Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет38/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Жетінші қадам – дебат пәні. Бүгінгі заман 
талабының бірі – кӛшбасшы оқушыны, ертеңгі елдің тізгінін 
қорықпай ұстар тұлғаны тәрбиелеу. Осы орайда оқушының 
әлеуметтік дарынын дамытып, кӛшбасшы ұрпақ тәрбиелеу 
мақсатында және ата-аналардың жоғарғы сұранысының 
нәтижесінде мектепке дебат пәні енгізілді. Түрлі тақырыпта 
пікір таластырып, ӛз ұстанымының дұрыстығын дәлелдеуде 
жан-жақты ізденіп, әлемдік мәселелерді кӛтеретін, бүгінгі 
қоғамның олқы тұстары мен жақсы жақтарын талқыға салып, 
дүниеге кӛзқарасын қалыптастыратын бұл пән – оқушының 
жан-жақты білімді, кӛзі ашық, әлемдік ақпараттар легінен 
хабардар, сауатты, ұйымдастырушылық қабілеті мол, әрі ӛз 
позициясын мықтап ұстар кӛшбасшы болуына үлкен ықпал 
жасайды. Мектеп психологі Гүлнәр Амангелдіқызы 
жетекшілік ететін «Жас дарын» дебат клубы соңғы үш 
жылда С.Демирел атындағы университеттің, «Тұран» 
университетінің 
«SIRIUS» 
интеллектуалды-пікірсайыс 
клубының ұйымдастыруымен ӛткен халықаралық және 
респбуликалық пікірсайыс турнирлерінде үздік ойын 
кӛрсетіп, Аргумент 3 турнирінің кубогін жеңіп алды. Бүгінгі 
күні де оқушылар арасында дебат сайысына деген 
қызығушылық ӛте жоғары. 


94 
Шәкірттеріміздің кӛркем әдебиет сүйіп оқуына ықпал 
ететін сегізінші қадам – мектеп-интернат қабырғасында 
ҥздіксіз жарық кӛріп жатқан кітаптар мен жинақтардың 
әсері. Екі жылдың ішінде мектеп-интернат қабырғасында 
жиырмадан аса кітап жарық кӛрген. Бұл жинақтардың бәрі де 
– оқушылардың жазған эссе, шығарма, ӛлеңдер жинағы және 
ақын, жазушы шәкірттердің жеке жинақтары.
Оқушының ӛзіне деген сенімін арттырып және іс-
әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына 
бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Алайда әр баланың 
жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз 
парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар ӛте кӛп. 
Ӛйткені XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Білім сапасын 
арттыру, окушылардың дарындылығын айқындап, біліміне
ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс 
қабілеттерін қалыптастыру – міндет. Ендеше бізге ой-ӛрісі 
жоғары дамыған, зерделі ұрпак тәрбиелеу керек екенін естен 
шығармауымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет