Тұмабай. Абайға Қазыбек пен Бекболаттың Сарыбайы
жүгінеді. Сарыбай: “Абай, бері қарашы” дей береді: “Е,
қарадым, көзің бұлтиып, бетің тарғыл бақаның түсіндей
тарғылданып тұр екен” депті. Сонда Қазыбек: “Е, жау
қашты, жау қашты” депті.
Қарасақауды “Ұрлығыңды қой” деп қасына ертіп
алғанда, “Бұған бір ат берсең разы емес, қалтаңнан тиынды
ұрлатсаң соған разы”.
Сыбан Сара – Біржан айтысын естігенде, Абай: “Әлгі
сар сайтанның сөзі ғой” депті дейді. Мадияр Абайға: “Бұл
сөз айтылмаған, жұрт қорытқан” дейді.
“Бізде жоқ алтын иек, сарала қыз” деген сөз Әріптің...
Базаралының Нұрғаныммен өсегі болды. Әріпке бір
ауыз өлең айтып жібер дейді. Әріп:
Шығып ең амандасып келмес белге,
Оралып өнеріңмен қайттың елге.
Тілегін ел дұғасы жібермейді,
Айналып аққу құстай қондың көлге.
Жасыңда шепті бұздың жаудан қашпай,
311
Ер-ақ болып өсіп ең адам баспай?!
Балағаз, Базаралы, қатар шықтың
Бірігіп тұлпар аттай тізеңді ашпай.
Ер едің тұлпар кетпес тақымыңнан,
Қатты ұзап кетіп ең ақылыңнан.
Тірі сынап секілді жұрт қозғалды,
Кім опа көрер дейсін жақынынан.
Мұзбалақ қыран едің бұлғын ілген,
Көрген құрбың сағынды ойнап-күлген.
Жаманды атылса да кім жоқтайды,
Ердікі қиын екен Алаш білген.
Бар еді кей мінезің жел ескендей,
Әр жақтан мал алушы ең ел көшкендей.
Тұлпарсың арда күрең жауға түскен,
Үстіңе сегіз жігіт мінгескендей.
Бермеуші ең жеке атыңды иесіне,
Қой бердің сен жуанның түйесіне.
Жасымда үйірсек деп естуші едім,
Шауыпсың өш айғырдың биесіне.
Үркіттің барып қайттың көбесіне,
Бақ қонған бір ер едің денесіне.
Кеудең керген кегіңді көптен алып,
Жемде тұрған шауыпсың енесіне.
Арғы атаң би Кеңгірбай, әкең Қаумен,
Себеп боп елді таптың денең саумен.
Жеті қойлық бестімен орай болдың,
Алысқан сеңгір едің-ау талай таумен.
Қайтпа, бар жылқыға тисін деген өлең ғой. Осының ар-
тынан жылқы алған екен. Тәкежан жылқысын алғаны.
Әріптің қызды мақтағаны. “Зияда” деген қысса шығар-
ған. “Сара” мен “Зияданы” Айтқазының үйінде бір жұма
жатып жазды. Мен сонда жаттадым.
Ақ маңдай, қас зүбәржат, көзі гауһар,
Бәрі гүл қиғаш қасқа нақ бағы бар.
Нәсілі адамзаттан болса-дағы,
Дегізген қор қызынша тамағы бар.
Ақ тамақ, алтын иек мойындары,
Ұжмақ жұпар иісті қойындары,
Бағдад, Мысыр қызығы ұқсамайды,
Бұлардың сауық қылған ойындары.
312
Бибаланың ішіндегі жүйрік кім дегенде, Тұмабай деге-
німде: “Е, Торғай жүйрік бопты-ау” дейді.
Қатпа. Қозы баққан жылымда. Өзімде қымыз жоқ.
Қымыз ішіп кету үшін Абай үйіне кіру керек. Саба-
дан қымыз құйып ішеміз. “Қатпамысың?” деп сұрайды.
Бәйбіше “Абайды оята бересің” дейді. Абай соған: “Біздің
ұйқы бұзылады деп, Қатпа аш кете ме. Бұзылмасын десең,
бес бие байлап бер” дейді.
Сауырға түсе мал күзеттім. Бесін ауа қой құдыққа келеді.
Жетібай, Жаңабай 600 қойлары бар, 100 қаралары бар.
Мен Абай қойына қойшы болып, Көтібай қойын саумай,
Әубәкірдің атын әкелгелі кете бердім. Жетібай ата-бабаң
деп боқтады. Ыза болдым, Абайға күйініп айттым. Қап-қара
боп ашуланып: “Әубәкір тисе де айт” деді. Жетібай дедім.
Шақыртып алды Жаңабай, Жетібайды. “Сендер маған ке-
дей болып келіп ең, бүгін байсың – енді рұқсат бердім. Бо-
саттым, жөндеріңді табыңдар. Тіпті ең болмаса Көтібайды
отырғызбаймын” – деді.
Пәкизатты ұзатпақ боп той боп жатыр. Мағаш жіберген
болу керек. Мұқаш келеді. Абай біліп, “болмайды – мен
оны босатамын” деді. Әубәкір Жетібайдың қарабүйрек
атын әкеп берейін деді. Абай: “Соны көшірмесем, қатыным
қалмақ, өзім кәпір болайын. Енді нандыңдар ма?” деді.
Маған “көңіліңе алдың ба?” дейді. Кешіреді.
Абайдың Қорамжанды алғаны. Бейсембі, Бұламбайлар
Медеуге қырық түйеден әкеп тастап кетеді. Бөбең,
Кішекеңді Абайға алып келеді Жиренше. Сөз. Бейсембі,
Бұламбай Абайға: “Өзіміздің аузымыз болмаса, арадағы
шағыстырушының тілін алма, өзіміздің тілді ал”, – дейді.
Оны қалай алғызады дегенде, Қорамжанды береді.
Арап пен Күсенге Оспан болыс боп абақты кескізгенде,
Күнтуға да болыс болғаны үшін 18 ай кескізеді.
Оразбайды арбаға басып әкелетін күзінде Оразбай
Оспан үстінен арыз бергенде, Трашоткин деген оязға Оспан
Қалишаш деген қатынды қойнына салып, паралады дейді.
Қалишаш сұлу әйел еді. Жуантаяқ Өтегеннің келіні, Жігітек
Түлкібайдың қызы еді.
Топқа барып, байымнан шығам дейді. Шығарам деп
жүреді де, сұлу киіндіріп, төренің қасына салады. Қатын
313
бостандық алады. Артынан Беркімбайдың Әбділдасы ала-
ды.
Күнтуға Төлеңгітті куә қып, Бабақожаның баласы
Тәңірберді екеуіне кеседі. Оразбай сол түнде қалаға қашып
кетеді.
Ахметшәріп Молдажан ұлының қатынын алып қашып,
Абай қолына келіп, үш жыл тұрып қайтқаны. Бұл орысша,
қазақша оқыған адам. Жетім бала есебінде оқуға түскен.
Қызметін тастап, Абаймен танысқандықтан, соның аулы-
на үш жылға кетеді. Қажы болыс болған уақытта қуғын-
сүргінмен бармаған, тәлім алам деп барған. Абай мінездері
туралы соның айтқаны: бөгде кісі сөйлесе, ұры болса, жаза
бергендей мінездері болады екен. Бұл мінезді ендігәрі
істемейсің дейтіндері де болады екен.
Мадияр. Ел сыртта. Абай Көкше жайлауына кетті. Кең
жайлауда соны шөп жеймін деп сонда кетті. Кешке қонаға
бардым. Көгалға киіз төсеп, көрпе-жастық салып, жалаң
аяқ, жалаң бас отыр екен. Көйлек, дамбалшаң екен. На-
сыбайын атты да, шақшасын сырғытқанда, борбайының
арасына түсті. Насыбайдан атқым келді. Жұмсаған со-
лар ғой деп, алып атпақ боп ұмтылдым. “Қайда барасың,
пәленшемді жұлайын деппең” деді. Ұялып қалдым. Со
бетіммен Белағашқа құлап кеттім. 4-ші жылы Айтқазы өліп,
елге қайттым. Енді Арғымбай елінде болып, керекке жа-
райтын болыппын. Абайдыкіне келдім, қырауытып Разақ
па кіріп келді. Шақшасын сұрадым. Менікін неге атпайсың
деп... “Жоқ, сен ана жылғы Мадияр емеспісің” деді. Басы-
мен алсаң да қажеті жеткен дейді. “Сен Көқбай шығарған
Абылай өлеңін жаттадың ба?” деді. “Жаттасаң, Ақтау, Ор-
тауды қалай шапты, сол жерін айтшы” деді. Айттым. Сон-
да: “Есіл неме-ай, пайғамбар батасымен шығар еді. Батагөй
болмағаны ғой, сорлы өзі-ай” деді.
Ғабриелдің әйелін мақтап кеп, биялайдай екен ғой
дегенімде, “не х... шайнап отырсың, ар жағынан боғы
көрінбей ме?” деді. Теңеуді мақұл көрмейді.
Ақылбай өлеңі:
Ішік кидім түлкіден бұлғын жаға,
Сарып қылдым дүниені білмей баға.
314
Талай қыз Ақылжан деп тұрушы еді,
Дейтұғын сұмдық шықты Ақыл аға.
(“Қозыкөш” әнімен)
Ей, бозбала-ау, қош бол аман,
Өтті-ау заман, қош бол аман.
Абай өлеңі:
Тіл – бұлбұл, көкірек – бақша, бой – тас қорған,
Жігітке қиын екен ғашық болған.
Мен емес көлден ұстап, тілден сорған.
Абай айтады: Ел сыртына Аягөзге бардым дейді. Аласұр
бозбала күнім. Базарынды тұрсам, малынған, түрленген
орыс қызы сұлу, әркімге бір жолығып сасып жүр. Қасына
кеп амандастым, қажетке ақша сұрап жүр екесіз дедім.
“Әкем қызметте еді, алыстан ауру деген соң келіп ем. Се-
мейге шейін қаражат таба алмай тұрмын” деді. “Қажетің
қанша?” дедім. “Пәлен теңге керек” деді, дегенін суы-
рып бердім. Маған бір қағаз берді, ақша алатын орынды
айтқан екен. Екі қос ат – Семейге тартып бердім. Шишласы
айтылған, екі атпен Семей түстім. Номеріне келсем, жаңа
кетті пароходқа деді. Қыз жүр. Әкесі өліп, сүйегін пароходқа
салып тұр екен. Қыз қол беріп амандасып: “Алдыңыз ба,
бүгін табыс етіп ем ғой” деді. “Ақша емес, басқа мақсұтым
бар еді” дедім. “Ғашықтық жүзіне түсіп кеттім, оны қайтесіз”
дедім. “Ай, Құнанбайыш, пұланды ірі жасаған екенсіз” деді.
“Бұған уақытым болмайды” деп, тілін сүйгізді. Бір ат өлтіріп
жеткенім еді.
Айтқазы Нұркенің қызы, Мағаштың бір қысыр ат бер-
ген қалыңдығы Болман қызды алып қашады. Жасырынып
жатып қалада Мадиярды макаммаға жібереді. Ғабидолла
Кәкітайды көрдім. Ер туған жеріне, жолдас бол таңдаған
кісіге. Ғабидоллаға: “өзің ноғайды неге таппайсың?” дедім.
Құмаш сарт. Айтқазы мен Нұркенің арасына Құмаш пен
Ысқақ жүреді. Айтқазы бірер күннен соң Дүтбайға келді
ақыл сұрай. Дүтбай: “Менің қолымнан келмейді, өзің
біл. Бірақ Абай түбі тұқымыңды құртпай тынбайтын кісі
315
ғой, соған сақ бол”, – деді. Айтқазы: “Абай бітсе – бітем,
Нұркемен бітпейім”, – деді.
Абайға барса: “Уақтың қызын Көкше алды, менің ақым
не? Бітпесең қой” дейді. Айтқазы: “Подписка берсін Абай”, –
дейді.
Айтқазы қызбен ақылдасады. Ол: ”Әкем бітсін, әйтпесе
беттесем” дейді. Айтқазы Қаракесек Қазанбайды сөйлесін
деп алып келе жатты. Менің жаныма алтыатар салып берді.
Маған жармасқан кісі болса ат деді. Өзім жүргенде әкеміз
айдалған, ішкі кегім де бар. Жігітек ұры, оған ере алмай-
мын. Сонымен ішке кеткем. Келдік. Қазанбай қасына
отырды. Абай: “Қазанбай, сен өзің келдің бе, әкең келді ме?
Сен өзің қайда тудың? Орыстың қасиетті қаласы қай қала,
Семей қаласы қашан салынды?..” Қақпалап сұрап әпкетті.
Қазанбай соға берді. Сонда Айтқазы: “Өй, мен Қаракесектің
алжыған шалын алған түрімді қара, жаңылысқан екем, айда
тарт”, – деді. Үйге келгенде, Тасболат Әлпейім кіріп келді.
Оразбай жіберді деді (бай жіберді дейді). Менің үш балам
бар, мың жылқым бар. Малымды үлесем. Жалғыз балам Ме-
деуге өкіл ата болсын, балам боп туыссын, осыған жайың
бар ма депті...
Абай пәтерімен арада бір-ақ көше бар. Айтқазы
Кәкітайды шақыртты. Мені жіберді. Абай күріш жеп жа-
тыр екен. Кіріп кеттім. Шәкәрім ойпырай-ай деді. Абай:
“Айтқазының 2800 үйі бар, бір кісі сияқты жігіт ертпе-
се несі кісі. Кәкітайға “Барасың ба?” дедім. Абай бар деді.
Айтқазы хат берді. Абай: “Пәлен шислада маған Мағаштың
ағаттығын бір кешсем, сенікін де кешермін деген. Осыған
бар болса, мына қағазға пәлен сағатқа шейін қол қойып
әкел, әкелмесең, онан соң мен дүниеде бар болсам да, саған
жоқпын” деді. Кәкітай сәттің арасында алып келді. Сонан
соң Шерияздан, Рақышқа кіріп келдім. Қағазбен жіберді.
Аузымда насыбайым, түкіре алмай жұтып жібердім.
Темекі неге тартпайсың деді. Кедеймін дедім. Осының
жақсы деді. Шериязданға Айтқазыны бітімге кіргіз деді. Ол
кірді. 1600 сомның бітімін айтты.
Ділдә туралы. Абайдың айналасы кітап болады үйде
отырғанда. Оқып отырады. Көзіне очки киеді немесе кітап
үстіне лупа жүргізіп отырады. Насыбайға мырза.
316
Сүгір қызы Көрімбала. Қаракесекке берген. Бұған Орал-
бай ғашық боп алып қашқан. Бөкенші барып, Оралбай жоқта
тартып алып қайтқан. Артынан Әкімді қосып, Қаракесекке
апарып берген. Жау тигендей казак-орыспен Оралбай іздеп
барады. Аузымнан тіл же деді. Қайнаға пышақ салмақ –
амалсыз қалады. Кейін Абай билік айтып, Бұқаш тораласын
Түсіп Бөкеншіден Жігітекке алып беріп, екі ел арасын араз
қып жіберген.
Манас пен Жігітек Қараханның қатын ауысуы. Құнанбай
тұсы.
Базаралыны Абай Құнанбай тоқалына барғандықтан
айдатқан. Кейін Базаралының інісі Оспан өлең айтады:
Тұсында Базаралы, Балағаздың
Тоқалын Ыбырайдың үйде бастым, –
деп. Базаралы қайтып жандаралдан шығып келе жатқанда,
Абай кездеседі. Бер жаққа бірге өтеді. Қайық үстінде Абай
Көкбайға өлең айтқызады. Базаралы: “Жарайды, сен енді
бізді жарастырмай-ақ қой” дейді.
Мұсақұлдағы төбелесті бастаған Құнанбай. Бұл жылы
Көтібақ, Жігітек бірігіп тізе қосып ап, Құнанбайды сыртқа
шығармай қойған. Сонымен, Мұсақұлда Бөжейдің көшіне
тиеді. Бөжей өлген. Ағасы Байдалы бар. Жігітек аз боп
жеңіледі. Байсал біліп, ел жимақ болғанда, Құнанбай
Ақшоқыға көшіп кетеді.
Байсал бұның алдында Қарқаралыға кісі жіберіп отыр
екен. Қареке соққыға жығылған, соны тағы жібереді. 7 ка-
зак орыс кеп, Құнанбайды алып кетеді. Абақтыға жабады.
3 ай жатады, бітім сұрайды. Байсал бітпейді. Қарқаралыға
бармайды. Сонымен, Құнанбайды елге әкеп, Байсал аулын-
да тексереді. Байсал жер жөнінде Жігітекпен дұрыс болмай
жүреді. Сондықтан жауапты жеңілдете айтады. Сонымен,
Құнанбай Омбыға айдалады. Болмаса тіпті жаман кетеді
екен. Сол кездегі аға сұлтан Шалғымбай.
Тоқпамбет тұсында Жиреншенің тартысы. Байсал бала-
сы Айғожамен келіспеу. Түсіп пен Абай билігі.
Жиренше інісі Атымтай Бөкеншімен жерге таласып
жүріп өлді. Абай билігі Бөкеншінің екі айтты деп, жарғақ
317
деген соңғы билікті алмады. Көтібақ, Бөкенші арасы со-
дан араздасады. Байсал мен Шоқа балаларын жоғарыда араз
қып кетті.
Мұрын мен Сыбан дауы. Мұрын қызын бермей,
қалыңмалын жеп кетпек. Абайға Оразбай, Жиренше, Ер-
бол, 30 ат Тоқа бермек. Абай Оразбай, Жиреншені билікке
жібереді. Мұрынды сүйе деп тапсырады. Бұлар Сыбанды
жығады. Сыбанның бірі бар әруақты шақырады. Кеңгірбайға
келгенде, Оразбай атып тұрады. Артынан Кеңгірбайды қара
қабан дейді. Оразбай егесіп ұрысып кетпек болады. Жирен-
ше тоқтатады.
Қайтысады. Жолшыбай жарыс. Абайдан бұлар озады.
“Білдім” дейді. “Білсең сол” дейді. Күнтуға кеп сөйлеседі.
Байласады. Артынан Жиренше Байғұлақты шақыртады.
Байғұлақ бейітке келгенде, Жиренше қол жайып тұрады.
Қабекең бейітіне Бағұлақ сиынады. 16 кісі баталасады.
Сайлау. Ерболға сайлаудан аз бұрын айтады. Шәкәрімге
кісі салады. Ол астыртын тілеулестігін айтады. Сендер
болсаң, домбырамды тартып, шалқамнан жатам дейді, бірақ
Абай қасынан кете алмаймыз дейді.
Алданған жерде Абай Ерболға: “Жаман құл, мен сенің
басыңдағы боғыңды алып едім. Сен менің басымдағы
шоғымды алдың ба? Жылан үш кессе де кесірткелік әлі бар”
дейді. Ақылбайға билікті сұрайды. Ербол осыдан барып ба-
сылса керек.
Оразбай, Жиренше Ақылбай үйінде түстеніп отырып
естиді.
Шарды Күнтуға салып жатқанды есітіп, ішкі бөлмеден
Абай келеді. Қолында көк құран. Айғожаға елден бұрын сен
сөйле, ант ішіп тана бер деп тапсырған. Жиренше Оразбайға:
“Бірақ ол сөйлегенше, Абайдың өз елубасысы құдай, құран”
деп салады. Өзгелер “бәріміздің сөзіміз сол” дейді. Берікбай
құран ұрады.
Дұлғарыштың Тәттімбетінің “Сылқылдағын” ойнама-
уы. Тәттімбет Құнанбайдың тоқалына барған, сондықтан
оның күйін ойнауы қажы тұқымын қырылдырады деседі.
Шәкерім Абайдың қарсысына шыға алған жоқ. Жайсаң
болушы еді. Абайдан қорқатын. Күнту болыс болатын-
ды. Абайға айтпаған – бұл Айғаншаны алып қашқанда,
318
Абай тізесін батырып жіберген. Қатты билік етіп, жүз түйе
әперген.
Алып қашатын күні Айғанша ақ киізге құмалақ салып
отыр екен. Біреу көріп қойған болады.
Халел Тінібайдың қызын алып қашады. Асаубай Абайға
кеп айтады. “Бас жатақ байлары боп алып қалғалы жа-
тыр. Рұқсат па? Мен сол байларды байлатып, қызды алып
өтейін” дейді. Абай: “Қой, тәтемді Омбыдан алып қалған
сол Тінібайдың еңбегі еді. Халел ақымақтығы үшін ренжіте
алмайым” деген. Байлар Аягөзде қуып жетіп, тартып алып
қайтқан қызды.
Бір сәлделі кісі туралы. Өзі алпамсадай. Басы дағарадай
деген. Күлгендерді артынан мінейді. Жөнін білмей, бос айта
салған сөзді көлденең өткізбей, мінеп отырушы еді.
Шақшасы келген-кеткеннің бәріне ортақ. Қалтаға са-
лынбайды, жұрт сұрамай атады. Сұрағанға ренжіп қалушы
еді.
Малға, дүниеге ашық, береген, мол болғаны Оспан үйіне
келген соң.
Құнанбай Қодарды өлтіреді. Абай онда бар болу керек.
Кенесарыны Құнанбай қуған. Кейін бертінде Бопай
келген. Оған көп мал беріп жіберген. Садақшы Бопай жұрт
ат деп сұрағанда қартайып қалдым ғой деп, шеткі кісіге
тақияңды таста дейді. Атып түсіреді.
Жиренше Қарқаралының қаласында Ағыбайды көргенін
айтады. Шал екен. Бір казак-орысты ат үстінен тұрып екі
тартқанда бүк түсіреді. Шалғымбайға айтып келгенде, ол
солдаттарды тигізбепті.
Құлке: “Менде саясат жоқ, ә деп шыққанда мен қолшыл
болдым. Бірақ саясатқа шебер Жиренше. Келе жатқан пәлені
ондай көргіш кісі жоқ еді дейді” (29 бума, 163–215-бб.).
319
АБАЙ АЙТАР БОЛСА
Өткенге өкіндім, көргеннен күңірендім.
Алған өздігінен бермейді, көрген өздігінен айтпайды.
Табыстырар жол қалдыр, мәңгілікке кеспесеңші.
Инемен құдық қазу көкіректен қаскөйлікті (тәкаппар-
лықты) қуудан оңайырақ.
Зорлықшыл кісі зорлықтан қаза табар (Айдар ұр деген-
де).
Мансаппен адам қасиет таппайды, адаммен мансап
қасиет табады.
Ат мініп, аспабыңды асырып, жауыңа аттанып қайтесің.
Үлкен жауың өзіңнің ішің – нәпсіңде (Билікте Абай сөзі).
Алмастың түймедейі түйедей тастан артық. Жүз оқ атып
желге кетіргенше, бір оқ ат та, жебе бұз (Ерден).
Отты тіл жағады (Жиренше Абайға).
Қаңғырлаған қоңыраудың іші қуыс екен ғой (Абай
Әзімханға).
Әзілде кек жоқ, өсекте (арамда) шек (тек) жоқ.
Аяғыңдағы етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пай-
да.
Қапқан иттен өш алам деп мен де қапсам, аузымда не
қасиет қалады? (Айдар Ажарға).
Жауызға еткен жақсылық суға жазған сертпен тең (Абай
Керімге, Тәкежанға).
Өзі толы ыдысқа құйғаның текке төгілер, менмендікке
жаның толы екен, не құйса да, бос төгілер бойға қонбай
(Абай Әзімханға).
Жасқа – жас, іске – кәрі бол (Абай).
Қойшысы ұйқыда қозы қасқырмен бірге өреді (Абай
билікте).
Жақсы сөз жақсыдан қалады,
320
Жаман ат жаманнан қалады.
Бадахшанның лағыл тасын сындыру оңай (Шаих Сағди).
Жолға қарсы болса, су да ішпе, пәтуа серт бұзса, қан да
төк (Жиренше).
Уытын қайтарар басыртқы болмағандықтан, у қауіпті
(Абай).
Жанкүйерің зынданда отырса өзіңнің бақ ішінде
отырғаныңнан рахат табар ма ең.
Ұлы қатты дертті болса, санадан ана солмай ма?
Еккенің тікен болса, орарың балауса болмас.
Елін жылатқан қасқыр да (Абай Нарымбетке).
Жәке бидің сөзі
Жәке Қойтанұлы 1830 жылы Маңырақ Сауыр деген жер-
де, Шығыс Қазақстан облысының Қытаймен шекарасында
туылған. 1914 жылы 84 жасында өлген. 17 жасында билік
айтқан. Әділ, адал, шешен адам болыпты.
Мен Кедейдің Жәкесімін,
Жетім менен жесірдің әкесімін, –
дейді екен.
1. Бағы жоқ басқа жаудыраған көз бітеді,
Дуасы жоқ ауызға саудыраған сөз бітеді.
2. Кереге бойы кер жусан,
Кертөбел жесе ас болмайды.
Кері кеткен ел күнде жиылса,
Кеңесі болмайды.
3. Ер қартайып, мал тайса, екеу болар,
Заман азып, заң тозса, төртеу болар.
Қатын шайпау, ұл тентек – алтау болар,
Қарға адым жерді басып-ақ жалқау болар.
4. Таяз ой сырды батырмас,
Қисық оқ түзу атылмас.
321
Ойлы құлақ, милы бас
Көздеп атпай шатылмас.
Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
5. Ғылым түбі – теңіз, ішсе сусын қанады,
Надандық түбі – өгіз, мінсе боқты жағады.
6. Сүйреңдеген шешеннен құлақтың құрышы қанады,
Сүйретпелі байлардан қарынның бұрышы толады.
7. Айтса болар ұққанға,
Айтып-айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.
8. Бақ бітеді маңдайға,
Сенімді шешен таңдайға,
Арындап барып ұшырар,
Ақылменен қанбасаң,
Көк дөненді шаужайға.
9. Өкпе неге жарасар, қарындасқа жарасар,
Қарындастың ішінде қадірлеске жарасар.
Кілем неге жарасар, бар түйеге жарасар,
Бар түйенің ішінде нар түйеге жарасар.
Таудан аққан тас бұлақ құймай қоймас теңізге,
Түбінің бір тегі бар, тартпай қоймас негізге.
10. Ханға бергісіз қара бар,
Қылышқа бергісіз ара бар.
Кей қараның сөздері
Хан сөзіне барабар.
11. Арамменен жолдас болсаң,
Көңіліңді қаралас.
Жаманменен жолдас болсаң,
Жүрегіңді жаралас.
322
12. Адамды жақын қылатын – мал,
Қашық қылатын – амал.
13. Көрінген жер алыс болмайды,
Көрінген ел таныс болмайды.
Әр нәрсенің мөлшері бар,
Ши жуандап қамыс болмайды.
14. Жақсы көрген кісі келгенде,
Жоғары шық деп үш айтады.
Жек көрген кісі келгенде,
Үш жылғы шығынын айтады.
15. Ұры – даудың ұрығы,
Шешен – даудың құрығы
Танған – даудың егесі,
Куә – даудың шегесі.
Нұрлыбек Түйтеұлынан жазылды
1. Заман азбас, ел азар,
Ел неден азар?
Ел сөзден азар,
Ер қартайса, көзден азар.
Көп отырған жер азар,
Қатыны жаман ер азар.
2. Жаныңды асырайтын – өз өнерің,
Ақыл-қайрат, шешен тіл,
Қол шеберің.
Еңбегің әжетіңе жараса сол,
Алмағайып дүние бетпе едің.
3. Құрт бергенге құрт берем,
Сырт бергенге сырт берем,
Бергің келген кісіге
Тоқтыңды алып соқ та отыр,
Бергің келмес кісіні
Қу сөзбен қақ та отыр.
323
4. Жорға мінген тақымның құрышын қандырып
желдіріп отырады,
Қыран салған жігіт құмардан шығарып ілдіріп
отырады.
Жақсымен жолдас болсаң, көңіл ашып күлдіріп
отырады,
Жаман қабағын жауып, үй ішін бүлдіріп отырады.
5. Жолың болсын демей сөз табылмайды,
Жоғары шық демей орын табылмайды.
6. Атадан жаман ұл туса,
Артынан қиқу шыққанда,
Атына қарғып міне алмас!
Анадан жаман қыз туса,
Шешесімен шаштасып,
Ұрысуға ұялмас.
Достарыңызбен бөлісу: |