашид-ад-дин. Сборник летописей. І том. 2 книга. М.-Л. 1952. 29-б.
19 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т. 16. Алматы, Жазушы, 1985. 400 б. 20-б.
20 Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России. − Ленинград, Наука, 1972. Стр. 48.
21 Қаржаубай С. Орхон мұралары. 1-кітап. Тарихи-танымдық этнографиялық әдебиет. − Астана, «Күлтегін», 2003. 392 б. 13-б.
22 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.−Л., 1951., Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.−Л., 1952., Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. М.−Л., 1959., Батманов И.А. Язык енисейских памятников древнетюркской письменности. Фрунзе, 1959., Насилов В.М. Язык орхоно-енисейских памятников. Москва, 1960., Кляшторный С.Г. Древнетюркский рунические памятники как источник истории Средней Азии. Москва, 1964.
24 Стеблева И.В. Поэзия тюрков VI-VIII вв. н.э. Москва, 1965.
25 Айдаров Ғ. Көне түркі жазуларынан материалдар. Алматы, 1966. 74 бет; Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1986. 182 бет; Орхон ескерткіштерінің тексі. Алматы, 1990. 220 бет; Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы, 1995. 232 бет; Тоныкук ескерткішінің тілі. Алматы, 2000. 120 бет.
26 Аманжолов А. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003.
27 Әуезов М. Уақыт және әдебиет. (Құраст. ред. алғы сөзін жазған Ы.Т.Дүйсенбиев), Алматы, Қазмемкөркемәдеббас, 1962. 428 бет.
28 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы, 1967; Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы. / Құрастырған: Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков/. Алматы, Мектеп, 1967. 200 бет; Кенжебаев Б. Көне әдебиет туралы. Алматы, 1969; Жолдасбеков М. Древнетюркские литературные памятники и их отношение к казахской литературе. Автореф. канд. дисс. Алма-Ата, 1969; Өмірәлиев Қ. VIII-XII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. Алматы, 1985; Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар: Ғылыми-зерттеу мақалалар. Алматы: Жазушы, 1985. – 368 бет; Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. Алматы: Ғылым, 1987. – 368 бет; Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: «Ана тілі», 1991. – 264 бет.
29 Омарұлы Б. Көне түркі жазуларының зерттелу жайы // Көне түркі жазуларының зерттелуі: бүгіні мен болашағы. Астана, 2004. 8-б.
30 Қазақ әдебиеті тарихы. Он томдық. 2-том. Алматы: ҚазАқпарат, 2006. – 448 бет.
31 Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 1-том. Көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер. Құраст.: Ш.Ахметұлы, А.Әлібекұлы, Н.Базылхан, С.Қорабай, Қ.Орынғали, Қ.Сартқожаұлы. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007. – 504 бет.
32 Әуезов М., Уақыт және әдебиет. Алматы, Қазмемкөркемәдеббас, 1962. 428 бет. 208-б.
33 Словарь иностранных слов. Москва, Русский язык, 1986. 600 с. Стр. 496.
34 Геродот. История: Скфия и поход Дария на скифов. Кн. 4. СПб. 1894. Стр. 89.
35 Плиний (Старший). Естественная история // В кн. Древние авторы о Средней Азии. Ташкент, 1940. Стр. 143.
36 Аманжолов А. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003. Стр. 293.
37 Әуезов М., Уақыт және әдебиет. Алматы, Қазмемкөркемәдеббас, 1962. 428 бет. 243-244-бб.
38 Бұл да сонда, 208-б.
39 Көне түркі жазуымен жазылған жазба ескерткіштердің мәтіні мен аудармасын түркітанушы ғалым Н.Базылхан дайындаған нұсқасы бойынша алдық.
40 Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері. 1-кітап. (Ғылыми жетекші – Ж.Мырзаханұлы) Алматы: Өнер, 2006. – 296 бет. 26-б.
41 Гумилев Л., Көне түріктер. Алматы, «Білім», 1994. 480 бет. 25-б.
42 Иакинф Бичурин өзінің еңбегінде бұл адамды «Цзю Цюаннан шыққан көшпелі жатжерлік Ань Нопаньто» деп көрсетеді.
43 Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері. 2-кітап. (Ғылыми жетекші – Ж.Мырзаханұлы) Алматы: Өнер, 2006. – 344 бет. 110-б.
44 Сонда, 110-б.
45 Гумилев Л., Көне түріктер. Алматы, «Білім», 1994. 480 бет. 27-б.
46 Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. IV том. Әулеттік тарихи жылнамалар. 2-бөлім. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006, - 480 бет.
47 Бекжан О., Бумын қаған – Алпамыс батырдың өзі // «Ана тілі» газеті, 4-17 тамыз, 2011. № 31-32. 5-б.
48 Қазақ Совет энциклопедиясы. 2-т. Алматы, 1973. 371-б.
49 Қоңырат шежіресі (Есіркеп Кәрібайұлының жазбалары бойынша құрастырып, толықтырған – Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай). Алматы, «Жалын», 1992. 80 бет. 6-б.
50 Қоңырат шежіресі және оған қатысты әңгімелер (құраст. М.М.Ерімбетов). – Алматы: «Жалын», 1993. 136 бет. 11-б.
51 Қоңырат шежіресі (Есіркеп Кәрібайұлының жазбалары бойынша құрастырып, толықтырған – Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай). Алматы, «Жалын», 1992. 80 бет. 6-б.; Қоңырат шежіресі және оған қатысты әңгімелер (құраст. М.М.Ерімбетов). – Алматы: «Жалын», 1993. 136 бет. 11-б.
52 Қоңырат шежіресі және оған қатысты әңгімелер (құраст. М.М.Ерімбетов). – Алматы: «Жалын», 1993. 136 бет. 14-б.
53 Қоңырат шежіресі (Есіркеп Кәрібайұлының жазбалары бойынша құрастырып, толықтырған – Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай). Алматы, «Жалын», 1992. 80 бет. 9-б.
54 Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2006. Т. 34: Батырлар жыры. – 384 бет. 9-бет.
55 Сонда, 186-б.
56 Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. IV том. Әулеттік тарихи жылнамалар. 2-бөлім. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006, - 480 бет. 65-б.
57 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ: Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 360 бет. 47-б.
58 Бұл да сонда, 268-б.
59 Әуезов М., Уақыт және әдебиет. Алматы, Қазмемкөркемәдеббас, 1962. 428 бет. 35-бб.
60 Жолдасбеков М. Асыл арналар. І том. Зерттеулер. Мақалалар. – Астана: Күлтегін, 2012. – 344 бет. 48-49-бб.
61 Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2006. Т. 34: Батырлар жыры. – 384 бет. 65-бет.
62 Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2006. Т. 38: Батырлар жыры. – 336 бет. 110-бет.
63 Ұғынықты болу үшін жақшаның ішіндегі сөзді өзіміз қойдық – А.Ә.
64 Лукиан. Избранная проза. Москва, «Правда», 1991. Стр. 126.
65 Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. − Алматы: Жалын, К.1. 1994. 156-б.
66 Геродот. История: Скифия и поход Дария на скифов. Кн. 4. СПб. 1894. Стр. 127.
67 Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы (Қазақ тіліндегі аудармасы). – Үрімші: Шынжаң Халық Баспасы, 2005. 860 бет. 236-б.
68 Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. Серия: Путешествия. Открытия. Приключения. − Алматы: Гылым, 1993. Стр. 25.
69 Бұл да сонда, 113-б.
70 Қасқабасов С. Елзерде: Әр жылғы зерттеулер. – Алматы: Жібек жолы, 2008. 504 б. 10-б.
71 Бұл да сонда, 11-б.
72 Қазақ бақсы-балгерлері: / Құраст. Ж.Дәуренбеков, Е.Тұрсынов. – Алматы: Ана тілі, 1993. 61-б.
73 Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1989. 230-б.
74 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы: Алаш, 2003. – 408 бет. 313-б.
75 Поспелов Г.Н. Теория литературы. – Москва: Высш. Школа, 1978. – 351 с.
76 Тигем Пол ван. Сравнительная литература. Париж 1931 г7 Р.Von Tieghen. Le Preromantisme. Etudes dhistrie tipologies literature europeenne. – Paris,1931.
77 Конрад Н.И. Запад и Восток. –Москва: Наука, 1972. – 427.
78 Grimm W. Die Sade von Polyphem // In: W.Grimm. Kleinere Schriften. Bd. IV Berlin, 1887.
79 Р.Von Tieghen. Le Preromantisme. Etudes dhistrie tipologies literature europeenne. – Paris,1924.
80 Жирмунский В.М. Тюркский геройческий эпос. –Ленинград: Наука, 1974.-727 с.
Жирмунский В.М. Литературные течение как явление междунородное. // Сравнительное литературоведение. –Ленинград: Наука, 1979. – 493.
81 Григорьева Т.П. Дао и Логос (встерча культур). Москва: Наука, 1992. - 424.
82 Diez H.F. Der neuindeckte ouguzische Cyklop. Hall-Berlin, 1815.
83 Бердібаев Р. Түркі-моңғол халықтары эпосындағы кейбір ортақ желілер // Қазақ фольклорының типологиясы. Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2009. – 367 (10 бет)
84 Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар. – Алматы: Өнер, 2010. – 344 б.
276 М. Х. Дулати. Жаһаннаме. // Әдеби жәдігерлер. Т. 13. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2011. – 327-бет.
277 Сонда, 27-бет.
278 Сонда, 186-187 беттер.
279 Тимофеев Л.И. Слово в стихе. – М –Л., 1959. – с. 140.
280 Томашевский Б.В. Стих и язык. – М –Л., 1959. – с.121.
281 Никонов В.А. Стих и язык // Проблемы восточного стихосложения. – М.: «Наука», 1973. – с. 12-14.
282 Поливанов Е.Д. О приеме аллитерации в киргизской поэзии в связи с поэтической техникой и языковыми фактами других «алтайских народностей» // Проблемы восточного стихосложения. – М.: «Наука», 1973. – с. 104-109.
283 Никонов В.А. Стих и язык // Проблемы восточного стихосложения. – М.: «Наука», 1973. – с. 12-14.
284 Там же, с. 13.
285 Леви – Строс К. Структурная антропология. – М.: «Наука», 1985. – с. 55.
286 Томашевский Б.В. Теория литературы. Поэтика. – М.: «Прогресс», 1996. – с. 104.
287 Папоян Р.А. Структура стиха и литературное направление // Проблемы стиховедения. – Ереван, 1976. – с. 69.
288 Гаспаров М.Л. Оппозиция «стих-проза» и становление русского литературного стиха // Русское стихосложение. Традиции и проблемы развития. – М.; «Наука», 1985. – с. 89-98.
289 Тимофеев Л.И. Слово в стихе. – М – Л., 1959. – с. 305.
290 Теория стиха (под.ред. В.И. Жирмунского и др). –Л., 1968. – с. 22.
291 Холшевников В.Е. Стиховедения и поэзия. – Л., 1991. – с. 304.
292 Теория стиха (под.ред. В.И. Жирмунского и др). – Л., 1968. – с. 321.
293 Теория стиха (под.ред. В.И. Жирмунского и др). – Л., 1968. – с. 216-217.
294 Усманов Х.У. Древние истоки тюркского стиха. – Казань, 1984. – с. 1.
295 Хамраев М.К. Пламя жизни (о системе стихосложения тюркских народов). – Ташкент, 1988. – с. 6.
296 Актуальные проблемы сравнительного стихосложения. – Фрунзе, 1980. – с. 40.
297 Туйчиев У. Аруз системаси узбек поэзиясида. – Ташкент, 1989. – с. 51-53.
298 Хамгашалов А.М. Опыт бурятского стихосложения. – Улан-Удэ, 1940. – с. 68-71.
299 Золхоев В.И.Фонология и морфология агглютинативных языков. – Новосибирск: «Наука», 1980. – с.17.
300 Шаповалов В.К. К проблеме о диалектике развития национального стиха на современном этапе // Актуальные проблемы сравнительного стиховедения. – Фрунзе, 1980. – с. 35.
328 Жирмунский В.М. О тюркском народном стихе// Тюркский героический эпос. – Л., 1974. – с. 663.
329 Там же, с. 663.
330 Леонтьев А.А. К современному состоянию вопроса об аллитерации в тюркской народной поэзии (комментарии к статье Е.Д.Поливанова «О приеме аллитерации..») // Проблемы восточного стихосложения. – М.: «Наука», 1973. – с. 107.
331 Щербак А.М. Соотношение аллитерации и рифмы в тюркском стихосложении //НАА., 1961. №2. – с. 153 .
332 Поливанов Е.Д. О приеме аллитерации в киргизской поэзии в связи с поэтической техникой и языковыми фактами других «алтайских народностей» // Проблемы восточного стихосложения. – М.: «Наука», 1973. – с. 100.
343 История всемирной литературы. В 9 т. – М.: «Наука», 1983-1985. Т.1-3. – с. 55.
344 Стеблева И.В. Происхождение и развитие тюркской аллитерационной системы в связи с историческим родством тюркских и монгольских языков //СТ. 1971. № 6. – с. 34.
345 Там же, с. 37.
346 Там же, с. 39.
347 Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформация в раннеклассический период.- М.: «Наука», 1976. – с. 104.
348 Жирмунский В.М. О тюркском народном стихе // Тюркский героический эпос. – Л., 1974. – с. 171-174.
349 Там же, с. 672.
350 Фролов Д.В. Классический арабский стих. – М.: «Наука», 1991. – с. 11.
351 Стеблева И.В. Происхождение и развитие тюркской аллитерационной системы в связи с историческим родством тюркских и монгольских языков //СТ.1971. № 6. – с. 83.
352 Васильев Г.М. Якутское стихосложение. – Якутск, 1965. – с. 61.
353 Там же, с. 63.
354 Усманов Х.У. Древние истоки тюркского стиха. – Казань, 1984. – с. 11.
355 Там же, с. 11.
356 Там же, с. 17.
357 Там же, с. 47.
358 Щербак А.М. Енисейские рунические надписи // СТ. 1970. – М., «Наука», 1970. с. 145-146.
359 Усманов Х.У. Древние истоки тюркского стиха. – Казань, 1984. – с. 46.
360 Там же, с. 47.
361 Саримсаков Б. Узбек адабиетида сажъ. – Тошкент, 1978. – с. 20.
362 Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформация в раннеклассический период.- М.: «Наука», 1976. – с. 67.
363 Фролов Д.В. Классический арабский стих. – М.: «Наука», 1991. с. 8-13.
364 Тиливалди А. Древнетюркский книжный стих. – Алматы, 2002. – с. 127.
365 Жирмунский В.М. О тюркском народном стихе // Тюркский героический эпос. – Л., 1974. – с. 660.
366 Бабур Захир Ад-дин Мухаммад. Трактат об арузе. – Ташкент, 1972. – с. 30-31.
367 Хамраев М.К. Основы тюркского стихосложения. – Алма-Ата, 1963. – с. 264.
368Дандин. Зеркало поэзии /«Кавьдарша»/Восточная поэтика (тексты, исследования, комментарии). – М.: «Наука», 1996. – с. 286.
369Раджашекхара. Рассуждение о поэзии. («Кавьямиманса») Восточная поэтика (тексты, исследования, комментарии ). – М.: «Наука», 1996. – с. 286.
370 Иванов В.В. Эстетическое наследие древней и средневековой Индии //Литература и культура древней и средневековой Индии. –М.: «Наука», 1979. – с. 275.
371 Брагинский В.И. Эволюция малайского классического стиха. – Москва, 1975.
372 Соссюр Ф. Де. Труды по языкознанию. – М.: «Наука», 1977. – с. 406.
373 Гаспаров М.Л. Очерк истории европейского стиха. –М.: «Наука», 1989. – с. 44.
374Кенжебаев Б.«Әдебиет белестері». Алматы:«Ғылым», 1986.– 7, 8 бет.
375Келімбетов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті». Алматы:«Ана тілі», 1991.– 10-бет.
413 Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана // Издательство АН СССР. – Ленинград, 1927. – с. 79-80.
414 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті: Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы: Атамұра, 2005. – 225 бет.
415 Йасауи Қ. А. Хикмет жинақ (ауд. М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дәуітұлы, Е.Дүйсенбай). – Алматы, 1998. – 38 бет.
416 Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. Избранные труды. – Москва, 1965. – с. 77.
417 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті: Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы: Атамұра, 2005. – 227 бет.
418 Сабирова Б. О судьбе татарского языка в Сибири // Газета «Татарские края». – Казан, 15.09.2003. - № 32(549).
419 Мұқанов С. Халық мұрасы: тарихтық-этнографиялық шолу. - Алматы: Жазушы, 2005. – 154-155 беттер.
420 Мұқанов С. Халық мұрасы: тарихтық-этнографиялық шолу. – Алматы: Жазушы, 2005. – 157-158 беттер.
421 Радлов, В.В. Образцы народной литературы северных тюркских племен. Ч.5. Наречие дикокаменных киргизов / В.В. Радлов. – СПб. : [б.и.], 1885. – с. 3.
422 Мұқанов С. Халық мұрасы: тарихтық-этнографиялық шолу. – Алматы: Жазушы, 2005. – 154 бет.
423 Ыбыраев С. «Қазақ тіліндегі қиссалардың авторы татар ма?» // «Жас қазақ» газеті. – Алматы, 15.04.2005. - №15(15).
424 Гарифуллин И. Пресса в Сибири // Газета «Татарские края». – Казан, 06.02.2003. – № 5(522).
425 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской степи // Киргизские наречие. Часть ІІІ. – СПб., 1870. – С. 712.
426 Исламов Р. Еще раз о «Джумджума султан» Хусама Катиба // «Гасырлар авазы – Эхо веков» научно-документальный журнал. – Казан, 2004, 1.
427 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Зерттеулер мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 147 бет.
428 Исламов Р. Еще раз о «Джумджума султан» Хусама Катиба // «Гасырлар авазы – Эхо веков» научно-документальный журнал. – Казан, 2004, с. 1.
429 E.J.Brill. First Encyclopaedia of Islam. 1913-1936 edited by M.Th.Houstma, T.W. Arnold, R.Basset and R.Hartmann. Volume II, BABA Fighani-Dwin. – Leiden, New York, Kobenhavn, Koln, 1987.
430 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской степи // Киргизские наречие. Часть ІІІ. – СПб., 1870. – с. 680-692.
431 Бабалар сөзі: Діни дастандар. Көптомдық. 2-том. – Астана: Фолиант, 2002. – 29 бет.
432 Сонда, – 43 бет.
433 Исламов Р. Еще раз о «Джумджума султан» Хусама Катиба // «Гасырлар авазы – Эхо веков» научно-документальный журнал. – Казан, 2004, 1.
434 Исламов Р. Еще раз о «Джумджума султан» Хусама Катиба // «Гасырлар авазы – Эхо веков» научно-документальный журнал. – Казан, 2004, 1.
435 Исламов Р. Еще раз о «Джумджума султан» Хусама Катиба // «Гасырлар авазы – Эхо веков» научно-документальный журнал. – Казан, 2004, с. 1.
436 Там же, с. 1.
437 Там же, с. 1.
438 Исламов Р. О новом исследовании «Кисекбаш китабы» // «Гасырлар авазы – Эхо веков» научно-документальный журнал. – Казан, 2006, с. 1.
439 Шарафутдинов Д. Рукопись из древноего Саксина // «Гасырлар авазы – Эхо веков» - научно-документальный журнал. - Казан, 2003, 1\2.
440 Исламов Р. О новом исследовании «Кисекбаш китабы» // «Гасырлар авазы – Эхо веков» научно-документальный журнал. – Казан, 2006, с. 1.