Аннотация Мен жазғы демалыс уақытында ауылға атамның үйіне бардым. Менің атам ахатин ұлуын өсірумен айналысады. Ол кезде мен тек ахатин ұлуын қызықтаумен болдым. Жазғы демалыс аяқталып қалаға өз үйіме келдім. Сол кезде маған ахатин ұлуының қажет екенін түсіндім, себебі жаз айында ұлуға үйреніп қалған едім. Бір күні татемнің досы маған 2 дана ахатин ретикулята альбинос боди ұлуын сыйға беріп қуантты. Мен ұлуларыма «Боди», «Боби» деген ат қойдым. Сол күннен бастап әдебиет көздері мен интернет ресурстарды пайдалана отырып ахатин ұлуына қандай күтіп жасау керек екенін қадам бойынша үйрене бастадым. Көп адамдар ахатин ұлуына үй жануары ретінде қандай күтім жасау керек екенін біле бермейді. Ахатин ұлуына арнайы ерекше күтім жасау қажет. Сол себепті ғылыми жобамды «Менің ахатин ұлуым» тақырыбына жазуыма тура келді. Ұлуымды үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін де аңғардым.
Кіріспе Үйге ахатин ұлуын асырап алу үлкен жауапкершілік. Ахатин ұлуын анда-санда шомылдырып, террариуымды тазалап, оған тамақ бере салумен оның алдындағы жауапкершілік аяқталды деу үлкен қателік. Ол жанды әрі тіршілік иесі болғандықтан оны жақсы көре білу керек және оған үлкен күтім керек. Ал қазіргі кезде балалардың жалпы жан-жануарға деген, әсіресе үй жануарларына деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері азайып бара жатыр. Себебі, балалар жан-жануарларды виртуалды түрде ғана көріп танысады, шынайы көретіндер аз.