Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова


Аспаптың тыныштандыру уақытын анықтау



Pdf көрінісі
бет44/84
Дата17.11.2022
өлшемі3,37 Mb.
#50835
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

Аспаптың тыныштандыру уақытын анықтау. Электромеханикалық 
құрылғыларда магнитоиндукциялық жəне ауа тыныштандырғыштары 
кеңінен таралған. 
Олар үшін нұсқағыш бағыттамаларды тыныштандыру уақыты 
нормаланады: бағыттама ұзындығы 150 мм жəне одан жоғары 


62 
электростатикалық жəне термоэлектрлік жүйелер үшін – 6 с, басқа жүйелер 
үшін – 4 С артық емес. 
Тыныштандыру уақыты өлшенетін шаманың өзгеру сəтінен бастап 
көрсеткіні қажетті жағдайға қойған сəтке дейінгі уақыт болып саналады. 
Тəжірибе келесі түрде жүргізіледі: салыстырып тексеретін аспап үлгілі 
шамаға қосылады, көрсеткіні қажетті жағдайға қояды. Содан кейін сигнал 
шамаларын 
өзгертпестен, 
оны 
ажыратады, 
бағыттамаларды 
тыныштандыруды күте отырып, қайтадан қосады. Тыныштандыру 
тербелмелі немесе кезеңдік сипатта болуы мүмкін. Тыныштандыру уақыты 
секундомермен өлшенеді. 
Көрсеткіштерді жазудың негізгі қателігін анықтау. Тексерудің бұл 
түрі ерекше болып табылады, өйткені айғақтары жазылған аспаптарға ғана 
қатысты жүргізіледі. Тексеру диаграммалық таспа қозғалысының əртүрлі 
жылдамдығы кезінде өлшеудің негізгі қателігін анықтаудан тұрады. 
Көрсеткіштер 
əрбір 
уақыт 
аралығында 
үлгілі 
аспаптармен 
салыстырылады. Бұдан əрі қателік негізгі қателік үшін белгілі формула 
бойынша есептеледі. 
3.3 Пайдалану процесіндегі электрлік өлшемдер 
Желілік құрылыстарды пайдалану процесінде электр өлшемдері 
желілік құрылыстардың электр жағдайын анықтау, зақымданулардың алдын 
алу, сондай-ақ сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларды əзірлеу үшін 
қажетті статистикалық деректерді жинақтау мақсатында жүргізіледі. 
Техникалық пайдалану процесінде мынадай өлшемдер жүргізіледі: 
бастапқы пайдалану кезеңінде жүргізілетін профилактикалық, авариялық
бақылау жəне өлшеу. 
Профилактикалық өлшеулер бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі: 
өлшеу құрамы, көлемі жəне мерзімділігі жергілікті жағдайларға, кабельдің 
жағдайына жəне т.б. байланысты белгіленеді. Кабель тізбектерінің 
параметрлерін алдын ала өлшеу тұрақты артық қысымда болмайтын жəне 
электр параметрлерін үздіксіз бақылау құрылғылары жоқ желілерде, сондай-
ақ күрделі климаттық жəне геологиялық жағдайларда (мəңгі мұздақ, 
сырғымалар, діріл жəне т.б.) салынған кəбілдерде ғана жүргізіледі. 
Апаттық өлшеулер кəбілдің бүліну орны мен сипатын анықтау 
мақсатында жүргізіледі. Апаттық өлшеулерді жүргізу үшін байланысты 
басқарудың тораптық пункттері (УПУ) немесе ТЦУ кəбілде кемінде екі жұп 
босатуға міндетті. Бастапқы өлшеулер күшейткіш пункттен (ЖБП, НУП), ал 
нақтылаушы - тікелей желіде жүргізіледі [18]. 
Бақылау өлшемдері мен сынақтары жөндеу-қалпына келтіру 
жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында жөндеуден кейін жүргізіледі. 
Бұл 
өлшеулер 
шеткі 
құрылғылардан 
жалғастырушы 
муфталарды 
дəнекерлеуге дейін жүргізіледі. 
Пайдаланудың бастапқы кезеңінде өлшеу кабельдердің жаңа түрлері 
қолданылған халықаралық байланыс желілерінде жүргізіледі. Бұл 
өлшеулердің мақсаты – кабельдердің сапасы мен сенімділігін сипаттайтын 


63 
статистикалық деректерді жинақтау. Өлшеу Ақпарат жəне коммуникация 
министрлігі бекіткен арнайы бағдарлама жəне əдістеме бойынша жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет