фон – айыру объектісіне тікелей жататын бетті анықтау. Беттің түсі мен фактурасына байланысты жарықтану коэффициентімен (ρ) сипатталынады. Фон ρ>0,4 жарық болып, 0,2<ρ<0,4орта және ρ<0,2 күңгірт болып есептелінеді;
объектінің (К) фонымен айқындылығы – абсолюттік шама бойынша объекті мен фонның шағылысу коэффициенті айырымының фонның шағылысу коэффициентіне қатынасымен сипатталынады. Айқындылық К<0,2 аз деп; 0,2< К<0,5 – орта деп; К>0,5 – үлкен деп есептелінеді.
Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары фонның жарықтығын көтергенде жақсарады, ол бөлменің (қабырға, төбе, еден) және өндірістік жабдық беттерінің шағылысу коэффициентін көтерумен жетеді.
Жарықтанудың абсолюттік мәнінен басқа, жарықталудың сапалы сипаттары: өте жарық көрсеткіші және жарықталудың толық коэффициенті нормаланады.
Жасанды жарықтану есептемесі келесі тапсырмалармен қорытындыланады: жарық жүйесін таңдау, жарық көзінің түрін, шамды орналастыру, жарықтехникалық есептеуді орындау және жарық қондырғыларының қуатын анықтау [2,3]. Жарықтың техникалық есептемесі:
пайдалану коэффициенті әдісімен;
нүктелік әдіспен;
меншікті қуат әдісімен орындалуы мүмкін.
Пайдалану коэффициенті есептік бетке түсетін жарық ағынының жарықтандыру аспабының толық ағыны қатынасына тең коэффициент мәнін анықтаумен бекітіледі. Одан кейін берілген жарықты құру үшін қажетті сәуле көзінің жарық ағыны анықталады.
Меншікті қуат әдісі бойынша жарықтандыруды есептеудің маңызы, шамн ың типі мен оны орнату орнынан, жұмыс бетіне ілудің ұзындығынан, көлденең беті мен ғимарат көлемінің жарықтылығына байланысты меншікті қуаттың мәнін анықтаудан тұрады.
Нүктелі әдіс шырақтың жарық таратуынан және оның геометриялық өлшемдеріне байланысты берілген шартты жарықтандыруда жарық ағынын анықтауды болжайды, бұл мән кеңістіктік изолюкстің графиктері бойынша алынады.