Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғҰмарбек дәукеев атындағЫ


Электрлік машиналардың желдету жүйесі



бет7/15
Дата28.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#53337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Монтаж РГР2

1.3 Электрлік машиналардың желдету жүйесі
Электрлік машиналарды салқындату әдісіне байланысты табиғи және өзіндік желдетудегі салқындату болып бөлінеді.
Табиғи салқындату машиналарында салқындатудың тиімділігін күшейтетін арнайы құрылғылар жоқ. Табиғи желдетілуді аз қуаттағы машиналарда пайдаланылады, яғни олардың салқындатылу жағдайы салыстырмалы түрде жеңіл болады.
Өзіндік желдеткіштегі машиналарда салқындату желдеткіштің көмегімен жетеді. Өзіндік желдету ішкі болуы мүмкін, яғни ауа машинаның ішімен өтеді және сыртқы желдеткіш сыртқа шығарады және ол станинаның сыртқы қабырғалы бетін желдетеді. Салқындатылатын ауаның ағынына қатысты желдеткіштің орналасуына байланысты ішкі өзіндік желдету соратын немесе айдайтын болуы мүмкін. Аксиалды сору желдетілуінде 1.12, a сурет А желдеткіші машинада бәсеңдеуді туғызады: ауаны атмосфералық қысым әсерінен машинаға келеді және содан кейін одан сыртқа шығарылады. Аксиалды айдау желдетуінде 1.12, б сурет А желдеткіші ауаны алып, машинаға айдайды және содан кейін оны сыртқа шығарады. Салқындатылатын ауа аксиалды желдетуде ішкі желдету каналдарымен білік осіне қарағанда параллель, ал радиалды желдетуде – перпендикуляр өтеді 1.13, a сурет. Өзіндік желдетудің кемшілігі, яғни машинаның жиілігін төмендеткенде желдеткіштің өнімділігі тез төмендеп кетеді, нәтижесінде машинаны салқындатудың қарқындылығы төмендейді. 1.13, б суретте машинаның тұрқын сыртынан үрлеп желдетудің сұлбасы көрсетілген.









а) б)
1.12 сурет - Тұрақты токтағы машинаның өзіндік желдетудің аксиалдық жүйелері
Тәуелсіз салқындатылатын машина. Бұндай машиналарда ауа машинаға тәуелсіз жұмыс істейтін желдеткіштен келеді. Желдету ұзынынан немесе тұйықталған болуы мүмкін. 









а) б)
1.13 сурет - Машинаның радиалды салқындату жүйесі (а) және тұрықты сыртынан үрлеп желдетудің сұлбасы (б)
Ұзынынан желдету жүйесінде ауаның суық массасы сырттан әкелінеді, машина арқылы өтіп қоршаған атмосфераға шығарылады. Бұл жүйенің кемшілігі былай тұжырымдалады, яғни машинаның ішкі бетіне әрқашан ауада болатын шаң және кір жиналып машинаның салқындау жағдайын нашарлатады. Бұл апатқа себеп болуы мүмкін.
Ауаның кірісіне сүзгілерді пайдалану машинаға тиімсіз, яғни оларды жиі тазалап тұру қажет және олар ауа қозғалысының кедергісін жоғарлатады.
Тұйықталған желдету жүйесінде 1.14 сурет салқындатылатын ауа ауаны салқындатқыш (АС) арқылы тұйықталған контурға өтеді. Машина осындай желдетуде оған шаң түсуден қорғалады. Салқындату ортасы негізінде тек қана ауа ғана емес және сутегін қолдануға болады. Сутегімен салқындатылуда желдеткіштік шығындары он есе төмендейді, ал тотығу үрдістері болмағандықтан оқшауламалық қызмет ету мерзімі өседі. Машинаның ішінде жарылыс газы пайда болу жағдайынан болатын жарылысты болдырмау үшін, алдын ала оған көмірқышқыл газы жіберіледі. Содан кейін жоғары атмосфералық қысымда машинаны сутегімен толтырады, яғни машинаның ішіне ауаның енуін ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет