Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет2/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

3
КІРІСПЕ
Қауіпсіздік түсінігі көп қырлы болып табылады жəне бірнеше 
құбылыстарды қамтиды. Олар ядролық, радиациялық қауіпсіздік, 
сəулелену қауіпсіздігі, өнеркəсіптік, механикалық, химиялық, 
электрлі, жылу жəне өрт қауіпсіздіктері, сонымен қатар жарылыс 
қауіпсіздігі жəне биологиялық қауіпсіздік түрлері болып бөлінеді.
Жалпы алғанда қауіпсіздік ұғымы – адам денсаулығы жəне өмірі, 
мүлік, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне 
зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қатердің болмауын 
түсіндіреді.
Өз кезегінде биологиялық қауіпсіздік түсінігі көрнекті Ресей 
ғалымы Владимир Иванович Вернадскийдің (1863-1945) еңбекте рін-
де тұжырымдалған биосфера концепциясымен тығыз байланысты, 
онда тірі жəне өлі табиғат бір-біріне өзара əсер ете отырып, тығыз 
бірлікте тіршілік етеді. Сондықтан адам биосфераның табиғи 
бөлігі бола отырып, өзінің шаруашылық əрекетінің нəтижесінде 
қоршаған ортаны өзгертеді жəне бір уақытта əрқашан қолайлы бола 
бермейтін осы өзгерістерді өз басынан кешіреді. Кейде, адам əрекеті 
экожүйенің қатаң бұзылысын тудырады, сондықтан биологиялық 
қауіпсіздік түсінігін барлық тірі ағзаға қатысты қарастыру қажет, 
мұның астарында экожүйенің өзін-өзі реттейтін тепе-теңдігі жəне 
мүмкіндігі, сонымен қатар онда өмір сүретін тірі ағзалардың өміріне 
жəне денсаулығына келетін зиянның болмауын түсіндіру қажет. 
Биологиялық қауіпсіздікті адам жағдайына сəйкес бірінші кезекте 
азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан, оның тіршілік əрекетін маңызды 
құрастырушы ретінде, сонымен қатар санитарлы-эпидемиялогиялық 
салауаттылығы тұрғысынан қарастыру қажет. 
Адам үшін азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы əрқашан болған. 
Азық-түлік, ауа жəне климат адамзат тіршілік əрекетінің базисті 
жинағын құрайды.
Азық-түлік қауіпсіздігі жеке адам, адамдардың кез келген тобы жəне 
толығымен алғанда қоғамның қажетті материалды жағдайы болып 
саналады, демографиялық, экономикалық, саяси, мəдени, ақыл-ой жəне 
т.б. дамуының қызметін жəне мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан тұрғылықты халықты тұрақты жəне қауіпсіз азық-
түлікпен қамтамасыз ету мəселесі аса маңызды мемлекеттік 
міндеттердің бірі болып табылады, ұлт денсаулығы едəуір деңгейде 
соның шешіміне тəуелді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет