2.Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
Қазақстан аумағында палеолит кезеңі ескерткіштерінің екі түрі табылған.Бірінші түрі-бірнеше мәдени қабаттардан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар барысында зерттеуге болады.Осындай ескерткіштерге Қаратаудағы Ш.Уәлиханов есімімен аталған көпқабатты қоныс Түркістан маңындағы Қосқорған, Қарағанды облысындағы Бетпақ пен Шығыс Қазақстандағы Шульбинка жатады. Екінші түрі - ашық жер бетінде орналасқан ескерткіштер.
Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыстанды мекенінен табылған қалыңдығы 7метр, мустье кезеңіне жататын тұрақтардың ең күрделісі.Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет қоныстанған. Қазба жұмыстары кезінде қоныстың әр түрлі қабатынан үшкіртас және құрал жасаудан қалған тас сынықтар табылған.Әсіресе, өте жақсы өңделген қырғыштар көп кездеседі.
Батпақ тұрағы: Орталық Қазақстан жерінен табылған кейінгі палеолитке жататын ең көрнекті ескерткіштердің бірі. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл.Бұл жерден барлығы 300-дей тас құралдар шықты. Табылған құралдар сопақша келген қырғыштар болып табылады. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ тұрағы мустье және кейінгі палеолиттің ең көрнекті ескерткіштеріне жатады, бірнеше мәдени қабатты ескерткіштерге жатады, сол заман адамдарының өмірі, тұрмысы туралы көрнекі ақпарат бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |