93
түрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, ГХЦГ – 3 жыл, дефолиант
үшін 2,4-Д – 1 жыл қажет. Пестицидтер адам ағзасына негізінен
балық арқылы енеді, оны индикатор, яғни су экожүйесінің ласта-
ну деңгейін бағалайтын биологиялық нысана деп есептейді. ХОП
ішінде эмбриотоксикалық əсерге ие (гексахлорбутадиен, линдан,
ДДТ, каптан, кельтан, мильбекс), сонымен қатар даму ақауларын
(ДДТ, эупарен) жəне мутагендік өзгерістер тудыратын (ДДТ, лин-
дан, кельтан, каптан) заттар бар. Кейбір ХОП канцерогендер (ГХЦГ,
гептахлор, каптан, линдан, фталан) жəне аллергендер (каптан, лин-
дан) болып табылады. Мəскеудегі баспасөз конференциясында РҒА
академигі Алексей Яблоковтың айтуы бойынша қазіргі замандағы
гомосексуализмнің таралу себебі пестицидтерді пайдаланудан бо-
луы мүмкін. Ол пестицидтердің ағзаның эндокринді жүйесіне ба-
сып кіру қасиеті бар, бұл жыныс гормондары жұмысының теріс
өзгерісіне алып келеді деп түсіндірді. Бұдан басқа, пестицидтерді
қолдану біртіндеп бедеулікке алып келуі мүмкін. Ғалымдардың
мəліметтері бойынша, қазіргі уақытта орташа статистикалық ер
адамның ұрықтық сұйықтығындағы сперматозоидтарының саны 40
жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есе аз.
Пестицидтерді қолдану адамның ақыл-ой қабілеті жəне
иммунитетін төмендетеді, осы жайттар экологтардың көзқарасы
бойынша бұл заттарды иммунодефицит вирусымен салыстыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: