Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет24/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Когнитивті 
икемділік 
(ақыл-ойдың 
ӛзгермелі 
құбылыстарға, жағдаяттарға жылдам бейімделуі) – 
Cognitive Flexibility 
Бұл дағдылардың әрбіріне қатысты кәсіби, кешенді 
зерттеулер жүргізілген. Сонымен қатар, іріктеліп алынған 10 
дағдының әрбірі негізінде заманауи еңбек нарығын, 
адамзаттың мәдени, рухани, психологиялық ахуалын, жалпы 
сұранысын 
зерттеп, 
талдап, 
сауалнамалар 
жүргізу 
нәтижесінде іріктелген. Және кезекті форумға дейін 
аталмыш дағдылардың орналасу тәртібі ӛзгеріп отырады. 
Мәселен, 2015 жылы алтыншы орында тұрған креативтілік, 
2020 жылғы тізімде мәртебелі екінші орынға кӛтерілген 
[2].
Жаңартылған бағдарламаның жыры ертерек басталды. 
Елбасы Н.Назарбаевтың 2004 жылғы жолдауында білім 
берудің әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа сатысына кӛшуіміз 
керек екендігі баса айтылды. Елбасының 2012 жылғы 
«Әлеуметтік- 
экономикалық 
жаңғырту 
– 
Қазақстан 


58 
дамуының басты бағыты» атты жолдауы негізінде ел Үкіметі 
«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
дамыту жӛніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық 
жоспары» бекітілді. 
Ұрпақ тәрбиесі үшін бұл құжаттың маңыздылығы 
ерекше. Құжаттағы негізгі міндеттердің жалпы мазмұны: 
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
дамытудың отандық және халықаралық практикасын 
зерделеуден, білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету 
мен білім сапасын бағалау мен мониторинг жүргізу жүйесін 
дамытудан тұрады. 
Жалпы функционалды сауатты адам деген қандай 
адам? Оның қандай ерекшелігі бар? Бұл сауалдарға кешенді 
түрде жауап іздеген халықаралық зерттеу ұйымдары 
жеткілікті. ЮНЕСКО пайымында функционалды сауатты 
адам -- қазіргідей мың құбылған заманда әлеуметтік, мәдени, 
саяси және экономикалық ӛмірге белсене араласуға бейім, 
сондай-ақ, тұла бойы ӛмір бақи білім алуға қажетті қадір-
қасиетке толы жан. Жалпақ тілмен айтқанда еті тірі адам! 
Қалай болғанда да жасанды интелект пен ХХI ғасырдың 
үздік 10 дағдысының пәрменіне қарсылық таныту күн ӛткен 
сайын қисынсыз болып келеді. Жаһандық бәсекелестік 
тұжырымдамаларының ықпалы ең әуелі білім беру саласын 
нысанаға алатыны түсінікті. Таяуда жарық кӛрген 
«Тӛртӛлшемді білім» атты ұжымдық жинақта ХХI ғасырдағы 
білім беру: білім, мінез, дағды, мета білім беру деп тӛрт 
категорияға жіктелген. Осындағы мінез категориясына 
ұлттық дүниетанымды қамтитыны түсінікті [3]. Ӛкініштісі, 
кӛбіне, 
бағдарлама 
құрастыру 
барысында 
ұлтттық 
ерекшелігімізге қатысты қағидаттар ескерусіз қалып жатады. 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 
(ЭЫДҰ) оқушылардың функционалдық сауаттылығына 
қатысты тұрақты халықаралық бағалау жүргізіп келеді. 
Еліміз бұл аламанға алғаш рет 2009 жылы қатысқан. Зерттеу 
нәтижесінде: «Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу 


59 
нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер 
педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны 
нақты ӛмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін 
кӛрсетеді» деген қорытынды шыққан. Яғни, мұны «құрғақ 
теория бар, іс-әрекет жоқ» деп ұғынуға болады. Ұлттық 
жоспар аясында осы бағдарламаға мемлекеттік қазынадан 25 
миллиард теңгеге жуық қаржы бӛлінген. Ұлттық жоспардың 
негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Білім 
және ғылым министрлігі мен «Назарбаев зияткерлік 
мектептері» ДБҰ және жергілікті атқарушы органдар болып 
бекітілген. 
Оқушыларға басы артық абстрактілі-теориялық білім 
мен бітпес тапсырмалар беруді жойып, білім мазмұнының 
неғұрлым практикалық сыпаттағы болмысын қалыптастыру 
кешенді жобасының қысқаша тарихы осындай. 
Енді бағдарлама мазмұнына оралайық. Осында қазақ 
әдебиеті бағдарламасына қатысты және барлық пәндерге де 
қатысты бағдарлама жауаптыларының санатына БҒМ Ғылым 
комитетіне қарасты салалық зерттеу институттарының 
қосылмағаны қателік болған. Себебі, ұлттық жоспардың 
нақтылы іс-әрекетке бағытталған жоспарында зерттеу 
институттары жоқ. Аралары онсыз да алыс практиктер мен 
теоретиктердің бір-бірін түсінбеуі бұдан соң мүлде алшақтап 
кеткен сыңайлы. 
2017 жылы «Әдебиеттен 5 сыныпта кімдерді оқығыңыз 
келеді?» тақырыбымен Фейсбук парақшасында сауалнама 
жүргізген болатынмын. Сауалнама мәтіні тӛмендегідей:
Ӛзіңізді бір сәт 11 жасар ақылды оқушы сезініп
тӛмендегі екі бағдарламаның бірін таңдаңыз. Жауап ретінде 
1 /бұрынғы/ және 2 /жаңа/ бағдарлама, 3 /ұсыныс/ сандарын 
қолданыңыз. 
Бірінші тізім ескі бағдарлама, екінші тізім жаңа 
бағдарлама бойынша берілді. 
1. Бірінші тізім: «Әдебиет пәні», «Халық ауыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет