Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Байланысты:
annotation155587

сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық 


62 
мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы кӛтерілген 
мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, кӛркем 
шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, 
кӛркем 
шығармалардан 
алған 
үзінділерді 
ғаламдық 
тақырыптағы мәселелермен байланыстыру, шығармадағы 
ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін 
ашу; 
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың 
композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, 
шығармадағы 
авторлық 
идеяның 
ӛмір 
шындығымен 
байланысы, шығармадағы автор стилі мен кӛркемдегіш 
құралдардың қызметін ашу, кӛркем шығармадағы кӛтерілген 
мәселелерге талдау жасау арқылы ӛзіндік пікірін қосып
шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі 
құндылықтардың үндесуін талдап, ӛзіндік ой қорыту; 
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас 
туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және 
кӛркемдік құндылығын бағалау, кӛркем шығармадағы 
кӛтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға 
беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық 
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық 
жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып
әдеби сын жазу». 
Тіпті бакалавр деңгейінде де ауыр болып келетін 
тақырыптар кӛп кездеседі. Бұл туралы бағдарлама авторлары 
«қазіргі оқушылардың деңгейінің жоғары, танымдық, 
ақпараттық мүмкіндігінің мол» екендігін алға тартады. Ал оқу 
мақсаттарының сынып жоғарылаған сайын күрделене түсуі, 
керісінше, құптарлық жағдай. Яғни, оқу мақсаттары арқылы 
берілетін тапсырма арқылы білімнің дағдыға айналу үдерісі 
орын алған. Бұл жаңа бағдарламаның бірден бір ерекшелігі 
деуге болады. Дей тұрғанмен оқу мақсаттары туралы әлі де 
пысықтайтын жайттар жетерлік. 
Бір нәрсе анық, әдебиетке қатысты біздің таптаурын 
түсініктеріміз әлі де салтанат құруда. Ол түсініктер әдеби 


63 
зерттеулерден бастап, қоғамдық пікірлерге дейін жалғасып 
жатады. Ал білім беру жүйесінде ондай түсініктер автор 
таңдауда, оқулық мазмұнын қалыптастыруда, оқулық тілі мен 
рәсімделуінде де кезігеді. Аталмыш стеоретиптердің даму 
барысын, динамикасының ӛзі арнайы зерттеуді талап етеді. 
Әлбетте ол бӛлек тақырып. 
Бір жағынан жасанды интелектпен жарыса жүріп, 
адамдығыңды, ұлттық болмысыңды танудың ӛзектілігі сәт 
сайын артуда. Әр кезеңнің ӛз қиындығы бар, ӛзіндік жаһандық 
машиналары бар. Кезінде советтік машинаға қарсы ірі 
феномендік антивирустар болды. М.Әуезов, Қ.Сәтпаев, 
Ә.Қастеев, Ә.Марғұлан, Ш.Айманов, Б.Соқпақбаев, «Отырар 
сазы» ансамблі, «Қыз жібек» кӛркем фильмі, «Кӛшпенділер» 
трилогиясы, «Дос-Мұқасан». Қазіргі халымыз қалай? Қазіргі 
жаһандық машинаның қарқыны сұмдық. Тәсілі мүлде бӛлек. 
Жылдамдығын болжаудың ӛзі қиын... Осындай сын сәтте тіл 
мен әдебиет сынды тӛл пәндеріміздің тағдыры қыл үстінде 
қалды. Кіммен ақылдасасың? Димашпен бе, әлде «91» мен бе? 
(Екеуі де тӛл мәдениетті ӛз мүмкіндіктерінің деңгейінде 
насихаттап жүр). 2009 жылы үкімет функционалды сауатты 
маман дайындаймыз деп шешім қабылдаған екен.
Басқа пәндердің қалай бейімделгенін қайдам әдебиет 
мамандары функционалды сауаттылық пен ұлттық құндылық, 
ӛнерге құштарлық ұғымдарын еш қабыстыра алмады. Оның 
үстіне бұған қай мекеменің толықтай жауапты екені де белгісіз 
күйінде қалды. Осылардың кӛзі ашық ау деп мойындарына 
жүктелген соң НЗМ мамандары мұны қосымша атқарып 
шыққан. 
Нәтижесінде, 
жаңартылған 
мазмұндағы 
оқу 
бағдарламалары негізінде жазылған оқулықтармен мектептер 
оқып жатыр. Пән мұғалімдерінің мойнында кӛзге кӛрінбейтін 
түрлі түрлі міндеттер бар: функционалды сауатты бала 
тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымы терең бала тәрбиелеу, 
оқушының кӛркем дүниеге деген сүйіспеншілігін ояту т.с.с. 
Әрбірі бір-бір институттың міндетіндей. Қалай болса да 
жаһандық үдерістен қашып құтылу қиын. Қашатын жер де жоқ. 


64 
Ӛз болмысыңа адал болсаң, ол үдерісің де мода қуалап жайына 
кетер. Бірге еріп кетпесең болды. Мәулана «бір аяғың тӛл 
құндылығыңда болсын, екінші аяғыңмен ғаламды шарла» деп 
пе еді?! Қазіргі виртуалды әлемнің жемісін сонау 60 жылдары 
кӛркем мәтінге түсірген фантаст жазушы Айбек Азимов: 
«Келешекте қандай мамандық пайда болады дей бергеннен 
гӛрі, біз ӛзі қандай болашақ таңдаймыз деген жӛн-ау,» - деуші 
ме еді?! Сіз қалай ойлайсыз, мектепте әдебиетті қалай оқыту 
керек? Жеке тәжірибелеріңізбен бӛліссеңіздер! Жақын күнде 
мектеп форматы ӛзгеріп кеткелі тұрған жоқ. Ұлт болашақтары 
ӛмірінің 3/1 мектепте ӛтіп жатыр. Мәселенің маңыздылығын 
ескере отырып, тӛмендегідей ұсыныстарды талқыға саламын: 
1. Мектептегі тіл мен қазақ әдебиет пәнінің білім 
мазмұнын, оқу бағдарламасын жасауға педагог, психолог
ғалым, білім сарапшылары, пән мұғалімдері, әдіскерлер қатысу 
керек. Құжат аталған салаға тиісті мекемелерден сараптамадан 
ӛтуі керек. 
2. Мектеп оқулығында балалар оқуға тиіс авторлар таңдау 
ұстанымын /егер ондай бар болса/ түбегейлі ӛзгерту керек. Ана 
классик жоқ, мына классиктен үзінді ғана берілген, анау ана 
бағдарламада бар, енді мынаны мұнда кіргізейік, анау неге 
кірмеген, мынау қайдан жүр деген пікір алуандығын 
тудырмайтын нақты ӛлшем керек. Ол қазір жоқ. Егер бар 
болса, тиісті мекемелер оны ашық жариялау керек. 
Оқулықта адамнан ұғымға емес, ұғымнан адамға жүру 
жүйесі ӛркениетті елдерде кеңінен қолданылады. Сонда ешкім 
ренжи алмайды. Ол үшін кӛркем туындыдан алатын ұғымдар 
жүйесінің картасы жасалып оқулық сол реттілік негізінде 
құрастырылуы керек. Онда оқулық ұстанымы міндетті 
ұстанымынан қажеттілік ұстаныма ӛтеді. Сонда мәңгілік 
тақырыптарды қозғаған халық әдебиеті мен баланың жанын 
жадыратар «Менің атым Қожа» сынды мәтіндер ӛзінен ӛзі 
сұрыпталып шығады. Әйтпесе, қазақы талғамның түбіне жете 
алмай кетеміз... 


65 
3. Мұғалімдердің шығармашылық еркіндігі шектелмеуі 
керек. Ол үшін оқулық, бағдарлама ережелік статусынан, 
нұсқаулық, ұсынымдық статусқа кӛшу керек. Шығармашылық 
пәндерге 
тән 
мұндай 
ұстанымдарды 
барлық 
білім 
басқармаларына жеткізу керек. Мұғалімдердің ғылыми, 
креативтік, әдіскерлік қабілетін ұштастыратын тәуелсіз 
шығармашылық платформа қажет. Сонда олар да оқушыларға 
ӛнер дүниесін сүйдіруді ойлайды. Авторлық бағдарламаларын 
ұсынады. 
4. 
Тіл 
әдебиет 
мұғалімдері 
тұлғалық, 
кәсіби, 
шығармашылық, әлеуметтік тұрғыда ӛздерін шыңдай алуы 
керек. Олардың қабілеті мемлекеттік деңгейде дұрыс 
бағаланған жӛн. 
5. Оқулық тілін монографиялық тілден құтқару керек. Бұл 
қылмыс. Бұл барлық пәндерге қатысты. Оқулықтың тілін 
формалды сараптамалардан ӛткізу белең алған. Қазір ақпарат 
қолжетімді, тіпті болмаса оқушылардың ӛзіне де оқытып алуға 
болады. Ондай тәжірибелер жеткілікті. Бізде емес, әрине. 
Жазып беріңдерші деу ұят шығар енді.. 
6. Шетелдік тәжірибе дегенде олардың тӛл мәдениетін 
мектепте оқыту жолдарын қарастыру керек. Тіл әдебиет 
мұғалімдерін де ауылдан шығарып, халықаралық деңгейде 
тәжірибе алмастыру керек. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да олар 
ұлттық идеологияның адал әскерлері 
7. БҒМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ерекшелігін 
ескеріп, кезеңдік, ӛткінші, әлемдік білім беру тенденцияларын 
тели бермеу керек. Осы салада дұрыс мониторинг керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет