Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы


әдебиетін орта мектептерде оқытудың ӛзекті мәселелері»



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
annotation155587

әдебиетін орта мектептерде оқытудың ӛзекті мәселелері» атты ғылыми-
практикалық конференцияның материалдары енді. 
ӘОЖ 373(063) 
КБЖ 74.268.3 
ISBN ISBN 978-601-230-080-2 
 
 
© М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және ӛнер институты, 2019
 



КІРІСПЕ СӚЗ 
Қайырлы кҥн, қазақ мектептерінің, қазақ әдебие-
тінің жанашырлары!
Қазіргі жаңа білім мазмұнына кӛшу жағдайында 
мектептердегі білім сапасы мен оқулық мәселесі аса ӛзекті 
мәселеге айналып отыр. 
Биылғы Тамыз конференциясында ел Президенті 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім және ғылым министрі 
Асхат Аймағанбетов те оған ерекше назар аударып, мәселені 
қоғамда ашық талқылауға қозғау салды. Қазақстан 
Республикасының Президентінің халыққа Жолдауында да 
білім мен оқулық сапасын арттыруға айырықша назар 
аударылды. Жақын арада Білім министрі оқулық сапасын 
арттыруға байланысты 10 ұсынысын да ортаға салды. Қазір 
бұл мәселе қоғамдық ортада кеңінен талқылануда.
Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пен 
Қазақстан географиясы, қазақ ӛнері мен музыкасы сияқты 
ұлттық 
сипаттағы 
пәндердің 
оқытылу 
жай-күйі 
жұртшылықты ерекше алаңдатуда. Біз бүгін соның ең 
арқаулы тақырыбы қазақ әдебиетін оқыту үрдісіне назар 
аударып отырмыз.
Қазақ әдебиеті – Елбасының бастамасымен елімізде 
жүргізіліп жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 
алтын ӛзегі, ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы. Демек, қазақ 
әдебиетін оқыту мәселесі – қазақы рухты адамды бей-жай 
қалдырмайтын ұлт тағдырына қатысты ең кӛкейтесті мәселе. 
Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдердің арасында қазақ тілі 
мен әдебиетін оқытуға қатысты пікір-таластар мен 
ұсыныстар ағыны бұқаралық ақпарат құралдары мен 
әлеуметтік желілерде толастаған емес.
Соған белсенді үн қоса отырып, Мұхтар Әуезов 
атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қалалық 
білім басқармасымен бірлесіп жан-жақты пікір алмасу 
мақсатында бүгінгі конференцияны ұйымдастырып отыр. 
Бұл – атқарылып жатқан жұмыстар жӛнінде ақпар беретін, 
үгіт-насихат мақсатындағы қатардағы жиын емес. Немесе 



атқарылып жатқан істі сыпыра сынап жоққа шығаратын 
«сойып салу» шарасы да емес.
Бұл – ұрпақ тәрбиесіндегі қалыптасқан ахуалды жан-
жақты саралап, оны сауықтырудың жолдарын қарастыратын 
жанашыр ұсыныстардан тұратын іскерлік шарасы. Осы ортақ 
мақсатқа тиімді қол жеткізу үшін бүгінгі жиынға Білім және 
ғылым министрлігінен бастап, Қазақстан Жазушылар 
одағын, Жоғарғы оқу орындарының әдебиеттанушы 
мамандарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, осы шаруаның 
ыстық-cуығына күйіп жүрген мектеп ұстаздарын арнайы 
шақырып отырмыз.
Мәселе аса ӛзекті де, ауқымды. Ортаға салатын мәселе 
де кӛп. Ал уақытымыз ӛлшеулі. Сондықтан осы істің басы-
қасында жүрген мамандар қазақ әдебиетін орта мектепте 
оқытудың жай-күйіне нақты талдау жасап, оның жүйесін 
жетілдіруге байланысты тұжырымды ұсыныстарыңызды 
ортаға салуды ӛтінеміз.
Бір мәселенің басы ашық. Дәл қазіргі уақытта бізге 
артқа оралуға жол жоқ. Тек жеткен жерімізден алға 
жылжуымыз керек. Қазақта ―Біткен іске сыншы кӛп‖ деген 
мәтел бар. Сын айту ең оңай шаруа. Сын айтқан соң, оны 
жӛндеудің жолын кӛрсету керек. Оның үстіне оқыту процесі 
үнемі жетілдіріп отыруды талап ететін жанды құбылыс. 
Сондықтан біздің сіздерден күтетініміз сындарлы сын мен 
ұтымды ұсыныстар.
Cонымен қоса, біз бүгінгі білім саласында атқарылып 
жатқан шаруаларды сырттан тамашалаушы емеспіз, оның 
бел ортасында жүрген белсенді атқарушысымыз. Демек, 
келер ұрпақ алдындағы оның жауапкершілігі де бәрімізге 
ортақ. Сондықтан бүгінгі мектеп бағдарламасына енгізіліп 
отырған білім мазмұнына да, оқулық сапасына да, 
мұғалімдерді соған сай қайта даярлау ісіне де, оқушының да, 
мұғалімнің де еңбегін жеңілдетуге қажетті оқу құралдары 
мен жаңа технологияларға да жанашырлықпен барынша 
сергек қарауымыз керек. Осыған орай, бүгінгі жиында 
қаралатын басты бағыттар мыналар: 



Жаңа білім мазмұнының қазақ әдебиеті пәнін оқыту 
ісіне әкелген жаңалығы. Жаңа әдістеме мен пән мазмұнының 
ара қатынасы; 
Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа бағдарламасы. Оның 
жетістіктері мен олқылықтары. Әдеби-тарихи кезеңдер мен 
ірі тұлғалардың, классикалық шығармалардың қамтылу 
ауқымы; 
Оқулық сапасы: материалдардың іріктелуі, жазушылар 
мен 
шығармалардың 
берілу 
реті, 
олардың 
жас 
ерекшеліктеріне сәйкестігі, оқулықтың тілі, әдістемелік 
негізі; 
Қазақ әдебиеті пәнін сапалы оқытуға қажетті қосымша 
оқу құралдары: сыныптан тыс оқу кітапханасы, мұғалімдерге 
арналған кӛмекші құралдар, жаңа технологиялық құрал-
жабдықтар; 
Жаңа 
білім 
мазмұнына 
сәйкес 
жоғары 
оқу 
орындарының әдіскер ұстаздарынан бастап, мектеп 
мұғалімдерін қайта даярлау ісі. 
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы жаңа білім 
мазмұнына сәйкес білім мазмұны. Орыс және басқа да ұлт 
тілдерінде оқытылатын мектептердегі қазақ әдебиетін 
оқытудың жай-күйі т.б. Міне, осы тӛңіректе ой 
қозғасаңыздар. Тағы да қайталап ӛтінемін. Ойларыңыз 
жинақы, ұсыныстарыңыз нақты болса.
Материалдарыңыздың жазбаша және электронды 
нұсқасын хатшылыққа тапсырыңыздар. Бүгінгі айтылған 
әңгімелер жазылып алынады, жинақталып, ұтымды 
ұсыныстарыңыз конференцияның қарарына енгізіледі. 
Баяндамаларыңыз 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарында 
жарияланады. 
Олай болса, іске сәт, құрметті әріптестер! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет