Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



бет45/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#14764
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
Байланысты:
kazakstan-tarihy

14- Билет
1.Қазақ атауының шығуы.

«Қазақ» сөзінің шығу төркіні туралы сан алуан ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Нақты дәлелденген пікірлер әлі де айтылған жоқ.

Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда «қазақ» деген атауы Орхон-Енесей жазбаларындағы «қазақ оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақтаған. Алайда түрік тілінің заңдылықтары бойынша бұл пікір де қолдау таппады. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасын берген.
2. Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? ХХғ. басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.

3.1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.



Жауабы:
2.Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? ХХғ. басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.

Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы мен ұлт зиялыларының нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы алғашқы орыс революциясымен тікелей байланысты.Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеуі барысында қазақ қоғамына жеткен тарихи жаңалықтардың бірі -1905ж. 6-тамызда шыққан манифест.Манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді.Ұлт зиялылары Мемлекеттік Думаны империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесін шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалады.Сондықтан, оның жұмысына белсене араласты.

І Мемлекеттік Дума жұмысына Қазақстаннан 3 депутат қатысты.Олар- Алпысбай Қалменов(Орал облысы),Әлихан Бөкейханов(Семей облысы), Ахмет Бірімжанов(Торғай облысы). Дума отырысында А.Бірімжанов, А.Қалменов сөз сөйлеп, қазақ елінің мәселелерін көтерді. Аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссия құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді сұрады.

ІІ Думаға қазақтардан 5 депутат сайланды- Орал облысынан –заңгер Б.Қаратаев, Жетісу облысынан –инженер М.Тынышбаев, Бөкей Ордасынан –заңгер Б.Құлманов, Сырдария облысынан –саудагер Т.Алдабергенов және Семей облысынан – қажыТ.Нұрекенұлы. Дума жұмысында қызу пікірталас тудырған мәселе тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты.Қазақ зиялылары Ресейден Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аударуды тоқтатуды талап етті. Қазақ зиялылары ІІІ және ІV Думаға сайлану құқығынан айырылғанымен, Мұсылман фракциясының жұмысына қатысу арқылы белсенділік көрсетті және азаттық үшін ауыр күрес жолында белгілі-бір тәжірибе жинақтады.

Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттілігін айқын аңғарды.1906ж. 10-маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтті. Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі»( кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналысқа қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Қазақ зиялыларының бағдары Ресейдегі кадет партиясының қызметімен ұштасты. Сондықтан «қазақ кадеттері» аталды. Бірақ, қазақ кадеттерінің бағдарламасы орыс кадеттерінен өзгеше болып, мынандай талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі деп жариялайтын заң қабылдау, Ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік , теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу т.б.

Бірақ, бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталғанжоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар әлі пісіп-жетілмеген еді.


3.1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.

1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереже», 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ереже» бекітілді. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Орынбор (орталығы- Орынбор қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) генерал-губернаторлықтары. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстары, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы-Астрахан губерниясына қарады.

Зардаптары: 1867-1868жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар(аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867, 1868)басқарды.Бұл заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт-дәстүріне көшуге мәжбүрледі.Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер(сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді.Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі мүдделілік танытып,қолдау көрсетіп отырды.

1. Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді.

2. Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды «жарым патша» деп атады.Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды.Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді.Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олрадың қолшоқпарына айналды.

3. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде.

4. Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып, құнарлы жерлер қоныс аударушыларға берілді. Қазақстанды Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

5. Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді.Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет