59
нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер
педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны
нақты ӛмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін
кӛрсетеді» деген қорытынды шыққан. Яғни, мұны «құрғақ
теория бар, іс-әрекет жоқ» деп ұғынуға болады. Ұлттық
жоспар аясында осы бағдарламаға мемлекеттік қазынадан 25
миллиард теңгеге жуық қаржы бӛлінген. Ұлттық жоспардың
негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі мен «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДБҰ және жергілікті атқарушы органдар болып
бекітілген.
Оқушыларға басы артық абстрактілі-теориялық білім
мен бітпес тапсырмалар беруді жойып, білім мазмұнының
неғұрлым практикалық сыпаттағы болмысын қалыптастыру
кешенді жобасының қысқаша тарихы осындай.
Енді бағдарлама мазмұнына оралайық. Осында қазақ
әдебиеті бағдарламасына қатысты және барлық пәндерге де
қатысты бағдарлама жауаптыларының санатына БҒМ Ғылым
комитетіне қарасты салалық зерттеу институттарының
қосылмағаны қателік болған. Себебі, ұлттық жоспардың
нақтылы іс-әрекетке бағытталған жоспарында зерттеу
институттары жоқ. Аралары онсыз да алыс практиктер мен
теоретиктердің бір-бірін түсінбеуі бұдан соң мүлде алшақтап
кеткен сыңайлы.
2017 жылы «Әдебиеттен 5 сыныпта кімдерді оқығыңыз
келеді?» тақырыбымен Фейсбук парақшасында сауалнама
жүргізген болатынмын. Сауалнама мәтіні тӛмендегідей:
Ӛзіңізді бір сәт 11 жасар ақылды оқушы сезініп,
тӛмендегі екі бағдарламаның бірін таңдаңыз. Жауап ретінде
1 /бұрынғы/ және 2 /жаңа/ бағдарлама, 3 /ұсыныс/ сандарын
қолданыңыз.
Бірінші тізім ескі бағдарлама, екінші тізім жаңа
бағдарлама бойынша берілді.
1. Бірінші тізім:
«Әдебиет пәні», «Халық ауыз
Достарыңызбен бөлісу: