138
жəне құрғақ сүтте, сонымен қатар технологиялық
өңдеуден өткен
сүт өнімдерінде (пастеризация, стерилизация, сүзбе, йогурт, сыр
дайындау жəне т.б.) табылған. Контаминантталған сүттен сыр алу
процесінде М
1
афлатоксинінің 50%-ы сүзбе массасында анықталған.
Май алу барысында 10 % афлатоксин кілегейге өтеді, 75%-ы кілегейі
алынған сүтте қалады.
Афлатоксиндер суда əлсіз ериді,
полярлы емес еріткіштерде
ерімейді, бірақ хлороформ, метанол жəне диметилсульфоксид
сияқты полярлығы орташа еріткіштерде оңай ериді. Олар химиялық
таза
суда тұрақсыз, ауа жəне жарық əсерлеріне сезімтал болады.
Əдетте, ластанған тағам өнімдері құрамындағы афлатоксиндер
кулинарлық əдіспен өңдеу барысында бұзылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: