Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам



бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі1,15 Mb.
#68628
1   2   3   4
3. Сутегі энергиясын пайдалану
Су электр станциясы –электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясынэлектр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.
Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады.
4. Сутегіні судан электролизсіз алу
Әдеттегі электролизді инженерлер сутекті көлікті қоректендіруге қажетті сутегінің өнеркәсіптік көлемдерін алудың тәсілі ретінде қарастырса, британдық компания Hydrogen Solar фотоэлектрохимиялық әдіс неғұрлым пайдалы деп санайды. Tandem Cell компаниясы сутегіні өндіруге арнайы күн панельдерінің пакеті қолданылатын технологияны ойлап тапты.
Олардың біріншісі – жартылай мөлдір, ол ультракүлгін және көгілдір сәулелерді жұтып, сонымен қатар метал оксидінің нанокристалдық қабатын қолданып, электрон-кемтік жұбын туғызады. Басқа сәулелер (жасыл, қызыл) одан ары екінші панельге өтеді. Екі панель де айрықша тәсілмен өткізгіштермен қосылған және сонымен бірге суды құраушыларға жіктейтін потенциалды туғызады. Бұл жағдайда жіктелу процесі екі панельдің арасына құйылған судың жұқа қабатында өтеді. Процестің пайдалы әсер коэффициентін авторлар 8% деп бағалайды. Ауданы жобамен 65 шаршы сантиметр Hydrogen Solar зертханасында жұмыс жасайтын тәжірибелік құрылғы күніне сутегінің бірнеше килограмын өңдейді.
Сутегі энергетикасы келесідей негізгі бағыттардан тұрады:
Метан (NH4) мен күкіртті (SH) сутектен тұратын табиғи газдардан және судың ыдырауы негізінде арзан сутегін алудың ірі ауқымды процесін және олардың тиімді әдістерін жасау; Энергетикада, өндірісте, көлік коммуникацияларында сутегіні қолдану, тасымалдау және сақтау технологиялары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет