1-
сынып: Қарапайым деңгейдің бастапқы орташа игерімі (А
1
)
Тілдік бөлім
Фонетика.
Қазақ тілінің төл дыбыстарының орфоэпиясы мен орфографиясы.
Лексика.
Белсенді лексикалық минимум: 110-120 лексикалық бірлік.
Грамматика.
Зат есім сөздер. Сан есім. Жіктеу есімдігі. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау.
Септік жалғау. Жіктік жалғау. Сұраулық есімдіктер. Сұраулық шылаулар.
Бұйрық етістіктер. Етістіктің шақтары. Болымсыздық етістіктер. Бұйрық рай.
Сан есім сөздер. Сын есім сөздер. Үстеу сөздер. Болымсыздық есімдіктер.
Сілтеу есімдігі
Сөз, сөз тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлем. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Орфографиялық, пунктуациялық нормалар.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім.
Айтылым. Диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік
сөйлесім. Баяндаудың қарапайым түрі. Оқиғаны, құбылысты қарапайым
баяндау, сипаттау. Затты қарапайым сипаттау.
Тыңдалым. Бағдарлама көлеміндегі тақырыптар бойынша мұғалім мен
сыныптастарының сөздерін түсіну.
Оқылым. Тақырыпқа байланысты қысқа мәтіндерді түсініп оқу.
Тілдесім. Қарапайым үлгілерді басшылыққа ала отырып өзіне таныс
тақырыптар аясында тілдесу, ұлттық этикеттік оралымдарды қолдану.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.
Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар,
жұмбақтар).
2-
сынып: Қарапайым деңгейдің бастапқы толық игерімі (А
1.1
)
Тілдік бөлім
Фонетика.
Қазақ тілінің төл дыбыстарының орфоэпиясы мен орфографиясы.
Лексика.
Белсенді лексикалық минимум: 210-230 лексикалық бірлік.
Грамматика.
Кім? Не? Зат есім сөздер. Сан есім. Жіктеу есімдігі. Көптік жалғау. Тәуелдік
жалғау. Септік жалғау. Жіктік жалғау. Сұраулық есімдіктер. Сұраулық
шылаулар. Бұйрық етістіктер. Тұйық етістік. Етістіктің шақтары. Болымсыздық
етістіктер. Бұйрық рай. Сан есім сөздер. Сын есім сөздер. Үстеу сөздер. Модаль
сөздер. Болымсыздық есімдіктер. Сілтеу есімдігі
Сөз, сөз тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлем. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Орфографиялық, пунктуациялық нормалар.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім.
32
Айтылым. Диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік
сөйлесім. Баяндаудың қарапайым түрі. Оқиғаны, құбылысты қарапайым
баяндау, сипаттау. Затты қарапайым сипаттау.
Тыңдалым. Бағдарлама көлеміндегі тақырыптар бойынша мұғалім мен
сыныптастарының сөздерін, қарапайым хабарламаларды және үнтаспа, аудио-
жазбаларды тыңдағанда түсіну.
Оқылым. Тақырыпқа байланысты қысқа мәтіндерді түсініп оқу.
Тілдесім. Қарапайым үлгілерді басшылыққа ала отырып өзіне таныс
тақырыптар аясында тілдесу, ұлттық этикеттік оралымдарды қолдану.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.
Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар,
жұмбақтар). Қазақ халқына тән туыстық атаулар, ұлттық тағамдар, киімдер,
тұрмыстық
және
аспаптық
бұйымдар,
тұрмыс-тіршілігіне
тән
этнолингвистикалық атаулар.
3-
сынып: Қарапайым деңгейдің бастапқы жетік игерімі (А
1.2
)
Тілдік бөлім
Фонетика.
Қазақ тілінің төл дыбыстарының орфоэпиясы мен орфографиясы.
Лексика.
Белсенді лексикалық минимум: 210-230 лексикалық бірлік.
Грамматика.
Кім? Не? Зат есім сөздер. Сан есім. Жіктеу есімдігі. Көптік жалғау. Тәуелдік
жалғау. Септік жалғау. Жіктік жалғау. Сұраулық есімдіктер. Сұраулық
шылаулар. Бұйрық етістіктер. Тұйық етістік. Етістіктің шақтары. Болымсыздық
етістіктер. Бұйрық рай. Сан есім сөздер. Сын есім сөздер. Үстеу сөздер. Модаль
сөздер. Болымсыздық есімдіктер. Сілтеу есімдігі
Сөз, сөз тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлем. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Орфографиялық, пунктуациялық нормалар.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім.
Айтылым. Диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік
сөйлесім. Баяндаудың қарапайым түрі. Оқиғаны, құбылысты қарапайым
баяндау, сипаттау. Затты қарапайым сипаттау.
Тыңдалым. Бағдарлама көлеміндегі тақырыптар бойынша мұғалім мен
сыныптастарының сөздерін, қарапайым хабарламаларды және үнтаспа, аудио-
жазбаларды тыңдағанда түсіну.
Оқылым. Тақырыпқа байланысты қысқа мәтіндерді түсініп оқу.
Тілдесім. Қарапайым үлгілерді басшылыққа ала отырып өзіне таныс
тақырыптар аясында тілдесу, ұлттық этикеттік оралымдарды қолдану.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.
Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар,
жұмбақтар). Қазақ халқына тән туыстық атаулар, ұлттық тағамдар, киімдер,
33
тұрмыстық
және
аспаптық
бұйымдар,
тұрмыс-тіршілігіне
тән
этнолингвистикалық атаулар.
4-
сынып: Негізгі деңгейдің қалыптасу қарсаңындағы бастапқы игерімі (А
2
)
Тілдік бөлім
Фонетика.
Қазақ тілінің төл дыбыстарының орфоэпиясы мен орфографиясы.
Лексика.
Белсенді лексикалық минимум: 240-280 лексикалық бірлік.
Грамматика.
Зат есім. Сан есім. Жіктеу есімдігі. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау. Септік
жалғау. Жіктік жалғау. Есімдіктердің түрлері: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік
есімдіктері. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Көсемше. Болымсыз
етістіктің жұрнағы. Септеулік шылаулар. Сұраулық шылаулар. Сөз тіркесі.
Сөйлем түрлері.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім.
Айтылым. Диалогтік сөйлесім Тақырып бойынша өз ойын айта алу.
Монолог. Заттарға сипаттама беру.
Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының және үнтаспадан тыңдаған
шағын диалогтағы ақпараттарды тыңдап түсіне алуы.
Оқылым. Оқу бөлімдарын оқып, мәтіндердегі сөздердің мағынасын
ажырата алу. Оқығанын ауызша қайта мазмұндап айта алуы.
Жазылым. Шағын мәтін құрап жаза алуы. Берілген тірек сөздер бойынша
сөйлем құрап жаза алуы. Сұрақтарға жауап жаза алуы.
Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша диалог құру. Сұрақтарға жауап
қайтару. Қарапайым этикеттік орамдарды пайдаланып, пікірлесу.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.
Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар,
әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі
балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
Қазақ халқына тән туыстық атаулар, ұлттық тағамдар, киімдер, тұрмыстық
және аспаптық бұйымдар, тұрмыс-тіршілігіне тән этнолингвистикалық атаулар.
Кез келген тілді оқытудың нәтижелі болуы, ең алдымен, сол пән бойынша
меңгерілуге тиісті білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптарды анықтауға
байланысты.
Сонымен, бастауыш білім беру деңгейін, яғни 4-сыныпты аяқтаған
оқушылар қарапайым және негізгі деңгей (негізгі деңгейдің алғашқы игерімі)
бойынша мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:
Фонетика бойынша: қазақ тілінің фонемалық және фонетикалық жүйесі
туралы; тірек кестелер арқылы қазақ тіліне тән үндестік заңын қолдануды;
белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
Лексика бойынша: бастауыш сыныпқа ұсынылған лексикалық минимумның
480-5
00 сөзін; лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орынды пайдалануды;
34
Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша: сөздердің түбірі мен қосымшаларын
айыруды; сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды;
Грамматика бойынша: септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын,
жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне қарай пайдалануды; лексикалық
минимум көлеміндегі сөздерді көптеуді, тәуелдеуді, септеуді, жіктеуді; сөздің
мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті
ажырата алуды; сөйлем түрлерін ажыратуды; сөйлемдегі сөздердің
байланысын;
Орфография бойынша: үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп
отырып сауатты жазуды білуі тиіс.
Сонымен бірге оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын
талаптар сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша да айқындалады.
Айтылым бойынша:
-
логикалық бірізділікпен әңгіменің сабақтастығын сақтап баяндауды;
- 8-
9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-әрекетті сипаттауды;
-
естіген, оқыған ақпаратты қайта баяндауды;
Тыңдалым бойынша:
- 10-
12 сөйлемнен тұратын диалогтағы мұғалімнің, сыныптастарының сөзін,
шағын ақпараттарды түсінуді;
-
естіген ақпараттағы негізгі ойды ажыртуды, негізгі мазмұнын түсініп
айтуды;
-
тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіруді;
Оқылым бойынша:
-
шағын мәтінді түсініп оқуды;
- 10-1
5 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқуды;
-
іштей оқу дағдысын дамыта отырып, мәтіннен негізгі және қосымша
ақпараттарды айыруды;
-
оқыған мәтін бойынша: мәтінге тақырып қоюды, қарапайым жоспар
жасауды, сұраққа жауап беруді және логикалық тұрғыдағы сұрақтар
құруды, өз пікірін білдіруді, бағалауды, әр азат жолдың негізгі ойын 1
сөйлеммен айтуды;
- 9-
10 жолды өлеңді мәнерлеп түсініп оқуды;
-
өз бетінше сөздіктен сөздердің аудармаларын табуды;
-
қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
-
көркем мәтіндердің танымдық мазмұнын түсінуді;
-
контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді танып, күнделікті өмірмен
байланыстыруды, өз пікірін білдіруді;
Жазылым бойынша:
-
белсенді лексикаға енген сөздерді естіп отырып сауатты жазуды;
-
лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды;
-
грамматикалық дағдыларды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауды;
-
қарым-қатынас әрекетін жасауға арналған тапсырмаларды орындауды;
-
өз кестесін құруды (күн тәртібі, сабақ кестесі т.б.);
35
-
ашық хатқа құттықтау сөздер мен тілектер жазуды;
Тілдесім бойынша:
-
диалог-сұрастыру жүргізуді, сөйлеу мәдениетін ескере отырып,
келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде білдіруді;
-
күнделікті өмірлік және сабақта жиі кездесетін жағдаяттарда тілдік этикет
нормаларын қолдана отырып, қатысымға түсуді;
-
қатысымдық тұрғыдағы диалогқа қатысуды: әңгімені бастауды, әңгімеге
кірісуді, қайталап беруді өтінуді;
-
таныс тақырыпқа шағын диалог құрастыруды;
-
өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда тілдесуді меңгеруі тиіс.
Мемлекеттік тілді меңгертуде пәннің білім мазмұнын және оқушыларда
қалыптасуы тиіс білік, дағдыларды анықтаумен қатар, оқытудың ұстанымдары
мен әдістерін нақтылаудың да маңызы ерекше.
Өзге тілді мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгертуде негізге
алынатын дидактикалық ұстанымдар екі бағытта белгіленді.
1. Мемлекеттік тілді меңгертудің дәстүрлі ұстанымдары.
2. Мемлекеттік тілді меңгертудің арнайы ұстанымдары.
Мемлекеттік тілді меңгертудің дәстүрлі ұстанымдарына дидактика
ғылымында негізін Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци және
К.Д.Ушинский қалаған, қаншама жылдық тарихы бар жалпы дидактикалық
ұстанымдар жатады.
Оқыту үдерісінде кез келген пән бойынша оқушылардың білім, білік,
дағдыларын қалыптастыруда, ең бастысы, оқушыларды ғылыми біліммен
қаруландыру міндеті аса маңызды. Осы орайда оқытудың ғылымилығы
ұстанымы жетекші рөл атқарады. Бұл ұстаным бойынша оқушыларға берілетін
білімнің мазмұнының ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, оларға
заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын ұғындыру және олардың
арасындағы себеп-салдарлық байланысты ашу ескеріледі. Бастауыш мектепте
кез келген пәнді оқытуда оқушылардың қарапайым ғылыми зерттеу
дағдыларын қалыптастыру, заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама
белгілерін ажырату, қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан
құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік,
дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделеді.
Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі
мен сабақтастығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті. Бұл орайда дидактиканың
оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі ұстанымы жүзеге асырылады. Аталған
ұстаным оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді.
Оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығын, бірізділігін қамтамасыз ету үшін
әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда
ұғымдық-ақпараттық материалдардың белгілі бір жүйемен берілуін,
сабақтастығын, біртіндеп тереңдетілуін және кеңейтілуін, сондай-ақ
оқушылардың білімді меңгеру әрекеті белгілі бір сатымен (мысалы:
ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау,
36
қорытынды шығару немесе тұжырым жасау, т.б.) іске асырылуын ескеріп
отыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік білік, дағдыларын қалыптастыруда
басты рөл атқаратын, басты орында тұратын ұстаным – теория мен
практиканың байланыста болуы ұстанымы. Оның мәні – оқушыларға
теориялық білім беріп қана қоймай, сол білім, білік, дағдыларын күнделікті
жаңарып, өзгеріп жатқан өмірде, кез келген жағдаятта емін-еркін қолдана
білуін қамтамасыз ету. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен
берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып,
практикалық жағына бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен
практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша
берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың,
заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала
өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей,
бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ
оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын
терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады.
Психологиялық зерттеулерде анықталғандай, балаларға берілетін білімнің
көлемі мен мазмұны олардың өмірден жинаған тәжірибесіне, таным деңгейіне
және психикалық тұрғыдан дамуына лайықталуы тиіс. Сондай-ақ олардың
сұраныстары мен қабілеттері де ескерілуі керек. Өйткені бала ақпараттар
ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана қабылдай алады. Сондықтан
бастауыш сынып үшін оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескеру ұстанымы
басшылыққа алыну қажет. Бұл ұстанымның мәні – бастауыш сынып
оқушыларының ұғымына жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне сай келетін,
бiлiм деңгейлерiне лайықталған және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын
материалдардың қамтылуы.
Білім беруді оқушылардың жас ерекшелiктерiне бағдарлау ұстанымымен
үндес келетін бiлiмнiң жеңiлден ауырға, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан
белгiсiзге қарай берiлуі ұстанымын да ескерудің маңызы зор. Осы орайда ұлы
ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп,
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан
білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам
табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен
жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды
игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық. Бұл оқушылардың
келешекте негізгі білім беру сатысында ғылым негіздерін (жаратылыстану,
математика, физика, химия пәндерiн) меңгеруге дайындық жасауға да септігін
тигізеді.
Оқытудың нәтижелілігін арттырып, оқушылардың тілдік сауаттылығын
(тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу, т.б.) қалыптастыруда басшылыққа алынатын
негізгі ұстанымның бірі – білімнің беріктігі ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні –
оқушылардың меңгерген білімдерінің берік әрі тиянақты болуы. Ол жоғарыда
37
аталған ұстанымдардың өзара байланысын қамтамасыз еткен жағдайда ғана
іске асады, яғни аталған ұстанымдардың барлығына тәуелді болып келеді.
Оқушылардың алған білімі жүйелі, берік, тиянақты, терең болуы үшін мынадай
мәселелер ескерілуі тиіс:
–
өтілген тарауларды, тақырыптарды үнемі қайталап отыру:
а) күнделікті сабақ барысында;
ә) белгілі бір тақырыпты немесе тарауды, бөлімді аяқтаған уақытта;
б) тоқсан аяғында;
в) оқу жылының басында және соңында;
–
өтілген тақырыпты практикалық жаттығулармен (ауызша, жазбаша
тапсырмалар,
жаттығулар,
тәжірибелік-бақылау
жұмыстары,
т.б.)
байланыстырып отыру;
–
оқушылардың білім сапасын есепке алып отыру (тексеру және бағалау),
кемшіліктерін анықтап, тиісті жұмыс жүргізу;
–
өтілген оқу материалындағы өзекті мәселелерді, негізгі ережелер мен
ұғымдарды есте сақтауларын қамтамасыз ету.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде мәдениеттендiру және ізгілендіру
ұстанымының алар орны айрықша. Бүгінгі оқушы – оқу-тәрбие үдерісіндегі
орталық тұлға, ертеңгі Қазақстан Республикасының азаматы, еліміздің саяси,
экономикалық, әлеуметтік дамуына өз ілесін қосатын қызметкер немесе
жқмысшы. Сондықтан да олардың тілдік сауаттылығын қалыптастырумен
қатар, мәдени-рухани дамуына, яғни оқушылардың жалпы мәдениетiн көтеруге
баса көңiл бөлiнiп, жекебас гигиенасынан бастап, жалпы халықтық мәдениет
туралы мәлiметтер беруге дейін мән берілуі керек. Сондықтан әрбір пән
бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-
ақпараттық материалдармен шектелмей, әдебиет, сәулет, өнер, ғылым
салаларынан да белгілі бір деңгейде мағлұматтардың енгізілуін ескеру қажет.
Мемлекеттік тілді меңгертудің арнайы ұстанымдарына тұлғалық-бағдарлы
оқыту ұстанымы, қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан оқыту ұстанымы,
қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан оқыту ұстанымы, тұтастық
ұстанымы, әрекеттік ұстанымы, аутентикалық тұрғыдан оқыту ұстанымы,
шығармашылық ұстанымы, т.б. жатады.
Тұлғалық-бағдарлы оқыту ұстанымы. Бұл ұстанымының мәні –
оқушылардың өмірлік іс-әрекет тәжірибесіне жүгіну, әр оқушының өзіндік
ерекшелігі мен қабілетін және даралығын мойындау (И.С.Якиманская). Бұл
ұстаным бойынша барлық оқыту жүйесі оқу әрекетінің субъектісі – оқушының
даралық сипатына, мотивіне, шынайы өмірлік қажеттілігіне, мүмкіндігіне,
бейімділігіне, әлеуметтік-мәдени дамуына орай құрылуы тиіс.
Қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан оқыту ұстанымы. Бұл
ұстанымның негізіне И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева, Е.И.Пассов, В.Л.Ляховицкий
т.с.с. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Қатысымдық тұрғыдан
оқыту ұстанымының мәні – қоғамда, күнделікті өмірде түрлі әлеуметтік
рөлдерді атқару, кез келген өмірлік жағдаяттар мен проблемалық мәселелерді
38
шешу үшін коммуникацияның түрлі нысандарын, әдістерін қолдануға үйрету,
қарым-қатынас жасауда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас
тілін және шетел тілін меңгерту болып табылады. Бұл ұстаным білім беру
үдерісінде басшылыққа алынатын барлық ұстанымдардың негізіне алынады.
Себебі, тілді меңгертуде грамматизациядан арылуға бірден-бір мүмкіндік
беретін жүйе тілді сөйлеу мәдениетімен, тіл мәдениетімен бірлікте қарастыру
болып табылады.
Тұтастық ұстанымы. Тұтастық ұстанымының оқушылардың оқу және
жазудағы сауаттылығын қалыптастыруда атқаратын рөлі зор. Оқушыны оқуға
және жазуға үйрету сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін біртұтастықта, өзара
бірлікте қарастырғанда ғана күтілгендей нәтиже береді. Сол себепті бұл
ұстаным «сөйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қатар қамтиды. Олар:
оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл ұстанымның
ерекшелігі: бір сабақтың үстінде осы жұмыстардың барлығын жүйелі түрде
қолдана отырып, олардың арасынан ең басты біреуін таңдап алу және қалған
жұмыстың түрлерін осыған бағындыра білуден көрінеді. Сонда бір сабақтың
өзінде ортақ (өзек) пайда болады да, қалған бағыттар сол басты орталыққа
жұмыс істеу мақсатында жүргізіледі, сөйтіп, оқушының алған білім, білік,
дағдыларында тұтастық, бүтіндік пайда болады».
Шығармашылық ұстанымы. Шығармашылық ұстанымы пәндік білім, білік,
дағдыларды меңгертуде сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат
етеді. Оқыту үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен
шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән беріледі.
Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-
емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың
алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана
алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және
шығармашылық тұрғыда меңгертуге ден қойылады.
Әрекеттік ұстанымы. Сөйлесімдік қарым-қатынас, өз кезегінде, қарым-
қатынас жасаушы адамдардың «әлеуметтік әрекеттесуі» жағдайында
адамдардың өз міндеттерін шығармашылық әрекетпен шешуіне қызмет етіп,
«сөйлесім әрекеті» арқылы іске асатындықтан, тілді қатысымдық тұрғыдан
меңгерту әрекетшілдік сипатқа ие болады. Жұмыс барысында қазақ тілін
қатысымға бағыттап оқытудың әрекеттік мәні «әрекетке негізделген
тапсырмалар» арқылы іске асырылады. «Әрекетке негізделген тапсырмалар»
жүйесі ойын, имитациялық (еліктеу) және еркін қарым-қатынасқа негізделіп
құрастырылады және «осы жерде және дәл қазір» жағдайында жүзеге
асырылады. Олар тілдік сауаттылықты қалыптастыруға, тілді меңгеруге
мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзіреттерінің қалыптасуы ұстанымы. Оқушылардың
коммуникативтік құзіреттерін қалыптастыру бірнеше құзіреттермен
сабақтастықта жүзеге асырылады. Мәселен, лингвистикалық құзірет тілді
сөйлесім әрекетінің құралы ретінде пайдалануға дайын болуы арқылы
39
қалыптасады. Прагматикалық құзірет қарым-қатынас жағдаятындағы
коммуникативтік мазмұнды жеткізуге дайын болуды білдіреді. Когнитивтік
құзірет коммуникативтік-танымдық әрекетке дайын болуды білдіреді.
Ақпараттық құзірет қарым-қатынастың мазмұндық пәнін меңгеруді білдіреді.
Коммуникативтік құзірет, оның іске асуын қамтамасыз ететін сөйлесім
әрекетінің барлық түрлерінде – тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым,
тілдесімде қалыптасып, тілді қажетті деңгейде меңгертуге ықпал етеді.
Аутентикалық тұрғыдан оқыту ұстанымы. Бұл жерде тек өмірден
алынған оқу материалы ғана емес, табиғи қарым-қатынас тудырудың
әдістемелік мақсатына орай оқу жағдаяттары маңызды саналады. Олар
оқушылардың сөйлесім әрекеттерін қалыптастыруға бағытталып беріледі. Ол
үшін сабақ үдерісінде «тілді шынайы қолдануға» дайындық жасалады. Жұмыс
барысында қатысымға бағытталған аутентикалық оқыту сөйлесім арқылы
оқушылардың өзара әрекеттесуіне арналған тапсырмалар негізінде жүзеге
асырылады. Олар жұптық немесе топтық жұмыс түрінде орындалады.
Қатысымға бағытталған аутентикалық оқыту оқушылардағы «ақпараттың
теңсіздігі» жағдайында құрастырылған тапсырмаларды пайдалану арқылы
жүзеге асады.
Интерактивтік оқыту ұстанымы. Интерактивті (inter – өзара, akt –
әрекеттесу) оқыту ұстанымы оқыту үдерісінің барлық оқушылардың тұрақты,
белсенді, өзара қарым-қатынас арқылы әрекет етуін жүзеге асырады. Оқушы
мен мұғалім оқытудың тең құқылы субьектісі болып табылады. Мұнда
жұмыстың нәтижесінен оны шешу үдерісі маңызды саналады. Себебі
интерактивті оқыту ұстанымының мақсаты – оқушылардың өздігінен жауап
іздеуге бейімделуі. Қазақ тілін орыс тілді оқушыларға меңгертуде қатысымдық-
әрекеттік бағыт әдіснамалық тұжырым ретінде ұсынылатындықтан,
интерактивті оқыту ұстанымы ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің барлық
деңгейінде көрініс тауып отырады. Себебі жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік
ойын
тапсырмалары,
сұқбаттық
тапсырмалар,
құзіреттіліктерді
алыптастыратын тапсырмалардың барлығы интерактивті түрде орындалады.
Бастауыш мектепте білім мазмұнын жетілдіруде, оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыруда жоғарыда аталған ұстанымдардың қай-қайсысының да қызметі
ерекше. Себебі, бұл ұстанымдардың негізінде анықталған білім мазмұны
оқушылардың берілген білімді жүйелі, терең, берік, сабақтастықта және
біртұтастықта, ғылыми білімдер жүйесін практикамен байланыста, жеңiлден
ауырға, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгiсiзге қарай жүретін бағытта
белсенді түрде әрі қызығушылықпен меңгеруін қамтамасыз ете алады және, ең
бастысы, олардың фунционалдық сауаттылығының қалыптасуына жағдай
жасайды.
Сонымен, мемлекетте жүргізіліп отырған тіл саясатының бір бағыты
ретінде аталған бағдарламаны жүзеге асыруда жалпы орта білім беретін
мектептердегі қазақ тілі пәнін оқыту тенденцияларының алатын орны ерекше
екенін байқап отырмыз.
40
Жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен
бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік
меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді. Атап айтқанда:
1) 5-7-
сыныптардағы Негізгі деңгей-А2.1.2 үш игерімді қамтиды:
-
қалыптасу қарсаңындағы орташа игерім А 2.1 – 5-сынып;
-
қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 – 6-сынып;
-
қалыптасқан бастапқы игерім А2.1.2 – 7-сынып.
2) 8-9-
сыныптардағы Орта деңгей-А 2.+ екі игерімді қамтиды:
-
қалыптасқан орташа игерім А 2.2 – 8-сынып;
-
қалыптасқан толық игерім А 2.+ – 9-сынып;
3)10-11-
сыныптардағыОртадан жоғары деңгей-В
1
екі игерімді қамтиды:
-
тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В
1.1
– 10-
сынып;
-
тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В
1.2
В
1.2
– 11-
сынып.
Білім берудің барлық деңгейлерінде «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі
үш аяға бөлініп ұсынылған: әлеуметтік-тұрмыстық ая; әлеуметтік-мәдени ая;
оқу-еңбек аясы. Әр сыныптың базалық білім мазмұнын төмендегі
10-18
кестелерден көруге болады[17].
10-
кесте- 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
11-
кесте- 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
Әлеуметтік-тұрмыстық ая –
32/18 сағат
Әлеуметтік-мәдени ая –36
/26 сағат
Оқу-еңбек аясы–34/22 сағат
«
Біз
үйде
бір-бірімізге
көмектесеміз» –12/8 сағат
«
Досыма е-mail жіберемін» –
10/6 сағат
«Ас дәмді болсын! Таңғы,
түскі, кешкі ас» –10/6 сағат
«Менің елім – Қазақстан» –
12/9 сағат
«Біз мектепте жаңа жыл
тойлаймыз» –12/8 сағат:
«
Спортпен айналысамыз» –
12/9 сағат
«Менің мектебім. Мектеп
ғимараты» –12/8 сағат
«Демалысты (каникулды)
асыға күтеміз» –10/6 сағат
«Қазақ тілі сабағында біз
не үйренеміз?» –12 /8 сағат
Әлеуметтік-тұрмыстық ая ––
36 /24 сағат
Әлеуметтік-мәдени ая –36
/24 сағат
Оқу-еңбек аясы–30/20 сағат
«Менің отбасым», «Менің анам
–
ең сұлу адам» –10 /6 сағат
«Менің достарым (олардың мінезі,
жақсы қасиеттері)» – 8/6 сағат
«
Менің елімнің ақшасы» – 8/6 сағат
«
Елнұр туған күнге сыйлық
таңдайды» – 10 /6 сағат
«Астанамен танысу. Астананың
көрікті жерлері» – 12 / 8 сағат
«Көлік түрлері. Мен мектепке
немен барамын?» – 8/5 сағат:
«
Табиғатты қорғайық» – 8/5
«Менің сүйікті кейіпкерім» –10 /6
сағат
«Мен
мектептемін.
Мектепте не істеймін?» –
10/7 сағат
«Менің сүйікті заттарым»
–
10/7 сағат:
«Мектептегі үйірмелер» –
10 /6 сағат
41
12-
кесте- 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |