Бірінші: силлабика /бармақ/ өлең жүйесі.Т. Ковальски, Ф. Корш, В.Жирмунский, А. Щербак, М. Хамраев, З. Ахметов секілді көптеген ғалымдар Махмұт Қашқаридің «Диуани луғат ит түрк» шығармасындағы өлеңдерді силлабикалық жүйенің жемісі деп пайымдайды.
Екінші: аруз өлең жүйесі. Бір топ ғалымдар және И. Стеблева, А. Векилов, Курбатов Х. Р., «Диуани луғат ит түркті» салыстырып үйрену нәтижесінде онда басым көпшілік өлеңдер бармақ, яғни силлабикалық жүйесінің заңдылықтарына сәйкес келмейтінін айтып өткен. Сол себептен, «Диуани луғат ит түрктегі» кейбір өлең шумақтарында аруз өлең жүйесінің үәзін-бәһірлері кездесетіні анықталған.
Үшінші: аллитерацион өлең жүйесі. Соңғы жылдарда «Диуани луғат ит түркті» қайта үйрену барысында оның құрамындағы көптеген өлеңдер аллитерациондық құрылымға ие екені айтыла басталды. И. Стеблева, Ш. Текин, Л. Герасимович, Н. Тобуруков, Г. Васильев секілді көзқарастағы басқа да ғалымдар шығармадағы өлеңдердің біркелкі дыбыс қайталауына негізделетінін айтып өткен.
Төртінші, екпін-темпорал өлең жүйесі. Аталмыш жүйені жобалаушы тек қана орыс ғалымы И. Стеблева болды. Сонымен бірге оның шәкірттері тұжырымдарын қолдай отырып, аталмыш жүйенің біркелкі заңдылыққа ие болуына мүмкіншілік тудырды. Ғалымның пікірі бойынша, Махмут Қашқарийдің «Диуани луғат ит түрктегі» бір топ өлеңдер ескі тәсілдік характерге ие. Сол үшін олардың өлең құрылымы және формалық ерекшелігі де басқаша деп таныды. Өлең тармақтарында екпіндер біркелкі мөлшерде, яғни бірдей қойылғандығы баса айтылып, оларды ерекше бір әрекет пен мәнерлі оқуға мүмкіндігін дәлелдеуге тырысады.
Бұл бағыттағы көзқарастар, ұсынылған теориялық тұжырымдар және өлеңтануға тән концепцептуалдық анықтамалар көптеген қарама-қайшылықтардың пайда болуына себін тигізді. Бірінші, негізгі себеп – түркітанудағы еуропоцентризмге сүйенеу. Әсіресе, орыс ғалымы И. Стеблеваның мақалалары көптеген қайшылықты пікірлерді, талас тудыратын тұжырымдарды тудырды. Казіргі кезде көптеген түркі тілдес халықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қолға алған күннен бастап, жаңа ғылыми-теориялық және ғылыми методологиялық тәсілде интерпретация жасау дәуірі басталды. Бұл түркі әдебиеттануындағы бір қатар мәселелерді басқаша талдауға жол ашып береді. Сондай мәселелердің бірі – М. Қашқаридың «Диуани луғат ит түрк» шығармасындағы өлең жүйесі.
Анық айтқанда, М. Қашқаридың «ДЛТ-індегі» өлеңдердің формалық құрылысы және олардың жүйесі әркелкі екенін айтып өтуге болады. Өлеңтанудағы қорытындыларға сүйенсек, «ДЛТ-тегі» барлық өлеңдер тек силлабикалық өлең жүйесінің жемісі емес екені таң қаларлық жайт. Бірақ кейбір өлеңдердің ырғағы, өлшемі қате түсіндіріліп, біздің өлең жүйесіне тән түсініктерімізді өзгертіп жіберген жерлері бар. Мысалы, төмендегі шумақты қарастырып көрейік:
Түнлә бирлә / көчәлим 4+3 = 7
Йамар сувин / кәчәлим. 4+3 = 7
Тәңрук сувин / ичәлим, 4+3 = 7
Йувға йағи / увулсун. 4+3 = 7
Түркі халықтары поэзиясында бұл түрдегі өлеңдер фольклордың жемісі ретінде қарастырылып, біркелкі жалпыламалыққа ие болғаны ешкімге сыр емес. Әсіресе, көптеген зерттеушілер тарапынан олардың жанрлық ерекшелігі есепке алынып, силлабика /тармақ/ өлшемінде жазылған жыр екендігі айтылып өтілген. Бірақ И. Стеблеваның пікірінше, аталмыш өлең құрылысы жағынан алып қарағанда силлабикадан басқа және екі өлең жүйесінің әсеріне ұшыраған. Бірақ бұл өлең жүйелері бір-бірінен ерекшеленеді және олардың дәстүрлену процесі де өзгерек, формалық тарихы да бай.
Біріншісі, ғалымның пікірінше, аталмыш мәтін ырғағы аруз өлеңтануына байланысты, яғни рәджази мураббаи мураллә бәһрі, оның мустафилун фаулун рукніне тура келеді.
Мысалы:
Түнлә бирлә / көчәлим
Йамар сувин / кәчәлим.
Тәңрук сувин / ичәлим,
Йувға йағи / увулсун.
___ ___ V___ / V ___ ___
___ ___ V___ / V ___ ___
___ ___ V___ / V ___ ___
___ ___ V___ / V ___ ___
Енді екінші, осы көркем мәтін аллитерацион поэзиясының жемісі ретінде қарастырылады. Зерттеуші И. Стеблева жоғарыда келтірілген өлең шумағының ырғағы бас әріптердің және ішкі дыбыстардың қайталану аһаңдашлиғи негізіне құрылғандығын дәлелдеуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |