Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова



Pdf көрінісі
бет75/84
Дата17.11.2022
өлшемі3,37 Mb.
#50835
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84
Байланысты:
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

Тұрақты ток кедергісін өлшеу 
Күрделі жөндеу кезінде жүргізіледі. 
а) байланыс. Өлшеу кернеуі 35кВ жəне одан жоғары ажыратқыштар 
мен бөлгіштерде, сондай-ақ барлық кернеудегі 600А жəне одан да көп 
ажыратқыштарда жүргізіледі. Шиналы ажыратқыштарда кедергіні өлшеу 
жəне осыған байланысты шина жағынан кернеуді алу түйіспелердің 
ақаулығы, мысалы, қараю, жоғары қыздыру жəне т. б. табылған жағдайда 
ғана жүргізіледі. 
б) қосқыш жəне ажыратқыш катушкалардың орамалары. 
Катушкалар кедергісінің өлшенген мəні зауыттық деректерге сəйкес 
болуы тиіс.
Ажыратқыштың немесе бөлгіштің қозғалмайтын түйіспелерінен 
пышақты созу күшін өлшеу 
Күрделі жөндеу кезінде жүргізіледі. 
Өлшеуді номиналды мəннің 90% астам токтарда жұмыс істейтін 
ажыратқыштар мен айырғыштарда жүргізу ұсынылады. 
Созушы күштерді өлшеу мəндері 12-кестеде келтірілген деректерге 
сəйкес болуы тиіс.
Бақылау сұрақтары: 
1. Ажыратқыштардың негізгі мақсатын сипаттаңыз? 
2. Қосылған-ажыратылған жағдайларда ажыратқыштарға қандай 
талаптар қойылады? 
3. Қандай жағдайларда бір полюсті жəне қандай екі полюсті қысқа 
тұйықтағыштар қолданылады? 
4.Ажыратқыштардың, бөлгіштердің жəне қысқа тұйықтағыштардың 
міндетін түсіндіріңіз. Оларды қолдану саласы. 
5.Ажыратқыштардың жəне қысқа тұйықтағыштардың жіктелуі. 
6.Ажыратқыштардың, бөлгіштердің жəне қысқа тұйықтағыштардың 
құрылымдық ерекшеліктері. 
8.Ажыратқыштар, бөлгіштер жəне қысқа тұйықтағыштар қалай 
таңдалады жəне тексеріледі? 
4.7 №7 практикалық жұмыс. Тарату құрылғыларының электр 
жабдықтарын жөндеуден кейінгі сынау 
Жұмыс мақсаты: 10 кВ кернеудегі айырғыш мысалында 1000В 
жоғары жабдықты сынау əдістемесін меңгеру. 
Жұмыстың 
қысқаша 
мазмұны. 
Жоғары 
вольтты 
сынақ 
қондырғысының құрылысы мен сұлбаларының жұмысын зерттеу. Электр 


118 
қондырғыларын орнату ережелеріне сəйкес "К" күрделі жөндеуден кейін 
сынау нормалары мен мерзімдерімен танысу. Тұрақты ток көпірімен 
айырғыштың пышақтары мен губкалары арасындағы контактінің өтпелі 
кедергісін өлшеу (сурет83). Корпустық оқшаулауды өнеркəсіптік жиіліктің 
жоғары кернеуімен сынау. Ажыратқыштың қозғалмайтын контактісінен 
пышақты созу күшін өлшеу. Алынған нəтижелерді ЭЕ сəйкес рұқсат етілген 
нормалармен салыстыру жолымен талдау жəне ажыратқыштың пайдалануға 
жарамдылығы туралы қорытындылар
28, тарау.8, пар.12 . 
83-сурет. Ажыратқыштардың оқшаулама кедергісін 2,5 кВ мегомметрмен 
өлшеудің принципиалды схемасы. 
R
изм. 
=…МОм,R
доп. 
=1000 мОм 
Өлшеу қорытындысы бойынша қорытынды жасау. 
2. 84-суретте ұсынылған сынақ қондырғысының құрылымы мен 
басқару схемасын зерттеу жəне осы сынақ бойынша қорытынды жасау. 
84-сурет. Жоғары вольтты сынақ қондырғысын ажыратқышқа қосу схемасы 
Тұрақты ток көпірімен тұрақты ток айырғыштың түйіспелерінің 
кедергісін 85-суретте көрсетілгендей өлшеу. Бұл ретте өлшеу тұрақты ток 


119 
көпірінің "О—1" шетінде жүргізіледі. Өлшенген кедер-гіні ЭҚЕ-нің 
20кестесіндегі деректермен салыстыру
28 . 
85 сурет- Тұрақты токтың өлшеу көпірін қосу схемасы 
Ажыратқыштың қозғалмайтын контактісінен пышақты созу күшін
өлшеу (сурет.86). 
86-сурет. Ажыратқыштың қозғалмайтын түйіспесінен пышақты
созу күшін өлшеу схемасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет