Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ Қазақстан тарихы



бет4/5
Дата24.05.2023
өлшемі207,61 Kb.
#96410
1   2   3   4   5
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі лтты тесті

Көшпелі мал шаруашылығы

  • Отырықшы шаруашылығы

  • Балық аулау кәсібі

  • Егін шаруашылығы

  • Аң аулау кәсібі

    Нұсқау: Сізге толық жауапты қажет ететін ашық тест тапсырмалары беріледі.

    1. Oтырықшы халықтар мен көшпелілер арасындағы сауда байланыстары және бір-біріне өзара әсері

    16. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз.
    Жартылай көшпелі мәдениет. Мал өсіру - адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі. Алайда кәсіптің осы түрі бірден пайда болған жоқ. Қолға мал үйрету, археологиялық зерттеулерге қарағанда, тас ғасырының орта кезеңінде басталған. Ал жаңа тас ғасыры кезінде мал шаруашылығы қалыптасты. Бұдан кейінгі мал басын өсірудің едәуір дамыған уақыты – қола дәуірі. Егер бірінші кезеңде мал үй жанынан онша ұзаққа шығармай бағылса, ал екінші кезеңде жайылымда бағылған. Сөйтіп,жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.. Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алады. Әсіресе, біздің жеріміз жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға ыңғайлы.Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлаудың болуы жарты¬лай көшпелілікті көрсетеді. Тұрақты қыстаулар керуен жолдарына жақын орналасса немесе жол бойында тұрса, ондай қыстаулар қыстаққа не қалаға айналып отырған. Сөйтіп орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалык байланыстар дамыған. Мал өсірушілер өздерінің малдарынан алған жүн, ет, май, тері өнімдерін немесе артық малдарын қыстақ пен қала тұрғындарына сатып, болмаса айырбас сауда жасап, өздеріне тұрмыска қажетті заттарын алып отырған.
    Қала мәдениетінің дамуы. VI-IX ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениет орталығы Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан сияқты тағы баска қалалар да болған. Ал Жетісу аймағында Тараз, Талхир (Тал-ғар), Алмалық, Қойлық қалаларының болғаны белгілі. Қалалар және олардың аймағындағы қыстақтар далалы аудандардағы жартылай көшпелі мал өсірушілермен тікелей байланыста болған.
    Өзара әсері:Осы кезде (VI-IX ғ.) жоғарыда аталған аймақтар әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бет бұрады. Мал өсірумен шұғылданатын тұрғындар арасындағы кедейленген топтар егіншілікпен, қолөнермен айналысып, қыстақтар мен қала тұрғындарының санын көбейтеді. Бұл отырықшылық мәдениеттің өркендей түсуіне әсер етті. Екіншіден, қала тұрғындары мен дала тұрғындарының ара¬сында экономикалық байланыс дамиды. Ол байланыс өмір сұранысынан туған, еш уақытта үзілмейтін байланыс еді.Көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, арагідік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-қатынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы қалалар үлкен әсер етті. Көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің өзара әсері, әсіресе шекаралық аймақтарда күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі, малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген.Мысалы, VІғ. түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ер-тоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. VІІ- VІІІғғ. түріктердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған.Таң әулеті кезіндегі Қытайда, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар, оларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге, көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.


    a) Қазақстанда отырықшы және көшпелі мал шаруашылықтарының қалыптасқан аймақтарын анықтаңыз

    [1]


    b) Отырықшы халықтар мен көшпелілердің шаруашылық ерекшеліктерін ажыратыңыз

    [2]


    c) Көшпелілер мен отырықшы халықтардың өзара экономикалық байланыстарына баға беріңіз
    17. Қазақ хандығында хан сайлау жүйесі мен шарттары

    [2]


    a) Қазақ хандығындағы хан сайлау жүйесін түсіндіріңіз

    [1]

    b) Хан сайлауға қойылатын басты талаптарды анықтаңыз

    [1]

    c) Қазақ хандығындағы хан сайлау үдерісінің маңызына баға
    беріңіз

    [3]

    17. Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты.Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан рутайпалық тəртіп берік сақталды.Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды: 1.Ауыл- қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Əрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады. 126 2.Ата аймақ- жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады.Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл – кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған. 3.Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған.Руды басқаратын аймақты рубасы деп атады.Рубасы көпті көрген,мол тəжірибелі, өте білікті, білгір адам болған. 4.Арыс – бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды. 5.Ұлыс – бірнеше арыстаг құралды.Ұлыстың билеушісін сұлтан деп атады.Сұлтандар əдетте хандар мен ақсүйектердің əулетінен шыққандар болды. 6.Жүз – бірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін хан деп атады.Əрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы жəне қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, жəне қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Əлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:) 7.Хандық – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен əміршісі қаған деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дəстүріне айналған.

    18.


    Kарта бойынша, Қазақстан территориясында пайда болған ерте мемлекеттердің (сақ, үйсін, ғұн, қаңлы) жер аумағын, қалыптасуының тарихи кезеңдерін, мемлекеттердің қоғамдық құрылысын анықтап, сабақтастығын түсіндіріңіз.
    a) Қазақстанда пайда болған ерте мемлекеттердің жер аумағын
    көрсетіңіз. [1] b) Мемлекеттердің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіріңіз. [1]

      1. Мемлекеттердің қоғамдық құрылысын анықтаңыз. [1]

      2. Мемлекеттердің құрылысындағы сабақтастықты анықтаңыз. [2]

    18. Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен
    бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтады. Олардың
    ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар туралыбылай деп
    жазады: “Бұл халық Аракс (тегі Сырдария) өзенінің арғы бетінде,
    исседондарға қарсы тұрады... Киетін киімдеріне, тұрмыс салтына
    қарасақ , скифтерге ұқсайды”.
    Көне сына жазуларда сақтардың үш тобы туралы сөз айтылады:
    парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга (хаома
    сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ бөрікті сақтар).
    Парадарайя сақтары Арал өңірңнде, Сырдария мен Қаратеңіздің
    теріскей жағында өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары
    Сырдарияның орта ағысы мен Тянь-Шаньды мекендеген.
    М.Қ. Қадырбаев исседондарды Орталық Қазақстан кеңістігіне
    орналастырады. Сақ қоғамы. Грек-рим тарихшысы Квинт Курций Руф қана сақтарда
    тәңір иелерге – соқа мен қамыт, жауынгерлерге – сүңгі мен оқ, абызға садақ
    сияқты сиқырлы сыйлықтар берген деген аңызды айтқан. Осыған сүйене
    отырып, сақ қоғамында халықтың үш тобы болғанын айта аламыз:
    жауынгерлер (жауынгердің ежелгі ирандық аты “арбада тұрған”,
    “ратайштар”); абыздар жігі – олардың танымал белгісі құрбан табақ пен
    айрықша бас киім болған; “сегізаяқтылар” жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі
    бар жік.Сақ тайпаларының көсемдері әскери жауынгерледің өкілдері
    болған.Гректер оларды басилевс – патша деп атаған. Жауынгерлер мен
    патшалардың белгісі жебелі садақ болған екен. Жебелі садақты баласына
    әрі мұрагеріне беріп отырған. Сонымен бірге патша көктемгі жер жырту
    басталарда біріншіборозданы тартқан, дәстүр бойынша ол қойшының
    ұстазы болып саналған, бұл- оның халықпен тығыз байланысын көрсетеді.
    Ол халықта барша жіктердің бейнесі болып танылған.
    Үйсіндер (Усундер)
    Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
    Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. 3. дейінгі II г. 160 ж. шамасында
    үйсіндердің бір белгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
    сөйтіп қолбасшы «гуньмо» (Күн баг — Күң бегі) деп аталатын иеліктің
    негізін салды.
    Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
    шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен (Кангуй)
    шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде
    олардың иелігі Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
    Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің
    жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
    Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз
    Чжанцянь Үйсіндер иелігінде 630-мың адам бар және айқасқа 188 мың
    жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің
    сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы
    туралы мәлімет қалдырған.
    Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология ма-териалдарынан
    айқын байқалады. Үйсін обалары өздерінің қөлемі жағынан үш топқа бөлінеді:
    диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар;
    диаметрі 15 және биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар;
    диамерті 10, биіктігі 1 м дейін жететін ең көп кездесетін кішкентай обалар.
    Қазба жұмысы жүргізілген кездері, егер қабыры таланбаған болса, үлкен
    обалардан археологтар көптеген аттың әшекейлерді, қару-жарақты,
    саздан жасалған аяқ-табақтарды тапқан. Мысалы, Теңлік обасындағы
    қабырдан киімге тағылған алтын қалтырмалар, алтын сырғалар, алтынмен
    қапталған темір түйреуіш, қола айна табылған. Ал, кішкентай обалардағы
    қабырда бір-екі балшықтан жасалған көзе тұрады, мәйіттің қаңқасымен қатар
    темір пышақтар жатады. Мұнда қойылған кісілер бір кезде қола сырғалар мен
    қола моншақтар салып жүрген. Хош, сонымен жазба деректер де,
    археологиялық материал да үйсіндер қоғамының даму
    барысында мемлекеттік деңгейге жеткенінен хабар береді.
    Қаңлы (Кангюй) мемлекеті
    Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б. з. дейінгі II ғ. айтылады. 138 ж.
    Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін
    жібереді. Бір жылдан кейін талай қиыншылықтардан өтіп, Чжан Цянь қайта
    оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген
    мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де
    аталады, оның билеушісінің ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.
    Қытай елшісінің мәліметіне қарағанда, «Қаңлы Дауанның (Фергана) солтүстікбатысында 200ли жерде. Осынау көшпелі иелік әдет-ғұрпы жағынан
    юечжисылармен өте ұқсас 90 мың әскері бар, бірақ өзі әлсіз болғандықтан,
    түскейінде юечжисылардың, батысында хундардың өкіметін мойындайды. Яньцай
    Қаңлының терістік-батысында 2 мың ли жерде жатыр. Осы бір көшпелі иелікте
    жай қарағанда Қаңлыдан айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы
    үлкен көл жағасында жатады екен. Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі. «Батыс өлке
    туралы хикаятта» және «Хань үлкен үйінін тарихында» қаңлылар жайлы көбірек
    айтылады. Мәселең «қаңлы билеушісінің мекен жайы Люени еліндегі Битэн шаһарында
    шаһарында.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет