Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет28/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандық философиялық конгресте білдірілсе, оның алдын-
да  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасының  ауқымында 
көптеген  ең  белгілі  туындылар,  іргелі  философиялық  еңбектер 
қамтылды,  алғашқы  рет  мемлекеттік  тілде  жарық  көрінген 
«Философиялық  энциклопедиялық  сөздікте»[3]  түсініктемелер 
берілді. . 
Тарихи-философиялық 
процестің 
барлық 
кезеңдері 
бірдей  деңгейде  ашыла  алмады.  Мұны,  бір  жағынан,  тари-
хи  –  философиялық  процестің  барлық  кезеңдеріне  арналған 
зерттеулердің,  тіпті  үзінділер  түрінде  болса  да,  бір  томда 
объективті түрде орналастыру қиын екендігімен түсіндіруге бо-
лады. Екінші жағынан, философия тарихының барлық кезеңдері 
қазақстандық  ғылымда  бірдей  дәрежеде  зерттелмеген.  Егер 
бұрын басты назар классикалық философияға, әсіресе, немістің 
трансцендентальдық  идеализміне  және  маркстік-лениндік 
философияға  аударылса,  онда  қазір  қазақ,  шығыс,  түрік,  орыс 
философиясына, классикалық емес және постклассикалық емес 
философияны зерттеу алдынғы қатарға шығып отыр. Егер қазақ 
философиясына  қатысты  объективті  түрде  қызығушылық  жал-
пылама еңбектердің шығуымен жәрне олардың кәсіби деңгейінің 
биіктігімен көзге түссе, онда классикалық және постклассикалық 
емеске қатынасты, сонымен бірге түрік пен орыс философиясына 
байланысты түбегейлі еңбектер тәуелсіз дәуіріне дейін жеткіліксіз 
болды. 
Философия  тарихын  айрықша  ғылым  және  мәдениет 
феномені  ретінде  түсінудегі  көптеген  пікірталастардың  түп-
тамыры тұр, мұнда екі бағыт – конвергенттік және дивергенттік, 
бірлік  пен  көптүрлілік,  Шығыс  пен  Батыс,  философия 
тарихындағы  және  оның  философиялық  дискурстарындағы 
классикалық  және  классикалық  емес  ұстындар  бір-бірімен 
пікір  таластыру.  Қазақстанда  әзірше  философия  тарихының 
әдіснамалық  мәселелерімен,  оның  мәнін  айқындаумен,  фило-
софияны  ұлттық  және  ұлттықтан  тыс  феномен  ретінде  зерт-
теумен  және  т.  б.  әлі  аз  айналысады.  Сондықтан  қазақстандық 
философия тарихының өзекті зерттеу өрісін көрсету болашақта 
маңызды. Елімізде философия тарихы ғылымының осы саласына 
деген ғылыми қызығушылықты арттыруға мүдделіміз. 
Қазақстандық  философия  тарихында  ортағасырлықты  ны-
саналы  дербес  зерттеу  дәстүрі  қалыптаспаған,  бірақ  арабтілді 
ортағасырлықты зерттеу дәстүрі анық байқалады; егер Қазақстан 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
258
территориясы  –  ислам  таралуының  аймағы  екендігін  ескерсек, 
бұл  әбден  заңды.  Ислам  философиясы  осы  аймақта  таралған 
философиялық  ойға  өзінің  ықпалын  тигізді,  оның  үстіне 
ортағасырлық ислам философиясы, Шығыс пен Батыстың тарихи 
сұхбатын жүзеге асыра отырып, әлемдік философия қазынасына 
оның  жарқын  беттерінің  бірі  ретінде  енді.  Ислам  қазіргі 
қазақстандық қоғам дүниетанымының тарихи қалыптасқан бөлігі 
болып табылады, оған қоса дүниежүзілік сахнада оның ықпалы 
барған сайын артып келеді. Сондықтан Қазақстан ғылымында ис-
лам мәселесіне, оның философиясы мен тарихына қызығушылық 
объективті  түрде  артуда,  ал  Қазақстанның  және  басқа  елдердің 
геосаяси  мүдделерін,  және  де,  оның  ажырамас  бөлігі,  дін  бо-
лып  табылатын,  мәдениеттегі  қайшылықтарды  ескерсек,  бұл 
қызығушылық онан сайын өзекті бола бермек.
 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кәсіби философтардың 
шығармашылығынң нәтижесі қазақ мәдениетінің философиялық 
тілі қалыптасуының, философиялық категориялық аппаратының 
жетілуінің  күрделі  кезеңі  болғанын  айғақтайды.  Оларда  моно-
идеология  қысымынан  босаған  еркін  түрде  қазақ  халқының 
философиялық  мұрасын  зерттеу,  оның  қатып-семіп  қалған 
үлгілерінен арылып, қазақ философиясын жаңа дүниетанымдық 
тұғылар  тұрғысынан  қарастыру  талпынысы  жасалды.  Осының 
бәрі қазақ философиясы тарихын зерттеудің деңгейі үшін бағалы 
тірек қызметін атқарады [4]. 
Кеңес  Одағында  қазақ  эстетикасы  қайшылықты  жағдайда 
дамыды. Бір жағынан, «мазмұны социалистік, формасы ұлттық 
мәдениет» дегенді басшылыққа алған тоталитарлық жүйе ұлттық 
көркем  өнер  түрлерін  зерттеуге  шек  қойды.  Екінші  жағынан, 
«жан-жақты  жетілген  адам»  дегенді  мұрат  тұту  білім  беру  мен 
эстетикалық  тәрбиеге  назар  аудартты.  Бұл  дәуірде  көптеген 
ғалымдар мен өнер қайраткерлері қазақ халқы өнерінің тарихы 
мен типтік ерекшеліктерін зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Олардың 
қатарында М.О. Әуезовтың, Ә.Х. Марғұланның, Е. Ысмайыловтың, 
М.  Қаратаевтың,  М.  Базарбаевтың,  Қ.  Жұмалиевтің,  А. 
Жұбановтың, Б. Ерзаковичтің. Ә. Қоңыратбаевтың, т.т. еңбектерін 
атап өтуге тұрады. 
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  Қазақстанда  кәсіби 
философиялық-эстетикалық 
бағыт 
қалыптаса 
бастады. 
Идеологиялық  қысым  жағдайында  қазақ  эстетиктері  /Б.Р. 

259 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Қазыханова,  Қ.Ш.  Нұрланова,  Е.  И.  Байзақов,  С.  Ақатаев,  М. 
Қаратаев,  Е.  Тұрсынов,  М.М.  Әуезов,  Ә.  Мұхамбетова  және  т.т. 
ұлттық  тарихи-мәдени  мұрадағы  көркем  мәдениеттің  өзіндік 
болмысына  теориялық  талдау  берді.  Әкімшіл-әміршіл  жүйе 
осы авторлардың бір тобы дайындаған көшпелілер эстетикасы-
на  қатысты  монографияны  таратуға  тыйым  салды.  Дегенмен, 
Қазақстан  Республикасында  эстетикалық  зерттеулер  әлемдік 
жаңа  өркениеттілік  құндылықтарды  қабылдау  және  ұлттық 
мәдени мұраны жаңғырту аясында өрістеді.
Қазақ халқының дәстүрлі өнері мен оның тарихи типтерін, 
ұлттық  ойлаудың  көркем  негіздерін,  көркем  мәдениеттегі 
құндылықтар  жүйесін  және  категорияларын  эстетикалық 
тұрғыдан  зерттеген  ғалымдардың  арасында  Қ.  Нұрланованың, 
Б. Қазыханованың, Ғ. Есімнің, М. Балтабаевтің, Г. Шалабаеваның, 
С.  Ақатайдың,  Мирлан  Қаратаевтің,  Т.  Қоңыратбаевтың, 
А.  Сейдімбектің,  М.  Мағауиннің,  Ә.  Әлімжанованың,  т.  т. 
еңбектерін  атап  өткен  жөн.  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінен  ба-
стап  Батыс  елдерінде  эстетиканың  дамуы  постмодернистік 
бағытпен  тығыз  байланысты  болды.  Қазақстанда  бұл  бағытта 
ұтымды  шығармаларымен  көзге  түсіп  жүрген  авторлардың 
арасында  Б.  Нұржановтың,  Ә.  Қодардың,  Н.  Садықовтың,  Ж. 
Баймұхамбетовтың,  О.  Аринованың,  т.  б.  есімдерін  еске  алуға 
тұрады.
Кеңес  Одағында  қазақ  эстетикасы  қайшылықты  жағдайда 
дамыды. Бір жағынан, «мазмұны социалистік, формасы ұлттық 
мәдениет» дегенді басшылыққа алған тоталитарлық жүйе ұлттық 
көркем  өнер  түрлерін  зерттеуге  шек  қойды.  Екінші  жағынан, 
«жан-жақты  жетілген  адам»  дегенді  мұрат  тұту  білім  беру  мен 
эстетикалық  тәрбиеге  назар  аудартты.  Бұл  дәуірде  көптеген 
ғалымдар мен өнер қайраткерлері қазақ халқы өнерінің тарихы 
мен типтік ерекшеліктерін зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Олардың 
қатарында М.О. Әуезовтың, Ә.Х. Марғұланның, Е. Ысмайыловтың, 
М. Қаратаевтың, М. Базарбаевтың, Қ. Жұмалиевтің, А. Жұбанов-
тың,  Б.  Ерзаковичтің.  Ә.  Қоңыратбаевтың,  т.т.  еңбектерін  атап 
өтуге тұрады. 
ХХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда кәсіби фило-
софиялық-эстетикалық бағыт қалыптаса бастады. Идеологиялық 
қысым  жағдайында  қазақ  эстетиктері  Б.Р.  Қазыханова,  Қ.Ш. 
Нұрланова, Е. И. Байзақов, С. Ақатаев, М. Қаратаев, Е. Тұрсынов, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
260
М.М.  Әуезов,  Ә.  Мұхамбетова,  т.т.  ұлттық  тарихи-мәдени 
мұрадағы  көркем  мәдениеттің  өзіндік  болмысына  теориялық 
талдау берді. Әкімшіл-әміршіл жүйе осы авторлардың бір тобы 
дайындаған  көшпелілер  эстетикасына  қатысты  монографияны 
таратуға тыйым салды. 
Қазақстан  Республикасында  эстетикалық  зерттеулер 
әлемдік  жаңа  өркениеттілік  құндылықтарды  қабылдау  және 
ұлттық  мәдени  мұраны  жаңғырту  аясында  өрістеді.  Қазақ 
халқының  дәстүрлі  өнері  мен  оның  тарихи  типтерін,  ұлттық 
ойлаудың көркем негіздерін, көркем мәдениеттегі құндылықтар 
жүйесін  және  категорияларын  эстетикалық  тұрғыдан  зерттеген 
ғалымдардың  арасында  Қ.  Нұрланованың,  Б.  Қазыханованың, 
М.  Балтабаевтің,  Г.  Шалабаеваның,  С.  Ақатайдың,  Мирлан 
Қаратаевтің, Т. Қоңыратбаевтің, А. Сейдімбектің, М. Мағауиннің, 
Ә. Әлімжанованың, т.т. еңбектерін атап өткен жөн. ХХ ғасырдың 
соңғы  ширегінен  бастап  Батыс  елдерінде  эстетиканың  да-
муы  постмодернистік  бағытпен  тығыз  байланысты  болды. 
Қазақстанда бұл бағытта ұтымды шығармаларымен көзге түсіп 
жүрген авторлардың арасында Б. Нұржановтың, Ә. Қодардың, Ә. 
Наурызбаеваның, Н. Садықовтың, Ж. Баймұхамбетовтың және т. 
б. есімдерін атап өтуге болады.
Егемен  Қазақстан  қазақ  халқының  төлтума  және  бай 
мәдениетіне  көңіл  бөлуі  керек,  оның  тарихи  жетістіктеріне 
негізделген  қоғамдық  сананы  қалыптастыруы  қажет,  шексіз 
дала  кеңістігінде  өмірге  келген  рухани  мәдениетті  жастар  сана-
сына сіңіру қажет деген пікір жиі айтылады. Сонымен бірге ба-
тыс  философияның  керегі  жоқтығы  деген  сыңаржақты  пікір 
жастардың, батыс мәдениеті және батыстық өмір үлгілеріне жап-
пай  әуестенуінен  туындаған  қауіптің  салдары  екендігі  белгілі. 
«Батыстан да, Шығыстан да мәдени байлықтардың құндысын алу 
керек және алдымен өзіміздің төлтумалығымызды өрбітуіміз ке-
рек» деген ұстаным орынды.
Әрине  Қазақстандағы  қазіргі  мәдениеттің  дамуы  ұлттық 
мәдениетке шынында да қауіп төндіреді және мәдени дамудың 
батыстық үлгісінің, әсіресе, бұқаралық мәдениеттің басымдылық 
танытуына жеткізуі мүмкін. Бірақ бұл қауіпті, өз аумағынан тым 
алыс  тарап  кеткен  мәдениетті  толық  жоққа  шығарумен  және 
оны  оқшаулаумен  жоюға  болмайды.  Қазіргі  жаһанданушы 
әлемде,  Интернет,  теледидар,  радио  сияқты  коммуникация 
құралдарының  түрлері,  халықаралық  байланысты  жүзеге  асы-

261 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ратын,  аудио  және  видео  техникалық  құралдар  осыны  жүзеге 
асыруға мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл бос әуре болып шығады.
Ұлттық  мәдениеттің  рөлі  мен  маңыздылығына  күмән 
келтірмей,  тәуелсіз  Қазақстан  жағдайында  оның  құндылығы 
мен  жетекші  қызметі  аксиома  екендігі  және  оның  өзі  мемле-
кет саясатында басымды бағыт екендігін айта отырып, сонда да 
Қазақстанның  әлемдік  мәдени  кеңістікке  ұмтылуын  ескерсек, 
осындай  қағидалардың  өрісінің  тар  екендігін  мойындау  керек. 
Тұтас  алынған  дүниежүзілік  мәдени,  жекелей  алғанда  тарихи-
философиялық  процестен  түбегейлі  оқшаулану  түбірінен 
қате.  Адамдарды  бір-бірінен  жаттануына  постиндустриалдық 
қоғам, тұтынушылық қоғам және технократизм шындығы алып 
келді  және  үдеріс  жеке  және  қоғамдық  сананың  дамуына  өз 
ықпалдарын тигізуде.
Қазақстандағы  қоғамдық  сананы  әлемдік  философиялық 
мәдениет  жетістіктерінен  саналы  түрде  шектелген  зияткерлік 
кеңстіктің  ұтары  аз,  бірақ  дегенмен  сыни  көзқарастан  өтпеген 
ақпараттарды  жинақтай  берсек,  онда  болашақ  дамудан 
айырылған мәдениеттің теріс өнімдерімен пайдалануға ғана ша-
мамыз  жетеді.  Сондықтан  Қазақстанның  қазіргі  мәдениетінің 
ұлттық  рухани-мәдени  тамырларын,  Ұлы  Даланың  даналығын 
көздің  қарашығындай  сақтай  отырып,  Қазақстанның  бүгініне 
айналатын  сондай  мәдениет  пен  сондай  дәстүрді  көрсететін, 
философиялық ойдың жаңа лептері мен көкжиектеріне ұмтылған 
абзал.
Әдебиеттер
 1 Институт тарихы: негізгі оқиғалар хроникасы // Шаукенова З.К., 
Киринициянов Ю.И. Философиялық сұхбат мүйісі (Философия, саясат-
тану және дінтану институтының 55 жылдығына арналған). – Алматы: 
ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. – 220 б.
 2 Ғылым философиясының қазақстандық мектебі // Философиялық 
энциклопедиялық сөздік. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану 
және дінтану инсттуты, 2013. – 527 б.
 3 Философиялық энциклопедиялық сөздік. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК 
Философия, саясаттану және дінтану инсттуты, 2013. – 527 б.
 4 Идеялар. Концептілер. Тағдырлар. Философия және саясаттану 
институтына – 50. – Идеи. Концепты. Судьбы. Институту философии и 
политологии – 50. Алматы: КИЦ ИФП МОН РК, 2008. – 266 б.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
262
3.2  Алматыдағы  диалектикалық  логика  мектебі  (ХХ  ғ. 
екінші жартысы ) 
3.2.1 
Қазақстандағы 
диалектикалық 
логиканың 
қалыптасуының тарихи-мәдени алғышарттары.
ХХ ғасырда көптеген философиялық бағыттар пайда болып, 
дамыды.  Олар:  феноменология,  іргелі  онтология,  өзара  түсінісу 
философиясы, түркі философиясы, қазақ философиясы, филосо-
фиялық  антропология,  позитивизмнің  түрлері,  неотомизм,  эк-
зистенциализм  және  т.  б.  Бұл  кезеңде  ірі  әлемдік  деңгейдегі 
ойшылдардың шығармалары дүниеге келді. Олардың қатарында 
–  Эдмунд  Гуссерль,  Мартин  Хайдеггер,  Теодор  Адорно,  Анри 
Бергсон,  Этьен  Жильсон,  Жан-Поль  Сартр,  Алексей  Лосев  және 
өзге де бірқатар әлемдік деңгейдегі философтар бар. 
  ХХ  ғасырда  ғылым  саласында  түбегейлі  өзгерістер  орын 
алды,  ескі  ұғымдар  мен  түсініктерді  қайта  қарайтын  ғылыми-
техникалық революция (ҒТР) жүзеге асты. Жиырмасыншы ғасыр-
дағы ғылымның басты үдерісі мен бағыты оның интегративті зерт-
теу бағыты ретінде ғылыми пәндердің ауқымында пайда болған 
теориялар мен жаһандық жиынтық болып табылуында еді. 
Осымен  қатар,  өткен  ғасырдың  50-ші  және  60-шы  жылдары 
мәдениетте екі бағыт гүлдене түсті: бір жағынан, ғылымның даму 
барысындағы  формалистік  әдістер  мен  неопозитивистік  және 
сциентистік  бағыттағы  тұжырымдамалар;  екінші  жағынан,  (осы 
формалдік  ағымдарға  деген  реакция  ретінде)  антисциентизм 
және иррационализм көрініс берді.
Кеңес Одағында жетпіс жылдан аса философиялық материа-
лизм философиялық идеализмге саяси тұрғыдан қарсы қойылды. 
Біріншісі,  пролетарлық  қалың  бұқара  мен  оның  өкілдерінің 
санасының  теориялық  көрінісі  болса,  екіншісі,  буржуазия  мен 
оның өкілдерінің теориялық көрінісі болып табылды. КСРО-дағы 
басты идеология марксизм-ленинизм болды, яғни ХІХ ғасырдағы 
неміс ойшылы Карл Маркс негізін қалап, ресейлік ойшыл және 
саяси қайраткер, коммунистердің көшбасшысы Владимир Ленин 
ары қарай жалғастырған ілім болатын. 
Бұл  ойлау  жүйесіне  онтологиялық  және  хронологиялық 
тұрғыдан  да  алғашқы  болып  табылатын  болмыс  (ең  басты-
сы,  қоғамдық  болмыс)  арқылы  анықталады  деп  алға  тартатын 

263 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
материалистік  ілім.  Болмыс,  кейбір  түрлі  бағыттағы  идеалист 
–  философтар  пайымдағандай,  ойлар  проекциясы  емес,  нағыз 
шынайылық  болып  табылады.  Сондықтан  да,  адамзат  тари-
хы  қоғамдық-тарихи  формациялардың  алға  бағытталған  ауы-
сымы,  идеялар  сабақтастығы  емес,  адамдардың  экономикалық 
қатынастарының  нақты  дамуы  еді.  Егер  де  идеализм  болмысты 
туынды  ойлар  ретінде  түсіндірсе,  онда  ол  күшті  қажет  ететін 
жұмыспен  емес,  материалды  өмірден  ада,  еркін  ойлайтын 
қоғамдық топтардың (таптар) санасын көрсетіп отырғаны. 
Кеңес  Одағында  Карл  Маркстың  еңбектері  адамзат 
тарихыныңы  ұлы  жетістігі  ретінде,  яғни  қоғамның  адамзат 
бауырмалдығының  әділ,  үйлесімді  типіне,  яғни  коммунизмге 
талпынған қадамдарының негізі ретінде бекер жоғары бағаланған 
жоқ.  Кезінде  ол  утопия  деп  саналса,  ал  кеңестік  мемлекет  пен 
социалистік құрылыс жағдайында Күн қаласының жүзеге аса ала-
тын мұратына айналған болатын. 
КСРО  идеологиясы  мен  саясатында  Маркстың  ісін 
жалғастырушысы  және  маркстік  теорияны  жұмысшылар 
табының  революциялық  күрестің  нақты  тәжірибесіне  айналды-
рып, бұрындары болмаған жаңа жұмысшылар қоғамын құрушы 
ретінде  Владимир  Ильич  Лениннің  рөлі  зор  болды.  Филосо-
фия  саласындағы  Лениннің  маңызды  еңбектерінің  бірі  «Мате-
риализм  және  эмпириокритицизм»  болды,  бұл  кітап  жарқын 
публицистикалық  стильде  болса,  «Философские  тетради»  –  ой 
тарихындағы  классиктер  шығармаларының  жинағы;  «Государ-
ство и революция» – әлеуметтік-философиялық және әлеуметтік-
тәжірибелік сипаттағы шығармалар.
Алғашқы екі кітабында Ленин философиялық материаизмнің 
дүниетанымдық 
және 
әдіснамалық 
негіздерін 
қорғап, 
классикалық  философиялық  мұралардың,  әсіресе,  Гегель 
еңбектері ерекшеліктерінің маңыздылығын атап өтті, ал «Государ-
ства  и  революция»  еңбегінде  болмыс  пен  мемлекеттік  биліктегі 
институттардың болашақ тағдыры жайлы Карл Маркс пен оның 
серіктесі Фридрих Энгельстің идеялары ары қарай дамытылды. 
Марксизм-ленинизм  классиктерінің  барлық  әрекеттері  осы 
жоғары  құндылыққа  ие:  олардың  мазмұнында  әлеуметтік-саяси 
және  гуманистік  сипаттағы  нақты  және  келешекке  қажет  идея-
лар болды. Алайда, кеңестік елдің ресми идеологиясына айнала 
отырып,  олар  қатып  қалған  догмаларға  айналды.  Нәтижесінде 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
264
түбегейлі  мазмұны  жойылды:  үлкен  идеялар  жоғарыдан 
міндеттелген  ұрандар  мен  декларацияға,  ұстанымдарға  ай-
налды.  Сондықтан  да,  ондаған  жылдар  өткенмен  де,  былайша 
айтқанда  «Қайта  құру»  кезеңінен  бастап,  кеңестік  қоғамда  көбі 
марксизмді қалыптаса алмаған ілім ретінде әлемдік философия 
мен мәдениеттің жиегіне, шетіне ысырып қойды.
Бір  қызығы,  мұның  бәрі  Маркс  қағидасына  сәйкес  жүзеге 
асты: яғни қоғамдық сана қоғамдық болмыс арқылы анықталады. 
Басқаша  айтқанда,  әлеуметтік-экономикалық  ұстанымдар 
өзгерісімен,  бұрынғы  кеңес  адамдарының  да  бір-біріне  және 
қоршаған ортасына деген қатынасы да өзгере бастады. Бір кездері 
кеңес  халқы  бір-біріне  қарсы  күресуші  этностар,  қарсылас 
әлеуметтік топтар, идеялық оппонентте, әке мен балалардың бір-
бірін түсінуден қалған ұрпақ ретінде болған еді. 
КСРО-дағы  ресми  сипаттағы  философия  мен  ортодоксалды 
марксизмнің  арасында  қашан  да  өзге  философия  болатын.  Бұл 
халықтық  сананың,  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  анықтауы  мен  еркін 
ойлауының  арасынан  шығып,  саяси  конъюктура,  шенеуніктер 
мен  партиялық-мемлекеттік  директиваға  деген  реакция  ретінде 
болды. 
Қазақстанға қатысты келетін болсақ, билік құрылымдарының 
үстемдігінен  еркін  философияның  маңызды  алғышарты 
халықтық дүниетанымдық стихия мен қазақ халқының дәстүрлі 
ойлары болды. Ол өзінің әлемге деген қатынастар типімен және 
ғылыми-ағартушылық  ұстанымдарымен  ерекшеленді  (мысалға, 
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев). Қазақ 
философиясының  тарихына  көз  жүгіртсек,  басты  талаптардың 
ретінде  руханиятқа,  ар  мен  ақылға,  ғылым  арына  (Шәкәрім 
Құдайбердиев бойынша) шақыру болды[1]). Қазақы дүниетанымда 
этикалық  бастау  альфа  мен  омега  сияқты  қызмет  атқарды. 
Дәстүрлі қазақ қоғамының  басты негізі  адамгершілік сезімі мен 
адамгершілік  тәрбие  болды,  басты  құндылық  ретінде  білім  мен 
ағартушылық мойындалды. Осы орайда, қазақстандық философ-
тар ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап, диалектикалық ло-
гика  мен  ғылым  философиясы  мәселесімен  айналысып,  қазақы 
классикалық дәуірдің өсиетін орындады. 
Бүгінде  кеңестік  кезеңдегі  дүниенің  барлығы  үлкен  сынға 
ұшырауда.  Алайда,  кеңестік  кезеңдегі  философияның  үлкен 
жетістіктерін  ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  мысалға,  Карен 
Свасьян, бұрынғы кеңестік, қазірде швейцариялық ойшыл өзінің 

265 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ойларында  былай  деп  мойындайды:  «…Ильенков,  Библер,  Ще-
дровицкий, Мамардашвили, ағайынды Давыдовтардың (Василий 
Васильевич және Юрий Николаевич) марксизмі – бұл «тылдағы» 
кейде  Корш,  Райх,  Лефевр,  Альтюссердің  жалған  марксизміне 
қарағанда,  «майдангерлердің»  марксизмі,  батырлық  марксизм» 
[2,  308  б.].  Сонымен  қатар,  былайша  өз  ойын  жалғастырады: 
кеңестік  философиясында,  «қараңғылық  ішіндегі  бір  сәуле  сын-
ды»  бірқатар  топтар  болды,  өзіндік  ішкі  эмиграция.  «Атақты 
Аверинцев,  Лотман,  Щедровицкий,  Пятигорский,  Мамардаш-
вили, Гайденко және өзгелердің де есімін еске түсірген <…> Осы 
бір философияның шыңында тұрған ойшылдардың мақалалары 
мен дәрістері қарапайым кітаптардан әлдеқайда жоғары тұрды. 
Бұл  арнайы  қойма  мен  тыйымдардың  аясында  Еуропаға  деген 
философиялық терезе, батысқа қарсы үндеу ретінде болды …» [2, 
312 б].
Кеңестік  кезеңдегі  ойшылдардың  шығармашылық  еркіндігі 
мен  зерттеу  шыңдары  хрущевтық  биліктің  неғұрлым  «жұмсақ» 
кезеңі мен брежневтық «тоқырау» заманына сәйкес келді. Ендігі 
тұста, халықаралық және ішкі қиындықтарға соқтырған, сталиндік 
билік кезеңіндегі сияқты өзгеше көзқарастардағыны қудалау орын 
алмады. 50-ші жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың басында 
Қазақстанда  ғылымның  нағыз  гүлдену  кезеңі  басталады,  Ғылым 
Академиясы қызмет етіп, ғылыми танымның түрлі саласындағы 
ғылыми  мектептер  мен  бағыттар  қалыптаса  бастайды.  Сөйтіп, 
1958  жылы  Алматыда  Философия  және  құқық  институтының 
негізі қаланды. 
КСРО-ның жаппай тоғышарлыққа ұшыраған өзге әлеуметтік 
ұстанымдарға  тән  эмпирикалық  өмірден  асыра  түскен, 
философиялық және метафизикалық мақсаттары мен міндеттері 
бар мемлекет болғанын айтсақ, артық болмас. Ал осы мақсаттардың 
толық  және  қажет  деңгейде  орындалған,  орындалмағаны  өзге 
мәселе.  Бірақ  әділ  пайымдау  үшін,  социализмнің  атасы  мен 
КСРО-ның  жетекшілері  философиядан  алыс  емес  болғандарын 
атап  өткен  жөн,  олар:  Карл  Маркс,  Фридрих  Энгельс,  Георгий 
Валентинович Плеханов, Владимир Ильич Ленин, Анатолий Ва-
сильевич  Луначарский,  Александр  Александрович  Богданов… 
Өз  қызметтерінде  олар  белгілі  бір  дүниетанымдық,  әлеуметтік-
философиялық,  тіпті  философиялық-онтологиялық  негізге 
сүйенді. Бұл тарихтағы ерекше оқиға. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
266
Философия  КСРО-ның  ресми  идеологиясы  болды,  тіпті 
Платонның  философтар  мемлекеті  жайлы  ойы  жүзеге  асқан 
іспетті. Мектептер мен жоғары оқу орындарында философия пәні 
жүргізіліп,  марксизм-ленинизм  классиктері  еңбектері  зерттелді 
және конспектіленді (кейде тіпті шектен тыс). Кәсіби философтың 
дәрежесі  биік  болып,  философиялық  факультеттерге  деген 
конкурс  та  өте  жоғары  болды.  Кеңес  Одағының  Коммунистік 
партиясының  Орталық  Комитеті  аясындағы  марксизм-лени-
низм  Институты,  Ресей  ғылым  академиясындағы  философия 
Институты,  қазақстандық  философия  және  құқық  Институты, 
және  т.  б.  сынды  ұйымдар  өте  жоғары  беделде  болған  еді.  Бұл 
бір ғажайып сияқты. Өзге қандай бір қоғамда тұтас философия 
институтын  кездестіруге  болады?  Әрине,  олар  елдің  ресми  иде-
ологиясына қызмет етуге міндетті еді, дегенмен еркін ойлау мен 
шығармашылық ойдың нағыз аралына айналды. 
Қазақстандағы  кәсіби  философияның  дамуына  ықпал  еткен 
ресейлік  әріптестердің  жігерлендіруші  рөлін  ұмытпаған  жөн. 
Мысалға, қиын-қыстау әскери қырқыншы жылдары біздің астана-
мыз болып келген Алматыда КСРО Ғылым Академиясының фило-
софия Институтының филиалы жұмыс істеп тұрды. Әлемдік фи-
лософия тарихының жаңаша қырларымен сол кезде танымал фи-
лософ Бернард Эммануилович Быховский өзінің әріптестерімен 
айналысқан  еді.  Кейіннен,  соғыс  аяқталғаннан  кейін,  Алма-
тыда,  Сергей  Миронович  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 
университетінде философиялық факультет ашылып, 30-40 жыл-
дары  Ресейдің  орталық  аудандарынан  атақты  философтар  мен 
педагогтар дәріс берді, олар: Михаил Никифорович Чечин, Ни-
колай  Петрович  Дардыкин  –  олардың  барлығы  қазақстандық 
шәкірттерінің жадысында өз естеліктерін қалдыра білді.
Философия  және  құқық  институтына  келетін  болсақ,  оның 
алғашқы  директорларының  бірі  атақты  ғалым-заңгер  Салық 
Зиманұлы Зиманов болғаны белгілі. Ол гуманитария саласындағы 
жас  талантты  ғалымдарды  барынша  қолдап,  олардың  жемісті 
жұмыс атқаруына барлық жағдайды жасауға тырысты. Ол көптеген 
қазақстандық философтарға жол ашып беріп, диалектикалық ло-
гика және ғылым философиясы мәселесін зерттеумен айналыса-
тын бағыттың негізін қалап берді деуге болады.
Кейіннен  олардың  Ресей  Федерациясынан  шыққан  Бонифа-
тий  Михайлович  Кедров,  Иван  Васильевич  Кузнецов,  Евгений 

267 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет