Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
көрнекті нұсқаларын ұсыну ұстанымы болуы керек деген 
пікірдеміз. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, 
оқырмандық қызығушылығын туғызу үшін, ұғым-түсінігіне 
сай ауыз әдебиеті нұсқаларынан бастап, қаламгерлеріміздің 
таңдаулы түрлі жанрдағы шығармаларын, мысал ӛлеңдерін, 
әңгімелерін ұсыну 5-7 сыныптарды қамтитын 12-13 жас 
аралығындағы оқушыларға маңызды. Бағдарламаның жаңа 
нұсқасында бұрынғы бағдарламадан классиктеріміз Абай 
Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабайұлы, М.Әуезов, Д.Бабатайұлы. Ш.Қанайұлы 
шығармаларынан 
бастап, 
О.Бӛкей, 
Т.Нұрмағамбетов, 
М.Шаханов, 
Қ.Әбдіқадіров, 
С.Мұратбеков, 
Т.Әбдіков 
қатарлы қаламгерлердің шығармаларын бергені, Қ.Қайсенов, 
Н.Ақыш, М.Қабанбай сияқты балалар әдебиеті ӛкілдерінің 
шығармаларымен толықтырғаны құптарлық. Осы аталған 
авторларымыздың шығармаларын балалар әдебиетінен 
Қ.Мырзалиев, С.Бегалин, С.Бақбергенов, С.Омаров т.б. 
ӛкілдеріміздің шығармаларымен толықтырса, әдеби мазмұн 
байи түсер еді. Аталған сыныптарда әдеби материалдардың 
тым қысқарып кеткеніне қарамастан, ӛзге ел әдебиеті 
ӛкілдерінің 
(А.Пушкин, 
Р.Ғамзатов 
Дж. 
Лондон,) 
шығармалары сақталып, тіпті (Кнут Гамсун) қосылған. 
Әдебиетіміздің заңғар тұлғалары М.Жұмабаевтың 7-
сыныпта «Батыр Баянынан» ӛзге шығарамасы енбеген. 
«Бұрынғы бағдарламадағы «Сүйемін», «Толқын» сияқты 
кӛркем де рухты ӛлеңдері, С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» 


50 
ӛлеңі, М.Мақатев 
лирикасы, С.Мұқановтың ұлттық 
саятшылық ӛнерді дәріптейтін «Ӛмір мектебі» романынан 
«Лашын», «Саятшы Ораз» әңгімелері, балалар жазушысы 
С.Бегалиннің тұлғаның қалыптасуын танытарлық «Бала 
Шоқан» әңгімесі, Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан 
алынған «Тұтқын бала» сияқты қазақтың ардақты 
ұлдарының 
ӛмір 
жолын 
танырлық 
тағылымдық 
шығармалары, Қ.Жұмаділовтің «Сәйгүліктер» романынан 
алынған «Қозыкүрең» әңгімесі, М.Мағауиннің «Бір атаның 
балалары» 
атты 
тарихи-танымдық 
шығармалары, 
адамгершілік тәрбиенің терең тамырлы дүниелерінен сыр 
шертетін 
Д.Исабековтің 
«Ата 
үміті» 
әңгімелерінің 
қысқарғаны мазмұнның біршама жұтаң тартқанын кӛрсетеді. 
Жоғары сыныптарға берілген оқу материалдарында да 
жүйесіздік бар.
Әдебиет пәнінің бағдарламасын құрғанда жіті 
қарастыратын жайт бар. Ол пәндік мазмұннан да кеңірек 
мәселе. Кез келген қоғамның идеологиялық негізін шыңдап, 
мазмұнын құрайтын тарих, әдебиет, тіл, жағрафия сияқты 
қоғамдық пәндер. Болашақ қоғамымыздың ертеңгі буынын 
қалыптастыруда ұлттық негіз бен, елдік мұратты кӛздеу аса 
маңызды. Сондықтан оқу материалында оқу-тынымдық 
мақсаттан ӛзге ұлттық мүдде де мығым болуы керек деген 
ойдамыз.
Үштілді білім берудің мемлекеттік тілге ықпалын, 
анығында тілдік экспансиялық күшін жоққа шығаруға 
болмайды. 
Оқушылардың 
қазақ 
тілінде 
сӛйлеу 
дағдыларының тежелуі байқалады. Оқушылардың сӛйлеу 
тілінде орфоэпиялық нормалардың бұзылуы белең алып 
келеді. Қазақтың тӛл дыбыстары айтудағы олқылықтан ӛзге, 
басқа тілдің ықпалы жаппай тіл қызметінде басымдық алуда. 
Қазақ тіліндегі қалыпты сӛздердің ӛзін (ертең, екі, естияр 
т.б.) дұрыс дыбыстап айта алмау бар. Ертеңіміз «иертеңге» 
айналып барады. Сондықтан жаңылтпаш, мақал-мәтел 


51 
сияқты шағын жанрларды бағдарламадан ысырып тастау 
ретсіз.
Қазақтың ұлттық дүнетанымында тӛрт түлік малдың 
орны ерекше. Тіліміздің лексикалық қорын толықтырып 
тұрған тӛрт тілік малдың айналасындағы толып жатқан 
сӛздер мен сӛз тіркестері, тіл оралымдары, фразалар бар.
Малдың атауынан бастап, жасы, түрі, түсі, мінез қалпы т.т. 
толып жатқан үғым, түсініктер бар. Бұл біздің сӛздік 
қорымыз, әрі ұлттық кодымыз. Бағдарламадан тұрмыс-салт 
жырларының 
қысқаруы 
әдебиеттің 
танымдық 
әрі 
функционалдық қызметінде ұлттық қодты ескермеуден туған 
деген ойдамыз. Бәлкім бағдарлама жасаушылар аталған 
тілдік қолданыстарды бүгінгі қала баласының танымынан 
шет кӛрген болар. Әйтсе де ӛзге де кӛркем мәтінді тілдік 
таным тұрғысынан шектемеуі керек. Бірер жылда ӛз 
әдебиетімізді түсіндірме сӛздікпен ғана оқимыз демесек, 
бағдарламадағы ауыз әдебиеті нұсқаларынан, аңшылық, 
саятшылық ӛнерге қатысты туындылардан бас тартпауымыз 
қажет деген ойдамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет