Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата29.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#2940
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
148
тарихының  негізгі  кезеңдерін  санамалап  шығудың  өзі 
тұтас  томды  құрайтын  еді.  Өйткені,  қайшылықтар  мен 
қауырт  істерге  толы  осынау  тарихи  кезеңде  бұрынғы 
Одақтың  өзге  республикалары  секілді  Қазақстан  да  қа-
тал  таңдау  қажеттілігінің,  бұрынғы  барлық  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси  және  идеологиялық  нормалар  мен 
құндылықтарды  қайта  қараудың,  күні  өткен  экономи-
калық  және  мемлекеттік  жүйені  күйрету  алдына  қо-
йылды.  Тұтас  халықтарды  тұңғиығына  міне-міне  тар-
тып кететіндей алып иірім айналсоқтап тұрып алды. Ескі 
дүние  күйреп,  қақтығыстардың,  қантөгістердің,  ұлттық 
егестің,  өз  ұлдарынан  айырылған  аналардың  қасіреті  мен 
көз  жасының  кезеңі  басталды.  Адам  өміріне  өлшем  ет-
кен  барлық  құндылықтар  –  достық,  әділеттілік,  адамның 
қадір-қасиеті, еркіндік, бақыт, рухани қуат дегендер мәңгіге 
жоғалғандай  болды.  Алайда,  осынау  қара  түнек  сейіліп 
жаңа үміт пен қуаныштың сәулесі себезгіледі. Тәуелсіздік, 
жоғалта бастаған ұлттық рухымызбен, сол арқылы жалпы 
адамзаттық құндылықтармен қайта қауышу дәуірі бастал-
ды.
Тәуелсіз  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  болғаннан 
кейін  биліктің  мәні  мен  табиғаты  туралы  жиі-жиі  ойға 
кететін  болды.  Осындай  құпиясы  мол,  көзге  көрінетін  де 
көрінбейтін, билік деп аталатын осынау нәрсені қалай білуге 
болады?  Назарбаев  биліктің  оның  өзін  қалай  өзгерткенін, 
оның  айналасындағы  адамдар,  достары  мен  бүкіл  халқы-
ның көзқарасы мен психологиясы қалай өзгергенін, билікті 
келеңсіздікпен  қабылдаудың  қалай  туындайтынын  сезіне-
ді  де  түсінеді.  Биліктің  терең  мәні  туралы  толғана  келіп, 
Нұрсұлтан  Назарбаев  өз  халқының  рухани  құндылық-
тары мен дәстүрлеріне ден қояды. Ал, мұнда ата-бабалар 
тәжірибесін сақтап, ұрпақтарға жеткізетін даналардың, ақ-
сақалдардың  беделі  мен  билігі  жоғары  бағаланған.  Билік 
күш көрсетумен теңестірілмеуі тиіс, ол өзгелердің арасын-
да өзінің парасат-пайымымен және мінезімен күшті болып 

3  Дәстүр, демократия, философия
149
дараланатын адамның артықшылығы мен беделін түсінуге 
негізделуі керек.
Елбасы Елорданың бас архитекторы, ал көркем Елорда 
бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы.
Астана Ақшамы. – 21 қаңтар, 2013.
3.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ
Ұлы  Абайдың  рухани,  даналық  мұрасы  –  терең  мағы-
налы  философиялық  идеяларға  толы.  Ол  күллі  Шығыста 
философияның  негізгі  мәні  болып  табылатын  «жетілген 
адамды» өзекті және басты мәселе етіп қарастырып, соған 
айырықша  көңіл  бөлді.  Адамгершілік  туралы  ілімді  да-
мыта  отырып,  адамды  адамгершілік,  кісілік  тұрғысынан 
жетілдіру  ұстындарын,  ұлттық  эстетика  мәселелерін  алға 
тартты.  Адамның  шексіз  танымдық  мүмкіндіктері  жөнін-
де, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану 
мәселелерін көтерді. 
Даналық  өлшемі  бола  білген  философ-ақынның  ру-
хани  мұрасы  шын  мәнісінде  қазақ  халқының  зерделі 
ойы  мен  өмірінің  тұрғысында  энциклопедиясы  секілді. 
Олай дейтін себебіміз Абайды танып, белсенді игере оты-
рып,  сол  кездегі  қазақ  қоғамының  экономикалық,  саяси, 
құқықтық,  отбасылық,  мәдени-тарихи,  моралдалдық  хал-
жайынан айқын да, толық және дәл мағлұматтар алуға бо-
лады. Сондықтан ол туралы көп жазылуы да, және өзінен 
ілгеріде өткендердің тәжірибесіне сүйене отырып, осынау 
өз  тұрғысында  ұлттық  энциклопедияны  әрбір  ұрпақтың, 
ендеше қазіргінің де игеруі заңды деп ойлаймыз.
Абай қаламынан шыққан барша қазынаны, оның руха-
ни  мұрасын  (лирикасын,  поэзияларын,  қара  сөздерін) 
жүйелі зерттеп, тануда аса көрнекті ғалым, қазақ әдебиеті-
нің классигі, данышпан қаламгер, абайтанудың негізін сала 

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
150
отырып, оны қоғамтану ғылымының жаңа да тың саласы-
на жеткізген, әлемге әйгілі эпопеяны дүниеге келтіріп, оны 
дүниежүзілік  мәдениеттің  ауқымында  ала  отырып,  Абай 
өткен  жолдың  бүкіл  адамзаттық  маңызын  сындарлықпен 
аша  білген  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезовтің  орны  ерекше. 
Ол өзінің аса жемісті өткерген «Абай Құнанбаев. Мақала-
лар мен зерттеулер» атты ғылыми еңбек жолында қазақтың 
ұлы ойшыл ақынының рухани мұрасын өмір бойы, жүйе-
лі  түрде  зерттеу  үстінде  болды.  М.  Әуезов  осы  еңбегінде 
айтқандай  «...жақын  заманда  қазақстандық  әлеуметтік, 
философиялық ойдың өсу тарихын зерттейтін... жаңа фи-
лософтарымыз  Абайдың  жаңағыдай  мұраларын  түгелдей 
теріп,  тереңдеп  талдап  тексеруге  мейлінше  болады»  (171-
бет).
Қазіргі  таңда  жалпы  саны  төрт  мыңға  жуық  атаудан 
тұратын  Абай  жайлы  әдебиеттер  тізімі  –  бұл  ұлы  ақын-
философқа, оның рухани мұрасына деген терең де ауқымды 
іңкәрлікті ғана емес, сонымен бірге бұл өз дәуірінің айна-
сы бола білген жанның рухани қазынасына назар салмай, 
сол халықтың шынайы тарихы мен дәстүрін, идеялық ын-
тасы мен ділін, қазақ халқының өткені мен келешегін тану 
мүмкін еместігіне кепілдік етеді.
Абайдың  шығармашылық  бетін,  дүниеге  деген  көз-
қарасын  айқындаған  үш  қайнар  көз  туралы  сонау  өткен 
ғасырдың  отызыншы  жылдардың  өзінде-ақ  М.О.  Әуезов 
«Абай  Құнанбаев  қазақ  халқының  ұлы  ақыны»  атты  ең-
бегінде  белгілі  бір  жүйелі  пікір  қалыптастырғаны  белгілі. 
Ол «Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі 
мол арнасы данышпан ақынның шығармашылық ісіне ру-
хани азық болды. Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік, 
ақындық  ісіне  дем  беріп,  шапағатты  нәр  алған  арнаның 
бірі  –  халықтың  өзі  жасаған,  ауыздан  ауызға  тараған,  ба-
спа жүзінде сақталып келген қазақтың бағзы заманын-дағы 
халық  мәдениетінің  бай  мұрасы  ақындығына  рухани  дем 
беріп,  азық  болған  екінші  арна  –  шығыс  мәдениетінің  та-
маша  мұрасы,  араб-иран  және  түрік халықтарының  клас-

3  Дәстүр, демократия, философия
151
сикалық  поэзиясы»,  –  дей  келіп,  –  «Үшінші  арна  –  орыс 
мәдениеті, Еуропа мәдениеті», – деп жазғанды.
Әйтсе  де  Мұхтар  Омарханұлы  сол  кездегі  әкімшіл-
әміршіл қоғамдық жүйенің салдарынан Абайға қатынасты 
айтқысы  келген  терең  ойларын  толық  айта  алмағаны 
белгілі. Оған бұрын абайтану бойынша жарияланбай кел-
ген, тек 1988 жылы ғана баспадан шығуға мүмкіндік алған 
еңбектері куә.
Абай қазақ елінің ұлттық рухы мен ділін, оның көкейтес-
ті арманы мен данагөй ойларын абыздық көрегенділікпен, 
өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Себебі, өмір 
мен  өлімнің  мәні  мен  мағынасын,  қазақ  халқының  бірлігі 
мен  тұтастығын,  жеке  адамның  тәуелсіздігі  үшін  күресі, 
адам  құқы  және  оның  сүйіспеншілігі  мен  отаншылдығын 
өзінің басты тақырыбы етіп жырлаған «Ер Тарғын», «Алпа-
мыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Айман-
Шолпан», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сынды 
ауыз  әдебиетінің  көркемдігі  кемел  –  алып  туындылары-
ның  ұлы  ойшыл  ақынның  дүниеге  деген  көзкарасының 
қалыптасуына үлкен ықпалы болғандығы даусыз еді.
Сондай-ақ,  Абайдың  жүйелі  ойларының  үлкен  бір 
арнасын  қалыптастыруына  Шығыстың  рухани  қазынасы-
ның  да  ықпал-әсерінің  аз  болмағандығы  сөзсіз.  Өйткені, 
ол  күллі  араб  пен  парсының  батырлық  жырларын,  Шы-
ғыстың  атағы  жер  жүзіне  мәшһур  классик  ақындарын, 
ат-Табари,  Рабғузи,  Рашид-ад-Дин,  Бабур-Захиреддин 
Мұхамед,  Абылғазы-Баһадур  ханның  тарихи  еңбектерін, 
сондай-ақ логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық 
құқық, Шығыстың шариғат қағидаларын ұғындырар ғұла-
маларының  еңбектерін  жетік  меңгергенді.  Сол  еңбектерді 
түп нұсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама бола-
тынды.
Исламның  қазақ  даласындағы  жетістіктері  мен  ны-
ғаюына орай жаңа заманға байланысты араб, парсы, түрік 
тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. 

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
152
Өзінің айырықша қабілетінің арқасында, өз бетімен жүйе-
лі  түрде  оқып,  араб,  парсы  тілдерін  игереді.  Сөйтіп,  ол                               
Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы 
атанады.
Шығыстың  Абайға  тигізген  ықпал-әсері  туралы  ке-
зінде  әртүрлі  пікірлер  болғаны  белгілі.  Олардың  ішінде 
ақынның  дүниеге  деген  көзқарасын  қалыптастыруда  Шы-
ғыс  мәдениетінің  орнының  елеулілігін  мойындаудан  бас-
тап,  сол  пікірді  мүлдем  теріске  шығаруға  дейін  болды. 
Отырардан  шыққан  және  Шығыстың  екінші  ұстазы  атан-
ған алғашқы кәсіпқой философ, ғұлама ғалым Әл-Фараби 
ғылым  мен  философиясының  барлық  саласы  бойынша 
164 трактат жазған. Біздер олардың елудейін ғана білеміз, 
қалғандары  әлемнің  әр  түкпірінде  шашылып  жатыр. 
Осыған  байланысты  ортағасырлық  араб-парсы  тіліндегі 
философиялық  еңбектермен,  араб  мәдениетінің,  жал-
пы  араб-мұсылман  Шығысының  Абайдың  дүниеге  деген 
көзқарасын қалыптастырып-дамытуда елеулі болғандығын 
ерекше атау орынды деп білеміз. Бұл тұрғыда біздің руха-
ни  арналарымыздың  негізгі  көздерінің  бірі  –  араб-мұсыл-
ман Шығысымен арадағы алтын көпір секілді «Әл-Фараби 
және Абай» сынды келелі тарихи сабақтастық мәселесінің 
қарастырылуы  ел  көңілін  аударарлық  деп  есептейміз. 
Өйткені,  бұл  мәселе  арқылы  екі  алыптың  кейбір  идеяла- 
рынан өзара белгілі үндестіктер табылатындығы хақ.
Абай  Шығыстың  ұлы  ақындары  Фирдоуси,  Низа-
ми,  Хафиз,  Жами,  Сағди,  Науаи,  Сәйхали  және  басқа  да 
алыптардың сиқырлы әуез, биік рух, қиыннан қиысқан шы-
найы шеберліктің үлгісіндей ғажайып поэзиясының аясын-
да тәрбиеленіп, өмір бойы солардың дәстүрінен қол үзген 
жоқ.  Өйткені,  Шығыстың  сұңғыла  ойшыл  ақындарының 
адамның  табиғатын  тереңнен  ұғатын  ерекше  қасиеттері, 
яки адамның болмысына, рухани жан дүниесіне, адамдағы 
адамшылыққа  деген  сүйіспеншілік  қасиеттері күллі Абай 
поэзиясынан  көрініс  тапқан.  Барлық  Шығыс  ойшылдары 

3  Дәстүр, демократия, философия
153
секілді ақынның «Адам бол!» дейтін үндеуден өріс алатын, 
оның бүкіл шығармашылығының  өзегіне айналған, адамды 
адамгершілік тұрғысынан жетілдіруге, сол арқылы қоғамды 
сындарлы  кейіпке  жеткізуге  ниет  ететін  ақындық  негізгі 
белгісі – бұл тұрғыда оның ежелгі алып ой өкілдерімен ру-
хани  туыстығына  куәлік  береді.  Сонымен  бірге  ақынның 
небір шұрайлы философиялық көреген ойлары да негізінен 
Шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел де кемеңгер 
пікірлерін  шығармашылықпен  айырықша  шеберлікпен 
игергендігіне байланысты екендігі де даусыз.
Абайдың  рухани  өлемін  қалыптастыруда  ақынның 
әкесі Құнанбай ақсақалдың да кемеңгер тұлғасының аз рөл 
атқармағаны айдан анық. Атақты ақын Адам Мицкевичтің 
досы,  біздің  халқымыз  туралы  шындықты  бұрмаламай-
тын  шынайы  естеліктер  қалдырған,  еліміздің  тарихында 
сүйіспеншілікпен еске алынатын,поляктің жер ауып келген 
азаматы  Адольф  Янушкевичтің  Құнанбай  туралы  ерекше 
ілтипатпен  жазып,  оны  алып  ойдың,  үлкен  ұйымдастыру 
қабілетінің иесі, қара қылды қақ жарған тура би, айырықша 
сыпайылыққа  ие,  қазақ  қырының  әр  атырабынан  оның 
ақыл-кеңесін, әділ төрелігін есту үшін күндіз-түні жас пен 
кәрі, бай мен кедей болып, халықтың үзбей ағылып жата-
тынын айтып, оны «Даланың Цицероны» деп өте жоғары 
бағалауы тегіннен-тегін емес.
Орыс  мәдениеті  мен  қоғамдық-философиялық  ой 
жүйесінің  Абайдың  дүниетанымына  еткен  әсері  Хали-
олла  Өскенбаев  пен  Семей  бойына  жер  ауып  келген  сая-
си  тұтқындар,  сондай-ақ  орыс  әдебиеті  мен  мәдениетінің 
тұрқы биік ірі тұлғаларының төл шығармаларын өз бетімен 
оқып-танысуы арқылы жүзеге асқаны белгілі.
Осы кезге дейін белгісіз бір себептермен Абайдың дү-
ниетанымына ерекше әсер еткен туысы Халиолланың сіңір-
ген еңбегі өз дәрежесінде айтылмай келді. Ал, шын мәнісін-
де Абайдың алғаш рет Пушкин, Лермонтов, Тургенев т. б. 
орыс қаламгерлерінің шығармаларымен таныстығы Хали-

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
154
олла  арқылы  жүзеге  асқандығы  мәлім.  Ал,  Халиолланың 
кім  екендігі  белгілі:  ол  өз  кезінде  Сібір  кадет  корпусын 
бітірген,  еуропалық  білім  қайнарынан  барынша  мол  су-
сындаған,  тіптен  сол  тұстағы  білімі  жоғары  қазақтардың 
арасында да ерекше озық тұрған, өз халқының бел баласы 
ретінде  ұлтына  беріле  қызмет  еткен  азамат.  Халиолла  ту-
ралы академик Ә.Х. Марғұланның: «Ол өзінің қандастарын 
«қазақтан да» басқа әлем бар, білім мен ғылымның, рухани 
есеюге талпыныстың әлемі бар екендігіне үйреткен адам... 
Халиолла  данышпан  ақын  Абайға  үлкен  ықпал  еткен»,  – 
деп жазуы тегін емес.
Абайдың Семейге жер аударылған саяси тұтқындармен 
достығы  және  олардың  ұлы  ақынға  жасаған  әсер-ықпалы 
туралы аз жазылып жүрген жоқ,   әйтсе  де  біздің  ойымыз-
ша,  осы  тарапта  қалам  тартқан  Ә.  Бөкейханов,  А.  Бай-
тұрсыновтардың  еңбектері  өзгелердің  пікірлерінен  гөрі 
тың көзқарастарымен назар аударады. Олар Е.П. Михаэлис 
пен С.С. Гросстың Абайдың ақындық һәм философиялық 
шығармашылығына  ерекше  әсер  етіп,  оның  дүниетаны-
мын  түп-тамырымен  өзгерткенін  баса  көрсетеді.  Абай 
өркениетті  халықтарда  поэзиялық  және  философиялық 
шығармашылықтың  ерекше  құметтелетіндігін,  ал  оны-
мен  айналысатын  адамдардың  сыйлы  кісілердің  санатын-
да  жүретіндігін  білгенде,  қазақта  ақындық  өнер  ондай 
құрметке  ие  болмаса,  оған  кінәлі  өнер  емес,  сол  өнерді 
тілемсектік-сұрамсақтық, мал табудың көзіне айналдырған 
ақындардың  өзі  екендігіне  әбден  көзі  жетеді.  Сөйтіп,  ол    
Ахмет  Байтұрсынов  сөзімен  айтқанда:  «Ғылымды  жұртта 
өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін ұққан».
Орыстың  қоғамдық-философиялық  ақыл-ойы  Абай-
дың  эстетикалық  көзқарасының  қалыптасуына  елеулі 
әсер  етті.  Сондай-ақ,  басын  сонау  антикалық  ежелгі  за-
ман  мәдениетінен  алатын  батыс  Еуропа  мәдениеті  Абай 
дүниетанымының  даму  процесінде  тарихи  сабақтастық 
желісін  атқарды.  Қазақ  кемеңгері  Сократ,  Платон,  Ари-

3  Дәстүр, демократия, философия
155
стотель  еңбектерімен  жақсы  таныс  бола  білді.  Оған  ақын 
қаламынан  шыққан  туындылар  куә.  Сонымен  қатар  ол 
Спенсердің «Тәжірибелерін», Льюистің «Позитивтік фило-
софиясын», Дрепердің «Еуропа ақыл-ойының даму тарихы» 
атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа 
көптеген  авторлардың  да  шығармаларын  оқыған.  Бұған                                                                                                                               
Ә. Бөкейханов пен Д. Кеннандардың өз кезінде жазғандары 
куә. Ақынның Байрон, Гете, Шиллер, Мицкевич және орыс 
ақындарының  шығармаларын  да  қазақшаға  аударғаны 
белгілі.
Батыстың  өркениеті  мен  философиясы,  қоғамдық 
ойдың  үздіксіз  тарихы,  ғылымы  мен  мәдениеті  қазақ 
данагөйінің рухани есею жолында елеулі рөл атқарып, Ба-
тыс пен Шығыс мәдениеттерін өз дүниетанымында тамаша 
ұштастырды.
Абайдың рухани әлемі – ерекше бір тылсым дүние. Оның 
негізгі зерттеу объектісі – адам. Сол адамның эстетикалық, 
этикалық бет пернесі, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі 
мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ой-
шылды  терең  тебіреністерге  түсірген.  Олардың  негізінде 
адам және кісілік философиясы жатыр. Абай былай дейді:
...Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес 
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын 
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес... 
Өйткені,  адам  проблемасы,  оның  дүниемен  қатына-
сы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның 
негізгі  өзегін,  басты  проблемасын  құрайды.  Мәселен,  бү-
гінгі  таңда  біз  бастан  кешіп  отырған  дағдарыстың  өзі  де 
сайып  келгенде  осы  адамның  дүниеге  деген  түбегейлі 
қатынасының дағдарысы.
Шығыс  ойшылы  ретінде  Абайда  қарастырылатын 
күрделі  адам  проблемасы  үлкен  ауқымда,  яки  қоғамдық, 
руханилық,  құндылықтық,  этикалык,  эстетикалық  жақ-

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
156
тарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің қайсысының да бір-
бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз.
Абай  адам  табиғатын  этикалық  тұрғыда  қарай  оты-
рып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз 
қырлы,  бір  сырлы»  сырбаз  адам,  яки  кемеліне  жеткен, 
«толық адам» кейпінде алға тартады «...адам деген даңқым 
бар», – дейді Абай. Сол арқылы ол неден қашық, неге асық 
болуға  үндейді,  жақсылық  пен  жамандықтың,  надандық 
пен  имансыз  адамның  шынайы  мәнін  ашады.  Мысалы, 
ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: «Тілеуді құдайдан 
тілемей,  пендеден  тілеп,  өз  бетімен  еңбегімді  жандыр  де-
мей,  пәленшенікін  әпер  демек,  ол  құдайға  айтарлық  сөз 
бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуға лайығы бар ма? 
Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ тұра, 
өзімдікін жөн қыламын, деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп тала-
са бергеннің несі сөз? Оның несі адам? ...Оларды мұсылман 
деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?».
«...Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз», – деп атап көрсетеді Абай.
Абайдың  ойшыл-дана  ретінде  негізгі  ұстанар  эти-
калық  ұстыны  –  «Адам  бол!»  деген  сөздермен  кірігіп 
келетін  кісілікке,  адамгершілікке,  имандылыққа  жетелеу. 
Бұл  –  ақын  шығармаларының  басты  өзегі.  Осы  арқылы 
ол  адамның  қоғамдық  өмірдегі  басты  рөлі  мен  орнын 
анықтайды, ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалалайды. 
Соған  ерекше  мән  береді.  «Әсемпаз  болма  әр  неге»  атты 
жастарға арналған өлеңінде Абай: 
«...Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!», – дейді.
Ақын  философиясында  адам  ақыл-ой  мен  кісіліктің, 
еңбек сүйгіштік пен білімділіктің, достық пен махаббаттың 
тоғысқан  үлгісі  болуға  тиіс.  Сондықтан  да  ол  «Күн  менен 
Айдың – аспанның, ағаштар мен жемістердің – таулардың 
сәні  болғаны  секілді,  адам  –  жер  бетінің  сәні»  деп  ұғып, 
өзінің адам болып жаратылғандығын мақтан тұтады. Тіпті 

3  Дәстүр, демократия, философия
157
мына бір өлең шумағында Абай қазіргі өтпелі кезең адам-
дарымен сырласқаңдай, оларға барлық ішкі сырын ақтарып 
бергендей:
...Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ, адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай  адамдар  жаратушының  қаһарынан  қаймыққан-
нан  емес,  өзінің  арының,  ұятының,  халқының  алдын-
да  сол  істеген  қылығы  үшін  жауапкер  болғандықтан  да 
қайырымды, мейірімді болуға тиіс деп біледі.
Абайдың  этикалық  тұғырнамасында  «еңбек»  атана-
тын  ұғым  ерекше  орын  алады.  «Адал  еңбек,  мал  таппақ, 
жұртқа жақпақ», – дейді ол. Тіптен ақынның адал, шынайы 
еңбектің  адам  өмірінде  зор  орын  алатындығын  қозғамай-
тын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, еңбек 
адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан 
да,  парасаттылық  тұрғысынан  да  басты  кызмет  атқарады 
деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін 
мейірімділікке  бөлейді,  ал,  оның  қадірін  білмейтін  сал-
бөксе  жалқаулар  көбіне  теріс  қылықты  болып  келеді  де-
ген тоқтамға кідіреді. Сол себепті ол: «Еріншектік – күллі 
дүниедегі  өнердің  дұшпаны.  Талапсыздық,  жігерсіздік, 
ұятсыздық,  кедейлік  –  бәрі  осыдан  шығады»,  –  деп  жаз-
ды.  Қысқасы  ақын  еңбекті  ең  жоғары  игіліктің  көзі,  адам 
қарекетінің  ең  биік  өлшемі,  халқына  қызмет  етудің,  оның 
ұлттық  арман-мүддесін  жүзеге  асырудың,  намысын  қор-
ғаудың басты көрсеткіші деп білді.
Адамның  тұлға  ретінде  қалыптасу  процесінде  өскен 
ортаның,  тәрбиенің  рөліне  үлкен  мән  бере  отырып,  ұлы 
ақын  әркімнің  өзін-өзі  жүйелі  түрде  тәрбиелеп  отыруы 
керектігіне  айырықша  көңіл  бөледі.  Өзінің  он  бесінші 
сөзінде  ол  осы  ойды  былайша  толғайды:  «Егерде  есті 
кісілердің  қатарында  болғың  келсе,  күнінде  бір  мәртебе, 

Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі
158
болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір – өзіңнен 
өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай 
өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, 
күніңді  өзің  өкінбестей  қылықпен  өткізіппісің.  Жоқ,  бол-
маса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?». 
Бұл арқылы ақын әркімнің өзін өзгелердің көзімен қарап, 
істеген  ісіне  талдау  жасауға,  өзінің  іс-қимылына,  өзіне-өзі 
баға беруге, өзін-өзі тексеруден өткізуге үндейтіндігі хақ.
Адамның  тұтыну  мүмкіншіліктері  жайлы  толғана  ке-
ліп Абай, бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын 
мөлшер, шамадан асып кетпеу керектігін өсиет етеді: «Әрбір 
жақсы нәрсенің өлшемі бар, өлшемінен асса – жарамайды. 
Өлшемін білмек – бір үлкен керек іс...». Ал, сол өлшемнің 
шамасын қалай анықтауға болады. Ақын пікірінше, оның 
таразысы  ұяттылық  пен  арлылық?  Осы  сезім  бар  жерде 
адам  қанағатшылдық  пен  кісіліктің  тізгінінен  айырылмақ 
емес деген ойға жүгіндіреді.
Абай  адамгершілік  идеясын  өмір  бойы  ту  қылып  кө-
теріп  өткен.  Ол  азаматты  шыққан  тегі,  атқарып  жүрген 
қызмет-мансабы,  атақ-даңқы  мен  дәулетіне  қарай  емес, 
оның жан дүниесіне, өз еліне, халқына көрсетер қызметіне 
қарай құрметтеуге үндейді.
Ғылым,  философия,  білім,  тарих,  әдебиет  пен  өнер 
барлық  мүмкіншіліктерін  жұмсай  отырып,  мемлекет-
ке  ықпал  етуге,  ондағы  адамдардың  адамгершілік  тұрғы-
сынан  жетілуіне  тиіс  деп  білді  қазақ  данагөйі.  Оның 
философиялық-этикалық  тұғырнамасының,  жалпы  дү-
ниетаным жүйесінің негізгі мәні, міне, осында. 
Абай  –  қазақ  философиясы  мен  әдебиетінің  классигі 
ретінде  қазақтың  күллі  рухани  өмірінің  тұтастығының 
тұғырнамасы,  барша  шығармаларында  бүкіл  адамзаттық 
мұрат пен арман-мүдделерді жыр еткен бір ұлттың әлемдік 
деңгейдегі  терең  ойлы  асқақ  философ-ақыны.  Ол  өзінің 
бүкіл  творчестволық  қажыр-қайратын  адамгершіліктің 
биік мақсаттарын, нағыз кісіліктің, салауатгы халық болу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет