Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз



бет25/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#14764
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90
Байланысты:
kazakstan-tarihy

2. Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар(Фараб) ойшылдарының ішіндегі ең атақтысы,«Әлемнің екінші ұстазы» атанған тұлға.Әл-Фарабидің «әлемнің екінші ұстазы» аталуының екі себебін атап көрсетуге болады: біріншіден - ежелгі гректердің ғылыми мұраларының көпшілігі араб аудармалары арқылы ортағасырға жеткені мәлім, соның ішінде грек ғалымы,философы Аристотельдің еңбектерін, ондағы идеяларды әл-Фараби еңбектері арқылы ғана түсінуге болады. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн-Халиканның айтуына қарағанда,Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, «Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты.Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.Екіншіден –Аристотель өзінің жан-жақтылығымен танымал және ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген ғалым ретінде белгілі болса, әл-Фараби де философ, музыкант, математик ғалым ретінде дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Яғни, ғылымға қосқан үлесі мен еңбегі жөнінен көптеген замандастары мен одан кейінгі ұрпаққа үлгі, бағдаршам болып келеді.Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол –аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ» деп баға берген.

Әл-Фараби мұралары: Әл-Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол метафизика, тіл білімі, логика, география, этика т.б. ғылым салаларын қамтитын 160-қа жуық трактаттар жазып қалдырған. Педагогика, психология, эстетика мен музыка, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»,«Бақытқа жету»,«Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған.Әл-Фараби музыка саласында да «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған.Бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдірген.Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың жағдайы басшысына байланысты деп, қоғамды қалай басқару керек деген мәселеге көңіл бөлген. Әл-Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия,философия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет