Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНА ОЙ ЕРКІНДІГІ ЖЕТІСПЕЙДІ



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1.4 ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНА ОЙ ЕРКІНДІГІ ЖЕТІСПЕЙДІ
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Российская газе-
та» атты басылымда жарияланған «Дағдарыстан шығу-
дың кілті» деген концептуалдық мақаласы шетелде және 
ел арасында үлкен коғамдық пікір туғызды. Дағдарыстан 
шығудың жолы ретінде ұсынылған Елбасының ортақ ва-
люта  идеясы  Астанада  өткен  Экономикалық  форумға 
қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды. Әлем тран-
зитализм  арқылы  акметализмге  өтуі  керек.  Дағдарыс 
әлемді мүлде жаңаруды, жаңа сапаға өтуді қажет ететін 
сияқты.  Дағдарыстың  қаржылық-экономикалық  салда-
рын ауызға алып жүрміз. Бұл туралы ой-пікіріңізді бөліс-
сеңіз.
-  Мен  жаңаша  ойлауға  жетелейтін,  соны  идеяларға 
бай  Президенттің  мақаласын  оқып  шықтым.  Елбасының 
жаңа  идеяларын  «жаһандық  постдағдарыстық  модер-
низм»  деп  атауға  болар.  Бұл  жолғы  дағдарыс  адамзатқа 

36
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
ескі  стереотиптерден  арылып,  қаржылық-экономикалық 
басқарудың жаңа тетіктерін қарастыруды талап етіп отыр. 
Ақпарат  көздерінің  мәліметтеріне  сүйенсек,  әлемдік  дағ-
дарыс  ұзаққа  созылатын  сияқты,  ал  ұзаққа  созылатын 
ауру  жағдайды  тым  күйзелтіп  жібереді.  Капиталистік 
дамудың  өзі  дағдарыссыз  мүмкін  емес.  Бұл  формация 
әлемдік,  аймақтық  және  ұлттық  шеңберде  циклды  және 
құрылымдық  дағдарыстарды  өткеріп  тұрады.  Бүгінгі 
әлемдік  қаржылық-экономикалық  дағдарыс  ауқымы  мен 
сипаты  бұрынғыдан  мүлде  өзгеше.  Осындай  жағдайда 
ең  алдымен  бізге  жаңаша  ойлау,  жаңаша  ұғымдар  мен 
теориялық  түсініктер  ауадай  қажет.  Бұрынғы  түсініктер 
мен  ұстындар  аясында  әлемдік  дағдарысты  түсіну,  оның 
мәні мен пайда болуының себептерін анықтау мүмкін емес. 
Өркениетті  мемлекеттер  басшылары  дағдарысты  еңсеру 
үшін  қаржылық-дағдарыстық  әдістерді  іздестіру  үстінде, 
сөйтіп, жаңа сападағы капитализмді құруға талпыныс жа-
салуда.  АҚШ  президенті  Барак  Обама  «Жаңа  Америка» 
құрамыз  десе,  Германия  канцлері  Ангела  Меркель  неміс 
жұртын қайта түлетпек ниеті барын мәлімдесе, іргедегі Ре-
сей басшылығы да түбегейлі жаңарудың қажеттігін мойын-
дап отыр. Жалпы алғанда, әлемдік дамудың жаңа моделін 
табу  бірдіңгекті  жаһанданудан  көпдіңгекті  жаһандануға 
көшу  әлемдік  дағдарыстан  шығудың  тетіктері  ретінде 
қарастырылуы  керек.  Мәселен,  АҚШ  тіпті  супердержава 
болса да, ақшасы әлемдік валюта қызметін атқара алмай-
ды, оның арты дағдарысқа душар ететініне көпшіліктің көзі 
жетті. Түптеп келгенде, бұл жолғы дағдарыс адам мен оның 
санасының дағдарысы, құндылықтар жүйесінің дағдарысы 
дер  едім.  Сондықтан  қазіргі  кезде  адамзат  баласының 
ізгілік пен ортақ мүдделестікке негізделген жаңаша ойлау 
жүйесіне сусап отырғаны анық.
- Қазіргі әлемдегі елдер мен халықтар арасында өзара 
тәуелділік күшейіп, шекара талғамайтын жаһандану үр-

37
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
дісінде  ұлттық  мемлекетке  үлкен  қауіп-қатер  төнген 
тұста, ата-бабамыздан мирас болып қалған кең-байтақ 
жерімізді қалай сақтап қаламыз?
- Жаһандану дәуірінде ұлтқа түзу жол сілтейтін бағдар-
шам, қараңғыда адастырмайтын темірқазық – Алаш идея-
сы. Өз ұлтыңды шынайы жүрегіңмен сүю, ар-намысыңды 
жоғары  ұстау,  кісілік  деңгейге  көтерілу,  туған  халқыңның 
мүддесі  мен  болашағы  үшін  құрбандыққа  дейін  баруға 
әзірлік, кең-байтақ жерінің тұтастығын сақтау үшін күрес 
–  XX  ғасыр  басындағы  демократиялық  бағыттағы  қазақ 
зиялыларының  өмірлік  мұраты  еді.  Олардың  қатарында 
Әлихан  Бөкейханов,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Ахмет 
Байтұрсынов, Мұстафа  Шоқай, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар 
Әуезов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Міржақып  Дулатов  сын-
ды кемеңгер алыптар болды. Оларды топтастырған ортақ 
мұрат  –  бодандық  бұғауында  жаншылған  елін  құлдықтан 
құтқару,  ұлттық  тәуелсіздікті  алу  арқылы  өзге  өркениетті 
елдер қатарына қосу болғаны белгілі. Мағжан былай дейді: 
Кел қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, 
Отырайық жиылып, оңдасайық... 
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ,
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ,
− деп, отырықшы тұрмысқа, қала салуды, ел-жерді ешкімге 
бермей, сақтап қалудың бірден-бір жолы ретінде ұсынады. 
Мына бір өлеңінде ақын:
Кітап әпер, оқысын, балаң қолына, 
Малды аяма оқу-білім жолына. 
Өнер асып, басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей азаматтың жолына! –
− деп, қазақ ұлтының әлемдік өркениет көшіне қосылуының 
жолын  өнер-білімнен,  жас  ұрпақты  өзге  елдердегі  заман-
дастарымен бәсекеге түсе алатындай етіп тәрбиелеу ісінен 
іздейді. Мағжан ақынның осы ойларының қай-қайсысы да 

38
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
дәл бүгінгі заманымыз үшін де маңызды. Астана қаласын аз 
уақыттың ішінде салу, оны әлемнің рухани астанасы ретінде 
қалыптастыру тәуелсіз елдің бас қаласын бүкіл әлемге паш 
ету, біздің Президентіміздің данышпан көрегендігі мен ба-
тырлығының көрінісі деп білемін. Мағжан ақын өзінің та-
маша өлеңдерінде қалалықтардың мінез-құлқынан жасан-
дылықтың белгісін байқаған, далалықтардың табиғи бұлақ 
сезімінің  ұлылығын  асқақтата  жырлаған  ақын  енді  келіп, 
«жеріңді сақтағың келсе, қала сал, бір жерге жиылып, қа-
лада тұр» деп халқына үндеу тастайды.
-  Жуырда  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Постиндус-
триалдық қоғамның қалыптасу стратегиясы және өрке-
ниеттер серіктестігі» атты жаңа кітабы жарық көрген 
болатын.  Адамзат  баласы  америкалық  ғалым  Саму-
эл  Хантингтон  негіздеген  «өркениеттер  қақтығысына» 
ұрынбай,  Нұрсұлтан  Назарбаев  бастама  көтергендей, 
«өркениеттер  үндестігіне»  ұмтылуымыз  керек  сияқты. 
Сіздіңше,  постиндустриалды  кезеңді  өткеріп  жатқан 
адамзат қоғамы жаңа бір саты немесе кезеңге өтудің ал-
дында тұрған жоқ па?
- Әлбетте, жаңаша ойлау мен жаңаша басқаруды жетіл-
діру  тетіктерін  қарастыру  келесі  сатыға  өтудің  қажетті-
гін  дәлелдеп  отырған  жоқ  па?  Адам  қоғамының  бүгінге 
дейінгі  даму  жолын  үш  кезеңге  бөледі:  «дәстүрлі  қоғам», 
«индустриялық қоғам» және «постиндустриалдық қоғам». 
Шетелдік  Арон,  Ростоу,  Тойнби  сияқты  ғалымдардың  пі-
кірінше, қазіргі «постиндустриалық қоғамда» шешуші тетік 
ақша емес, білім мен білік, яғни жеке адамның қарымы мен 
қабілеті.  Мысалы,  соңғы  15–20  жыл  шегінде  әлемдегі  ең 
ауқатты адамдар қатарына қосылған америкалық Билл Гейтс 
осыншама  мол  байлыққа  білімі  мен  біліктілігі  арқасында 
қол жеткізіп отыр. Алысқа бармай-ақ, өз еліміздегі күнделік-
ті баспасөзді шолып шығыңызшы. Білікті мамандарды жұ-
мысқа  шақырған  жарнамалардан  көзің  тұнады.  Отандық 

39
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
фирмаларға да, шетелдік компанияларға да қазіргі заманғы 
техниканың құлағында ойнайтын, бірнеше тілді меңгерген, 
ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген әмбебап мамандар 
ауадай қажет. Әлемдік сауда ұйымына кірген соң өзін жа-
старымыз бен шетелдік мамандар арасындағы бәсекелестік 
одан сайын күшейеді.  Өкінішке қарай,  біздің жастардың 
оқығаны  болғанымен  тоқығаны  өте  аз,  тіпті  жоқ  десе  де 
болғандай.  Артында  атын  өшірмейтін  ұрпақ  қалдыруды 
бұл пәнидегі адам өмірінің негізгі мәні деп ұғынатын әрбір 
ата-ана  өз  баласының  болашағын  өзі  ойлауы  шарт.  Бір 
жағынан, шетелдік әріптестерімізбен бәсекеге түсе алатын-
дай  әмбебап  маман,  екінші  жағынан,  ата-бабасының  тілі 
мен  ділін,  дәстүрі  мен  мәдениетін  бойына  сіңірген  отан-
шыл азаматтарды тәрбиелеу – бүгінгілердің адами парызы 
ғана емес, ұлттың алдындағы борышы да. Мағжан ақынның 
«адамзаттың тобына қосылу үшін балаңды оқыт, оның жо-
лында малыңды аяма» деген сөзінің астарында осындай ой 
жатыр.
-  Дүбірлі  санақ  науқаны  аяқталды.  Ұлт,  тіл,  діл 
мәселесін  қопара  шешіп  тастамасақ  та,  Құдайға  шүкір, 
ортамыз  толып,  қарамыз  көбейген  сияқты.  Мамандар 
қаланың  қазақтануын  екі  үдай  үрдіс  деп  бағалап  жүр. 
Қаланың «қазақи» кенттену үрдісін қалай бағалайсыз?
- Кенттену – әлемнің барлық халықтары өткеріп жатқан 
процесс.  Әлеуметтік  зардаптарына  қарамастан,  бұл  үрдіс 
қазіргі  заманғы  жеке  ұлттардың  дербес  мемлекет  құруы 
ісіндегі  болмай  қоймайтын  құбылыс  деп  саналады.  Өз 
мемлекетін екі ғасырдан соң қайта құрған қазақ халқының 
«кенттенуі»,  яғни  Қазақстандағы  орташа  қалалардың  «қа-
зақтану» үрдісінің екіжақты салдарын жоққа шығаруға бол-
майды. Бұл үрдісті оңды бағалай отырып, әлеуметтік зерт-
теулер  орталықтарының  назарына  алынып,  мемлекеттік 
бағдарлама  аясында  жүргізілгені  дұрыс.  Оның  әлеуметтік 
зардаптары  (ауылдан  қалаға  келгендердің  қара  базар 

40
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
маңындағы  арзан  жұмыс  күшіне  айналуы,  қылмыстық 
топтарға  қосылу,  нашақорлық,  жезөкшелік  және  тағы 
басқа)  күрт  асқынып  кетті.  Әсіресе  бұл  жағдай  қазіргі 
әлемдегі  қаржылық-экономикалық  дағдарысқа  байланыс-
ты тым өршіп бара жатыр. Сондықтан ауыл жастарының 
жаңа  кәсіптерді,  мамандықтарды  меңгеруіне  жәрдемдесу, 
оларды  нысаналы  түрде  өнеркәсіп  орындарына  жұмысқа 
тарту,  жатақханамен,  баспанамен  қамтамасыз  ету  сияқты 
шаралар  да  жүзеге  асырылуы  қажет.  Еліміздің  «Жастар                  
саясаты туралы» жаңа заңында ауыл жастарына қамқорлық 
мәселесін түбірінен қарастыру керек. Жалпы қазақтардың 
«кенттенуі» немесе қалалардың «қазақылануы» дербес мем-
лекеттігін  орнатқан  ұлт  мүддесінің  айқын  бедерленуіне 
қажетті  шарттардың  бірі.  Мысалы,  еліміз  ішіндегі  сая-
си  кеңістікте,  тәуелсіз  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
бетінде  әртүрлі  жиындарды  қазақ  ұлтының  мүддесін 
көздеген  топтардың,  әсіресе,  басқа  этнос  өкілдерінің  үні 
неге  бәсең?  Мұның  себебі  мынада:  кез  келген  үлкен  сая-
сат  үлкен  қалаларда  жасалады,  Содан  да  қалалықтар  ең 
ықпалды әлеуметтік топ болып табылады. Еліміздегі жаңа 
мемлекетті  құрушы  ұлт  болып  саналатын  қазақ  халқы 
өкілдерінің  қалалықтар  арасында  сандық  басымдыққа  ие 
болмауы  ұлттық  мүдденің  білдірілмеуінің  себебі  болып 
отыр. Қазақ ұлтының басымдығы ұлт мәселесіндегі олқы-
лықтың орнын толтыруға септігін тигізеді. Бұл әлем елдері 
үшін қалыпты жағдай болып есептеледі. Бұдан бір ғасырға 
жуық  уақыт  бұрын  Мағжан  ақынның  «жеріңді  сақтағың 
келсе,  қала  сал,  қалаға  жинал»  деген  ойының  мәні  міне, 
осында.
- Қазақ зиялысы мен Парламенттегі халық қалаулы-
ларының бойынан Абылай заманындағы «үш би», Бұқар, 
Үмбетей жырау, Махамбеттердің өр де елдік мінезін көре 
алмай жүрміз. Қазіргі қазақ зиялысына не жетіспейді?

41
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
-  Кез  келген  белгілі  бір  кезеңдегі  даму  бағдарын  бұ-
қара  халық  емес,  сол  бұқараның  сеніміне  ие  болған,  ха-
лық  арасынан  өсіп  шыққан  қоғамның  «қаймағы»  сынды 
элита  айқындайды.  Ғалымдар  оларды  «саясаткер  (неме-
се  шенеуніктер)  игі  жақсылар»,  «әскери  игі  жақсылар», 
«бизнестегі  игі  жақсылар»,  «интеллектуалдық  игі  жақ-
сылар»  деп  топтап  жүр.  Бір  қызығы,  осы  топтардың 
әрқайсысы  әр  елде  әрқалай  абырой-беделге  ие.  Мысалы, 
Түркия және Пәкістан, Латын Америкасы сияқты елдерде 
күні  кешеге  дейін  әскери  төңкерістер  жиі  болып,  Үкімет 
саясатын  қалыптастыруға  әскери  топтың  ықпалы  жүрді. 
Сол  себепті  бұл  елдерде  әскери  игі  жақсылардың  беделі 
мығым, үлкен құрметке ие. Ал қазіргі Чехия, Балтық бойы 
елдерінде  неге  билік  басына  жазушылар,  музыканттар, 
тағы басқа шығармашыл топ өкілдері жиі келеді? Өйткені 
бұл  сол  қоғамдағы  «интеллектуалды  игі  жақсылардың» 
абырой-беделіне  байланысты.  Ал  қазіргі  Қазақстанда  ше? 
Қандай  игі  жақсылар  тобы  ықпалға  ие?  Әрине  «саясат-
кер  игі  жақсылар».  Халқымыздың  өзіндік  діліне  байла-
нысты  болды  ма,  әлде  заманның  ыңғайы  солай  жасалды 
ма,  әйтеуір  кеңестік  кезеңде-ақ  қазақ  халқы  өкілдерінің 
қызметке  құмарлық,  басқарушы  іске  бейімдігі  байқала-
тын және мұның өзі ықпалды «саясаткер игі жақсылардың» 
қалыптасуына  жетеледі.  Еліміздің  тәуелсіздік  алуының 
басы-қасында  тұрғандар  да,  дербес  мемлекетіміздің  ірге-
тасын  қалыптастыру  мен  нығайтуға  зор  үлес  қосқандар 
да  әлемге  әйгілі  Президентіміз  бен  басқа  да  азаматтар 
болғанын  білеміз.  Тек  соңғы  жылдары  әлгі  «саясаткер  игі 
жақсылар»  қамқорлығымен  өсіп-жетілген  «бизнестегі  игі 
жақсылардың»  өз  үнін  сездіруге  тырысуы,  халық  арасын-
да  бедел  алуға  ұмтылуы  байқалады.  Біздің  ойымызша, 
XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  халық  құр-
метіне  бөленуіне,  ең  алдымен,  ұлттық  мүддеге  қалтқысыз 
адалдық,  олардың  бойындағы  туған  халқы  үшін  шынайы 

42
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
ұлтжандылық  пен  отаншылдық  қасиеттің  барлығы  және 
осы қасиетті көпшіліктің анық сезінуі негіз болған.
-  Қазақ  болмысын  әлі  танып  болған  жоқпыз.  Дана 
Абай қазақтың жаман мінезін жақсы болсын деп сынады, 
оның шәкірті Шәкәрім қазақтың болашағына үлкен сенім 
артып  кетті.  Қазақтың  елдік  еңсесін  биіктетер  жақсы 
мінезі мен кежегені кері тартар жаман мінезі қайсы?
-  Қазақтың  батыр,  ержүрек,  философиялық  ой-өрісі 
кең,  талантты,  төзімді,  намысшыл,  бауырмал,  мейірімді, 
қонақжай  халық  екенін  шет  жұрттар  да  мойындап  отыр. 
Өнердің барлық түрлерінен сөз өнері мен саз өнерін жоға-
ры қойған қазақтың еңсесін биіктетер асыл қасиеттері осы-
лар. Қазақ еркіндікті, әсіресе ой еркіндігін, жеке басының 
бостандығын  жоғары  қоятын  халық.  Жағымпаздық  сын-
ды жаман әдет бізге кейін жұққан. Халқымыз «жақсының 
жақсылығын айт – нұры тасысын, жаманның жамандығын 
айт – құты қашсын» деген даналықты баяғыдан өсиет етіп 
кетсе  де,  қазіргі  ұрпақ  кім-кімнің  де  жамандығын  атын 
атап,  түсін  түстеп,  көзге  шұқып  көрсетуден,  сөйтіп  бүкіл 
халықтың  рухани  тазару  үрдісін  бастаудан  тайсақтап-ақ 
келеді. Еліктегіш, мансапқұмар, қызғаншақ адамдар қазақ 
ұлтына үлкен кесірін тигізіп жүр.
− Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан Құбаш Сағидоллаұлы.
Алаш айнасы. – №34. – 17 наурыз, 2009.
1.5 ЕЛІМІЗДЕГІ АДАМ РЕСУРСЫ: САН МЕН САПА
Адам ресурсы және оның құрамдас бөліктері
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы қоғамдағы ең өзек-
ті проблема – жаһандану мен әлемдік бәсеке жағдайында 
өмір сүре алатын мамандарды қалыптастырудың ғылыми 
тұжырымдамасы іспетті. 

43
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
Бүгінгі  әлемдегі  тайталас  экономикалық  және  ақпа-
раттық  бәсеке  түріне  ауысқан.  Егер  біртұтас  мұхитқа  ай-
нала  бастаған  әлемдегі  аласапыран  қаржы  мен  ақпарат 
ағыстары  арасында  ұлттық  рух  пен  келбетті,  ұлттық  бол-
мыс пен қадір-қасиетті сақтап қалғымыз келсе, дүниетаным 
жүйемізді,  ойлау  машығымызды  таза  сақтайық.  Әйтпесе, 
әлгі ағыстармен бірге жұтылып жоғаламыз. Онда ата-бабаң 
ғасырлар бойы қанын төгіп, Сізге мирас еткен жеріміздің 
астындағы мұнайың мен асыл тасыңның да құны көк тиын. 
Онда  замандастарымыздың  қаншама  азабымен  іргесін 
қалап  жатқан  дербес  мемлекетіміздің  жер  бетінен  заты 
жоғалып, картада аты ғана қалады. 
Кез  келген  қоғамның  даму  тенденциясы  ондағы  адам-
дар мен әлеуметтік топтардың даму тенденциясы арқылы 
айқындалады. Біздің елімізде адамды дамытуға осы соңғы 
мезгілде  ғана  көңіл  аударыла  бастады.  Тіпті,  көп  уақытқа 
дейін  отандық  ұлттық  экономиканы  өрге  сүйрейтін  бір-
тұтас  ұлттық  элитаны  толық  қалыптастыра  алмадық.  Ал, 
өзіміз  қоғам  орнықтылығының  кепіліне  балап  жиі  айта-
тын «орташа тап» тек ұлттық элита қалыптасып болғаннан 
кейін,  ұлт  ішіндегі  өзара  үйлесімді  де  ынтымақты  еңбек 
бөлінісінің іске қосылуы нәтижесінде пайда болады. Қазіргі 
заман тұлға дамуы үшін ең қолайлы заман болып тұр.
Президент Жолдауында айтылғандай, соңғы төрт жыл-
да  еліміздің  ішкі  жиынтық  өнімі  50  пайызға  өскен.  Бұл  – 
әлемдегі  ең  жоғарғы  көрсеткіштердің  бірі.  Қазақстанның 
алтын-валюта  қоры  (Ұлттық  қордағы  қаржыны  қосқанда) 
10  млрд.  АҚШ  долларына  жетіп  қалды.  Біз  қарыз  алу-
шы  емес,  өзге  елдердегі  экономиканың  тиімді  салаларын 
дамытуға қаржы бөлуші, яғни қарыз беруші елге айналдық. 
Тұрақты экономикалық өсу халықтың әл-ауқатының күрт 
жақсара бастауына да әсер етті. Біріккен Ұлттар Ұйымының 
ресми  мәліметі  бойынша,  Қазақстандағы  адам  өмірінің 
ұзақтығы 1996–2002 жылдар аралығында 2,3 жасқа ұзарған, 
орташа  еңбек-ақы  деңгейі  1999–2002  жылдар  аралығында 

44
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
32 пайызға өскен. Бұл – халықаралық ұйымның 2002 жыл 
қорытындысы  бойынша  жасалған  тұжырымдамасы.  Ал 
одан бергі бір жарым жыл ішіндегі еңбекақылар мен зей-
нетақылардың күрт көбейгенін бәріміз білеміз.
Қазақстанның экономикалық дамуының қуатты қарқы-
ны таяу болашақта еліміздің адам ресурстарына тапшылы-
ғын ең бір өзекті мәселеге айналдыруы мүмкін. Сондықтан 
біз отандастарымыздың санын да, сапасын да күрт дамыту 
ісін  қолға  алуға  мәжбүрміз.  Елбасымыздың  Жолдауының 
тұрғын  үй,  денсаулық  сақтау,  білім  беру,  әлеуметтік  қам-
сыздандыру,  әлеуметтік  капитал  мәселелеріне  арналуы, 
міне, осыдан.
Мен өз басым таяу жылдары елімізде арзан тұрғын үй 
құрылысының қауырт қолға алынып, отандастарымыздың 
денсаулығын  қорғау  жүйесінде  де  ауқымды  өзгерістердің 
болатынына  күмәнданбаймын.  Тіпті,  қазақстандықтардың 
саны  да  күрт  өсіп,  2015  жылға  қарай  жиырма  милли-
он  адамға  жетпесе  де,  соған  жақындауы  мүмкін.  Бірақ 
мұндай  әлеуметтік  жақсарулар  мен  сандық  өзгерістер 
отандастарымыздың сапалық жаңаруына алып келе ме?!
Қазіргі әлеуметтану ғылымында «қоғамның әлеуметтік 
қуаты»  деген  ұғым  бар.  Бүған  ұлттың,  халықтың  басым 
бөлігінің  бойындағы  рух  күші,  билік  тармақтарына  сені-
мі, қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтар 
арасындағы өзара түсіністік пен сенім т. б. мәселелер кіреді.
Ал  біздің  еліміздің  әлеуметтік  қуаты  қандай?  Халқы-
мыздың  көпшілігі  адал  еңбекпен  жақсы  тұрмысқа  қол 
жеткізуге болатынына сенімді ме?! Өз жастарымызды же-
ңіл жолмен табыс табуға баулып жатқан жоқпыз ба? Көше 
бойы  қаптаған  «ойын  автоматтары»  мен  «ойынханалар» 
нені аңғартады?
Бізде  қазақ  ұлты  мен  этникалық  топтар  арасында, 
құдайға  шүкір,  жақсы  қарым-қатынас  қалыптасқан.  Ал 
осындай  түсіністік  әлеуметтік  топтар  арасында  немесе 
халық  пен  билік  тармақтары  арасында  бар  ма?!  Мұның 

45
1  Қазақтың рухани әлемінің ерекшеліктері
бәрі еліміздегі адам ресурстарының сапалық дамуына әсер 
ететін жағдайлар.
Қоғамымыздың саяси-экономикалық ахуалы қалай тү-
зілуіне  байланысты  отандастарымыздың,  яғни  адамның 
сапалық даму тенденциялары да бірнеше үлгіде өтуі мүм-
кін. Қазірдің өзінде бұл үлгілердің нышаны айқындала бас-
таған сыңайлы.
Шынымен-ақ  біздің  нарықтық  қарым-қатынастар  үс-
темдік етіп, демократиялық құқық пен бостандықтар сал-
танат  құратын,  әлемдік  капитал  (қаржы,  тауар,  қызмет                   
т. б.) мен тәуелсіз ақпарат ағынына ешқандай шек қойыл-
майтын ашық қоғам үлгісіндегі дамыған, өркениетті елдер 
қатарына  қосыламыз  деген  мақсатымыз  болса,  онда  осы 
мақсатты  жүзеге  асыруға  тиіс  адамды  (жеке  алғанда  да, 
тұтас алғанда да), яғни сіз бен бізді тану, бағыттау, өзгерту 
қажет.
Жаһандану  процесінің  қазақтың  ұлттық  рухына  ти-
гізетін  әсерін  зерттеп,  кезінде  Ресей  және  Совет  импери-
ялары  жүргізген  отарлау  саясаты  арқасында  жаншылған 
ұлттық рухты қалпына келтіру ауадай қажет.
Биылдан бастап іске аса бастаған көне заманнан бүгінгі 
күнге дейінгі «Мәдени мұра» (2004–2011 жж.) мемлекеттік 
бағдарламасы  қазақтың  ұлттық  рухын  орнықтандыруды 
қамтамасыз етудің бірден-бір негізі.
Әлеуметтік жіктелу және ұлттық татулық
Нарықтық  экономикаға  негізделген  кез  келген  қоғам-
дағы  тәрізді  бізде  де  ұлттың  өз  ішінде  бай,  кедей,  орта-
ша  жіктер  қалыптасуда.  Тек  өкініштісі,  бұл  процесс  өзге 
елдердегі тәрізді бізде де капиталдың қорлануының алғаш-
қы кезеңіне тән материалдық байлықты бөлудің әділетсіз, 
астыртын  әдісімен  тым  астасып  кетті.  Онсыз  да  өтпелі 
кезеңнің  барша  ауыртпалықтарын  үнсіз  көтеруге  мәжбүр 
болған халықтың көпшілігі үшін ортақ «ойын ережесі» іске 
қосылмай-ақ қойды. Соның салдарынан қазіргі таңда біздің 
халқымыздың 10 проценті ауқаттылар, 60 проценті кедей-

46
Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
лер,  30  проценті  орташалар  деген  дерек  бар.  Қоғамдағы 
әлеуметтік  жіктелудің  мұндай  көрінісі  кез  келген  елдің 
орнықты  дамуына  қатер  туғызатын  жағдай.  Осы  қатердің 
алдын алу мақсатымен, елімізде орта және шағын бизнесті 
дамыту  шаралары  қолға  алынып,  орнықты  дамуымыз-
ды  қамтамасыз  етуге  тиісті  орташа  тапты  қалыптастыру 
бағытында  батыл  қадамдар  жасалуда.  Бұл  тұста,  жеке 
іскерліктері мен ілкімділіктерінің, білімділіктері мен білік-
тіліктері  арқасында  әжептәуір  байлық  жинаған,  сөйтіп, 
шетелдік  бизнес  алпауыттарының  өзімен  бәсекелесіп, 
ұлттық  капитал  мен  өндіріс  мүддесін  қорғауға  жарап 
қалған  «жаңа  қазақстандықтар»  өкілдерінің  мемлекеттік 
билік  басына  батыл  ұмтыла  бастағаны  бірден  байқалады. 
Менімше, мұның өзі жақсы нышан. Жақсы болатын себе-
бі:  осы  жас  күштердің  ықпалымен  бұрын  шет  елдіктерге 
уақытша  басқаруға  берілген  кәсіпорындар  мен  өндіріс 
ошақтарының  бақылау  пакеті  ұлттық  капитал  иелігіне 
қайтарыла бастады. Күрделі құрылыс жұмыстары жанда-
нып, жүмыссыздық азая бастады. Макротұрақтану – түпкі 
мақсат емес, ілгері дамудың іргетасы екендігін бәріміз анық 
сезінгендейміз.  «Үкіметтің  міндеті  әлеуметтік  түрғыдан  аз 
қорғалған,  өздігінен  өмір  сүре  алмайтын  зейнеткерлерге, 
жетім-жесірлерге  ғана  көмектесу,  қалғандарында  шаруа-
мыз жоқ, өз күніңді өзің көр» деген пікір бұрынғыдай жиі 
айтылмайтын  болды.  Сірә,  өз  халқының  қалған  бөлігінің 
де  жұмыс  табуына,  күнкөрістік  шаруамен  айналысуына 
жағдай жасау ісі де үкіметтің міндетіне жататынын түсіне 
бастаған тәріздіміз.
Кез  келген  қоғамда  біреудің  біреуге  тең  болуы  мүм-
кін  емес.  Әлеуметтік  әділеттілік  ұстыны  дегеніміз  әрбір 
адамға  берілген  бостандық  пен  таңдау  теңдігі  ғана.  Ол 
мүмкіндікті  біреу  ақылмен  пайдаланып,  қажымай,  тал-
май, күш-жігер жұмсап бай болады, біреу жалқаулық пен 
ысырапшылдыққа салынып, ақылы не төзімі жетпей кедей 
болады.  Яғни  Абайша  айтсақ,  «Жақсылық,  жамандықты 

47

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет