Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет31/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
286
софтар үшін диалектика, логика, таным теориясы бойынша зерт-
теулер этика мен эстетика мәселесін зерттеудің шарты мен басты 
сатысы  ретінде  болуы  керек.  Әбділдин  өз  баяндамасын,  ақиқат, 
қайырымдылық пен әсемділік ажырамас, үйлесімді бірлік болуы 
үшін, заманауи «үш сынды» құруға шықарды [24].
Расымен,  ол  уақытқа  дейін,  яғни  ХХ-ХХІ  ғасыр  аралығында 
Қазақстан 
философиясы 
ақылмен, 
рационалдылықпен 
салыстырғанда руханияттың маңыздылығын, сонымен қатар, ра-
ционализм  мен  әлемге  деген  қатынастың  рационалдылықтан 
тыс  формасының  маңыздылығын  ұғынды.  Осылайша,  Мұхтар 
Зиядаұлы  Изотов  алғашқылардың  бірі  болып  мақұлданып 
үлгерген пәндік-тәжірибелік әрекет қағидаларын толықтыратын 
философиялық  зерттеулердегі  құндылықтық,  аксиологиялық 
тәсілдердің  маңыздылығын  атап  өтті  [25].  Осы  кезеңде  Акрам-
кан Бекпауұлы Қапышев пен Сергей Юрьевич Колчигин бірлесе 
отырып, рух онтологиясының терең мәнін ашып, оны келешектің 
философиясы ретінде қарастырды [25].
Руханият  мәселесін  қаратырған  бұл  кезең  тек  аталған 
авторлардың еңбегімен ғана шектеліп қойған жоқ. Мысалға, Серік 
Есентайұлы  Нұрмұратов  рухани  құндылықтарды  әлеуметтік-
философиялық тұрғыдан талдап берді, [26], ал Ізбасар Ерғалиұлы 
Ерғалиев философияны руханият формасы ретінде зерттеу қажет 
деген ойға тоқталды (өмірінің соңына таман І.Е. Ерғалиев рухани-
ят мәселесіне аса терең назар аудара бастаған еді) [27].
Нағыз  философияның  ажырамас  бөлшегі  ретінде  руха-
ният  идеясын  жүзеге  асыру  қадамы  ретінде  адамның  рухани 
дамуындағы  философияның  рөліне  арналған  ұжымдық  моно-
графияны  атауға  болады  [28].  Кейінірек,  Нұрлан  Қадырұлы 
Сейтахметовтың 
жаңашыл 
серпінде 
жазылған 
герман 
идеализмінің  адамгершілік  мәні  жайлы  монографиясы  жарық 
көрді,  себебі  неміс  философиясындағы  ақыл  идеясы  өзіндік 
мақсат ретінде емес, адамзаттың рухани, адамгершіліктік бастау-
ын зерттеу мен көрініс табуының басты шарты ретінде болды [29].
Бүгінде, жаңа ғасырдың басындағы он жыл ішінде руханият 
мәселесі  қазақстандық  ойшылдардың  басты  тақырыптарының 
біріне  айналды.  Мысалы,  Қуаныш  Ұзақбайұлы  Әлжан  өз 
еңбегінде  аталған  мәселені  жаңаша  қырынан  қарастыруға  ты-
рысады:  әлеуметтік-типологиялық  тұрғыдан  адамзат  қағидасы 
қалай өзгергендігін көрсетуге тырысты [30]. Руханият мәселесіне 

287 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
берген  Раушан  Сұлтанқызы  Сартаеваның  толымды  анықтамасы 
да  назар  аударарлықтай:  «Руханиятты  адамның  мәні  ретінде  … 
тек  интеллектуалдылық  немесе  таза  мораль  ретінде  ғана  емес, 
ғарыш пен адам мәнінің бірыңғай терең онтологиялық негізін тану 
арқылы адамның өзін-өзі анықтауға деген ішкі талпынысы ретінде 
оның  болмыс  ақиқатына  деген  қатыстылығы  мен  сәйкестілігін 
ұғыну  ұсынылады»  [31].  Руханиятты  осылайша  ұғыну  арқылы 
адамгершілік, ақыл мен рухани онтологиялық бастаудың бірлігі 
ұстанымын байқауға болады. 
Қазақстан  философиясы  жоғары,  оң  құндылықтық-мәндік 
бағдарларға  бағытталған.  Бұл  тек  қана  этика  мен  моральдің 
емес,  адамның  онтологиялық  тамырланған  бастауы  ретіндегі 
руханияттың  философиясы.  Әрине,  философия,  негізінен 
«этикалық жоба» болды (танымал ресейлік философ Абдусалам 
Абдулкеримовича  Гусейновтың  айтуы  бойынша),  бірақ  бұл  тек 
сана бағытындағы интенцияда ғана болды, себебі онтология, логи-
ка, таным теориясы алдыңғы қатарға шықты … Кей кездері олар 
адамзат  болмысының  адамгершілік  бастауына  жетудің  құралы 
ретінде  болды,  алайда  кейін  өзіндік  мақсатқа  айналды:  зертеу 
пәні ретінде оның құралы болды. Осылайша таза ақылтаза идея
таза Ментаза форма пайда болды… Қазақстан философиясына 
келетін  болсақ,  онда  ол  (егер  Макс  Шелердің  терминологиясын 
қолдансақ) үнемі «эмоционалды априориге» сүйенді яғни, «фор-
малды этикамен емес», «құндылықтардың материалды этикасы-
мен» бағаланды. 
Қалай  дегенмен  де  Еуразия  жүрегіндегі  қазақстандық 
философияның (ресейлікпен қатар) нақты ерекше мазмұны бол-
ды:  философиялық  рухани  сезімі,  қарама-қайшылықтар  медиа-
циясы мен әлемдік тарихи ойдың парадоксы ретіндегі «жүрегі» 
еді.  Осы  орайда  академик  Ә.  Н.  Нысанбаевтың  «Өзара  түсінісу 
философиясы»  атты  монографиясын  қарастырған  орынды 
[32].  Негізінен  мұнда,  бір-біріне  қарама-қарсы  дүниетанымның 
қайшылығын шешуге қадам жасалынған. Өзара түсінісу филосо-
фиясы қазіргі көпэтносты қазақстандық қоғамның рухани келісімі 
болып табылады. Бұл философияның интегративті, алшақтанған 
типіне деген кіріспе деуге болады. 
Владимир Юрьевич Дунаев және Валентина Дмитриевна Кур-
ганская трансцендентті және имманенттінің синтезі мәселесімен, 
сонымен қатар, әлі күнге дейін шешімін таппаған немесе тек вер-
балды  деңгейде  шешілген  танымның  объективтілгі  және  жеке 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
288
мәнінің арақатынасы мәселесімен айналысты [33]. Бұл ерекшелік-
тің  философиялық  ойды  білдіретін  форма  ретінде  эпостық 
жырлар,  лирикалық  және  дидактикалық  поэзия,  музыкалық 
шығармалар  және  т.  б.  болған  Қазақстанның  ой  тарихындағы 
өзіндік  ежелгі  дәстүрі  бар.  Сонымен  қатар,  ойды  білдіретін 
формалар  ғана  емес,  дәстүрлі  қазақ  ой  өрісінің  негізі  өзінің 
тұтастығымен, адам мен әлем бірлігін ұғынумен ерекшеленді [34]. 
Қазақстанда Адам мен әлем болмысының тек рухани ғана емес, 
гносеологиялық, мәдени-антропологиялық және өзге де қырлары 
бойынша  зерттеулер  жүргізілген  және  жалғасып  та  келеді  [35]. 
Алайда  дәстүрлі  қазақы  ойдың  жаңғыруы,  рационализмнің 
жоғары  үлгілерін  қатар  қосқан  алдыңғы  философия  негізіндегі 
дәстүрлі ойдың дамуы сияқты басқа да басым бағыттар бар.
Заттардың  объективті  диалектикасын  терең  әрі  толық 
көрсетуге тырысқан диалектикалық логика саласында жүргізілген 
қазақстандық  зерттеулердің  нәтижесінде  категорияларға  өтуді 
нұсқау  барысында  кейбір  кемшіліктер  орын  алды.  Өйткені  бұл 
категориялық  өтулер  жалпыға  ортақ  әмбебап  ұғымдардың, 
олардың  өзара  шарттылығынан  және  «ұялы»  қағида  бойынша 
бірігуінің  күрделі  ара-қатынасынан  туындайды.  Осы  орайда,  су-
бординациясы абсолютті  салыстыра  тексерілген  философиялық 
ұғымдар жүйесін құру мүмкін емес. Ой өте күрделі жүйе, оның 
үстіне  әрбір  категория  әмбебап  болып  келеді  және  өзгелермен 
түрлі қатынасқа түседі. 
Бірақ  бұл  диалектикалық  логика  жүйесінің  ашықтығын, 
оның  жаңа  көкжиегі  мен  келешегін  білдіреді.  Оның  келешегі 
және  жалпы  диалектикалық  логика  саласындағы  зерттеулердің 
маңыздылығы  қандай?  Ол  кеңауқымды  және  сан  алуан.  Біз  тек 
кейбір тұстарын ғана қарастырамыз. 
Адамның  объективті  онтологиялық  негізін  анықтау  және 
өзінің рухани мен өмірлік қажетті саласын ажыратып алу маңызды 
яғни, Шәкәрім нұсқаған теорялық қиындықтарды түбегейлі жеңу 
керек. 
Тұтастай  алғанда,  онтологиядан  бастап  этикалыққа  дейінгі 
барлық  міндеттерді  біріктіріп,  руханиятты  бірыңғай  және 
тұтастай ұғыну қажет, сонымен қатар, адам болмысындағы табиғи 
және  рухани  бастаулардың  арақатынасының  нақты  заңдылығын 
орнатып, гносеология мақсатында қарама-қайшы бағытталған екі 
үдерісті (рухани және менталды) үйлестіру керек. 

289 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Егер  қазақстандық  диалектикалық  логика  тарихын-
да  өзіндік  бір  кемшіліктері  болса,  онда  оның  кез-келген  өзге 
философиялық жүйелерден айырмашылығы жоқ. Зерттеу бары-
сында  дүниетанымдық  мәселелердің  ауқымды  болуы  себебінен, 
бір  аспектке  аса  мән  беріліп,  келесі  бірі  назардан  тыс  қалуы 
мүмкін.  Бірақ  Қазақстан  философтарының  өзге  де  қызықты  әрі 
ерекше  идеялары  және  еңбектерімен  тарихтан  орын  алатындай 
жетістіктері де баршылық.
Осылайша,  диалектикалық  логика  еркіндікті  өзгенің 
жолындағы шығармашылық қызмет ретінде түсінді. Осынысымен 
экзистенциализмге  қарағанда  жағымды  саналды.  Ол  еркіндікті 
ұшы-қиыры  жоқ,  ұлы  дүние  ретінде  түсіндіргені  соншалық, 
тіпті  «еркіндіктің  құлына»  айналды,  адам  бассыздықтың,  шек-
тен  шығудың  билігі  аясындағы  қуыршақ  болды  (еркіндікті  осы-
лай түсіндірудің әлеуметтік-тәжірибелік зардабын бүгінде айқын 
көріп отырмыз).
Диалектикалық  логика  бойынша  еркіндік,  оны  «тұтас  сана-
лы» деген түсіндірмеге қарама-қайшы ұғым ретінде түсіндірілді. 
Болашақ адамның мұндай түсіндірмесі Шри Ауробиндоның су-
праменталды  йогасында  кезігеді,  мұнда  адамзат  алдына  барын-
ша  «саналы  болу»  міндеті  қойылды.  Мұндай  түсіндірме,  адам-
нан асып түсіп, оның жасанды интеллект иесіне айналатындығын 
пайымдайтындарға  тән.  Бірақ  адамды  тұрақсыз,  жасанды  жан 
иесі,  жансыз  роботқа  айналдырған  түсіндірмелерге  қарамастан, 
диалектикалық  логика  адамның  түпкі  мәнінің  барлық 
маңыздылығын түсінді. Олардың қатарына ол шығармашылықты 
(пәндік әрекеттің жоғары формасы), махаббат, жақындары жайлы 
қамқорлықты (қоғамдық адамның жоғары формасы) жатқызды.
Диалектикалық логика, әсіресе категориялар жүйесі ретінде, 
жоғары  интеллектуалды,  таза  теория  болды.  Қазақстандық  фи-
лософтар  диалектиканы  ұғынудың  жаңа  көкжиегін  аша  оты-
рып,  оны  ойлаудың  креативтілігін  дамытатын  мәнін  анықтады. 
Диалектиканың осылайша ұғыну арқылы жан-жақты ойлау сипа-
ты ашылады. Қанша дегенмен де, диалектикалық логика бойын-
ша  жұмыстар  дидактикалық  емес,  мазмұнында  іргелі  этикалық 
сипаттағы идеялар мен мәселелері бар адамгершілік сипатта. 
Бүгінде  философия  әлемінде  болып  жатқан  диалектикалық 
дискурстың  реконструкциясы  әлемдік  философиялық  сұхбатқа 
жол  ашатын  диалектикалық  логика  саласындағы  жұмыстардың 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
290
өзектілігі мен келешегін көрсетіп отыр. Диалектикасыз, мазмұнды 
логикасыз  танымның  терең  мәселелерін  шешу,  ірі  ғылыми 
теорияларды  жасаудағы  тәсілдер  жемісті  бола  қоймайды. 
Диалектикалық логиканың тәжірибесі жасанды интеллект фило-
софиясы, когнитивті ғылым, сана философиясы және т. б. сияқты 
заманауи салаларда ескерілу қажет. 
Ал  Қазақстандағы  диалектикалық  логика  саласындағы 
философиялық, мәдени, тіпті геосаяси зерттеулердің ортақ мәні 
келесіде жатыр. 
Диалектикалық  логика  батыс  мәдениетінің  классикалық 
типі  өткенге  кеткенде  дами  бастады.  Көптеген  салада 
психоаналитикалық стихия басым болды (Жиля Делез бен Пьер-
Феликса Гваттаридің сөзімен «фрейдо-лакандық оба»,). Батыстық 
ағымдар  негізінен  адамды  адамға  дейінгі  құрылым  мен  күйге 
түсірді. Психоанализ (дәстүрлі фрейдтік те, лакандық құрылымдық 
та) адам бойындағы табиғи бастаудың басымдығын байқады, ол 
мәдениетпен қарама-қайшылыққа түсіп, психологиялық күйзеліс 
пен  медициналық  патологияны  туындатады.  Бұл  ХХ  ғасырдағы 
ірі  бағыт  болып  табылған  философиялық  антропологияға  да 
қатысты, ол Арнольд Геленнен бастап, адам мәнісін хайуан мәніне 
теңестірді. Экзистенциализм адамның жеке болмысындағы өлім, 
жалғыздық, зарығу сияқты жағымсыз қырларға мән берді. Пост-
модернизм  адамзаттың  басты  белгісі  сөйлеу  болып  табылатын-
дай, көбіне тілге терең үңілді. 
Қазақстандық философия осындай еліктеушілікке берілмеді, 
тіпті  мән  де  бермеді.  Диалектикалық  логика,  әлемдегі  барлық 
дүниеге, тіпті адамға дейінгі болмыс пен адамның жалған руха-
ниятына  либералды  қараған  Батыстың  ұрынған  депрессиялық 
күйінен  айналып  өтті.  Диалектикалық  логика  классикалық 
тұрғыдан нағыз философиялық үлгі ретінде болды. Посткеңестік 
әлем  жеке  тұлғаның  тапқырлығы  гипертрофиясына  үңіле 
бастағанда (бұл негізінен артқа қадам жасау), диалектикалық ло-
гика нақты біртұтас классикалық жүйенің үлгісі болды. Мұндай 
әлі күнге дейін жоқ.
Әрине,  диалектикалық  логиканы  көптеген  кемшіліктері 
мен  кейбір  тарихи  өткінші  идеологемаларға  мән  бергені  үшін 
сынға  алуға  болады.  Бірақ  оның  үлкен  философия  екендігін 
жоққа  шығармауымыз  қажет.  Анығырақ  айтсақ,  адамның  үздік 
қабілеттерін дамытуға бағытталған Жоғары философия екендігін 

291 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
алға  тартуымыз  қажет.  Егер  батыстық  ой-өріс  адамның  деформа-
циясына  мән  берсе,  диалектикалық  логика–  жаңа,  үйлесімді  адам 
қалыптастыру  арқылы  әділ  қоғам  құруға  тырысты.  Батыс  фи-
лософиясымен  балама  дами  отырып,  кеңестік  дәуірдің,  соның 
ішінде  Қазақстанның  диалектикалық  логикасы  философиялық 
таным  ағашының  ерекше  бұтағы  болып  табылды.  Бұл  терең 
мазмұндылығы  және  рухани  мүмкіндігі  жағынан  ең  құнды  әрі 
болашағы зор философияның саласы болып табылады. 
Әдебиеттер
Шакарим. Записки Забытого // Абай. Книга слов. Шакарим. Запи-
ски Забытого. – Алма-Ата: «Ел», 1993. – С. 101, 102. 
2 Свасьян К. …Но еще ночь. О трех превращениях философии в Рос-
сии: Опыт биографического осмысления. – 
http://rvb.ru/swassjan/noch_
nacht/15.htm
3 Большая Советская Энциклопедия, Т.37. – М: ОГИЗ, 1938. – С.306.
Хайдеггер М. Письмо о гуманизме // Хайдеггер М. Время и бытие: 
Статьи и выступления. – М.: Республика, 1993. – С.207. 
5  Предмет  диалектической  логики  //  Диалектическая  логика:  об-
щие проблемы, категории сферы непосредственного. – Алма-Ата: На-
ука, 1986. 
Ленин В.И. Философские тетради. – Полное собрание сочинений. 
5-е изд. Т. 29. – М.: Политиздат, 1973. – C. 301. Об этом см. также: Касым-
жанов А.Х. Как читать и изучать «Философские тетради» В.И. Ленина. 
– М.: Политиздат, 1968.
7  Касымжанов  А.Х.,  Кельбуганов  А.Ж.,  Сатыбалдина  К.М.  «Круги»  в 
познании. – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1977.
Мукашев З.А. Преемственность в философии. – Алма-Ата: Наука, 
1973.
Абдильдин Ж. Развитие материалистической диалектики в Казах-
стане // Абдильдин Ж. Собрание сочинений в пяти томах. Том V. – Алма-
ты: Онер, 2001
10 Ильенков Э. Диалектика и герменевтика // Современные зарубеж-
ные концепции диалектики (Критические очерки). – М.: Наука, 1987. – 
С.138.
  11  Абдильдин  Ж.,  Касымжанов  А.,  Науменко  Л.,  Баканидзе  М.  Про-
блемы логики и диалектики познания. – Алма-Ата: Издательство Ака-
демии наук Казахской ССР, 1963. – С. 254.
12 Уорд Л. Психические факторы цивилизации. – СПб.: Питер, 2002. 
– С. 56.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
292
13 Науменко Л.К. Монизм как принцип диалектической логики. – 
Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1968.
14 Анализ и синтез // Диалектическая логика: Формы и методы по-
знания. – Алма-Ата: Наука, 1987. – С. 210.
15  Абдильдин  Ж.,  Нысанбаев  А.  Диалектико-логические  принципы 
построения теории. – Алма-Ата: Издательство «Наука» КазССР, 1973.
16 Абдильдин Ж. Проблема начала в теоретическом познании. – Ал-
ма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1967. По данной теме в 
Казахстане в те годы выходили и другие работы. См. напр.: Кармышев 
Г.П.,  Амантаев  Б.А.  Исходный  пункт  (начало)  логики  Гегеля  //  Фило-
софська думка. – № 4. – Киев: Издательство «Наукова думка», 1971.
17 Сабит М. О формировании философской школы Ж.М. Абдиль-
дина // Адам әлемi-Мир человека. – 2003. – № 1. – С. 38-39.
18  Ильенков  Э.В.  Космология  духа  //  Ильенков  Э.В.  Философия  и 
культура. – М.: Политиздат, 1991. – С. 419. 
19 Развитие // Диалектическая логика: Категории сферы сущности 
и целостности. – Алма-Ата: Наука, 1987.
20 История диалектики. В двух книгах. – Алматы: Институт фило-
софии и политологии МОН РК, 2000. 
21 Соловьева Г.Г. Негативная диалектика (два образа критической 
теории Т.В. Адорно). – Алма-Ата: Ғылым, 1990.; Современная западная 
философия (компаративистские исследования). В 2-х т. – 2-е изд., пере-
раб. и дополн. – Алматы: ИФПР КН МОН РК, 2012 и др. 
22  Абдильдин  Ж.  Формирование  логического  строя  мышления  в 
процессе практической деятельности: Введение // Абдильдин Ж. Собра-
ние сочинений в пяти томах. Том III. – С.135. 
23 Диалектика и этика / Под ред. Ж.М. Абдильдина и Л.М. Архан-
гельского.  –  Алма-Ата:  Наука,  1983.;  Акмамбетов  Г.Г.  Проблемы  нрав-
ственного развития личности. – Братислава, 1973 (на словацком языке).
24  Ротницкий  В.И.  Онтогенез  целеполагания  и  становление  нрав-
ственной личности // Диалектика и этика. – Алма-Ата: Наука. – С. 293-294. 
25 Капышев А., Колчигин С. Философия Грядущего. – Алматы: ТОО 
«Комплекс»,  1999;  М.:  Белые  альвы,  2006  (2-е  изд.);  София:  Хелиопол, 
2003 (на болгарском языке).
26  Нұрмұратов  С.  Рухани  құндылықтар  әлемі:  әлеуметтік-
философиялық талдау – Алматы: ҚР БҒМ Философия және саясаттану 
Институты, 2000. -180 б.
27 Ергалиев И. Философия как духовная деятельность. – Астана, Ака-
демия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 
2003. – 254 с.
28 Косиченко А.Г., Хамидов А.А., Колчигин С.Ю., Фидирко В.А. Филосо-
фия в духовном развитии человека. – Алматы: Компьютерно-издатель-
ский центр Института философии и политологии Министерства обра-
зования и науки Республики Казахстан, 2003.

293 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
29 Сейтахметов Н.К. Нравственный смысл германского идеализма. 
– Алматы: б/и, 2007.; Колчигин С. Разум и нравственность (Рецензия на 
книгу  Н.К.  Сейтахметова  «Нравственный  смысл  германского  идеализ-
ма») // Адам әлемi-Мир человека. – 2008. – № 4.
30 Әлжан Қ.Ұ. Институт ханства и батыры как символ духа степной 
демократии и свободы // Духовная жизнь Казахстана: история и совре-
менность.  Сборник  международной  научно-теоретической  конферен-
ции / Под общ. ред. З.К. Шаукеновой. – Алматы: Институт философии, 
политологии и религиоведения КН МОН РК, 2015. – С. 118-126. 
31 Сартаева Р.С. Экология человека, новая онтология и устойчивое 
развитие Казахстана / Под общ. ред. З.К. Шаукеновой. – Алматы: Ин-
ститут философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2012. 
– C.6.
32 Нысанбаев А.Н. Философия взаимопонимания. – Алматы: Глав-
ная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2001.
33  Сәбетқазы  Нұржакиянұлы  Ақатай  өз  еңбектерінде 
дүниетанымның осындай қырлары туралы айтып өткен болатын. 
34 Бояринов С.Ю. Когнитология. – Семипалатинск: б/и, 2004; Гаршин 
Р. Краткие тезисы к метатеории сознания и языка // Философия в совре-
менном мире: стратегии развития. Материалы I Казахстанского фило-
софского Конгресса (Алматы, 27-28 сентября 2013 г.). – Алматы: ИФиП 
КН МОН РК, 2013.
35 Қазақ философиясы тарихы. 5 томдық. 3 том. – Алматы, 2015. 
3.3 Ғылым философиясы және әдіснамасы мектебі 
Қазақстанның  кәсіби  философиясы  құрамындағы  «ғылым 
философиясы  және  әдіснамасы  (әдіснамасы)»  бағыты  ерекше 
орын  алады.  Нақтырақ  айтқанда,  Қазақ  КСР  ҒА-ның  Филосо-
фия  және  құқық  секторы  1958  жылы  Философия  және  құқық 
институтына  айналып,  осы  институттың  ғалымдары  ғылым 
әдіснамасы  мәселелерімен  белсенді  түрде  айналысуға  кіріскен 
еді. Ж.М. Әбділдин, Г.А. Югай, Ә.Н. Нысанбаев, К.Х. Рахматул-
лин,  М.  Сәбит,  А.Г.  Косиченко,  Р.Қ.  Қадыржанов,  М.З.  Изотов, 
З.А.  Мукашев,  М.Ш.  Хасанов,  А.А.  Хамидов,  М.С.  Орынбеков, 
С.Е.  Нұрмұратов,  Н.  Мукитанов  М.С.  Шайкемелев,  Р.С.  Сар-
таева  және  тағы  басқа  кәсіби  философтар  жаратылыстанудың 
философиялық мәселелерін (ол кезде ғылым және философия-
сы әдіснамасы осылай аталатын) жүйелі әрі өнімді түрде ғылыми 
тереңдікпен зерттей бастады.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
294
Қазақстандағы  кәсіби  философияның  қалыптасуы,  дамуы 
және  өрбуі  арқасында  академиялық  зерттеулердің  нәтижесі 
ретінде  өткен  ғасырдың  50-60  жылдары  ғылым  философия-
сы  бағыты  орнықты  орын  ала  бастады.  Ғылым  философия-
сы  –  ғылымның  қалыптасуы  мен  дамуының  жалпы  құрылымы 
мен  заңдылығы  ретіндегі  өзіндік  зерттеу  пәні  бар  философия 
саласының  бір  бөлігі  болып  табылады  және  ол  қазіргі  постин-
дустриалды  қоғамның  инновациялық  жүйесінің  негізі  болып 
келеді.  Ғылым  философиясы  қазіргі  тарихи  кезеңде  өзінің 
өзектілігін  танытуда  және  ол  барлық  ғылым  салаларының 
мамандарының  ғылыми  зерттеулерінің  теориялық-әдіснамалық 
және гуманитарлық платформасына айналғаны белгілі.
Жаратылыстану ғылымдары мен философиялық зерделеудің 
арасындағы  байланыс  сыни  диалектикалық  ойлаудың 
біртұтастық,  қайшылық  даму,  нақтылық,  нақты  тарихилық, 
абстрактіліктен  нақтылыққа  қарай  өрлеу  сияқты  ұстындарын 
өрбіту  арқылы  жүзеге  аса  бастады.  Қазақстандық  ғылымның 
философ-әдіснамашылары  ғылымдағы  шығармашылық  ойлау 
стилін қалыптастыру идеясын жан-жақты тұжырымдау арқылы 
ұсынды. Даму мен қозғалыстың негізі ретінде өмірдегі, қоғамдағы 
диалектикалық  қайшылықтардың  шешіміін  табу  қажеттілігі 
айтылды.  Шындықты  танудың  негізгі  ұстыны  ретінде  кез  кел-
ген нысанды, пәнді жан-жақты қарастыру, біртұтастықта зерде-
леу,  ішкі  байланыстарын  анықтау  арқылы  оның  қозғалысының 
тұрақтылығын бағамдау сияқты дүниелер ұсынылды. 
Қазіргі ғылыми кеңстіктегі ғылыми танымға деген түбегейлі 
бетбұрыс  өткен  ғасырдың  70-жылдары  жасалып,  логикалық-
әдіснамалық  мәселелерді  ақадемиялық  сипатта  жүйелі  түрде 
зерттеулер  жүргізу  1974  жылдан  басталды  деуге  болады.  Осы 
мақсаттта  Ұлттық  ғылым  академиясының  Философия  және 
құқық инститтуында арнайы жаратылыстанудың философиялық 
мәселелері бөлімі ашылды (кейін 1996 жылы ғылым мен техника 
философиясы деп аталды). 
Оны  Қазақстан  Республикасы  бүгінгі  күнгі  ҰҒА-ның 
академигі, көрнекті қазақстандық ғалым Ә. Нысанбаев басқарды 
және қалыптастырды. Сөйтіп, отандық профессор ғылым филосо-
фиясы саласы бойынша қазақстандық мектептің көшбасшысына 
айналды.  Оның  ғылыми  жетекшілігімен  қырық  жыл  ішінде  67 
ғылым  докторлары  және  78  ғылым  кандидаттары  тәрбиеленіп 

295 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет