4.2 Зәкірдің көлденең және бойлық магниттеуші күштері Егер щеткалар геометриялық бейтарапты сызығында тұрса 4.3, а сурет, онда зәкір өірісі негізгі полюстердің осьтік сызығына көлденең бұрышқа бағытталған. Зәкірдің осындай өрісін көлденең деп аталады және ол зәкірдің көлденең күшімен анықталады. Щеткалардың геометриялық бейтарап бойынша орналасу жағдайы олардың негізгі бірінші орналасу жағдайы болып табылады.
Щетка нейтралдан ығысқанда зәкір өрісінің осі полюстерінің бойына жоғары немесе абсцисса осінен төмен орналасады 4.3, б сурет. Бұндай зәкір өрісін бойлық деп аталады және зәкірдің бойлық магниттеуші күшімен анықталады.
Зәкірдің магниттеуші күшінің бағыты
Щеткалар полюстердің осьтік сызығына орналасуы – екінші негізгі жағдайы. Жалпы жағдайда щеткалар бейтараптан бұрышқа немесе зәкірдің шеңберлік бойындағы доғасының ығысуы мүмкін 4.3, в сурет. Бұл жағдайда зәкірді екі біріктірілген магнит ретінде қарастыруға болады, оның біреуі зәкірдің бойлық магниттеуші күшін тудыратын екі бұрышта тұрған ораманың жарты бөлігінен құралған, ал басқасы ораманың қалған доға бөлігі зәкірдің көлденең магниттеуші күшін тудырады.