Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



бет2/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#14764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
kazakstan-tarihy

Бұл түсіндірме жазбаның мақсаты: тиісті білім деңгейі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен қарастырылған оқу пәнінің көлемін оқушылардың игеру дәрежесін анықтау.

Аталмыш мақсаттарға сәйкес бағалаудың төмендегі міндеттері шешімін табуға тиіс:



  • МЕБСжәне оқу бағдарламаларына сәйкес тарихи тұтастық пен толықтықта Қазақстан тарихы бойынша білімдерін анықтау;

  • Қазақстан тарихы бойынша терминологияны игеру деңгейін анықтау;

  • Тарихи фактілер мен құбылыстарды талдау және жинақтау, тарихи оқиғалардың мәні мен себептерін анықтай білу, олардың маңызын бағалай алу дағдыларының қалыптасу деңгейін айқындау;

  • Зерттелген дәуірлер оқиғаларын, саяси лидерлердің, алдыңғы қатарлы ғылым және мәдениет өкілдерінің қызметін салыстырмалы талдау дағдылары мен икемділіктерін бағалау;

  • Тарихи мәтіндер, дереккөздер, карталар, схемалар, таблицалармен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктерін өлшеу;

  • Білімдерін пайдалана алу және оларды логикалы, жүйелі, негізделген түрде баяндау дағдыларының деңгейін анықтау;

  • Пәнаралық (бұрын алған білімдері негізінде) және пәнішілік байланыстарды көре білу, алынған білімін бейтаныс ахуалда пайдалана алу дағдысын айқындау.

Тапсырмалардың құрылымы және мазмұны



  1. сұрақ – пәндік білімдері

2- сұрақ – пәндік икемділіктері

3- сұрақ – пәндік дағдылары


Білім – оқушының пәнді теориялық игеруін көрсететін идеяларының жиынтығы. Білім ғылымның негізгі фактілерін және содан шығатын теориялық жинақтауды (теория, заңдылықтар, тұжырым) түсіну, санада сақтау және бере (баяндай) білуі. Икемділік пен дағды біліммен тығыз байланыста болады. Икемділік – игерілген білімін іс жүзінде пайдалану тәсілдерін (әдістер, әрекеттер) игеруі. Дағды – шеберліктің жоғары дәрежесіне дейін жеткізілген икемділіктің құрамдас бөлігі, автоматтандырылған әрекет ретінде қарастырылады. Дағдылары мен икемділіктері тарихи концептілерді (тұжырымдарды) игеру негізінде анықталады:

  • өзгеріс және сабақтастық

  • себеп және салдар

  • дәлел

  • ұқсастық және айырмашылық

  • маңыз

  • интерпретация (түсіндіру).

Концепттер негізінде оқушы мәтіндер, дереккөздер, карталар, схемалар, таблицалар, иллюстрациялармен жұмыс істеудің танымдық санаты және дағдыларының деңгейін көрсетуге тиіс.

Танымдық саладағы дағдылары мен икемділіктері білім, түсінік және сыни ойлауды қамтиды. Мұнда алты деңгей алынады.

I. Білім

Бұл санат нақты фактілерден тұтас теорияға дейін зерттелген материалды еске сақтау және баяндап беруді білдіреді.



Оқушылардың нақты әрекеттері: терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсініктерді, ерекшеліктері мен қағидаттарын айта алады.

II. Түсінік

Түсініктің көрсеткіші материалды көрсетудің бір формасынан екіншісіне түрлендіру болуы мүмкін, материалды интерпретациялау, құбылыстар, оқиғалардың одан арғы барысын болжау.

Оқушылардың нақты әрекеттері:

- фактілер, үрдістер, қағидаттарды түсіндіреді;

- графикалық материалды сөйлеу формасына түрлендіреді;

- қолда бар деректерден шығатын болашақ салдарларды жобамен суреттейді.

III. Қолдануы

Бұл санат зерттелген материалды нақты жағдайлар және жаңа ахуалдарда пайдалануға икемділігін көрсетеді.

Оқушылардың нақты әрекеттері:

- заңдар, теорияларды нақты практикалық ахуалдарда пайдаланады;

- түсініктер мен қағидаттарды жаңа ахуалдарда пайдаланады.

IV. Талдау

Бұл санат мәтіндер, көздер, графикалық деректерді талдай білуді білдіреді; материалды құрамдас бөліктері айқын көрініп тұратындай етіп бөлшектеуі.

Оқушылардың нақты әрекеттері:

- біртұтастың бөліктерін айқындайды;

- араларындағы өзара байланысты көрсетеді;

- біртұтастың ұйымдасу қағидаттарын анықтайды;

- пайымдау логикасындағы қателіктер мен жетімсіздіктерді көреді;

- фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты жүргізеді;

- деректердің маңыздылығын бағалайды.

V. Синтез

Бұл санат жаңашылдығы бар біртұтасты алу үшін элементтерді құрастыра алуға икемділігін білдіреді.

Оқушылардың нақты әрекеттері:

- графикалық материал, аргумент, гипотеза құрастырады;

- схемалар, алгоритм, салыстырмалы немесе синхронды таблицалар құрастырады.

VI. Баға

Бұл санат бір не басқа материалдың маңызын бағалау икемділігін білдіреді.

Оқушылардың нақты әрекеттері:

- Қорытындылардың қолда бар деректерге сәйкестігін бағалайды;

- бір немесе басқа іс-әрекет нәтижесінің маңыздылығын бағалайды.
Ауызша жауаптарды бағалау:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет