Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі к оммерциялық



Дата15.09.2023
өлшемі10,11 Kb.
#107963
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі к оммерциялы-emirsaba.org


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі к оммерциялық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ







Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебі

«Физика» кафедрасы


БАЯНДАМА

Тақырып:

«Фотометрияның негізгі ұғымдары. Жарық шамаларының бірліктері»


Орындаған: Қыдырәлі Н.

Топ: ЕП-20-2к

Қабылдаған: Абдраимов Р.

Шымкент қ. 2022 жыл
Фотометрия деп—оптиканың жарық толқындарының толқын ұзындықтары 380 нм-ден 760 нм аралығында тасымалдайтын энергиясын өлшейтін және оның адам көзіне тигізетін әсерін зерттейтін саласын айтады.
Жарық шамаларын өлшеуге арналған приборлар фотометрлер деп аталады. Олар қолданылатын методтарға сәйкес визуальдық және объективтік фотометрлер деп екі түрге бөлінеді. Ең бірінші біз фотометриядағы негізгі шамаларға түсінік беруіміз керек.
Фотометриядағы жарықты сипаттайтын шамалар:



  1. Жарық энергиясы. Жарық ағыны.

Жарық толқындары тасымалдайтын энергия жарық энергиясы немесе сәулелік энергия деп аталады (dW). Егер жарық таралған кеңістікте кішкене аудан бар болса (), одан үздіксіз сәулелік энергия ағып өтіп жатады. Берілген ауданнан уақыт бірлігі ішінде өтетін сондай энергия мөлшері сәулелік энергия ағыны немесе жарық ағыны деп аталады (), оны қуат өлшеу бірлігімен, мысалы Вт – пен өлшеуге болады.


Жарық ағыны Ф-тің (оптикалық сәулелену қуаты) бірлігі - Люмен (лм): 1Люмен деп жарық күші 1кд болатын нүктелік көздің 1ср(стерадиан) денелік бұрыш ішінде шығаратын жарық ағынын айтады. (1лм=1кд-ср). 1 кандела- эталонның сәулелену күші.



  1. Жарық күші.

Егер нүктелік жарық көзінен шыққан көрінетін жарық барлық жаққа бір қалыпты таралып, толық денелік бұрыш (4 стерадиан) қамтитын барлық жарық ағыны Ф болса, онда бір стерадианға тең денелік бұрышқа келетін жарық ағыны, яғни жарық күші J келесіге тең:


J =
Бірақ практикада кездесетін жарық көздерінен шығатын жарық ағыны барлық жаққа бір қалыпты таралмайды. Сондықтан жоғарыдағы өрнек тек орташа жарық күшін көрсетеді. Берілген бір бағыттағы шын жарық күшін табу үшін осы бағыт бойынша элементар денелік бұрыш алынып, сол денелік бұрышқа келетін Ф жарық ағыны өлшенеді. Сонда осы бағыттағы жарық күші :
=

Жарық күшінің бірлігі – кандела (кд)





  1. Жарықталыну.

Өздері жарық шығармайтын денелер олар жарық түссе ғана көрінеді, өйткені ондай денелерге түскен жарық азды-көпті шағылып жан – жағына шашырайды, дене дербес жарық көзі тәрізді болады. Дене неғұрлым күштірек жарықталса, соғұрлым одан жарық көп шашырайды. Дененің жарық болу дәрежесін сипаттау үшін жарықталыну Е деген шама пайдаланылады. Жарықталыну деп жарық түскен беттің аудан өлшеу бірлігіне келетін жарық ағыны айтылады.


Е=

Жарық көзі тұрған орыннан қарағанда dS беті көрінер денелік бұрыш d болсын, сонда бұл бетке түсетін жарық ағыны dФ мынаған тең:

I – жарық күші
Денелік бұрыш мынаған тең:
d =
Cонда
Осыны жоғарыға қойсақ :

Сөйтіп, беттің жарықталынуы жарық күшіне, түсу бұрышы косинусына тура пропорционал, жарық көзі мен беттің ара қашықтығының квадратына кері пропорционал.


Жарықталыну бірлігі – люкс (лк)
1 лк = 1 лм / 1 м²



  1. Жарқырау.

Практикада кездесетін жарық көздері аумақты болады, мысалы жарқырауық қатты дененің белгілі өлшемдері болады. Осындай жарық көзінің dS бетінің бір жағына, яғни 2П - ға тең денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол dS бетке қатынасы, яғни басқаша жарық көзі бетінің әрбір аудан бірлігінен шығатын жарық ағыны жарқырау деп аталады R.


R=
dФ – жарық ағыны.
Жарқырау мен жарықталыну өрнектері бір – біріне ұқсас. Бірақ жарқырау өрнегінде dФ қарастырылып отырған жарқыруық беттен шығатын жарық ағынын, ал жарықталыну өрнегінде dФ алынған бетке сырттан түсетін жарық ағынын көрсетеді. Дербес жарық көзі емес денелердің (мысалы, жарық шашыратқыш беттердің) жарқырауы, оның жарықталынуына тура пропорционал
R = kЕ
k– шашырау коэффициенті, нақты денелерге тән k мәні бірден кем болады. k<1 Кейбір денелердің ақ жарықты шашырату коэффициенті бірге жуық, ондай денелер ақ болып көрінеді; ал кейбір денелердің шашырату коэффициенті бірден көп кем, мұндай денелер қара болып көрінеді.

Жарқырау бірлігі ретінде әрбір кв. метр бетінен 2 стерадианға тең денелік бұрыш ішінде барлық жаққа 1 люмен жарық ағыны таралатын беттің жарқырауы қолданылады.


1 лм / м²


5. Жарықтылық.
Белгілі өлшемдері бар жарық көзінің жарық шығаруын сипаттау үшін жарықтылық делінетін шама қолданылады В. Жарық көзінің жарықтылығы деп жарық көзінен берілген бағытта денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол бұрышқа және жарық көзінің көрінер бетіне қатынасы айтылады. Мысалы, жарық алынған бетке жүргізілген нормалымен бұрышы жасалатын бағытта таралған болса, онда жарықтылық мынаған тең:
В
Жарықтылық бірлігі ретінде 1 кв. метр ауданы нормаль бағыт бойынша күші 1 кд – ға жарық беретін беттің жарықтылығы алынады.

1 кд / м²



Жарықтылық стильб (сб) деп аталатын бірлікпен де өлшенеді.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет