Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет41/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Фарида Қылышбаева, 
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№123 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – ой-ӛрісі 
жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, 
дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан тұлға 
тәрбиелеу, оқушылардың ӛзара белсенді әрекеттері арқылы 
ӛздігімен білім игеру, оны іздену, құрастыру, ой-ӛрісін 


104 
кеңейтуде ауызша сауатты сӛйлеу мен жазба тіл мәдениетін 
дұрыс 
қалыптастыру 
болып 
табылады. 
Тұлғаның 
қалыптасуына қажетті басты құрал – тіл. Тілді дамыту – 
еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының 
бірі. Мектептерде қазақ тілін оқытып, үйретудің басты 
ұстанымы – оқушылардың сӛйлеу әрекетін қалыптастыруға 
бағытталған коммуникативтік ұстаным болып табылады. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасы тілдік қызмет 
дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар 
аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі 
оқытудың 
бірізділігін 
жүзеге 
асыруды 
кӛздейді. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қарым-қатынас 
құрудың маңызын түсіну және сабаққа арналған тілдік 
мақсаттарды белгілеу кӛзделген.Елбасымыздың жолдауында 
айтқанындай: «Болашақта ӛркениетті дамыған елдердің 
қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа 
білім берудің негізгі мақсаты- білім мазмұнының 
жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі 
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 
Жаңартылған 
оқу 
жоспарлары, 
тілдік 
дағдылар, 
педагогикалық 
әдіс-тәсілдер 
және 
белсенді 
оқыту 
техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын 
қанаттандыратыны анық. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту 
тәсілдерімен таныса отырып, ӛзінің педагогикалық қызметіне 
белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр 
іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатыны түсінікті. Егер 
ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді 
тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау 
қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не 
үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей 
бастайды. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы 
тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра 
отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын 
жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті 
қарым– қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу


105 
функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана 
білу. Мысалы «Жазылым» дағдысын қалыптастыруды 
алатын болсақ, сабақ барысында жиі берілетін тапсырмалар, 
мәтін құрастыру, қысқаша эссе жазу деп беріліп жатады. 
Жалпы 
жазылым 
дегеніміздің 
ӛзі, 
біріншіден, 
коммуникативтік әрекет. Неге, кімге, не үшін жазып 
жатырмыз, осыны оқушы нақты түсінуі қажет. Екіншіден, 
процесуалдық әрекет.Жазылым процесі кӛбінесе қалай 
бастаймыз,не жазамыз,қалай аяқтаймыз деген сияқты 
ізденістерден тұрады. Яғни, бұл жердегі мақсатымыз не?
Оқу үрдісінде оқушылардың жазбаша сӛйлеу тілін 
дамытуды сӛйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, 
айтылым, 
оқылым, 
жазылым, 
тілдесім) 
бірлігін 
қалыптастыру; 
оқушылардың жазбаша сӛйлеу тілін дамытуда 
жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлерін айқындау; 
жазбаша сӛйлеу тілін қатысымдық бағытта дамытудың 
әдіс-тәсілдерін анықтау; 
Жаңа 
технологияларды
қазақ 
тілі 
сабағында 
қолданғанда 
жазылым 
дағдысы 
бойынша 
күтілетін 
нәтижелер: 
оқушылардың жазбаша сӛйлеу тілінің дамуы сӛйлесім 
әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, 
тілдесім) бірліктері қалыптасады; 
шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені ӛз бетімен аяқтай 
алады; 
оқушылар құттықтау хат, жарнама, шақыру хаттарын 
жаза алады; 
оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; 
грамматикалық 
құрылымдарды 
оңай 
түсінуге 
кӛмектеседі; 
оқушылардың есте сақтау, есту, кӛру, сӛйлеу, ойлау 
қабілеттерін дамытады; 
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады; 


106 
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже 
кӛрсететін, мұғалімнің ӛнім алатын дағдысы болып 
табылады 
Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді 
ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. 
Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның ӛте 
бір қиын терең ісі,» 

деп атап кӛрсете келіп, тәрбиеші 
баланың ойлап, үйренуіне кӛп күш жұмсау керектігін 
ескертеді. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, 
ізденімпаздылық 
арқылы 
дамиды. 
Шығармашылыққа 
үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып 
табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, 
мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас 
сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, 
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық 
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы 
интелектісінің кӛзін ашып, шығармашылығын дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет