Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
annotation155587

Нҧрсҧлу Нҥсіпқожаева
Алматы қаласы О.Жандосов атындағы
№105 гимназияның қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҤРГІЗІЛЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ 
ЖАҢАРҒАН МАЗМҦНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАЙЫ, ӚЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҦСЫНЫСТАР 
 
Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде білім 
беру мазмұны жаңарып, оқытудың парадигмасы да ӛзгерді. 


113 
Жаңа серпіліс пен тың әдістер пайда болды. Мемлекеттік 
білім беру саласындағы білім беру мазмұнының жаңаруы – 
заман талабы. Себебі бүгінгі таңда барлық дамыған елдер 
жоғарғы сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Бұл бағдарлама 
болашақта сұранысты қанағаттандыра отырып, болашақ 
ӛмірде тӛрт дағдыны дамытады. Айтылым, тыңдалым, 
оқылым, жазылым дағдыларын меңгере отырып, оқушы 
болашақта құзыретті тұлға ретінде ӛз қажеттіліктерін 
қанағаттандыра алады. Мәселен, сӛйлеу әрекеттеріне 
бағытталған дағдылар «шиыршық» тәсілімен жыл сайын 
оңайдан күрделіге қарай білім мен білікті ұштастыра 
отырып қалыптасады. 
Ең бастысы, әр сыныпта оқушылардың жас ерекшелігі 
ескеріле отырып, функционалды сауаттылығын: ӛз ойын 
еркін, әрі сауатты жеткізе білу, кез-келген жағдаяттан шыға 
білу сыияқты дағдыларды меңгеру толығымен ескерілген. 
Оқушылар жалаң грамматиканы ӛтпей, оны сӛздік қорын 
байыта отырып, бірлікте қолдануға үйренеді. Осы тұрғыда 
ұстаз да ең жеңіл, ең тиімді әдіспен баланы оқытудың жолың 
іздеп келеді, әлі де іздей бермек. 
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ 
беру ҥйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан 
жаңаны табатын ӛнер» деген екен. 
Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын 
пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту үрдісінде 
мақсатқа жетудің бірден-бір жолы. 
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында – алдына 
қойған мақсаты – баланы субъект ретінде оқу ісіне ӛзінше 
қызықтыратын, оған қабілетті жағдай туғызу. Оның басты 
ерекшелігі: оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың 
оқудағы іс әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, ӛз 
бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.
Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді 
пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткзуге болады: 


114 
- оқушының оқуға деген қызығушылығының
артуы; 
-  іскерлік дағдысының дамуы; 
- ӛзіне деген сенімділігінің қалыптасуы; 
-  постер құрастыра білуі;
- мақсатқа жетуге ӛз бетімен ұмтылуы; 
-  ойлау белсенділігінің артуы; 
-  шығармашылық дағдысының қалыптасуы; 
-  ӛзіндік пікір айтуы.
Ӛкінішке орай, қазақ тілін басқа ұлт ӛкілдеріне оқыту 
барысында осы басты қағида орындалмағандықтан, кӛп 
жерлерде тілді үйрету оң нәтиже бермей келеді. Себебі, біз 
тілді лингвистикалық күрделі құбылыс ретінде оқытамыз. Ол 
оқушыға ғылыми тұрғыдан жүйелі, терең білім бергенімен, 
оны қарым-қатынас құралы есебінде қолдануға мүмкіндік 
бере алмайды.
Егер сӛйлесуді меңгерту оқушының айтайын деген 
ойын ауызша және жазбаша түрде екінші адамға түсінікті 
етіп жеткізуін қамтамасыз ету болса, ал сӛйлесуді, қарым-
қатынас жасауды үйрету күнделікті ӛмірде кездесетін 
жағдайларға байланысты іске асырып отыруы керек. 
Сӛйлесуді меңгертуде оның функционалдық қызметіне 
қажетті мынадай құрылымдық жүйе қалыптастырылса, бұл іс 
біршама тиімді түрде жүзеге асар еді: 
- Сӛйлеу 
үрдісін дайындауға бағытталған 
материалдар (лексикалық минимум, тірек сӛздер, 
оқушыға бұрыннан таныс сӛздер); 
- Сӛйлеу 
үрдісін құрастыруға бағытталған 
материалдар) тілдесім, диалогтар); 
- Сӛйлеу 
үрдісін 
жүйелеуге 
бағытталған 
материалдар (шағын функционалдық мәтіндер, яғни 
лексикалық минимум мен тілдесім диалогтарының 
қолданылған кӛріністері, кӛркем мәтіндер үлгілері);


115 
- Коммуникативті 
қарым-қатынас 
жасау 
әрекетін іске асыруға бағытталған материалдар ( түрлі 
жаттығулар) қолданылады. 
- Ӛзін-ӛзі тексеру немесе бағалау әрекеттерін 
тест арқылы анықтау тиімді жол. 
Алматы қаласында осындай республика деңгейінде 
ғалымдар мен әдіскерлер, тіл мамандары мен тіл 
жанашырлары, қатардағы қарапайым ұстаздар қауымы бас 
қосқан үлкен жиында ӛзекті мәселелерді айтып, сіздердің 
назарларыңыға жеткізуді жӛн кӛрдім. 
Бүгінгі күні орта білім берудің жаңартылған
бағдарламасы аясында оқу орыс тілінде жүргізілетін 
мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні біріктіріліп 
оқытылады. Бұл екі пәннің біріктіріліп оқытылуының ӛзекті 
мәселері шаш етектен десек те болады. Осыған байланысты 
ӛте үлкен ӛзекті мәселе туындап отыр.Ол менің 
әріптестерімнің жанайқайы деп білерсіздер. 
Жаңартылған 
бағдарлама 
негізінде 
жазылған 
оқулықтарда берілген оқу материалдарының күрделілігі ӛзге 
ұлт ӛкілдерінің балаларының тілді меңгеруіне жетелемейді. 
Керісінше, оқушылардың қазақ тіліне деген ынта жігерін 
құм етті. Ата-аналардың кӛкейінде «бұл қандай оқулық?» 
деген сан түрлі сұрақтары бар. Қазақ тілі мен әдебиеті 
біріктіріліп бір пән ретінде жазылған оқулық оқушылар 
түгілі мұғалімдерге де қиындық туғызуда.Қазақ тілі мен 
әдебиеті мұғалімдері тар жол тайғақ кешуде.
Себебі қазіргі қолданыстағы оқулықтардың мазмұны, 
берілген лексикалық тақырыптар ӛте күрделі, кӛбінесе 
тарихи материалдар берілген. Бүгінгі күннің талабына сай 
заманауи жаңа белсенді сӛздерден гӛрі, қолданыстан шығып 
қалған, тарихи кӛнерген сӛздермен берілген тақырыптар ӛте 
кӛп кездеседі. Мұндай оқулықтар ӛзге ұлт ӛкілдерінің 
балаларын мемлекеттік тілді меңгертуге жетелемейтіні хақ. 
Қазақ әдебиеті пәні жеке оқытылуы қажет деп санаймыз. 


116 
Қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде оқулықтар 
мәселесі әлі де бар.Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов 
айтқандай, оқулық аса қызықты, баланы ӛздігінен үйренуге 
ұмтылдыратын түрде жазылу керек. «Оқушы өзі ізденіп, өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет