Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет39/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49

                                                      және этномәдени негіздер
жоспарлар түпкі мақсатқа жету жолында қызмет етті. Бұл шаралар ұлтты 
мәңгүрттенуге  жеткізді.  Этнос  зерттеушілері  өз  тарихтарын  зерттеуде 
объективті  бағалар  бере  алмады.  Осылайша  тоталитарлық  қоғамдағы 
әлеуметтік-философиялық ойды талдау өте сақтықты талап етті. 
Маркстік  дүниетаным  үстем  болып  тұрған  кезде  көптеген  қазақ 
ақын-жазушылары  (М.  Сералин,  Б.  Қаратаев,  Ж.  Жабаев)  және  тағы 
басқалар өз-дерінің ескі дүниетүсініктерінен бас тартып, кеңес өкіметінің 
ұстанымы  коммунистік  көзқарасты  қабылдады  деп  жазды  Қ.  Бейсемби-
ев. Ал, Шәкәрім Құдайбердиев пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев дүниетанымы 
мен  көзқарастары  жағынан  өмірлерінің  соңына  шейін  діни-мистик 
болғандығын  атап  көрсетті  [31,  236  б.].  Бірақ  Кеңестер  Одағы  кезіндегі 
«ақтаңдақтар»  деп  аталған  «Алаш»  зиялыларының  дүниетанымы  мен 
көзқарастары  жайлы  бұрмаланған  түрде  болса  да  танысуға  мүмкіндік 
туғызған бұл зерттеуден көптеген мағлұматтар алуға болатын.
Халқымыздың  рухани  өмірінде  үлкен  істер  атқарған  ойшылдардың 
шығармалары  құртылып  кетуден  қауіптенген  М.  Әуезов,  С.  Мұқанов, 
Б.Кенжебаевтар  сынды  қайраткерлер  өте  ептілікпен  оларды  қорғаштай 
білді.  Олар  М.Ж.  Көпеевтің  еңбектерін  ғылыми  айналымға  енуіне  аян-
бай атсалысты. М. Әуезов: «Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық 
үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол 
екенін естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба 
әдебиетінің  ғылымдық  бір  саласы  историография  бөлімінде  Мәшһүр-
дің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» – деп өз тұ-
жырымын  ашық  білдірді  [32].  Ал  С.  Мұқанов  болса:  «Мес»  жинағына 
қарасақ, көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Сиясы әсем көшірілген 
қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір 
сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға 
тырысқан» деп қорғаштайды [33]. Халықтың мәдени-рухани өмірінің да-
муына  қосқан  үлесін  алға  шығарып,  кезеңнің  солақай  саясатының  құр-
баны  болудан  сақтап  қалады.  Көпұлтты  Кеңес  әдебиеті  социалистік  ре-
ализм  әдісін  ұстанды.  Шығармашылық  интернационализмді,  жаңа  ком-
мунизм құрылысшысын, жұмысшы табының мүддесін бейнелейтін үрдіс 
шеңберінде өрістеуге тиіс болды.
Кеңес  заманында  Абай  философиясындағы  «Кемел  адам»  идеясы 
«Кеңес  адамының»  идеясына  айналды.  Жазушылардың  Бүкілодақтық  
бірінші  съезінде  қабылданған  Уставта:  «Суреткерден  болмысты  револю-
циялық  даму  қалпында,  шыншылдықпен,  тарихи  нақтылықпен  сурет-
теуін  талап  етеді,  болмысты  суреттеудің  шыншылдығы  мен  тарихи  нақ-
тылығы  еңбекшілерді  идеялық  жөнінен  қайта  өзгертіп,  социализм  ру-
хында тәрбиелеумен қиысып, жарасым табуы қажет» – деп социалистік 
реализмді сипаттаған еді [34].
«Кеңестік  жүйе  тұсындағы  адам  өмірінің  мәні  қоғамның  «жарқын 
болашағымен»  байланысты  қарастырылып,  жалпының  абсолютизация-
сы жеке адамның өмірін мәнсіздендірді, тіпті индивидті өз өмірінің жеке 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        293
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
мақсаттары  туралы  ойлау  хақынан  да  айырды»  –  деп  дәл  атап  көрсетті 
[35].  Көпшілікпен  бірге  жалпықоғамдық  мақсаттарды,  құндылықтарды 
ұстанып  өмір  сүрді.  Жекелік  жалпылық  мақсат-мүдде  жолында  құрбан 
болды. Әрбір адамда бір ғана идеалды, бір ғана материалистік көзқарасты 
қалыптастыру керек болды. Мұндай тұрпайы түрдегі дүниетаным халқы-
мыздың  құндылықтарын  құлдыратты.  Енжарлық,  немқұрайлық,  көппен 
бірге көрерміз деген болашаққа үмітін арта салатын салғырт самарқау күй-
ге  түсірді.  Бұл  идея  жеке  адамдарда  көзсіз,  көкірексіз  құрғақ  сенімді  қа-
лыптастырды. Бірақ, адамның күрделі сан жықпырлы болмысы ол сенімге 
алданбаған екен. Осындай ұзақ жылдар бойы социализм идеяларын санаға 
зорлықпен сіңіру мен қуғын-сүргіндер адамдарда өшпенділік тудырды.
Кеңестік кезеңге шейін-ақ, Ұлы Империя Қазақ даласын география-
лық жағынан ғана зерттеп қоймай, әлеуметтік-саяси қоғамдық құрылысын 
да зерттеу объектісіне айналдырған болатын. Әуелі халқымыздың аңғал, 
ақкөңіл, мәрт, жомарт, қонақжай сияқты жақсы қасиеттерін пайдаланып 
оның ішіне кіріп, ақыры жаулап алды. Өз жерін өзіне өгейсітті. Енді, жаңа 
қоңсымыз  жақыннан  біздің  осал  жақтарымызды,  руға  бөлінушілігімізді, 
мансапқорлығымызды тағы басқа толып жатқан кемшіліктерімізді білген 
бойда ағайындар арасында дау-жанжалдар туғызуға лайықты әдіс-айлалар 
ойлап  тауып  отырды.  Халықты  тұтастығынан  айыру  басты  нысана  етіп 
алынды.  Жалақорлық,  даукестік,  іштарлық,  мансапқорлық  қазақ  фило-
софиясында әсіресе соңғы кезеңдерде көбірек назарда ұстанған ұғымдар 
қатарына жатады. 
Шоқан  Уәлихановта  бұл  жайында  өзінің  күйінішін  былай  деп  жаз-
ды:  «Сауаттылық  сахараға  тек  жалақорлар  мен  даукестердің  өсек-аяңын 
көбейту үшін ғана келген сияқты». Бұл ойды заманымыздың ұлы суреткері 
О.Сүлейменов  те  қазақтардың  бұндай  жаман  қылыққа  душар  болуының 
себебін Патша үкіметінің әр округке жалақы төленетін жалғыз лауазымды 
қызмет орнын тағайындауынан деп түйіндейді. Иә, қазақ өлкесі осыған дейін 
бір-біріне дәл сондай алакөз, дәл сондай жау адамдарды кездестірмеген де, 
көріп білмеген де еді. Жалақорлардың қатары хат біліп, қара таныған әрбір 
ауқатты, атқамінерлермен бірге үсті-үстіне көбейіп отырды... Ол мансапқа 
қолы жеткен адамсымақтар ел үстінен күн көретінін місе тұтпай, өздерінің 
адамгерішілік, ұлттық парыздарын оп-оңай ұмытып, халық намысын аяқ-
қа  таптағанын  қайтерсіз.  Әр  кездері  ел  басына  түскен  қасіреттерге,  міне, 
осындайлар кінәлі болмақ. Олардың қағаз бетіндегі шимай-шатпақ шайқас-
тарының  көлеңкесінде  жантүршігерлік  істер  қоса  қабат  жүріп  жатты: 
Шоқан, Абай, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің өліміне міне осылар айыпкер [36]. 
Адам  бойындағы  осындай  жаман  пиғылдардың  оянуына  билікке 
құштарлық, жағымпаздық әсіресе социализмді орнату барысында өрши 
түскені  тарихтан  белгілі.  Осындай  қоғам  өміріндегі  өзгерістер  адамдар 
мінез-құлқына  ықпалы  болғанын  қазақ  ұлтының  бір  ғасырлық  дүние-
танымын,  дүниетүсінігін,  ар-ожданын  зерделеу  арқылы  пайымдай  ала-
мыз. Бірақ халықтың мықты рухын ашаршылық, шетел асып ауа көшуі, 

294                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
қуғын-сүргіндер жасыта алмады. Түбінде әділетті, ізгілікті қоғам орнайты-
нына сенді. Сол жолда адам рухы ширыға шыңдалды. Екінші дүниежүзілік 
соғысқа  дейінгі  кезеңде  социалистік  қоғам  құру  ұлы  мақсатқа  айналды. 
Сол кезеңдердегі оқиғалар барысын, адамдар көзқарасын зерделеп бақсақ 
социализм  құру  жолында  олар  өздерін  құрбан  етуге  даяр  болды.  Ком-
мунизм идеясына шын берілген, жанын пида ететін фанатиктер өзін сол 
қияли қоғамның құралына айналдырды. Осы жігер, осы қайрат тарихта 
қоғамның  даму  жолдарының  сан-соқпақты  бір  кезеңін  бастан  кешіргені 
мәлім. «Кеңес заманында адамды негізінен екі-ақ арнаға салып қарастыру 
дәстүрге айналған еді, олар: адамның табиғи-биологиялық және әлеумет-
тік таптық болмысы. Осы методология негізінде көптеген кітаптар жазыл-
ды, әдебиетпен өнерді түсінуде де осы қағида негізге алынды» [37].
Білім алу мен рухани жан-жақты даму арасындағы терең қайшылықтар 
болатынын осы кеңестік кезеңнің шындығынан пайымдауға болады. Пат-
шалық  Ресей  кезінде  қазақтарды  әскер  қатарына  алып,  қару  асынуына 
сенімсіздік танытқаны белгілі. Бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан 
уақытта 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы бойынша 19 бен 31 жастың 
арасындағы қазақ жігіттері тыл жұмыстарын атқаруға әскерге шақырыл-
ды. Оларды окоптар қазуға пайдаланылды. 
Ресейдің әскери оқу орындарында қазақ хандары мен сұлтандары, би-
болыс өкілдері бірлі-жарым күйде оқыды. Отаршылдар оларды негізінен 
қазақ  даласында  өздерінің  пиғылдарын  жүзеге  асыру  мақсатында  пай-
даланды.  Әскери  шендер  мен  атақтар  берілді.  Омбы  кадет  корпусында 
оқып жатқан орыс әскерінің офицері, полковник Шыңғыс Уәлихановтың 
ұлы  Шоқанның  да  соңғы  курста  өтетін  орыс  армиясының  стратегиясын 
оқытпай ерте бітіруінің себебі болды. Бұратана халық өкілдеріне әскери 
стратегияны үйретуге тыйым салынды. Оны тек орыстар ғана білу қажет 
деп  тапқан  саясат  Кеңестік  кезеңде  де  өз  жалғасын  тапты.  Оны  екінші 
дүниежүзілік  соғыс  басталар  алдындағы  әскери  кадрлар  жайында,  сол 
кездегі  Одақта  жоғары  дәрежелі  командирлер  даярлайтын  «Выстрел» 
сияқты курстар мен әскери академияларда оқитын қазақтар жоқтың қасы 
еді деп жазады тарихшыларымыз [38].
Осындай  бір  ұлттың  екінші  ұлттан  артықшылығын,  бір  мемле-
кет  екіншісінің  байлығы  мен  жеріне  арандату,  тартып  алу  мақсатында 
соғыс  ашуы  сияқты  мәселелер  бой  көрсеткен  шақта  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  құлдырайды.  Біреулер  үшін  бұл  соғыс  әділетті.  Екінші 
жақ  үшін  басқыншылық,  ашкөздік  адамгершілік  тұрғыдан  азғындалған. 
Қарама-қарсылықтардың күрес заңы. Соғыс жылдары дивизия командирі 
дәрежесіне тек полковник Бауыржан Момышұлы ғана ие болды. Соғыстан 
кейін  Бас  Штабтың  әскери  академиясын  бітіреді.  Әскер  қатарында  1955 
жылға дейін қызмет атқарды. Оның турашыл, өжет мінезі әрине кейбір 
бастықтарына  ұнамағандықтан,  оның  майдандағы  ерлік  істері  дұрыс 
бағаланбады.  Өзін  әскери  Тұлға  дәрежесіне  көтере  білген  Б.Момышұлы 
әділетсіздікке тап болғанда да мойымады. Кеңес заманында Бас Штабтың 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        295
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
әскери  академиясын  қазақ  ұлтының  3  өкілі  ғана  бітіріпті.  Олардың  ең 
алғашқысы  Б.Момышұлы.  Ол  Кеңестік  Армияның  көп  ұлтты  құрамын 
ескере  отырып  «ұлттық  ерекшелік  психологиясын»  ұсынды.  Ол  кездері 
ондай ұғымдарды жауынгерлер арасында айтуға тыйым салынды.
«Ерлік»  –  адамның  сын  сағатта  іркілместен,  батылдықпен  бар  жан-
тәнімен шындықты, әділдікті, әділеттілікті қорғаудағы іс-әрекет. Еліміздің 
шекарасын,  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде  қарулы  күштері  мен  әскері 
әрқашан  өзінің  қырағылығын  сақтап  отыруы  қажет.  Кеңес  әскерлері 
қатарында  қазақтар  да  Отан  алдындағы  борыштарын  атқарды.  Олар 
өздерінің  отбасын,  ата-анасын,  елін,  жерін  батырлық  пен  қоса  жау-
жүректілікпен  қорғады.  Ер  мінездерін  көрсетті.  Қашанда  рухы  биік 
тұратын  қазақ  ұлтының  өкілдері  қайсарлықтарын  шыңдай  түсті.  Томи-
ристей батыр қыздар рухы дарыған қос жұлдыз Әлия Молдағұлова мен 
Мәншүк Мәметовалар Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 
Ұлы  Отан  соғысының  сұрапыл  жылдарында  халқымыздың  ұлы  қа-
сиеттерін  бойына  ана  сүтімен  дарытқан  асыл  ұл-қыздарымыз  ерлік  пен 
батылдықтың тамаша үлгілерін көрсетті. Кеңес Одағының батыры, акаде-
мик Мәлік Ғабдуллин генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 8-ші гвардия 
дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысты. Қазақ хал-
қының  батырлық-ерлік  дәстүрлерін,  сол  кездегі  соғыс  қару-жарақтарын 
пайдалана білу шеберлігімен ұштастырған өнері оның рухын асқақтатты. 
Мәлік Ғабдуллин майдандас серіктері туралы жазғандарында табандылық, 
төзімділік, қайсарлық сияқты ізгі қасиеттердің көріністерін өзінің шығар-
машылығына  арқау  етті.  Ұлт  мақтанышы,  ержүрек  қолбасшы  Бауыржан 
Момышұлы  жайлы  «Бауыржан  Момышұлы»,  «Қазақ  мақалының  күші» 
оның  соғыс  кезіндегі  іс-қимылдары  мен  жауынгерлерге  оның  қанатты 
нақыл  сөздерінің  әсері  жайлы  шебер  баяндайды.  «Менің  майдандас  дос-
тарым»  (1947,  1985),  «Сұрапыл  жылдар»  (1972)  атты  кітаптары  даңқты 
И.В.Панфилов пен Төлеген Тоқтаров, журналист-аудармашы, батыр барла-
ушы Бақтияр Меңдіғазин мен жауынгер композитор Рамазан Елебаевтың 
ерлік  өмірі  жайлы  естеліктерінде  қазақстандық  жауынгерлердің  биік  рух 
әлемі мен адами болмысын көркемдікпен зерделейді. 
Күнделіктерінде:  «Майдандағы  адам  анау-мынау  жалтармаңды  біл-
мейді,  ол  шындықты,  әділдікті  айтады.  Өйткені  ол  осы  соғыста  әділдік, 
адалдық,  шындық  үшін  қан  төгіп  жүр»  –  деп  жазыпты.  Ендеше  тиісті 
жерінде  өзі  де  өткірлік,  турашылдық  мінез  көрсетіп  отырған.  «Крас-
ноармеец»  журналының  редакция  алқасының  мүшесі,  генерал-майор 
М.А.Мироновқа  жазған  хатында  (25  желтоқсан  1943)  соңғы  уақытта  осы 
журналда неліктен орыстан басқа ұлттан шыққан жауынгерлердің өмірі 
туралы материалдар (очерктер, әңгіме, өлеңдер) және олардың суреттері 
басылмайды. Сондықтан да олар туралы толғаныстар жауынгерлерді ха-
лықтар достығы рухында тәрбиелеуге мықтап көмектеседі деп санаймын 
делінген. Нағыз ұлттық зиялылықтың үлгісін Бауыржан Момышұлы өзі 
ғұмыр кешкен кеңестік кезеңде де көрсете білді. Жаугершілік замандар-

296                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ды  бірнеше  ғасыр  басынан  өткізген  халқымыздың  рухын  сипаттайтын, 
асқақтататын  ұғымдар  мен  түсініктер  ерте  кезеңдерден  қалыптасқан. 
Ұлтымыздың  дүниетанымы  тұрғысынан  алғанда  терең  өмірмәнділік 
сипаттағы толғауларымызда: 
Ел шетіне жау келсе,
Алдыңа сірә дау келсе,
Батырсынған жігіттің
Күшін  сонда  сынасы  [39]  –  деген  Ақтамберді  жыраудың 
жігіт қай кезде өзінің «батыр», «ер» екенін көрсететін сәттері болатұғынын 
негіздейді. Бұл жерде «батыр» ұғымы, өзінің ішкі рух жігер күші арқылы 
ішкі  психологиялық-тәндік  қорқу,  тайсалу  тыйымдарын  жеңе  білген  ерік 
күші жетілген тұлға арқылы айшықталып тұр. Батырлық, ерлік осындай 
ұрыс  майданында  сыналуы  керек.  Бұны  батыстық  парадигмамен  түсінді-
руге  келмейді.  Дегенмен,  К.  Ясперстің  «шекаралық  жағдай»  ұғымымен 
салыстыруымызға  болады.  Яғни,  шынайы  адам  болмысы  өлім  немесе 
қиыншылық жағдайда ашылады. К. Ясперс идеясында осы жағдай солай 
болуы тиіс құбылыс, адам психикасының қасиеті ретінде тұжырымдалса, 
жыраулар философиясында адам, нақтырақ айтқанда «батыр» сол күйін-
де, шекаралық жағдайға қарамастан өзіндік болмысында сақталып қалуы 
тиіс екендігі толғанылады. «Батырсынуды», «батырлықты», «ерлікті» жай 
ғана құбылыс деп қарауға болмайды. Адам, жеке Тұлғаның өзін-өзі үнемі 
тексеріп, жетілдіріп отыруын қажет етеді. Тек соғыс кезінде, жау алдында 
ғана емес «Алдыңа сірә дау келсе» де өзінің шынайы болмысын сақтауы 
тиіс. Әділеттілікті жақтау, әділ төрелігін айту тек қана ақиқатты басты ны-
сана етуді меңзейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында «Бас кеспек болса да, тіл 
кеспек жоқ» деген қағиданы ұстанған ерікті далалықтардың рух әлеміне 
ашықтық, батылдық, жауапкершілік тән болған. 
Сондықтан  да,  қазақ  зиялылары  кеңестік  идеологияға  қарсы  өз  көз-
қарастарын, дүниетанымдарын ашық түрде қоя алды. Ұлттық мүддені тура 
көздеген, мыңдаған жылдар бойғы халық арманы болған ұлттық мемлекет-
ті қалыптастыру жолында Алаш қозғалысы мен Алаш идеясы қазіргі кезде 
өз өзектілігімен бүгінгі егемен еліміздің болашағымен сабақтасып жатыр. 
Олардың  ойшыл  рухы  сабақтастықпен  бабалар  руханиятынан  нәр  алған-
ды. Рухты – адамды алға жетелейтін, адам бойындағы адамгершілікті, ақыл 
мен  парасаттылықты  қозғалысқа  келтіретін,  оған  бағыт-бағдар  беретін 
күш деп анықтайды Т.К. Бурбаев. Жаһандану үрдісінде қазақ тек өз рухын 
жаңғырту, асқақтату арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас 
болып келе жатқан ұланғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Қазақ ру-
хын жүзеге асырудың бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып табылады. 
Оның алғы үлгілері кешегі Алаш ұсынған жолдарда, қанымызда ұйықтап 
жатқан  ұжымдық  санадағы  архетиптерде  жатыр.  Бұлардың  барлығы  оя-
нып, жаңғырып бүгінгі қазақтың рухын көтеруге жұмыс істеуі керек. Олар 
әсіресе  тілдік  саясатта,  мәдениетте,  жалпы  руханиятта,  қоғамдық  өмірде 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        297
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
көрінуі тиіс. Сонда ғана бөтенге ұқсамайтын, өзіндік миссиясы, жүру жолы 
бар қайсар рухты қазаққа айналамыз [40].
Қазақ халқының социализм тұсындағы мәдени-рухани дамуын қарас-
тырған  кезде,  оның  оңды  жақтарына  тоқталған  жөн.  Қазақстанда  бірін-
шіден,  ғасыр  басындағы  зиялыларымыз  бен  ағартушылар  армандаған 
халқымызды қараңғылықтан құтқару жүзеге асты. 1930 жылдары Респуб-
ликамызда міндетті бастауыш және орта білім беру қолға алынды. Барлық 
пәндер бойынша жаңа бағдарламалар жасалынды. Оларды жазуға ғалым-
дар мен жазушылар қатысты, Қазақстанда ғылым мен мәдениетті қалып-
тастыруда – оның құжаттық негізін құру – мұрағаттар, мұражайлар, кітап-
ханалар ашылды. Олардағы жазбаша құжаттар мен заттай түрдегі тарихи-
хабарламалар ерекше рөл атқарды. Егер революцияға дейінгі қазақ жерінде 
тек Семейдің жергілікті география қоғамындағы мұрағат болса, 1924 жыл-
дың аяғында барлық губерниялар мен уездерде кітапханалар ашылды. 
КСРО  дәуірінде  Мұрағат  социализмді  дәріптеудің  иеодологиялық 
құралы  болды.  Республикадағы  барлық  құжаттар  айналымының  10%-
ға  жуығы  коммунистік  құндылықтар  тұрғысынан  мұқият  сұрыпталып, 
мемлекеттік  сақтауға  Мұрағатқа  жинақталды.  Құжаттардың  біржақты 
іріктелуінің  салдарынан  Қазақстанның  шынайы  тарихын  бейнелейтін 
аса бағалы деректер мұрағатқа түспей, біржолата жойылып отырды. Ал, 
мұрағат қорындағы құжаттардың басым бөлігі түрлі жасанды шектеулер 
қою арқылы зерттеушілерге берілмеді [41]. Жалпыадамзаттық құндылық-
тарға  әр  халық  өз  жетістігімен  үлес  қосады.  Ондай  болса  ұлттық  тари-
хымыздың  шындық  беттерінен  қателіктіміз  бен  мінімізді  түзеуді  қолға 
алу  керек.  Ғылым  Академиясының  шығарған  «ХІХ  ғасырдағы  Қазақстан 
тарихының құжаттары» атты екі томдық еңбекті шолып шыққанда: «одан 
сахараның ірілі-ұсақты ел билеушілерінің мыңдаған арыз-шағым, сөз тасу, 
өсек-аяң, жалақорлық өтініштерінен басқа көз тоқтатарлық ешқандай де-
ректі кездестірмедім» – деп О. Сүлейменов қынжыла ата өткен болатын. 
Бұл ащы да болса шындық. Еліміздің ғасырлар қойнауынан сыр шертетін 
тарихи  жәдігерлері  жоңғар  шапқыншылығынан  қиратылып,  өртелгені-
мен қоймай, одан кейінгі Ресейге қараған кезден бастап орталыққа жөнел-
тілгені белгілі. Кеңестік кезеңде басты идеологияға қайшы келген құжаттар 
жойылып немесе «жөнелтіліп» отырылған. 
Бірақ қазақ халқының жады оның соңғы тұяғы қалғанша өшпейді. Кез 
келген қазақ өзінің шежіресін, батырлар жырын, ән-күйін туған жерінің 
ой-қырын  төгілте  жөнелтетін  болған.  Халықтың  рухани  өмірі  ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша тарих айту дәстүрі бойынша жетіп отырды.
Сонымен  қатар,  дәстүрлі  суырып-салма  ақындықты  жалғастырушы 
Жамбыл Жабаев, айтыскер Кенен Әзірбаевтар жаңа заман жаршысы бол-
ды.  Шығармаларының  негізгі  арқауы,  мұраттары:  мейірім,  қайырымды-
лық,  достық,  адалдық,  сүйіспеншілік,  адалдық.  Адамаралық,  ұлтаралық 
үйлесімділікті өз өміржолымен үлгі ете білді. Көрші қырғыз елінің тілін-
де ол елдің «Манасын» қазақтарға насихаттады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі 

298                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
майдан  жауынгерлерін  рухтандырған  шығармалары  «Лининградтық 
өрендеріме»  ынтымақ  пен  бірлікке  шақырды.  Өзіндік  болмысын  сақтай 
отырып, заман ағымын жаңаша қабылдап, соны әдістерді пайдаланды. 
1927 жылдың 22-31 шілде аралығында Майндағы-Франкфурт қаласын-
да өткен Бүкіләлемдік музыка көрмесі ашылды. Кеңестер одағының көр-
месін  Бүкілодақтық  шетелдермен  мәдени  байланыстар  қоғамы  ұйым-
дастырып оған қазақстаннан этнографиялық топпен әнші Әмре Қашаубаев 
қатысып үлкен табысқа ие болды.
1933 жылғы БОКП – жарлығымен «Ұлттық искусствоны дамыту шара-
лары» қаулы қабылданған соң облыс орталықтарында театрлар ашылды. 
Музыкалық театр техникумдары ашылып, орталықта Алматыда қазақ дра-
ма театры ашылып, музыка студиясы құрылды. Музыкалық театр өздері-
нің алғашқы қойылымдарын М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясы 
мен Б.Майлиннің «Шұға» драмасын қойды.
Алматыда  суретшілер  Одағы  құрылып,  суретшілер  заман  келбетін 
жаңаша  кескіндеді.  1935  жылдан  бастап  Жамбыл  атындағы  мемлекеттік 
филармония  жұмыс  істей  бастады.  ұлттық  өнерпаздар  ұжымдары:  қазақ 
өнерзерттеушісі  А.  Сейдімбек,  Ахмет  Жұбановтың  қазақтың  музыкалық 
мәдениетін  зерттеп-жүйелеп  –  насихаттаудағы  қажырлы  еңбегін  былай 
деп  бағалайды:  «Өз  кезеңіндегі  музыкалық  білім  сатыларының  бәрінен 
өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен 
ұлтжандылық  сезімін  дарытқан».  Ол  1933  жылдан  Алматы  музыкалық 
драма училищесінде ұстаздық қызметтен бастайды. Қазақтың музыкалық 
мәдениеті  деген  жалпылама  ұғымды  ұлт  болмысындағы  нақтылы  катего-
риялық  мәні  бар  рухани  құбылысқа  айналдыру  үшін  тыным  таппастан 
еңбек етті. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкалық сынақ шеберха-
насы, Ғылым академиясындағы өнер тану секторы, М.О. Әуезов атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институтының  музыка  бөлімі,  Қазақтың  мемлекеттік 
филормониясы, Қазақ консерваториясы, ондағы Халық аспаптар кафедра-
сы,  Қазақтың  музыкалық  театры,  қазақ  музыкасы  туралы  оқу  құралдары 
міне, осының бәрінің ұйтқысы А.Қ. Жұбанов болды. 
40-шы  жылдардан  80-ші  жылдарға  шейін  ғылыми-экспедиция 
Қазақстанның түпкір-түпкірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. 
Қазақстанның  кәсіпқой  композиторларының  өмір  дерегін  жинастырып, 
шығармаларын  нотаға  түсіріп,  одан  соң  кәнігі  әнші  күйшілерге  үйрету 
арқылы  халықтың  рухани  игілігіне  айналдыруда  теңдессіз  еңбекқорлық 
пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды [42].
«Музыкалық білім беру саласында еуро-орыстық оқыту жүйесінің бел 
алуына байланысты және еуро-орыстық музыка аспаптарын үйрету басты 
мұрат болғандықтан, Қазақстан композиторлары негізінен романс, ария, 
вальс, соната, скерцо, оратория, кантата, симфония, опера сияқты музы-
ка  жанрларын  туындата  бастады.  Осылай  қазақ  музыкасының  кеңестік 
кезеңдегі  осылайша  жанрлық  кеңейуі  мен  толығуы  дәстүрлі  мәдениетті 
ығыстыра алмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет