«Еңбек қауіпсіздігі және экологиялық инженерия» кафедрасы
З е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с № 2
Тақырып: Табиғи өндірісткі жарықтандыру сипаттамаларын зерттеу
Мамандығы: «5В071800-Электр энергетикаcы»
Орындаған: Бақтыбай М.М.
Тобы: Эсск-18-4
Қабылдаған: аға оқытушы Джамбаева А.
________ ___________ «____» _________ 2021 ж.
(баға) (қолы)
Жұмыстың мақсаты: өндірістік жарықтандырудың нормалауымен және бақылауымен танысу, пайдалану коэффициент әдісі мен жасанды жарықтандырудың теориялық есебін жасау, сондай-ақ жасанды өндірістік жарықтандырудың сипаттамасын зерттеу.
Табиғи жарықтандыру болмаған жағдайда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады.
Көздің талу жағдайы заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады. Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.
Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:
жұмыс орнын жарықтандыру “Табиғи және жасанды жарықтандыру.
Жалпы талаптар” 2.04-05-2002 ҚР ҚНжЕ бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет;
жұмыс орнындағы және қоршаған кеңістік шектеріндегі