Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Амплификация өнімдерін детектрлеу



Pdf көрінісі
бет36/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

Амплификация өнімдерін детектрлеу. Бұл кезеңде идентифи-
кациялау мақсатында ПТР өнімдерінің қоспаларына талдау жасала-
ды. Əртүрлі əдістер қолданылады, соның ішінде:
- агарозды гельдегі горизонтальды электрофорездің классикалық 
əдісі;
- полиакриламидті гелдегі вертикальды электрофорез əдісі;
- гибридизациялы зондтар əдісі;
- «шынайы уақыттағы» ПТР
Фрагмент өлшемі
«Кішкене басқыш» ПТР фрагменттері
6-сурет. Агарозды гельдегі ПТР өнімдерінің 
электрофоретикалық бөлінуі
Агарозды гельдегі горизонтальды электрофорез əдісі
Қазіргі уақытта ДНҚ молекуласын өлшемі бойынша бөлуге 
негізделген электрофорез əдісі кеңінен таралған. Бұл үшін ага-
розды гель пластинасын дайындайды, ол электрофорездік буфер-


65
де ДНҚ-ның арнайы бояуышы қосылған ерігеннен кейін қатып 
қалған агароздан тұрады, оларға мысалы, ДНҚ-ның арнайы бо-
яуышына екітізбекті ДНҚ фрагменттерімен төзімді қосылыстар 
түзетін бромды этидия жатады.
Гельге құю кезінде тарақтар көмегімен арнайы шұңқырлар 
қалыптастырады, кейін бұл шұңқырларға амплификация өнімдері 
салынады. Гель пластинасын горизонтальды гель-электрофорезге 
арналған аппаратқа салады жəне тұрақты кернеу көзіне қосады. 
Теріс зарядталған ДНҚ гельде «минустан» «плюсқа» қарай қозғала 
бастайды. ДНҚ-ның өте қысқа молекулалары ұзын молекулаларға 
қарағанда, жылдам қозғалады, ал бір өлшемдегі молекулалар 
бірдей жылдамдықпен қозғалады. Гельдегі ДНҚ-ның қозғалу 
жылдамдығына агароз концентрациясы, электр өрісінің кернеулігі, 
температура, электрофорездік буфер жəне аз деңгейде ДНҚ құрамы 
əсер етеді.
10 минуттан 1 сағатқа дейін созылатын электрофорез 
аяқталғаннан кейін гельді ультракүлгін диапозонда (254-310 нм) 
жарық шығаратын трансиллюминатор фильтріне салады. ДНҚ 
жұтатын ультракүлгін энергиясы 260 нм аймағында бояуыш мо-
лекуласына беріледі, ДНҚ жұтатын ультракүлгін энергиясы бо-
яуыш молекулаларын көрінетін спектрдің қызғылт-қызыл облы-
сында сəуле шашуға (флуорисцерлеу) мəжбүрлейді, бұл, агарозды 
гельде амплификациялық қоспаны электрофоретикалық түрде 
бөлгеннен кейін, оларды жарқыраған жолақтар ретінде тіркеуге 
мүмкіндік береді (
6-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет