63
Осылайша, ерітіндідегі ампликондардың жинақталуы 2
n
формула-
сы бойынша жүреді, мұндағы, n – амплификация циклдерінің саны.
Сондықтан егер бастапқы ерітіндіде тек бір екітізбекті ДНҚ молеку-
ласы болса, 35 цикл ішінде ерітіндіде теориялық түрде ампликонның
30 млрд-тан астам молекуласы жинақталуы тиіс. Агарозды гельде
фрагментті электрофорез əдісімен визуалды түрде анықтау үшін осы
мөлшер жеткілікті болады.
Шын мəнінде, амплификацияның
жекелеген циклдерінің
тиімділігі кейбір мəліметтер бойынша 78-97% құрайды. Сынамада
реакция ингибиторлары болса, бұл мəн едəуір төмен болуы мүмкін,
амплификацияның спецификалық өнімдерінің шынайы санын:
А = М(1+Е)
п
,
теңдеуі бойынша дəлірек анықтауға болады.
Мұндағы,
М – ДНҚ-нысаналарының
бастапқы мөлшері;
n –ам-
плификация циклдерінің мөлшері;
Е – реакция тиімділігі.
ДНҚ-ның
ізделіп отырған бөлімі
5-сурет. Амплификация
өнімдерінің экспоненциалды
түрде жинақталуы
Амплификация процесінде, бастапқы
тізбектегі ұзын фрагмент-
тер де синтезделеді, бірақ олардың жинақталуы тек арифметикалық
прогрессияда:
64
К=Мп
формуласымен жүреді
Мұндағы,
К-амплификацияның
ұзын өнімдерінің саны;
п-циклдер
саны.
Осылайша, соңы праймерлермен шектелген спецификалық фраг-
менттер алғаш рет екінші цикл соңында пайда болады,
геометриялық
прогрессияда жинақталады жəне кейінірек амплификация өнімдері
арасында басымдықты иеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: