2 Тұрақты токтағы машинаның зәкір орамалары 2.1 Ораманың құрылысы Зәкір орамасы – келесі талаптарды қанағаттандыратын машинаның ең басты элементі:
а) орама берілген кернеуге және жүктемелік токқа, сәйкес номинал қуатқа және машинаның қызмет мерзіміне (20 жылға дейін) жеткілікті ұзақтылыққа қамтамасыз ететін қажетті электрлік, механикалық және термиялық мықтылыққа ие шамаларға есептелген болуы керек;
б) ораманың қиыстырмасы коллектордан ұшқыны зиянсыз токты алуды қанағаттанарлық жағдайда қамтамасыз ету қажет;
в) материалдың шығыны берілген эксплуатациялық көрсеткіштерде (п.ә.к. және т.б.) минималды болуы керек;
г) ораманы дайындау технологиясы мүмкіндігінше қарапайым болуы қажет.
1.14 сурет - Желдету жүйесінің тұйықталған сұлбасы
Қазіргі кездегі тұрақты токтағы машиналарда зәкірдің орамасын зәкірдің сыртқы бетіндегі 2.1 сурет ойықтарға төсейді, яғни оның жасау технологиясы қарапайым, сымның пайдалануын жоғарлатады және ораманы сенімдірек қылады. Орама бір қатар тізбектей жалғанған секциялардан тұрады, зәкірдің ойықтарына орналасатын олардың әрқайсысында екі активті жағы бар. Зәкір өзекшесінің ұшы жағындағы активті жақтарын тікесіндегі сымдармен жалғанады. Ұштық жалғануда қиылысу болмау үшін, яғни олардың бір жазықтықта жатпауы үшін, орамаларды екі қабатты қылып жасайды 2.2 сурет. Активті жақтарын 2 тістердің арасында орналасқан 1 ойықтарға орнықтырады, ал ұшқары жақтарын 3 тікке жалғануларымен бекітеді. Сонымен қатар әр секцияның автивті жағы ойықтың жоғарғы қабатында, ал басқасы – төменде жатыр. 2 секцияның әр активті жағын оқшаулайды және алдын ала оқшауланған 3 ойыққа төсейді. Ойықтың автивті жақтары төселген соң, магнитті емес сынамен қағылады. Зәкірге үлкен механикалық беріктік беру үшін, ораманың тіке жалғануларын болат құрсаумен тартылады.
2.2 сурет - Зәкір орамасының екі қабатты орналасуы
2.1 сурет - Зәкір өзекшесіндегі 2.3 сурет - Орама ойықпен көлденең секцияның активті жағының кесіндісі
орналасуы
Тұрақты токтағы машина орамының секциясы екі активті сымнан тұратын 2.4, a сурет бір тарамды және 2.4, б сурет көп тарамды болуы мүмкін. Тұрақты токтағы зәкір орамаларын тұзақты (параллельді), толқынды (тізбектей) және аралас (параллельді-тізбектей) деп бөледі.
2.4 сурет - Зәкір орамасының секциясы
Орамалар қарапайым және күрделі (еселенген) болуы мүмкін, яғни соңғысы бірнеше қарапайым орамалардан құралады. 2.5, a суретте толқынды ораманың көп тарамды секциясы (шарғысы) көрсетілген. Толқынды ораманың екі бірдей жарты секциялы жарты шарғысы 2.5, б суретте, ал тұзақты - 2.5, в суретте көрсетілген. Жаймаланған сұлбада жоғарғы қабатында орналасқан секция жағындағы орамасы толық сызықпен, ал төменгі қабатында орналасқан жағы үзік сызықпен көрсетілген 2.6 cурет.
2.6 сурет - Жаймаланған сұлбада-
ғы секцияның көрсетілуі
2.5 сурет - Шарғы (а), толқынды
ораманың жартылай шарғысы (б),
тұзақ ораманың секциясының
жартылай шарғысы (в)
Ораманың секциясының мынандай түрде бір-бірімен тізбектелген тізбекпен жалғайды, яғни келесі секцияның басын алдыңғы секцияның аяғымен бірге ортақ коллекторлық пластинаға жалғайды. Сондықтан әр секция екі ұшқа тең және тағы әр коллекторлық пластинаға екі секцияның ұштары жалғанады, онда коллектордағы К пластиналардың жалпы саны орамдағы S секцияның санына тең
мұнда - зәкір орамасының активті сымдарының саны; - секциядағы тарамдардың саны.
Қарапайым жағдайда ойықтың екі секциялы жақтарының – біреуі жоғарғы және басқасы төменгі қабатында орналасқан. Сонымен қатар зәкірдің ойықтар саны . Түзетілген кернеудің пульсациясын төмендету үшін және көрші коллекторлық пластиналардың арасындағы үлкен кернеуден құтылу үшін ойықтардың саны жеткілікті үлкен болуы қажет. Бірақ та зәкірлерді үлкен сандағы паздармен жасау тиімсіз, өйткені ойықтар жіңішкереді, нәтижесінде олардың ауданының негізгі бөлігі тұрыққа деген секциясының оқшауламасымен толтырылған және өткізгіштер үшін аз орын қалады, ол машина қуатының шығынына әкеледі. Сол себептен ойықтың әр қабатына бірнеше секциялық жақтарының жанына орнатады 2.7 cурет. Бұнда . Берілген жағдайда, яғни әр ойықта элементарлық паздар бар, сондықтан әр элементаралық ойықтың қабатында – бір секциялық жаққа ие. Сонда зәкірдің элементаралық паздарының жалпы саны . Бір полюсте бөлінуде элементаралық паздар болады. Бірақ та, көбінесе -ге қалдықсыз бөлінбейді, сондықтан бөлшекті шама енгізіледі, оның көмегімен шаманың адымын толық санға шейін жуықталады
(2.1)
2.7 сурет - Реалды ойықтардың элементаралыққа бөлінуі